Ғажайып түс (ертегі)

Oinet.kz 30-06-2019 2230

tus.jpg

Бірде Арман түс көреді. Түсінде оның дене мүшелері дауласады.

 Бас бірінші болып былай дейді: -Мен бәрін басқарамын, менде көз, ауыз, құлақ, мұрын бар. Мен болмасам, адам ештеңені көрмейді, естімейді, иісті де сезбейді, сөйлей де алмайды, тіпті аштан өлер еді. -Егер мен болмасам, сені ары-бері, жан-жаққа кім бұрар еді?-деді Мойын. 

Осы кезде қызу таласқа Қол араласты: -Егер мен болмасам, жүк тасу, тамақ дайындау, кір жуу, үтіктеу, жазу, сурет салу, әртүрлі аспапта ойнау да қиынға соғар еді. Бір кезде Кеуденің де шыдамы таусылып: -Мен ше?! Егер мен болмасам, адам болар ма едің? Мойын, сен қайда қалар едің? Қол-аяқ, сендер ше?-деді.

 -Ал сендер біздің арқамызда мектепке, дүкенге, киноға барасыңдар. Күні бойы жүгіреміз, сонда да рақмет айтпайсыңдар, -деді Аяқ. Бұл айтыстың қалай аяқталатыны Арманды қатты қызықтырды, бірақ ең шиеленіскен жерінде ол оянып кетті. Ал сендер қалай ойлайсыңдар? Адамға ең керегі қай мүшесі?


Отбасы туралы мақал - мәтелдер
Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу