Тұманбай Молдағалиев. Қанатты қыз болсам…

Oinet.kz 23-09-2020 715

Қанаты бар қарғалардың,

Қанатым жоқ неге менің?

Таңғалдырып балаларды,

Ұшып мен де көрер едім.


Ұшып жүрсем мен де тынбай,

Көк аспанға қарап олар:

«Ләйлә қыздың қанатындай

Қанат керек», – дейтін болар.


Ертек сүйгіш бар ғой бала,

Аңыз ғылып айта берсең.

Ұшып барып ауылға да,

Алматыға қайта келсем.


Көк аспанда еркін жүзіп,

Дүниені араласам.

Содан кейін бақшамыздың

Ауласына қона қалсам.


«Қанатты қыз ұшып кетті,

Қараңдаршы, орман, өзен.

Менің Ләйләм құс боп кетті», –

Деп жылай ма Күлтай әжем?

Жерұйық
Қадыр Мырза Әли. Қанатты қыз болсам…
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу