Сабақ жоспары: Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы
Қарағанды облысы
Шет ауданы
Ақшатау кенті
Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі
Тарих пәні мұғалімі
Абишева Ардақ Жұмабаевна
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Үйсіндердің түрлі кәсіпшілік пен шаруашылықтары туралы алған білімдерін нақтылай отырып, үйсіндердің (зергерлік , ағаш өңдеу, ұсталық, сәулет өнері ) мәдениетімен таныстыру, ерекшеліктерін ұғындыру. Жерлеу дәстүрі мен діни наным- сенімдері туралы түсінік беру. Ежелгі үйсін қоныстары және құрылыс ерекшеліктерін , обаларын таныстыру.
Дамытушылық: Ой қабілеттерін , сөйлеу дағдысын қалыптастыру, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды талдау, сипаттау қабілеттерін дамыту, шығармашылық деңгейін арттыру.
Тәрбиелік: Еңбекке баулу, сұлулыққа тәрбиелеу, ата-бабалар рухын қастер тұтуға баулу.
Көрнекі құралдар, қажетті материалдар:
Буклеттер, әдістемелік журналдар, парақшалар , суреттер, тірек-сызбалар .
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, сұрақ-жауап, тірек-сызба, ойын-әдістері , деңгейлік әдіс .
Сабақтың түрі: жұптық, топтық жұмыс тәсілдері енгізілген аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: еңбек, бейнелеу өнері, әдебиет.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру:
А) оқушыларды сабаққа дайындау, өтілу барысын таныстыру.
Ә)Үй тапсырмасын тексеру.
І слайд. Үй жұмыстарын интерактивті тақта арқылы тексеру.
1. Үйсіндер туралы мәліметтерді қай деректерден кездестіруге болады?
2. Үйсіндер қандай көрші елдермен байланыс жасаған?
3. Ал қандай тайпалармен байланыс орнатқан?
4. Үйсіндер халқының саны қанша болған?
5. Үй саны , жауынгер саны қанша болған?
6. Үйсіндерде қандай малдың түрі көп болған?
ІІ слайд.Үйсіндердің шығу тегі мен орналасуы жайлы не білеміз?
ІІІ слайд. Үйсіндердің мемлекеттік жүйесі неше бөліктен тұрады?
V слайд. Оқулықтағы мәтіннің мазмұнын сұрау.Үйсіндердің қоғамдық құрылысы туралы кім толығырақ мазмұндайды?
Қосымша сұрақтар дайындау.
1. Үйсіндер қандай дәрежеде өмір сүрген?(мемлекет)
2. Тарихта ойып тұрып алатын қандай мемлекет атауына ие болды?(көшпелі мемлекет, усунго немесе синго )
3. Үйсіндердің басшысы кім? (гуньмо)
4. «Бек» деп кімдерді айтамыз? (тайпа көсемдері, ру басылары)
5. Таңба не үшін қажет болған?
6. Үйсіндерде қандай әлеуметтік құрылымдарға бөлінген? (теңсіздік және жеке меншік)
7. Жеке меншікке не жатады? (мал,жер)
8. Үйсін қоғамында кімдерді білесіңдер?
(тайпа, ру басылары, ауқатты адамдар, жасауыл, абыздар, бұқара халық, тұтқындар)
VІ слайд.Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы.
Үйсін шаруашылығы
Егіншілік
Мал шаруашылығы
Бау-бақша
Ақтас қонысы
Жетісу өңірі
Шу мен кеген өзені
VІІ слайд. Үйсіндердің өнері мен діні.
Жұмбақ жасыру.
Сан түрлі жануар бейнесі,
Ежелгі зергерлік дүниесі
Бар әлемді тәнті еткен,
Үйсіндік өнер белгісі. (Тәті)
VІІІ слайд. Үйсіндер мәдениеті.
ХІХ слайд. Баспана.
Мәлімет келтіру. Ақтас қорымынан екі тұрғын үй-жай табылды. Жазғы баспана, қысқы баспана, тастан, шикі кірпіштен жасалған.
Х слайд. Ыстық көл
ХІ слайд. Ыдыс аяқ, қару жарақ.
Түрлі кәсіпшілігі тері өңдеу, тігіншілік, зергерлік іс.
Сабақ бойынша өздік жұмыстар жүргізу.
кірпіш үй | |
тамақ ішетін ыдыс | |
табақтар | |
керамика | |
тамақ пісіретін ыдыс | |
тостағандар | |
ожаулар | |
ағаш | |
тас үй |
Үйсіндердің қысқы үйлері
Ыдыс жасауға пайдаланылған материалдар
Ыдыстардың түрлері
Ағаштан жасалған ыдыстар
2 тапсырма. Кестені толтыр.
Темірден, мыстан,қоладан жасалған ыдыстар | |
Ең көп тараған ыдыс түрлері | |
Моншақ жасауға пайдаланылған бағалы тастар | |
Тастан жасалған еңбек құралдары | |
Сүйектен жасалған заттар |
Бағалау.Үйге тапсырма.