Домбыра маусымы басталды
12-04-2024
Атырау қаласы, №2 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Махимова Раушан Мубаракқызы
Ән сабағы. Ана тілі. 1 сынып.
Сабақ мақсаты:
1/Өнер адамдары жөнінде түсініктер беру; Өлеңді мәнерлеп оқуға машықтандыру;
2/Оқу мен жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
3/Оқушыларды сауатты жазуға, өнерді түсінуге, өз елін, Отанын сүюге тәрбиелеу;
Сабақ әдісі:ой қозғау, топтастыру, сұрақ - жауап, әңгімелеу.
Көрнекілігі: портреттер, мақал - мәтелдер, үнтаспа, топшамалар.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
Зейіндерін тұрақтандыру.
- Балалар мен бүгін өте көңілдімін. Сендер ше?
- Балалар бүгін бір - бірімізге жақсы тілектерімізді айтып, гүл сыйлайықшы.
- Ақылды бол!
- Инабатты бол!
- Бақытты бол!
- Білімді бол!
- Мейірімді бол!- деген тілектерін айтты.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
1. Ж. Жабаев "Балаларға"
Өлеңді мәнерлеп оқу. Жамбыл ата туралы білетіндерін әңгімелету.
- Жамбыл ата кім болған?
- Өлеңде балаларға арнап қандай өлеңдер айтқан?
3. Қазақ тілі бойынша білімдерін тексеру.
- Сөйлем неден құралады
- Сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріптен басталып жазылады?
- Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
- Заттың санын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
ІІІ. Жаңа сабақ. "Ән сабағы"
Авторға тоқталу. Өлеңді мәнерлеп оқу.
К. Байсейітова - қазақтың бұлбұл әншісі. 24 жасында Совет Одағының халық артисі деген атақ алған. Өмірден жастай кеткен. Киноға түскен, театрда ойнаған.
Үнтаспадан "Гәкку" әнін тыңдату.
Қазақтың әнші, бишілерімен таныстыру.
Сергіту сәті.
Мақал - мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндіру.
Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын.
Дәптермен жұмыс.
155 - жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сұрақты қойып, көшіру.
- Көйлекті неден тігеді?
- Нені сүттен ұйытады?
- Алманың дәмі қандай?
- Ненің түсі қызыл?
Ойын "Ойлан тап"
Сөздерден сөйлем құрап жазу.
Ауызша. 156 - жаттығу. Жаңылтпашты мәнерлеп оқып, тиісті тыныс белгісін қою.
ІV. Қорытындылау. Сабақты бекіту.
"Өнер" сөзіне топтастыру жасау.
V. Үйге тапсырма. "Ән сабағы " жаттап келу. Бір өнер адамы туралы қысқаша әңгіме жазу.
VІ. Бағалау.