Қойдың жаралуы (аңыз-әңгіме)
21-12-2019
Қазақ тіл біліміндегі жұрнақтар жайлы алғашқы пікірлер түрітанушылардың еңбектерінде жарық көрген сөз тудырушы тұлғалар жайлы пікірлерден бастау алды. Түркітанушы ғалымдардың, əсіресе, орыстілді түркітанушылардың пікірлері бүгінгі күнде де маңызын жойған жоқ. Дегенмен, тілді туғаннан бойына сіңіріп, мол тілдің мейірінен қанып ішкен адам ғана өз тілінің терең қырларын ашып, сипаттарын көрсетіп бере алады. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ тілдес ғалымдардың жазғандары тек жұрнақтарды бөлумен ғана емес, олардың мағыналары мен қызметтерін талдауында да ерекше мəнділік, тереңдік байқалады.
Кеңес дəуірінің алғашқы кезеңінде қазақ тіліндегі жұрнақтар жекелеген мақала түрінде, орта жəне орталау мектептерге арналған оқулықтардың морфология бөлімінде сөз болып келсе, кейіннен арнайы зерттеліп, жан-жақты баяндала бастады. 1930 жылы “Жаңа мектеп” журналының алтыншы санында Қ. Басымовтың “Қазақ тілінің жалғау-жұрнақтары” деген көлемді мақаласы жарық көрді. Бұл мақалада сөз тудыратын жұрнақтар варианттарының санына қарай топталып, кейбіреулерінің мағынасы ашылған [1].
Қазақ тіл білімінің тұңғыш профессоры Қ. Жұбановтың 1936 жылы жарық көрген “Қазақ тілінің грамматикасы” атты оқулығының бір тарауы сөз тұлғаларына арналған. Автор сөздерді тұлғалық ерекшеліктеріне қарай алты түрге бөліп, олардың əрқайсысының жасалу жолдарына тоқталады. Түбір сөзге, қосымшаға ғылыми анықтама береді. Мысалы, жұрнаққа берген анықтамасы: “Сөздің түп мағынасына үстеме мағына қосатын қосымшаны үстеу дейміз” [2, 22 б.]. Бұдан ғалымның жұрнақты үстеу деп атағанын көреміз. Бұлай атауының өзіндік қолданылу ерекшелігі бар екені анық. Жұрнақтың үстеу деп аталуында біріншіден, оның түбірге үстеліп жалғануы, екіншіден, мағына үстеу ерекшелігіне байланысты болса керек. Оның үстіне түркітанушы ғалым И.Г. Гигановтың да жұрнақты “частица” немесе “наращение” деп атағаны белгілі.
1954 жылы қазақ тілінің тұңғыш ғылыми курсы жарық көрді. Бұл “Қазіргі қазақ тілі” деп аталатын еңбекте грамматика саласы мен лексикология, фонетика салаларын қамтыған алғашқы сол кезеңнің толыққанды еңбегі болып саналды. Ы. Мамановтың, С. Исаевтың, Е. Шаяхметовтердің пікірінше, қазақ тіліндегі қосымшалар сөз тудырушы жəне форма тудырушы деп екіге бөлінетіндігін жазады. Сөз тудырушы қосымшалар, негізінен, жаңа мағыналы сөздер тудыратындықтан біздің зерттеу тақырыбымызға тікелей қатысы болмақ.
Қазақ тілінің морфологиясын зерттеп, оқулық жазған А. Ысқақов жұрнақтарды сөз тудырушы, сөз түрлендіруші деп екіге бөледі [3, 28 б.]. Сөз тудыратын жұрнақтар өзі қосылып айтылған сөздеріне жаңа мағына үстеп, жаңа туынды сөз жасайтындықтан, лексика-грамматикалық категория қатарына жатқызылады. Сонымен қатар ғалымның мына пікірі ғылым үшін құнды: “…қазақ тіліндегі жұрнақтар арқылы өз тудыру грамматикамен де тікелей байланысты. Ол байланыс жұрнақтардың мынадай екі түрлі ерекшеліктерінен айқын көрінеді. Біріншіден, жалпы грамматикалық категорияларға тəн аса абстрактілік қасиет жұрнақтардан да табылады; екіншіден, грамматикалық категорияларға тəн тиісті ереже берерліктей жүйелі заңдар жұрнақтарда да бар. Мысалы, есім, я етістік тудыратын жұрнақтардың əрқайсысы топ-топ сөздерді қамтиды да, солардың бəріне де ортақ мағына үстеп, олардың жалпы көрсеткіші ретінде қызмет етеді” [3, 28 б.]. Автордың айтқан пікірінен шығатын қорытынды – жұрнақтар түрлі сөздерге жалғанғанда олардың беретін мағыналарында ортақтық болады. Себебі жұрнақтардың беретін мағыналары бір.
Қазақ тілінде силлабофонемалар теориясын зерттеген ғалым Б. Сағындықұлы “Түбірлердің мыңдаған жылдар бойы қосымшаларға айналу процесін ашып-айқындау арнайы əрі ыждағатты зерттеуді талап етеді. Тілімізде шылау, жұрнақ, жалғау болып кеткен, грамматикаланған қанша сөз бар? Олардың əрқайсысының өзгеру, қалыптасу жолдары қандай?” деп толғанады. Ғалымның пікірінше, -ар, -ер, -р жұрнақтарының түп-төркіні *ур жеке сөзі. Жеке сөз ғасырлар аясында көмекші етістіктің де, жұрнақтың та қызметіне ауысқан дейді. Бұл күндері етістік тудырушы жұрнақтардың тіпті түбірге сіңісіп кеткен тұлғалары тапсыр, топыр, шыжғыр секілді сөздердің құрамында түбірге сіңісіп кеткендігін дəлелдейді. Бедіз ур, құрақ ұр, б+ур, көзге ұр, дем ұр секілді мысалдар арқылы дəйектейді. “Хусрау уа Шырын” ескерткішінде “қазғу урды” (қайғыға түсті) фразеологизмі кездеседі. *ур= көмекші етістігінің –ыр жұрнағына айналу процесін бұл мысал əдепкіден де айқынырақ байқатады. Екі сөз біріккеннен кейін у дауыстыларының біреуі қысқарған, əрі ол қыпшақ тілдерінің фонетикалық заңдылықтарына орай қысаңданған. Нəтижесінде “қайғырды”сөзінің пайда болғандығын айтады [3. 111 б.]. Қорыта келгенде, аса ежелгі *ур= етістігінің даму жолы мынадай болған: тірі түбір>өлі түбір, негізгі етістік> көмекші етістік; көмекші етістік > тірі жұрнақ > түбірге сіңісіп кеткен өлі жұрнақ; көмекші етістік > өзгелік етіс; көмекші етістік > шақ көрсеткіші деп даму сипатын көрсетеді. Осылай түбір мен қосымша арасындағы сабақтастықты зерделейді [4.
113 б.]. Ғалымның пікірімен келіскендіктен, оны толық келтіруге тура келді.
Қазақ тіліндегі сөзжасамдық мəселелерді тарихи-семантикалық аспектіден қарастырып жүрген ғалым А.Б. Салқынбай “Қазіргі қазақ тілі” оқулығында дара етістіктердің түбір етістіктерден жəне сөз тудырушы тұлғалар арқылы жасалған туынды етістіктерден тұратындығын, туынды етістіктер есім сөздерге жəне еліктеуіш сөздерге, етістіктерге жұрнақ жалғану арқылы жасалатынын айта келіп, есім негізді туынды түбірге -ла, -ле; -лан, -лен; -лас, лес; -лат, -лет, -а, -е; -ар, -ер, р; ық, -ік; -сы, -сі, сыра, -сіре жұрнақтары жалғану арқылы жасалатындығын көрсетеді. Сонымен қатар етістіктерге -н, -л, -дыр, дір, -тыр, -тір, -қыз, -ғыз, жұрнақтары жалғану
арқылы жасалады дей келіп, ойлан, босат, босан, оқыт, үйлендір, басындыр, бағындыр, күлгіз, ойнақтқыз деген мысалдар арқылы түсіндіреді. “Бұл сөзжасамның негізгі мəселесі болғандықтан, морфология саласында емес, сөзжасамда қарастырылады” деген пікірін қоса келтіреді [5, 266 б.].
Ал қазақ тілінің морфологиясын арнайы зерттеп, оқулық жазған А. Ысқақов Жоғарыдағы жұрнақтарға қоса, -қар,-ғар, -ай, -ей, -ал, -ел, -сын, -сі, -ыра, -ырай –шы, -ші, -ан, -ен, -ын, -н, -ырқа, ырқан, -ына, -қа, жұрнақтарын қоса келтіреді. Бұл еңбекте жоғарыдағы -дыр, -дір, -тыр, -тір, -қыз, -ғыз жұрнақтары кездеспейді. Бұл жөнінде ғылымда əлі шешімін таппай келе жатқан етіс жұрнақтарынынң сөз тудыра алу жəне алмау қабілеті жайлы мəселелер екі жақты көзқараста қалып отыр. Тарихи тұрғыдан алып қарағанда етіс жұрнақтарынын да бір кездері сөз тудыра алу қабіретінің болғандығын көрсетеді. Бірақ уақыт өте келе жұрнақтар етістік тудыра алу қабілетінен айрылып, жай ғана етістіктің бір категориясы ғана болып қалғандығына тіліміздің қарыштап дамуы жауап бере алатын сыңайлы. Мысалы, бағын етістігінің түбірі бақ – бүгінгі тілімізде толық лексикалық мағынадан айрылған сөз ретінде танылады. Ал осы сөздің қазірдегі қолданысындағы бағын тұлғасындағы –ын етіс жұрнағы түбірге тікелей, ажырамастай болып жалғанып, түбір сөз құрамын толықтырып тұр. Сол секілді үйлен, үйрен етістіктері туралы да осындай пікір келтіруге болады
Мысалы, зерттеп отырған тақырыбымызға сəйкес, Қожа Ахмет Ясауидің хикметтерінен мынадай мысалдар алып түсіндіруімізге болады:
Худадын сөз-лə-сə иман пиринлəр (4. 8а) (194 б.).
Сахар уақты қолұм бағ-ла-б ду'а қылсам (1, 13 а) (198 б.).
Хизмəтігə белім мəхкəм бағ-ла-сам мəн (10. 13 а) (198 б.).
Хасрəтіда йүрəгімні дағ-ла-сам мəн (11, 13 а) (198 б.).
Йол үстідə тофрағ сифат чаң-ла-б йатсам (11, 13
б) (199 б.)
Азыб қалған бұталар дек йүз-лə-б тұрсам (12, 14
б) 200 б.).
өлəр уақтда мың бір атың сөз-лə-б тұрсам (13, 14
б), 200 б.
Кечə күндүз хақны ес-тə-б йығла мудəм андын соң хақдын йеткəй сəңə пəйам (4,5, 16 а), 200 б
Көне түркі жəне орта түркі дəуірінде кездесетін бұл тілдік бірліктің еске алып, яғни ес +та зат есімнен етістік тудырушы жұрнақ арқылы сөз туындап тұр.
Уммəтлəрің хəуа-ла-сын қылғын мəңə (5, 18 а), 202 б.)
Шайда болуб өзін із-лə-б йүрəр ерміш (4, 19 б), 203 б.
Пир-и муған хизмəтіндə белің бағ-ла (6, 19 б), 203 б.
Күйүб пішіб дəрді бірлə йүрəк да-ла (7, 19 б), 203 б.
Хикметтердегі бағла, дағла, йүзлə, сөзлə, чаңла, естə етістіктері туындағанда оларға жалғанған жұрнақтар тек жаңа сөз туғызып қана қоймай, жалпы абстрактілі қасиеттерін байқататын мағына туғызады, бір грамматикалық категориялағы сөздерді екінші грамматикалық категориядағы сөздерге алмастырады. Осы жағынан алып қарағанда сөз тудырушы жұрнақтардың грамматикалық категориялар құрамын толықтырар қызметінің ерекше екені көрінеді.
Туынды сөз жасауға қатысып тұрған –ла жұрнағы мен түбір сөздің мағынасы қосылып жаңа туынды атау тудырып тұр. Екеуінің құрылымы бір бүтіндік сипат алып, лексикалық бірлік есебінде тұтасады. Тілдің тарихында туынды етістік екені көрініп тұрғанымен, бір бүтін лексикалық бірлік
Осы секілді қазіргі тіліміздегі жасыр, опыр, обыр, қопар, түкір, жытыр, отыр, сүр т.б. етістіктердің біразы түбір деп қарастырылып келеді. Көне түркі тілі тұрғысынан қарағанда да, қазіргі тіл тұрғысынан алып қарасақ та бұл сөздер негіз деп танылады. Олардың түбір болуы үшін алғашқы дауысты-дауыссыз (ГС) немесе дауыссыз-дауысты (СГ), сонымен қатар дауысты (Г) тұлғаларын ғана шартты түрде қарастыруға болады. Ал қалған жағдайдың барлығында олар негіз деп танылуға тиісті.
Қазақ тіл білімінде жалпы жұрнақтар жайды пікірлер көп, Ал етістік жасаушы жұрнақтар бүгінгі күнде толық, тарихи тұрғыдан зерттеу нысаны болғанда ғана түбір мен қосымшалар арасындағы сабақтастық ашылады.
ретінде танылатын мықта, бауызда, тоқта, тоқыра,
байла, ұйықта секілді етістіктердің негізгі мағыналары көмескіленген. Мықта етістігінің түбірі мық – шеге мағынасындағы сөзге етістік тудырушы жұрнақ жалғану арқылы жасалған. Себебі босаған нəрсені шегемен мықтауға, нықтауға болатын себепті объект арқылы қимылды іске асыру үшін мықта (шегеле) сөзі пайда болған. Тілімізде мық-та, мек-ем (болу), бек-ем (болу) секілді фонетикалық өзгеріске ұшыраған ұқсас мағыналы сөздер қалыптасқан.
Әдебиеттер:
Басымов Қ. Қазақ тілінің жалғау-жұрнақтары // Жаңа мектеп, 193 , №6.
Жұбанов Қ. Қазақ тілі грамматикасы, А., 1993.
Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі . Морфология. А., Ана тілі,1991.
Сағындықұлы Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этмологиялық негіздері. А., 1994.
Салқынбай А. Қазіргі қазақ тілі. А., 2009.