Кіші жүздің шежіресі. Байұлы. Есентемір руы
ЕСЕНТЕМІР Ұраны Алдонғар, таңбасы:
Есентемір қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Кіші жүз құрамындағы байұлы тайпасынан таратылады. Есентемір руының шығу тегі туралы әр түрлі аңыз әңгімелер айтылады. Үлеңмен жазылған көне шежіренің бірінде Алшынның немерелері Әлімқожа мен Қыдырқожа Сыр бойынан көшкенде Байқожа көшпей қалып қойған. Кейін Байқожаның ауылын қалмақтар шауып, өзі және баласы Ата әйелімен қалмақтың қолынан қаза табады. Кешікпей Атаның екі інісі Қалпақ пен Естай да өледі. Атадан Темір деген бала қалады. Елтай немере інісі Темірді, Қалпақтың әйелі Күмісті, Естайдың әйелі Күймежанды ертіп Сыр бойына қарай жол тартады. Бірақ аяғы ауыр жеңгелері және кішкене інісі жол жүруге жарамаған соң оларды қайтып келіп алып кетем деп уәде беріп, Елтай әрі қарай жалғыз аттанады. Кейін үшеуін де Сыр бойына өзінің қасына алады. Сыр бойында Қаратаудың тасына шамамен бұдан 271 жыл бұрын қашалып жазылған мына өлең ескі кездегі әңгімені растай түседі: Есентемір деген ел едік, Есебі жоқ көп едік. Есебін тауып жегенде Таусылмайтын көп едік…. Тағы бір көне аңызда Темірді Кіші жүзге өлы жүзден немесе Орта жүзден әкеледі. Ол жаугершілік заманында Қыдырқожаның қолына түседі де, Бай еті тірі, ержүрек жігітке көп жылқысын бақтырып қояды. Он екі атаның бабасы Қыдырқожа асқан бай, дәулетті болғандықтан, одан тараған әулет Байұлы атанып кеткен. Бір жылы үлкен жұт болып, қаhарлы қыста Темір байдың көп жылқысымен бірге ығып, ұшты-күйлі жоғалып кетеді. Боран ашылған соң Бай жан-жаққа сұрау салып, іздеткенімен, жылқышыдан да, жылқыдан да хабар-ошар болмайды. Бай әбден күдерін үзгенде алыстан мұнартқан шаң көрінеді. Қара көбейіп, ауылға жақындағанда жылқының алдында құрығын сүйретіп ат үстінде келе жатқан еңсегей бойлы ірі жігітті алыстан таныған Қыдырқожа Темірім есен екен ғой деп дауыстап жіберген екен дейді. Содан Темір Есентемір аталып кеткен деседі. Есентемір руы Көн, Тағашы болып екі атаға бөлінеді. Бөкен би, Көктаубай батыр, Мыңбай батыр, Есбай күйші, Досжан ақын сынды белгілі тұлғалар шыққан. өраны Алдоңғар, таңбасы адалбақан.