Сабақ жоспары: Фалес теоремасы. Үшбұрыштың орта сызығы
Павлодар қаласы
Качир ауданы
Октябрь ЖОББМ-нің
Математика пәнінің мұғалімі: Садыков Арынғазы
Сабақтың тақырыбы: Фалес теоремасы. Үшбұрыштың орта сызығы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Үшбұрыштың орта сызығының анықтамасы мен оның қасиеттерін, және Фалес теоремасын түсіндіру қажет.
Дамытушылық: Оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауға дағдыландыру, пәнге деген қызығушылықты, математика тілінің мәдениетін дамыту.
Тәрбиелілік. Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Көрнекі құрал-жабдықтар: сызғыш, қалам т.с.с
Әдісі: Түсіндіру. Тақтада есептер шығару.
Көрнекілігі. Үлестірмелі карточкалар, Кросвордтар арқылы
Сабақтың барысы:
Сабақ жоспары: 1 Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа сабақты меңгерту.
4. Білімді бекіту, тиянақтау.
5. Кросворд шешу
6. Қорытындылау.
7. Оқушылар білімін бағалау.
8. Үйге тапсырма.
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Квадрат дегеніміз не, және оның қандай қасиеттерін білесіңдер?
Тік төртбұрыш дегеніміз не?
Тік төртбұрышқа қандай анықтамалар беруге болады?
Параллелограмның бір бұрышы 750 болса, екінші бұрышын тап:
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Фалес (б.д.д. 624-547ж.ж.) | Фалес (б.д.д. 624-547ж.ж.) – Милет қаласынан шыққан грек философы және саяси қайраткері. Аңыз бойынша ерте грек жеріндегі жеті данышпанның бірі. Мысыр және Вавилонда математика және астрономия ғылымдарымен танысады. Б.д.д. 585-584 ж.ж. күннің тұтылуын алдын - ала дәл болжаған деген мәлімет бар. Сондай-ақ пирамиданың көлеңкесінің ұзындығы бойынша пирамиданың биіктігін анықтайды. |
Фалес теоремасы.
Егер бұрыштың қаберғаларын қиятын параллель түзулер оның бір қабырғасында тең кесінділер қиса, онда олар екінші қабырғасында да тең кесінділер қияды.
Бұрыштың қабырғаларымен қиылысатын параллель түзулер бұрыштың қабырғаларында пропорционал кесінділер қияды.
Мысал:
|
Үшбұрыштың орта сызығы
Үшбұрыштың екі қабырғасының ортасын қосатын кесіндіні үшбұрыштың орта сызығы деп атайды.
Үшбұрыштың екі қабырғасының ортасын қосатын орта сызық үшінші қабырғаға параллель және оның жартысына тең болады.
Үшбұрыштың төбесін сол төбеге қарсы жатқан қабырғаның ортасымен қосатын кесінді медиана деп аталатыны белгілі.
Дәлелдеуі:
Д – нүктесі – АВ қабырғасының орта сызығының ортасы болады. Д нүктесі арқылы және АС-ға параллель өтетін түзу АВС үшбұрышының ВС қабырғасын Е нүктесін қиып өтеді. Бұл Фалес теорема бойынша Е нүктесі ВС қабырғасының ортасы болады. (АД=ВД болғандықтан, ВЕ=ЕС тең болады). Бұл жерде ДЕ – үшбұрыштың орта сызығы және ДЕ || AC болады. Үшбұрыштың орта сығының формуласы: ДЕ=1/2 АС |
IV. Есептер шығару.
№127 есеп.
Берілгені: 1) Параллелограм; 2) Тік төртбұрыш; 3) Ромб; 4) Квадрат қабырғаларының орталарын тізбектеп қосқанда шығатын төртбұрыштың түрін атаңдар. | Жауабы: Куб |
№128 есеп.
Берілгені: Берілген кесіндіні: 1) Өзара тең төрт; 2) Өзара бес кесіндіге бөліңдер: | Шешуі: Оқушылар дәптерге бір АВ кесінді салады. Ол кесіндінінің басын А жәнен соңы В нүктесін белгілейді. Сол кесіндінің ұзыңдықтарын өлшеп алып, кесіндіні төрт және бес кесіндіге бөледі. |
Тақтамен жұмыс: №129, 130, 131 есептерді.
V. Кросворд шешу:
1. Ежелгі грек ғалымы ...
2. Барлық қабырғалары тең төрт бұрыш...
3. Грек әліппесінде алғаш тұрған әріп...
4. Геометрия пәніне, саласына өз еңбегін қалдырған атақты ғалым...
5. Кез – келген екі нүктені біріктіруші.
VI. Қорытындылау:
Фалес теоремасы және үшбұрыштың орта сызығы тақырыбына қатысты бірнеше сұрақтар қою:
- Фалес теоремасын дәлелдеу
- Үшбұрыштың орта сызығы дегеніміз не?
- Үшбұрыштың орта сызыңының қасиеті.
7. Оқушылар білімін бағалау. Оқушылардың сабаққа қатысқананына сай бағаларын қою.
8. Үйге тапсырма. № 133 есеп. 35 бет және өтілген тақырыпты қайталау.