Ашық сабақ. Дене шынықтыру. Теңізге саяхат
Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары
1. Сапта бірінен кейін бірі жүру.
«Балапан» - өкшемен жүру.
«Пингвин» - табанның ішкі жақтарымен қысқа және алшақ қадаммен жүру.
«Түлкі» - бүкіл табанмен қалыпты, жұмсақ жүру
«Аққала» - жылжымалы қадаммен жанына, артқа жүру .
«Түйеқұс» - тізені жоғары көтере жүру.
2. «Ит» - жүруді жүгірумен, секірумен алмастыру.
3. Тізені көтере секіру.
4. «Қабылан» - жүруді жүгірумен алмастыру.
Мұғалім: Біз қайда келдік? Теңіздің жағасына. Жағада кемелер тұр. Ендеше қолымызды бір-бірімізге жалғайық, мен сендерді біздің кемеге шақырамын. Балалар, сендерді түрлі сынақтар күтіп тұр.
Негізгі бөлім.
Жалпы дамыту жаттығулары
Балалар жұп болып тұрады.
1. «Теңіз толқыны».
Б.қ. отырып аяқтарын алшақ қойып, бір-бірінің қолдарын ұстайды.
1-2 оңға, 3-4 солға 5-6 рет қайталау.
2. «Желкенді көтереміз».
Б.қ. қолды төмен түсіру.
1-2 қолды жоғары, 3-4 б.қ. 8 рет.
Мұғалім: Бір-бірлеріңнен мықты ұстаңдар, біздің кемеміз жүзуге шығады!
3. “Жолға!”
Б.қ. отырған күйі қолдары алдында отырған баланың белінде болады.
1 – алға еңкею, 2- артқа еңкею 8 рет.
Мұғалім: Балалар, қараңдаршы, кемеде бізді теңіздегі достарымыз күтіп тұр. Бұл теңіз жұлдызшалары.
4. «Теңіз жұлдызшалары».
Б.қ. балалар бір-біріне арқаларын беріп отырады, қолдарымен бүгілген
тізені құшақтайды.
1-2 басты көтеріп, қол мен аяқты алға ұстап, бір-бірінің қолына тигізеді.
3-4 б.қ. 8 рет.
Тыныс алу жаттығуы. «Түтікше» - ысқырықты үргендей қылып, ерніңмен түтікшені қысып, сосын жымиып ерніңді босатасың; еріннің осындай қалыптарын кезектестіріп қайталайды.
Мұғалім: Мінеки, біз күшті, епті, мейірімді екенімізді көрсеттік. Біз ешқандай қиындықтан қорықпаймыз. Алдағы сынақтардан да біз өтеміз, солай ғой, балалар. Ол үшін кеменің діңгегі дұрыс па екен, тексеріп көрейік.
Балалар жұптасып, екі топқа бөлінеді.
Бір бала гимнастикалық орындықта отырған күйі қозғалса, екіншісі досының қолын ұстаған күйі жүріп отырады. Балалар осылайша орын алмастырады.
«Кеме діңгегін тексереміз»: гимнастикалық қабырғаға өрмелеу. Гимнастикалық қабырға бойымен жылдамдыққа ең басына дейін өрмелеу.
Мұғалім: Қалай тапсырманы орындадық па? Енді кеменің арқанын тартамыз.
Керілген жіптен секіріп өту.
Балалар жұптарымен бір-біріне 4 қадам ара қашықтықта қарама-қарсы тізерлеп отырады. Әр бала керілген арқанның ұшын тізе бойымен ұстайды. Бірінші жұп арқанды еденге қояды да, керілген арқандардан секіріп өтіп, өз орындарына келіп, арқанды алып кереді. Осылайша келесі жұптар тапсырманы жалғастырады.
Релаксация. «Теңіз өмірі». Теңіздегі тіршілікті: теңіз балықтары, шабақтар,теңіз жұлдыздары, шаяндар, дельфиндердің күн нұрына бөленіп, теңізде жүзген кездегі бейнелеріне ену, сезіну.
Мұғалім: Міне, тамаша, біз күшімізді, шыдамдылығымызды көрсеттік. Қазір кемемізде көңілді жарыстар болады. Балалар екі топқа бөлінеміз.
Жарыстар.
«Теңіз аты». Допты жалауға дейін жеткізу және қайтадан оралу. Тапсырманы әр топтың қатысушысы орындап шығады да, бірінші болып орындаған топ жеңімпаз болады.
«Теңіз маржанын тереміз». Әр қатысушы туннелдің астымен «теңізде сүзіп» өтеді де, ішінде доптары бар шеңберге жүгіріп келіп, ішінен допты «маржанды» алып, жүгіріп, орнына келеді.
«Балық сорпасы». Әр қатысушы ыдысқа дейін жүгіріп барып, бір-бір көкөністен салады. Ең соңғы бала шөмішпен барып «дайын сорпаны» араластырып келеді.
«Арқан тарту». Ойын міндеті - арқанды өз жағына тартып жеңу.
Құттықтау (балалар бір-бірінің қолдарын алып құттықтайды).
Қорытынды.
Су перісі шығады.
Су перісі: Балалар, сендер сондай тату, көңілді балалар екенсіңдер, менімен бір ойын ойнауға келісесіңдер ме?
«Су перісі» ойыны.
Теңіз толқиды 1,
Теңіз толқиды 2,
Теңіз толқиды 3.
Балалар шеңбер құра айналып сөздерді айтады. Көзі орамалмен байланған ойын бастаушы ортада отырады. Сөздер айтылып біткенде, бастаушы кез келген ойыншыны қолмен ұстап, оның кім екенін табуы керек. Ойын 3-4 рет қайталанады.
Су перісі: Балалар сендер ептілікті, алғырлықты, шапшаңдықты қайдан үйрендіңдер?
Мұғалім: Теңіз саяхатынан.
Су перісі: Жарайсыңдар, балалар! Мен сендерге теңіз сыйлығын бергім келіп тұр.
Су перісі теңіз бақалшықтарын береді. Балалармен бірге теңіз шуын тыңдайды.
«Теңіз шуы» фонограммасы.
Мұғалім: Сендерге бүгінгі саяхатымыз ұнады ма? Саяхатта не істедік? (Жүрдік, жүгірдік, секірдік т.б.) Қане, есімізге түсіріп көрейікші, қандай қиындықтарға тап болғанымызды (балалардың жауабы). Барлығыңызға рахмет.