Философия. Реферат. Шəкəрім Құдайбердіұлының даналық дүниетанымы
Шəкəрім Құдайбердіұлы — қазақтың ұлы данышпан ойшылы. Қазақ философиясында ар, ұят, ынсап, қайғы мəселелерін философиялық логикада тұңғыш рет қарастырған ойшыл. Өз философиясында ақыл-ой, ұждан мəселелерін анықтаған. Ұждан дегеніміз — ынсап, мейірім, əділет. Бұл екі өміргеде керек іс. Жанға азық болатын құндылық. Ақыл-ойдың жиырма сегіз түрін көрсеткен. Соның ішінде сау ақыл деп соған ерекше тоқталған философ. Адамды басқа тірі жандылардан өзгешелендіретін оның ақыл-ойы емес пе, Шəкəрім өз философиясында дүниені танушы, адамды адамдық негізге жетелейтін, ең негізгі қасиеті ретінде ақыл-ойды қарастырған.
Оның дүниетанымы көбіне мораль философиясына жақын. Шəкəрімнің дүниетанымы көбіне мораль философиясы мен ар ілімін қамтиды.
Шəкəрім дүниетанымында тəңір, нұр, күн, табиғат — қасиетті, киелі ұғымдар.
Еңбекке шыда, ебін тап та,
«Сабырдың түбі — сар алтын».
Өзімшіл болма, көпті ардақта,
Адамның бəрі — өз халқың [1; 180].
Адам тек қана өз тағдырымның алдында жауаптымын демей, барлық адамзаттың тағдырының алдында жауаптымын деп өмір сүруге шақырады. Адамзатқа ортақ бір-бірін қор қылмауға, адамзатқа ортақ мүддеде өмір сүруге үндейді. Ар бір адам адамзатқа ортақ мүддені қорғауға, «адам» деген ұлы ұғымды қор етпеуге шақырады. Шəкəрім Құдайбердіұлы ар-ұят мəселесін бірінші орынға қояды. Ар дегеніміз не? Оны қалай түсініп білеміз? Хайуандар əлемінде ар мəселесі жоқ деуге болады, демек, ар адамға ғана қатысты ұғым. Егер адам адамшылығын жоғалтса, оның өлгенімен бірдей. Бар жазадан ар-ұят жазасы ауыр. Біреуді алдап өтірік айтуға болғанмен, адам өз-өзін алдап өз ұжданының алдында орынсыз іске аяқ баса алмайды, ең жаман іс саналы болсаң, сен өз-өзіңді алдай алмайсын. Адам өзіне-өзі сыншы болып дұрыс қадам жасай білуі ғибрат аларлық іске қадам жасай білуі, оң деп білді.
Сабыр, сақтық ой, талап болмаған жан
Анық төмен болмай ма хайуанан.
Ынсап, рахым, ар-ұят табылмаса,
Өлген артық дүниені былғағаннан [1; 129]!
Шəкəрім дүниетанымындағы негізгі мəселелердің бірі — ар ілімі.Ұят, ар тек адамға ғана қатысты. Ар-ұяты жоғалған адам — ол адам, бірақ ол адам надан адам танылған.
Ар деген адамның сыры, құпиясына қазық болатын рухани субстанция, ар — адам ісінің төрешісі. Ар — адамның өз соты. Əр адам өзінің арының алдында жауап бермек. Шəкəрім халыққа ар білімі деген арнайы білім керек деп таныды. Арлы адамның мойындағы ұяты, жігері, намысынын, қайраты бар адамды айтамыз. Адам арсыз болса, ол адамдық негізден айрылмақ. Адамды адам қылып тұрған оның арында. Егер адамды арсыз деп алсақ, онда біз «адамзат» деген ұғымнан айырылып қаламыз.
Ар — адамның ішкі сыры, бізге беймəлім құпиясы. Əдетте біз біреудің ішкі сырын біліп алғымыз келіп əдеттеніп жатамыз, онымыздан өнімді іс шықпақ емес.
Əрбір адам өз сыры ешкім біліп болмақ емес, ол адамның «жеке архиві», оны ол өзімен əкетпек.
Адамның сыры тек өзінің құпиясы. Адам арының тазалығы оның іс-əрекетімен өлшенбек. Ар тек жеке адамға қатысты қолданылатын ұғым. Арсыздық — адам бойындағы ең жаман қасиет, ол судың тұнық болғаннан гөрі, лай болғандығын қалайды. Ар — ізгіліктің өлшемі, оның көрінісі. Ізгілік тек жеке адамдарға ғана қатысты емес, ол адамзатқа тəн. Адамның əлемде пайда болуының өзі ізгіліктің өлшемі, оның көрінісі.
Дүниеге ізгілікті əкелуші адам. Сонымен адамның адамшылығы дегенде қадап-қадап айтатын ұғымдар «ұят», «намыс», «ар» осы үшеуі адамшылықтың негізгі салалары, арналары. Олардың бірінсіз адамның адамшылдығы толық емес. Əрине, «ұятсыздық», «намыссыздық», «арсыздық», «надандық» адамшылдыққа тікелей қатысты ұғымдар, бірақ олар адамшылдықтың өзі емес, оған қайшы келетін түсініктер. «Ар-ұят», «ұждан» Шəкəрім бұл ұғымдарды адамзат өмірінде ерекше орын алып, екі дүниеге де керек іс деп қарастырған.
Тумақ, өлмек — тағдырдың шын қазасы,
Ортасы — өмір, жоқтық қой — екі басы.
Сағымдай екі жоқтың арасында
Тіршілік деп аталар біраз жасы.
Жоқтық, барлық — жоғалмақ араласы,
Үш еріксіз болады мағынасы.
Нажағайдай жарқ етіп өшпек болса,
Өмірдің он тиындық жоқ бағасы.
Өмірдің өкінбейтін бар айласы,
Ол айла-қиянатсыз ой тазасы.
Мейірім, ынсап, əділет, адал еңбек,
Таза жүрек, тату дос — сол шарасы [1; 155].
Адамға бұл ғұмырдың өткінші екендігін ескерте отырып, адамға ең керегі таза ой, жүректі таза тұнық ұстау. Мынау өмірдің ластанған лайымен таза жүректі былғамау. Тұнық, мөлдір су секілді адамда жүрегін таза ұстау, темірдің өзін дат басады, адамның да жан дүниесі солай кірлемек. Адам сол бір ғана берілген өмірінде үнемі адамшылдыққа ұмтылып, адамға ортақ іс қалдыру, ізгілікке аяқ басуы шарт.
Шəкəрім өзіне-өзі «Мұтылған» деген ат қойған. Оның дəлелі «Мұтылғанның өмірі» деген толғау өлеңінен табамыз.
Дұспаным жоқ, досым жоқ,
Қайғыдан да шошу жоқ,
Рахат іздеп тосу жоқ,
Бір жындымын құтырған.
Жаралы жаным шықсын деп,
Қара жер мені жұтсын деп,
Өлген соң елім мұтсын деп
Атымды қойған «Мұтылған» [1; 347].
Шəкəрім өзінің белгілі бір кезеңде ұмтылатындығын сезе білген. Шынында, ойшылды ұмыттыру үшін Кеңес өкіметінің жандайшаптары оны ең алдымен атып өлтіреді. Тіптен зираты ұмыт болады. Шəкəрімнің атын атауға тыйым салынады.
Ойшылдың шығармалары тығулы жатты. Осындай жағдайдан кейін оның мұтылған екені шындыққа айналды.
Дүниеде ұмтылатын кім, ол əке-шешесі жоқ, жанашыры жоқ жетім. Ел елдігінен айырылып, жұрт өзін-өзі танудан қалғанда, ойшыл ұмтылады, сөйтіп жетім қалған халықтың өзі ұмтылмақ. Халық өзін-өзі тануға жеткенде мұтылған жаңғыртып, жетімдік құрсауынан шығады. Туған жұрттың, елің өзіңді қажет етпеген соң қалайша жетімдікті сезінбейсің.
Даналық дегеніміз рухтың азапқа түсу жолы болса керек, рух күйзеліске түспей, сана сергек болмай, дүние былығын қалай түсінбекпіз. «Жетім бала иесіз, өзі кесер кіндігін» демекші Шəкəрім өзін жұртта қалған жалғыздай сезінеді.
Шəкəрімнің елден тыс кетуі — оның солақай саясаттан қашуы. Сол кездегі солақай саясаткерлер елдегі зиялылардың көзін жоймай елге өктемдік жасай алмайтындығын əбден түсінген. Оның елден жырақ өмір сүруі амалсыздықтың күні.
Ол өкіметтен ешқайда қашып құтыла алмайтындығын біліп, өз атын «Мұтылған» қояды. Оған
«бандит» деген атақ тағылады.
Ал шындығына келсек, Шəкəрімнің кім екендігін мына қазіргі қоғам танытты. Ол өзінің өмірбақи жиған-тергенін халқына, артқы ұрпағына өлмес із қалдырған ойшыл.
Халқының мұңын мұңдап, халқының жадында мəңгі сақталатын ізгі істерді қалдырған, күндердің-күнінде ол елінің танитындығын білді жəне өзі сол күнді аңсаған.
Қырық жастан асқаннан кейін ақыл, дүние болмысына өзгеше қарайды.
Қырықтан аса бергенде,
Ақылым қылды шерменде:
«Дінім қалай, ханым не,
Жоғалам ба өлгенде?
Əлемді кім жаратқан,
Осынша түрлеп, таратқан?
Көрінген сансыз планет.
Бірінен-бірі бөлген бе?
Ақырет деген немене,
Шыққан жан қайтып келе ме?
Кіре ме осы денеге,
Дəлелі қайсы сенгенде?..»
Осы оймен Мекке барғамын,
Əр түрлі кітап алғамын.
Ақылға сыймас жалғанын,
Алмадым сынай келгенде [1; 339].
Бұл өмірдің мəні жайындағы толғаныстары. Шəкəрім ой дертіне ұшырайды. Елден безіп, оңаша жер іздейді. «Қауымнан қаштым қағылып, оңаша өмір сағынып» — дей келе, «ойға оңаша жер керек», — деп қапаланады. Елден безіп кеткен менде ешкімнің жұмысы болмаса деген Шəкəрімнің дəмесінен ештеңе шықпады. Қайта оны тау ішінде жападан-жалғыз тұруы өкіметті күдіктендірді.
Ақыры ол «бандит» атанып, Қарасартовтың қолынан қаза тапты. «Мұтылған» деген сөздің астарында ұмтылмайтын мəн жатыр. Ұмтылатын немесе ұмтылмайтыны қайсы əр адам өзі ойлануы керек. Ерте кезден келе жатқан адамдардың қайсібірі ел есінде қалған. Есте қалатын оның есімі емес, оның ұзақ кешкен ғұмыры емес, Абай айтқандай, артына өлмейтұғын сөз қалдырады. Бірақ сол сөзді қалдырғандарда ұмыт болады екен. Ел есін жиған кезде ұрпағы есіне алатындығына сенім білдірді. Шəкəрім сол үшін елінің есінде мəңгі сақталған даналық рухын тастап кетті.
Шəкəрім өз дүниетанымында «менің ішкі дүниеме кірер бұрын, бес сауалға жауап бер» деген.
Бірінші сауал: Алланың адамды жаратқандағы мақсұты не?
Екінші сауал: Адамға тіршіліктің ең керегі не үшін?
Үшінші сауал: Адамға өлгенен соң рахат-бейнет бар ма?
Төртінші сауал: Ең жақсы адам не қылған кісі?
Бесінші сауал: Заман өткен сайын адамның адамгершілігі түзеліп бара ма, бұзылып бар ма?
Осындай адамзат ойланарлықтай бес түрлі сұрақ қойған [2].
Бірінші сауал: Алланың адамды жаратқандағы мақсұты не?
Алла тағала адамды нендей мақсатпен жаратқан. Адамды Алла ізгі іс, ізгі мақсұтпен жаратқан. Шəкəрім бұл сұрақты тек адамға ғана қатысты қойған. Сондықтан адамда ең негізгі оны адам етіп тұрған адамшылдығы, ақыл-ойы. Ақыл-ой тек қана адамға ғана тəн. Адам сондықтан сол ақыл-ойға тəн əрекеттер жасау шарт. Адамды басқа тірі тіршілік иелерінен өзгешелендірген ақыл-ойы.
Осы ақыл-ой арқылы адамдар өзінің жаратушысын тануы, өзін-өзі тануы. Адам өзінің бір ғана берілген ғұмырын қор қылмай тек орынды əрекетпен, адамшылдықққа сай өмір сүруі. Адамдық болмысын түзеу, адамға сай құндылықтырға қол созу, адам өзінің бойындағы ізгі қасиеттерді сақтау, бір ғана берілген ғұмырын қор қылмай адам деген атта өмір сүру. Өзін тану, өзін жаратқан Алланы тану. Алла тағаланың адамды жарату мақсаты — жаратушы болуының айғағы. Адамның мақсаты — Жаратушыны тану.
Екінші сауал: Адамға тіршіліктің ең керегі не үшін?
Ол үшін жалпы адамды мынандай мəселелер ойландырады:
тіршіліктің мəні (немесе оның пайда болуы);
тіршіліктің адамға қатынасы (өмір, өлімнің мəні);
тіршілік адамға қажет пе?
Жалпы Шəкəрімнің дүниетанымында тіршілік дегеніміз — жан мен тəннің бірлігі.
Сынау үшін жаратқан бір иең бар, Тексерілмей қалмассың бір кезінде.
Адамға тіршілік не үшін керек дегенге, жақынға, туысқа, барлық тірі организм иелеріне жақсылық қылу үшін берілген. Адамды адам етіп тұрған қасиеттін жоғалтпай, «адам» деген атта ғұмыр кешу үшін берілген. Тағдырды тағдыр ететін адам, сол адам өзінің қоғамда артқы ұрпағына ізгілікті істер қалдырып, адамдық негізге сай ғұмыр кешу. Алла тағала адамды өмірде белгілі бір кезенде өмір сүргізіп, сынауға жіберген секілді. Адам кез келген өзінің атқарған іс-əрекетіне жауапты. Адам өзін адам етіп тұрған ізгі қасиеттерінен айырылмай, орынды іске аяқ басуы шарт. Ол үшін адам өз-өзін табиғилығын өз болмысына сай өмір сүру шарт секілді. Адам тек қана биологиялық қажеттіліктермен ғана шектелмей, артқы ұрпағына ізгілікті істер қалдыру үшін керек. Адамға ақыл-ой берілген осы бір ғана берілген өміріңді зия қылып өткізуге болмайды. Сол адамдық болмысына сай өмір сүруі шарт.
Адамға тіршіліктің керегі — ғұмыр кешу, ізгілікті істерге қол созу, адами болмысына сай өмір сүру.
Үшінші сауал: Адамға өлгенен соң рахат-бейнет бар ма?
Шəкəрімнің дүниетанымында көтерілген бұл мəселе əлі күнге дейін даулы мəселе. Жұмақ пен тозақ жайлы кім айтсада — тек қана болжам.
Уақыт ешқашан кері бұрылмайды, сол себепті өлген адам тірілмейді.
Жұмақ — ізгілік, ал тозақ — азап. Күнəсіз адам жұмаққа барады, күнəлі адам тозаққа жан азабын тартады. Санасыз жанға жұмақ пен тамұқтың еш қажеті жоқ. Қайғылы адам — дана адам. Не жақсылық, не жамандық көрседе адам осы өмір сүріп отырған жер бетінде көреді. Адамды адам етіп тұрған ізгі қасиеттерді адам өз болмысына сай өмір сүре отырып жасауы шарт. Не жақсылықты адамзат осы өмірінде жасамақ.
Төртінші сауал: Ең жақсы адам не қылған кісі?
Жақсы адам қандай адам? Егер дін жолымен келсек, жақсы адам дінге берілген мұсылман.
Бұған пайғамбарлар, əулиелер, хакімдер кəміл мұсылмандарды ең жақсы адамдар дейді. Себебі олар атақ, даңқ үшін емес, ғұмыр кешу үшін тертөгушілер, кəміл мұсылмандар тұрмысы өзінің дəстүрлігі мен қарапайымдылығымен қымбат. Кəміл мұсылмандар хакім емес, оның сенері жер, су, аспан, күн мен ай, қысқасы, табиғат. Кəміл мұсылмандар дүниеге деген көзқарасы натуралистік сипатта. Өзінің адамшылдығына сай өмір сүре білетін, адамдық болымысына сай əрекет ететін адамдар өмірде ең жақсы адамдар ретінде танылған. Осындай жақсы адамдар — дүниенің тұтқасы, егер өмірде жақсы адамдар болмаса, дүниеде мəнді болмас еді. Біз өмірде ең жақсы адамдар дегенде жоғарыдан, оқыған адамдар арасынан, билік басындағылардан іздейміз, онымыз дұрыс шығар, бірақ ең жақсы адам жұрт таныған кəміл мұсылмандар.
Бесінші сауал: Заман өткен сайын адамның адамгершілігі түзеліп бара ма, бұзылып бара ма? осындай адамзат ойланарлықтай бес түрлі сұрақ қойған.
Осы сауалға қатысты Шəкəрім адамның адамшылдығы дегенде жеке бастың мəселесін емес, оның заманға қатысты жағынан айтып тұрған секілді. Адамның заманды өзгертпекші болуы немесе құраралық іс, адам қанша арман, қиялға берілгенімен, ол өзінің табиғатынан асып шыға алмайды. Шəкəрім адамның адамшылдығы дегенде жеке бастың мəселесін емес, оның заманға қатысты жағын айтып отыр. Мұнда көбіне біз адам арқылы заманды танимыз ба, əлде заман арқылы адамды танимыз ба? Бірақ заманды өзгертуші, бəрін жасаушы адам. Сондықтан «заманына қарай адамы» деген орынды түсінік. Ғылым дүниені əрі түзетуші, əрі қарайтушы дейді Шəкəрім.
Адам өзгеріс жолына түскен сайын құпияға айналмақ, адам құпиясы ашылса, дүние ойран болмақ. Адам құпиясы дегеніміз — адамның өмірі мен өлімі.
Шəкəрім оны толық біліп отыр. Замана озған сайын білім молайып, адамдар білімді бола бастайды. Мұның нəтижесінде күн озған сайын, білім молыққан сайын, адамдар білімді бола бастайды. Ал білімі молыққан сайын адам өзін адам емес күйге бастай бермек. «Адам емес, күй», — деп отырғанымыз өзінің жаратушысы берген табиғатын місе тұтпай, өзін жетілдірмек мақсатында өз болымысынан шығып кету қауіпі. Заман өткен сайын адамның адамгершілігі түзеліп бара ма, бұзылып бара ма деген сауалға бəріне жауапты адам. Адамды өзгертетін ол мына қоғамда дамып жатқан технологияда емес, əрбір адамның өзінің ақыл-ой санасына байланысты болатын əрекеттер.
Əрбір адамның адамшылдығы ол қоғамның дамуына өте күрделі əсер ететін құндылықтардың бірі емес пе еді. Тағдырды тағдыр ететін адам, Шəкəрімнің бұл сауалына біз əр түрлі жауап бере аламыз. Замана озған сайын адам əр түрлі тұжырым-ойлармен толыға түспек, бірақ, сірə, адамның соты адам емес пе, оның Жаратушысы болғаны табиғи түсінік пе деген пікірдеміз.
Шəкəрімнің дүниетанымындағы өзекті мəселелердің бірі ел басқару жөнінде. Шəкəрім Құдайбердиев халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын мемлекеттік биліктегі лауазымды адамдардың еш уақытта азғындық пен бұзақылық жолға салынып, кетпеуін армандайды. Мемлекетті азғындық жолдан тазарту жəне орынсыз əрекеттердің қоғамда көбейіп кетпеуіне адамдарды ойландыратын мəселе. Жалпы Шəкəрім Құдайбердиевті тарихта екі бейнеде көрсетеді. Бірі қырыққа дейінгі Шəкəрім, бірі қырықтан кейінгі Шəкəрім. Қырыққа дейінгі Шəкəрім — ел билеген, болыс болған Шəкəрімнің бейнесі, қырықтан кейінгі Шəкəрім — артқы ұрпағына өлмес із қалдырған, ізгілікке жол ашқан Шəкəрімнің бейнесі.
Шəкəрім мемлекеттік билік, ел басқару кез келген адамға кері əсерін тигізеді деп таныған. Қайтседе билік адамға ерекше əсер ететін оның болымысын өзгертетін құбылыс ретінде таныған. Содан кейін Шəкəрім өзінің болыстығын інісі Оспанға тапсырады. Қырықтан кейінгі Шəкəрім ол артқы ұрпағына өлмес құндылықтар қалдырып ізгілікке бастаған бейне.
Тамам жанды билемек,
Жалғыз өзі сөйлемек.
Мұның түбі не болар,
Үмітің болды не демек?
Досты мықты қылмасың,
Дұшпаныңды қырмақсың.
Аяғында сенде бір
Кішірек құдай болмақсың [1; 14].
Шəкəрім Құдайбердиев жеке адамның шексіз билікке ие болуын «кішірек құдай болмақсын» деп қатты сынға алады. Биліктегі адамның халқына əділ қызмет етіп, адамшылдық заңдылықтарын бұзбай əділ ел билеуге шақырады. Себебі халықтың жағдайы оны басқарып билеп отырған басшысына байланысты. Қазақта «Балық басынан шірейді» деген мақал тегінен-тегін айтылмаса керек.
Философиядағы өзекті мəселелердің бірі — адам проблемасы. Шəкəрім өз дүниетанымында ең өзекті мəселелердің бірі ретінде адам мəселесін қарастырады. Адам туралы мəселелерді қарастырғанда ол «Адам деген не?», «Жан дегеніміз не?», «Адам қайдан пайда болған?», «Табиғатты жаратушы күш бар ма?» деген сұрақтарға жауап іздейді.
Шəкəрім өз философиясында барлық нəрсенің жаратушы негізгі түп себебі бар екендігіне еш күмəн келтірмейді. Түп себептің білімділігінде, құдіреттілігінде, шеберлігінде өлшем жоқ жəне дүниеде барлық нəрсе себепсіз жаратылмаған деп таниды. Мəселен, «адамның дене мүшелері: құлақ, мұрын, ауыз сияқты мүшелеріңіз мақсұтпен жаралғанын көресіз.
Ғылым жолымен өсімдік ағаштарының тамыры, өзегі, қабығы, жапырағы, гүлі сияқтылар бірдебір бұл мақсұтсыз деп айта алмаймыз», — деп жазады Шəкəрім. Ол адамның дүниеге келуін табиғи процесс екендігін анықтайды.
Атаның шаһуатының көп қой мəні,
Ананың құрсағында қан болғаны.
Құс пен адам болар деп кім айта алар
Өлі қан мен жаны жоқ жұмыртқаны?
Басында оның киімі шаһуат еді,
Қызыл қан, ақ жұмыртқа киген əні?
Оның жаны — баяғы ескі жаны.
Сезімнің зорайып, азаймағы —
Қандай түрде болғаннан оның тəні,
Қайда барса ол өзін «өзім» дейді.
«Өзім» деп денені емес, жанды айтқаны.
Сол жаннан тіпті «өзімдік» жоғалмады,
Есеп емес сан өліп, сан қайтқаны [1; 200].
Шəкəрім бұл жерде адам тəн мен жанның бірлікте, біртұтастықта болатындығын айта отырып, тəн адамда биологиялық қажеттіліктерді қажет етсе, адам жанынада азық керек, ол рухани азық секілді. Жан мен дененің бірлігінен адамның көңіл-күйі, мінез-құлық қалыптастыратындығын айтады. Егер адамның жаны денеден басымдау болса, ғылымға-білімге жүгінеді, ал дене жаннан басым болса, онда адам мал-мүлікке, атаққа қызығады. Оны біз мына өлеңінен байқай аламыз.
Кейде жақсыны іздейміз, кейде жаман,
Көңіл неге қызықса — соған таман,
Дене жеңсе, түпсізге қызығамыз,
Жан билесе жаманнан қалмақ аман [1; 236].
Дене өлгенмен жанның өлмейтіндігін Шəкəрім өз философиясында ескертеді. Жан дене секілді емес, дене өледі, өзгереді деп таныған. Ол адам мəселесін қарастыра отырып, адамның өз болымысына сай өмір сүруге шақырады. Адам жаман əрекеттерден аулақ бола тұра адам өз əрекеттері арқылы орынды іске аяқ басуға шақырады. Адамның бойындағы жаман əрекеттермен күресетін басты құндылық ар ілімі деп таниды.
Шəкəрімнің ең негізгі еңбектерінің бірі — «Үш анық». Ол философиялық трактат — адамзат баласының рухани дамуындағы қазақ философиясындағы ең ірі туындылардың бірі. Шəкəрімнің ойынша, əлемде бірде-бір құбылыс өз алдына кездейсоқ болып жатқан жоқ, барлығының түбінде белгілі бір себеп жатыр.
Дүниенің ешқандай кездейсоқсыз белгілі бір заңдылықта дамуын негізінде Құдайдың, Жаратушының, Шəкəрімнің дүниетанымындағы бірінші анық.
Дүниеде кез келген нəрсе жоғалмайды, олай болса, жан ол мəңгі, жан ажалсыз. Жан өлмейді, ол да тəн тəрізді өзіне азық қажет етеді. Жанның ажалсыздығы туралы Шəкəрімнің дүниетанымындағы екінші анық.
Жан мəңгі өмір сүрсе, жанға азық керек. Ол — ұждан. Ұждан — бұл Шəкəрімнің философиясындағы үшінші анық. Ынсап, мейірім, əділет үшеуінің қосындысы — «ұждан» деген ұғым.
Егер біз əрбір ісімізді «ұждан» деген ұғымға салсақ, адамның кез келген іс-əрекеті оң қадам басады. Бұл үш анықты жеке-жеке қарастыруға болмайды, бұлар бір-бірімен байланысты. Бұлардың əрқайсысының өзіндік əлемі бар.
Тəуке хан өз ордасында отырып, «Дүниеде не өлмейді?» деп сауал қойыпты. Бір қарт тұрып, асқар тау, ай мен күн, қара жер өлмейді деп жауап берген екен. Сонда, жоқ, асқар тауда, ай мен күнде, қара жерде өледі деп жауап қайтыпты.
Асқар таудың өлгені — басын мұнар шалғаны.
Көкте бұлттың өлгені — асалмай тауды қалғаны.
Қара жердің өлгені — қар астында қалғаны.
Сонда дүниеде не өлмейді?
Ғалымның хаты,
Жақсының аты өлмейді, — деп жауап берген екен.
Шəкəрімнің дүниетанымы осының дəлелі емес пе? Қазақтың ұлы ғұламасы Шəкəрімнің дүниетанымының тууына себепкер болған немере ағасы Абай атамыздың айтқан сөздері есімізге оралады:
Өлді деуге болама ойландаршы.
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, —
деп мұның шешімін тапқан ойшыл Абайдың сөзі дəлел болмақ.
Əдебиеттер тізімі
Шəкəрім шығармалары. — Алматы: Жалын, 1988. — 580 б.
Шəкəрім. Энциклопедия / Бас ред. Е.Б.Сыдықов. — Семей: ЖШС, 2008. — 826-б.