Балабақша. Ертенгілік: Жаңа жыл

Oinet.kz 04-10-2020 1293

Жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгілік өткізілетін, әсем безендірілген залға балалар қол ұстасып кіреді .  Залдың іші мерекеге сай әдемі безендірілген. Әдемі әуенмен балалар залға кіріп, шыршаны айналып тұрады.

Жүргізуші:  Армысыңдар халайық!

  Бармысыңдар халайық!

  Жаңа жылды жұп жазбай,

  Бірге қарсы алайық!

  Келді тағы жаңа жыл

  Қуантумен біздерді,

  Құтты болсын қуаныш

  Құттықтаймыз сіздерді»

 

    -Құрметті ата –аналар , балалар, балабақша ұжымы! Сіздерді алда келе жатқан 2018 жылғы жаңа – жыл мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат , еңбекке табыс, жанұяларыңызға бақыт тілейміз!

      Бүгінгі біздің ертеңгілігімізге қош келдіңіздер   

  Жүргізуші:  - Балалар, қараңдаршы, қандай әдемі шырша тұр ортамызда, ойыншықтармен безендірілген, кәнеки, жаңа жылға арнап жаттаған тақпақтарымызды , өлеңдерімізді айтып, билерімізді билеп, өз өнерлерімізді көрсетейік.

      Алихан: Той мереке салтанат

                      Думандатты шартарап

                       Келді міне жаңа жыл

                       Тартуларын арқалап

       Жәудір : Лебі мұздай ызғарлы

                        Алып келді қыс қарды

                        Қысқа түндер ұзарды

                        Ұзақ күндер қысқарды.

Аманғали: Бір топ бала сырғанап

                     Барады әне жарысып

                     Қалды артта қыр алап

                     Іздерінен қар ұшып.

Балауса: Алар асу шығар тау көпү

                 Еңбек думан маңайы

                  Жаңа жылды денің сау боп

                 Бпқытты бол ағайын.

Игілік: Жасыл желең жамыоған

                Асыл моншақ тағынған

                Міне сұлу шыршамыз

                 Көптен күтіп сағынған.

 

Тәрбиешіге бәpi қосылып:

 Қала нұр, дала нұр

Құтты болсын Жаңа жыл!

Балалар шыршаның құпиясын ашып берейікші кәне

Ән: Маленький секрет

Кане балалар барымыз көзімізді жұмып орманға барайық.Ертегілер еліне саяхат жасайық.

  Тәрбиеші:

Келіңдер балғын балалар

Ертегімді тыңдандар.

Ертегімде сан қилы

Қызық- Қызық сырлар бар.

Жаңа жылдың кешінде

Аңдар келіп бip шешімге

Достаспақшы ниетпен

Жиналыпты келісімге.

Шыршаның артынан қоян ceкірin шығады да:

Ау, жарандар, ал қараңдар

Жауып тұр қар себелеп.

Көкке толды, жерге қонды

Сансыз аппақ көбелек.

Тым алыстан, Марстан

Келіп Аяз атамыз

Жылды тойлап,

Билеп-ойнап,

Көп қызыққа батамыз!

 

Ceкipin билеп жүрген қоянның алдынан аю шығады. Қоян сасқалақтап қалады.

Қоян: Амансыз ба, аю паң!

Аю: Жаңа жылдың алдында

        Тойды еске алдым да

        Ұйқымды ашып, сергідім

        Ұйықтамаймын мен бүгін!

        Жылды қарсы алайық

        Би билеп, ән салайық.

        Жаңа жылдың тойында

       «Жан салайық» ойынға!

 

 Eкeyi қол ұстасып, билейді. Сол кезде қуана кутындап тулкі келеді.

 

Түлкі Қоянжанға бір сәлем!

            Аю паңға мың сәлем!

 

Аю, қоян: Аман ба, тулкі, кел мұнда!

Түлкі Достарым, жыл келеді

             Сыйлығын ол береді

             Жұмбақ шешкіш тулкінің

             Өнерін жұрт көреді

             Тауып өз сыңарымды

             Тайсалмай, биге түcin,

             Тарқатам құмарымды.

Аю, қоян: Рахмет, түлкіжан

Жүрген жерің күлкілі ән!

Аю,қоян,түлкі 6ipre билей,жөнеледі Осы кезде орталарына қасқыр келеді

Қасқыр Армысыңдар!

                   Бармысыңдар,ағайын!

                   Кәне құшақ ашайық,

                   Достық тойын жасайық

Бәpi: Жаңа жыл қүтты болсын !

Достығымыз мықты болсын!

Тақпақтар :

Игорь: Аппақ тонға оранып

            Базарлықты мол алып

             Келді алыс сапардан

             Аяз ата оранып

Мейіржан: Қалып едік сағынып

                   Күтіп алдық жабылып

                   Жолын қойдық жарық қып

                  Шыршаларға шам іліп

Дияс: Аяз Ата ойды қырды

       Аралап жүр түгел шолып

       Қарсы алғалы жаңа жылды

       Ол да көпьің бірі болып

 

Тәрбиеші: Жарайсындар, балалар! Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.Соны шешесіңдер ме?

Балалар: Иә.

Жұмбақ:Ақсақалды шал жылына

                     Бip-ақ рет келіп кетеді

                     Қызы мен ұлына

                     Сыйлық алып келеді    /Аяз Ата/

Тәрбиеші: Балалар, енді жаңа жылдық мерекемізге Аяз атаны шақырайық. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.

Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! - деп айғайлап шақырады.  Аяз Атаның орнына мыстан кемпір ұшып кipeдi де, шыршаны бip айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады.

Мыстан: Пай-пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаның кереметін-ай! Уйге алып кетсем бе екен?/ Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаның түбірімен жұлып алғысы келеді.

Тәрбиеші: Мыстан кемпір!

    Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды,

 Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз,тимеңіз біздін шыршамызға!     Мыстан сөзге мән бермей, былай дейді:

Мыстан: Туу! Маңдайдағы терін сүртіп, тұрып. Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын-ай, жұлынбайды ғой.

    Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қалады да:

Мыстан :Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып көрген, сандықтың кілті болар. Сол сандықтан 6ip керемет дәмнің иici шығып еді, мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей-ақ, осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бip байып қалармын! Мыстан Keмпip кeтiп қалады. Сол кезде қалтасынан бip таяқ түседі.

     Тәрбиеші: Балалар көңіл – күйлеріңді түсірмеңдер, мерекемізді әрмен қарай жалғастырайық. Қазір аяздар биіне кезек берейік.

Би : Аяздар

Аяздар жүр би билеп

Көңілді әсем әуенге

Қошеметпен ортаға

Щақырайық билеуге.  

Тәрбиеші: Балалар, Кәне тойды жалғастырайьқ, Аяз Ата кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар.Аяз Ата мен Ақшақарды дауыстап шақырайық.

Eciктің сыртынан дауыстар естіліп, іле-шала залға Аяз Ата мен Ақшақар кіреді. Аяз Ата Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді,ол кipгici келмейді.

Ақшақар: Ата жіберіңізші мені ! Кірмеймін мұнда,үйге кетемін.

Аяз Ата: Айналайыным-ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсың ба өзі?

Ақшақар Жоқ,жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда да барғым келмейді, үйге қайтамын.

Аяз Ата: Қызым-ау, не айтып тұрсың!Қарашы,біз тойға келдік!Кәне,балалармен амандасайық.Аяулы аналарға,ардақты ұл-қыздарға бүлдіршін балаларға бip сәлем!

          Қандай жарқын жүздерін,

          Қандай әсем жырларың

         Асаулармен алысқан,

         Асау желмен жарысқан

         Аталарың сендерге

         Шаршап келді алыстан.

 Балалармен амандасады

Аяз Ата: Рахмет,рахмет балаларым! Кәнекей қызым! Қонақтардан, ұят болады, басынды көтер. Ақшақар басын көтермей тұрады.

Аяз Ата: Қарашы, балалардың киімi қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті. Шырша шамын жағайық, Жаңа жыл тойын ашайық.Сол кезде Ақшақар жылап тұрып.

Ақшақар: Мен шырша шамын жағатын, сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым! Осы кезде Аяз Ата оны жұбатып тұрып:

Аяз Ата: қазір мен-ақ өзімнің таяғыммен жағамын- дейді.

Ақшақар: Қойыңыз ата! Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.

Тәрбиеші: Ақшақар, сиқырлы таяғың қандай еді?

Ақшақар Менің таяғым жылтырауық,. Сіздер оны көрмедіңіздер ме?

Тәрбиеші: Жаңа мұнда Мыстан болған, ол ұшып бара жатып, қалтасынан жылтыраған бip затын түcipiп алды, сол емес пе екен? Кәне, балалар ,іздеп көріңдерші, сол затты мүмкін тауып берерсіңдер. Сөйтіп жатқанда бір бала сиқырлы таяқты тауып алады.

Аяз Ата: Жарайсың, балапаным! Рахмет сендерге

Тәрбиеші: Кәне,бізде шырша жағуға көмектесейік, Аяз Ата Ақшақарды қасына шакырып, шыршаны жаққызады.

Балалар : 1  2  3  Шырша шамы жана түс 2 рет қайталайды.

Ән : Жаңа жыл

Міне, міне келіп қалды

Жаңа уақыт жаңа жыл

Ән айтамыз баршамыз

Жаңа жыл деп жаңа жыл

 «Үсітемін?" ойын ойналады.

Иманғали : Жаңа жылмен жаңа жылмен

                        Құттықтаймыз әрине

                       Атамызды анамызды

                       Қонақтардың бәрінде.  

Мирас :   Төгіліп көк жүзінен  ақшақарды

                  Ақ көрпе жапты бүгін бақшаларды

                  Мен келдім есіктерді ашыңдар деп

                  Жаңа жыл күллі әлемге жар салады

 Айсұлтан : Құтты болсын ағайын

                      Жаңа жылың бүгінггі

                      Бауырыңда балаларың

                       Ұзақ болсын өмірің

 Мерей : Жүзімізде күлкі ойнап

               Қанаттанды жанымыз

               Жаңа жылды біз тойлап

               Шаттанамыз бәріміз.

Алимансүр:  Жаңа жылды біз тойлап

                         Шаттанамыз бәріміз

                        Өлеңде әзір бәрі әзір

                         Ойын да әзір бәрі әзір

                          Кел жаңа жыл жаңа жыл

Аяз - Ата: Ой! Бәрекелді, жарайсыңдар балалар! Аталарыңды бip куантып, тастадыңдар.

Бұл әлемде неше түрлі

Халықтар бар білеміз.

Құттықтауға келді бүгін

Француз елі біргеміз

Би билейді ортада

Француз биін көріңіз.

Би « Французский   »

          Ағылшын тіліндегі тақпақтар

Сакен Айару.

Сағындық

Асал

Айасель

Тәрбиеші: АязАта! Сіз біздің балаларға сыйлықтар әкелдіңіз бе?

Аяз - Ата: Әрине, барлық сыйлық мына сандықтың ішінде! Ақшақар сандықтың кілті қайда ?(Ақшақар иығымен білмеймін дегендей шара жасайды.)

Тәрбиеші: Қандай кілтті сұрап тұрсыз? Бағанағы шыршадағы ілініп тұрған кілт пе?

Аяз- Ата: Иә,сол кілт шығар.

Тәрбиеші: Аяз Ата,ол кілтті мыстан алып кетті.Ол тіпті шыршамызды ала кеткісі келген.

Аяз- Ата: Қап, әттеген-ай! Кәне, біз Ақшақар екеуміз оны іздеп келейік.(Осы кезде залға Мыстан кіреді.)

Мыстан: А-а,бәлем! Таптым, сандық мында тұр екен ғой (оны ашайын деп жатканда еріксіз бip күш оны артқа қарай итереді)

Аяз- Ата: Мына ұрлықшы мұнда жүр ғой. Кәне кілтті маған бер,балалар сыйлықтарын күтіп қалды.

Мыстан: Ойбай- тағы, не дейді. Сыйлық өзіме де керек.

Аяз-Ата: АҺ, бәлем! Олай болса өзіңнен көр. Мен ceнi қатырып тастайын.

 

«Кәне таяғым мына Мыстанды қатырып таста»(Мыстан кемпір тұрған бойында қатып қалады.)

Мыстан: Әй, Аяз шал! Керегі жоқ, қалпыма келтір! Ой, не icтeceм екен.

Аяз-Ата: Бересің ба сандықтың кілттін?

Мыстан: Жоқ, бермеймін.

Аяз-Ата: А-а, онда осылай тұра бер. Мен кеттім.

Мыстан: Жоқ,Аяз-Ата! Кетпеші,беремін кілтіңді, тек балалар менің қояр тілегімді орындасын, жұмбақтарымды шешсін.(Осы кезде мыстан қалпына келеді)Балаларға жұмбақ жасырады:

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады.(Қар)

 

Терезеге қонады,

Әсем ою ояды.(Қырау)

 

Тікен,тікен тік пістe.

Қысы жазы бip түсте(Шырша)

 

Мыстан: Жарайсыңдар,балалар, жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер.

Аяз-Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым?

Ақшақар : Ал олай болса балалар осы жыл өте керемет естеліктерге толы жыл болды, солай емеспе, ендеше келер жылымызда бізге өзінің ырыс несібесімен келсін. Кәне балалар қол соғып қошеметтеп Жаңа жылымызды ортаға шақырамыз.

Жаңа жыл: Сәлеметсіңдер ме балалар. Сәлеметсізбе Аяз ата Ақшақар

                      Жаңа жылым бақытты мол әкелсін.

                     Бар халыққа қуаныш көп әперсін

                     Бейбітшілік болып тұрсын елімде,

                    Тыныш болсын ұлан байтақ жерім де.

Тәрбиеші: Келе ғой Жаңа жыл төрлет .

 

  Аяз Ата : Ал балалар кіріп келген ит жылы құтты болсын. Өзінің ырыс құтымен келсін. Әр үйде тек жақсы күндер көп болсын. Балалар біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайьқ. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым,сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)

 Балалар: Сау болыңыздар!

Би : Жұлдызым

Аспандағы жұлдыздар

Жалт – жұлт етіп жанады,

Біздің жұлдыз балалар

Жұлдыз биін билейді.

Орыс тіліндегі тақпақтар

Виктор: Встречаем мы, встречаем мы

                Сегодня новый год,

                Под елкой начинаем мы,

           Веселый хоровод.

Роман: Говорят под новый год,

            Что не пожелается

             Все всегда произойдет

             Все всегда сбывается.

Чараз: Я в садике встречаю,

             Свой новый год.

             В гости к нам на елку

             Дед мороз придет,

             Принесет кулек

             И зажжет на елке,

            Ярки огонек.

Мансур: Папа елку украшает

                Мама папе помогает

                Я стараюсь не мешать

                Помагаю помогать.

Ән : Жаңа жыл

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды,

Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн

Шуақ болып шартарапқа тарайды.

Ән айтамыз баршаңызға тілекпен

Жаңа жылымыз құтты болсын ағайын.

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар! 2018-ші жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен куаныш әкелсін!!!

Балабақша. Тәрбие сағат: Үй құстары
Балабақша: Тәрбие сағат: Сиқырлы дыбыстар әлемінде!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу