Кенесары қырғыздарға неге барды?
06-11-2023
Ғылымның қай саласында болмасын ғасырлар бойы өзектілігін жоймай, керісінше, зат пен құ былыстың мәні тереңірек түсінуге жол көрсететін және тың тұжырымдар жасауға қозғау салатын ғылыми тұжырымдар мен ойпайымдаулар, ғұмырлық еңбектер болады. Осындай қазақ граммати касына қатысты айтылған, күні бүгінге дейін өз маңызын жоймаған ХХ ғасырдың басындағы қа зақ ғалымдарының тұжырымдары мақала өзегін құрайды. Тілдің қолданыстық сипатына қатысты тұжырымдар тілдегі функционалды бағыттың негізін қалайды десек, оның нышандары өткен ға сырдың бірінші жартысында жарық көрген А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов зерттеуле рінде айқын көрініс береді. Бұл ғалымдар қазақ тіл білімінің негізін ғана салып қойған жоқ, ондағы ғылыми бағыттарды да айқындап берді. Солардың бірі – тілдегі функционалдық бағыт. Бұл мәселе мақала деңгейінде А. Байтұрсынұлы мен Қ. Жұбанов еңбектеріндегі етістік категорияларына және С. Аманжоловтың септік категориясына қатысты жасаған ғылыми тұжырымдарына талдау жүргізу арқылы зерделенген.
Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы ғұлама ғалым А. Байтұрсынұлының тілге қатысты айтқан:
«Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау. Мұның бəрін жұм сай білетін адамы табылса, тіл шама қадырынша жарайды» [1, 141] деген тұжырымы тіл мен оның қолданыстық жағын, терминмен айтқанда, тіл мен сөйлеудің арақатынасын айқын сипаттап тұр. Мұндағы ғалымның тілдің атқаратын міндеті ретінде көрсеткен «ақылдың аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау» деп отырғаны – адамның ойын сыртқа шығаратын құрал ретіндегі тілдің ішкі мүмкіндігі турасында болса керек. Ал «жұмсай білетін адамы табылса, тіл шама қадырынша жарайды» дегені – тілді адам факторымен тығыз байланыста қарастыру дегенге саяды. Адам тілдік құралдарды қолданған кезде қажетіне, коммуникативтік мақсатына сай таңдап, икемдеп пайдаға жаратады. Бастысы – жұмсай білетін адамы табылса, тіл өз міндетін толыққанды атқаруға жарайды. Бұл бүгінгі лингвистикалық зерттеулерде басымдыққа ие болып отырған тілдің қызметін, сөйлеуді, ғылыми парадигма бойынша антропоцентристік бағыттың тіл мен адамды бөліп жармай, өзара тығыз бірлікте алып қарауға негізделген басты ұстанымына толықтай сай келеді. Осы тұрғыдан алғанда, тіл мен сөйлеу мəселесі, тілдің функционалды сипаты қазақ тілтанымында өткен ғасырдың басында-ақ ғалымдар назарынан тыс қалмаған деп нық сенімменн айтуға əбден болады.
Тілтанымдағы зерттеудің жаңа қырлары құрылымдық грамматиканы тірек етеді жəне соның негізінде соны бағыттар сараланып, қалыптасады. Тілдік бірліктердің семантикалық қырлары олардың қолданысынан көрінеді. Бұл құрылымдық-семантикалық аспектінің ары қарай тіл функциясын зерттеуге барып ұласатындығын көрсетеді. Тіл бірліктерінің сөйлеудегі жұмсалымын қарастыру тілдің коммуникативтік мəнімен байланысты жəне тіл бірліктерінің семантикалық жақтан қолданыс аясы шеңберінің анықталуы олардың мағыналық жүкті көтеру əлеуетін тануға мүмкіндік береді.
Бұл туралы А. Байтұрсынұлы «біз қазақ тіліндегі сөздің бəрін білгеніміз қазақ тілін қолдану болып табылмайды. Тілді қолдана білу деп айтатын ойға сəйкес келетін сөздерді таңдап ала білуді айтамыз» деп түйіндейді. Бұл тұста да ғалымның тұжырымы бүгінгі таңда прагматика термині аясына енетін түсінік, сондай-ақ, коммуникативтік талап мəселесі турасында болып отыр. Адам тілдік құралдарды пайдасына жаратпас бұрын, өз мақсатын айқындап, солған сəйкес келетін тіл бірліктерін өзара ұйымдастыра отырып, сөйлеу бірлігін тудырады.
Тілдің қолданыстық сипатына қатысты тұжырымдар тілдегі функционалды бағыттың негізін құрайды десек, оның нышандары өткен ғасырдың бірінші жартысында жарық көрген қазақ лингвистері А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов жəне С. Аманжолов зерттеулерінде айқын көрініс береді. Аталған ғалымдар қазақ тіл білімінің негізін ғана салып қойған жоқ, ондағы ғылыми бағыттарды да айқындап берді. Солардың бірі – тілдегі функционалдық бағыт. Біз бұл мəселеге мақала деңгейінде қазақ лингвистері А. Байтұрсынұлы мен Қ. Жұбанов еңбектеріндегі етістік категорияларына жəне С. Аманжоловтың септік категориясына қатысты айтқан ғылыми тұжырымдарына талдау жүргізу арқылы тоқталуды жөн көрдік.
А. Байтұрсынұлы 1915 жылы жарық көрген «Тіл – құрал» еңбегінің екінші бөлімінде етістік категорияларына (етіс, рай, көсемше, есімше) тоқталып, оларға сипаттама беруде тілдік таңбаның мағыналық жағын негізге алған. Олай дейтін себебіміз, «тұлғадан – мағынаға қарай» ұстанымын басшылыққа алатын дəстүрлі грамматикада етіс категориясының төрт түрі көрсетіледі: өзгелік етіс, өздік етіс, ырықсыз етіс, ортақ етіс [2, 507].
А. Байтұрсынұлы еңбегінде етіс категориясына анықтама бермегенімен, оның келтірген мысалдарынан жəне етіс түрлерін санамалап жіктемесін жасай отырып, оны дəйектеуге берген тілдік деректерінен етіс деп іс-əрекетті жүзеге асырушы субъект пен жүзеге асатын іс-əрекеттің өзі, яғни нысан арасындағы қатынасты түсінген деп топшылауға болады. Сөйтіп, етістің төмендегідей сабақты етіс; салт етіс, ортақ етіс, өздік етіс, өзгелік етіс, беделді етіс, ырықсыз етіс, шығыс етіс, дүркінді етіс, өсіңкі етіс он түрін көрсетеді. Қазіргі қазақ тілі морфологиясына қатысты еңбектерде А.Байтұрсынұлы салт етіс жəне сабақты етіс деп көрсеткен етістің түрлері етістік сөз табының шеңберінде өз алдына салт етістіктер жəне сабақты етістіктер деген атпен жеке категория ретінде бөліп қарастырылса, дүркінді етіс жəне өсіңкі етіс түрлері мазмұн межесі жағынан етістіктің қимылдың өту сипаты категориясына сай келеді. Автор тарапынан етістердің қатарында қаралатын дүркінді етіс пен өсіңкі етіске берілген анықтамалар мынадай: «Дүркінді етіс дейміз – қайта-қайта істелетін істі, мəселен, хат жазғыладым, мылтық атқыладым, қолынан жұлқыладым. «Жазғыладым», «атқыладым», «жұлқыладым» деген сөздер істің бір рет емес, бірнеше рет істелгенін көрсетеді» десе, «Өсіңкі етіс дейміз – күшейген істі. Мəселен, ат жүріңкіреді, су тасыңқырады, бала ұйықтаңқырады. «Жүріңкіреді» дегенде жүру күшейгені көрінеді, «тасыңқырады» дегенде тасқын күшейгені көрінеді, «ұйықтаңқырады» дегенде ұйқы күшейгені көрінеді» [3, 233-234]. Бұл анықтамалардан айқын көрініп тұрғандай, дүркінді етістегі амалдың бірнеше рет жасалуы, өсіңкі етістегі əрекеттің үдемелік сипаты – бəрі де қимылдың жасалу тəсілдеріне қатысты мағыналар болып табылады. Ал етістің басқа түрлеріне талдау жасар болсақ, мəселен, істі біреу арқылы істеуді беделді етіс деп атайды да, оған мынадай мысал береді: хат жаздырды, өлең айттырды, үй салдырды, кітап алдырды [3, 233]. Осындағы тілдік форманың ішкі мазмұнына үңілер болсақ, субъект пен оның іске асырылуы арасындағы қатынас үшінші адамның ықпалымен жүзеге асып отыр. Ал ғалым өзгелік етіс деп көрсеткен етістік келесі бір түріне берілген анықтама мен дəйектеу мысалдарына назар аударатын болсақ, сөзге қосылған қосымшаның тұрпаты (формасы) бірдей болғанмен, екі етіс түрінің (беделді етіс жəне өзгелік етіс) мағыналарының мүлде екі басқа екендігін аңғару қиынға соқпайды. «Өзгелік етіс дейміз – біреудің ісіне себепкер болуды, мəселен, атты жүргізді, қойды өргізді, түйені тұрғызды дегенде аттың жүруіне, қойдың өруіне, түйенің тұруына себептер болғанды көрсетеді» [3, 232] деп жазады. Яғни екі етіс түрінің арасында мағыналық жақтан, субъект əрекетіне жəне нысанға қатысты ерекшеліктердің бар екендігі анық байқалады. Сондықтан да ғалым бір тұлғада тұратын сөзді, ішкі мағыналық ерекшелігіне қарай етістің екі түрі ретінде алып қараған. Бұл – грамматикалық тұлғаның өзі қосылатын сөздің мағыналық ерекшелігіне қарай атқаратын қызметінің тағы бір қыры, яғни зерттеу нысаны грамматикалық форма және оның тілдік қызметтері болып табылатын функционалды морфологияның мəселелері. Ал қазіргі қазақ грамматикасында А. Байтұрсынұлы өзіндік мағыналық ерекшеліктерге ие болып келетін екі тілдік мəселе ретінде алып қарастырылған жайт, бір ғана өзгелік етістік аясында қаралады.
А. Байтұрсынұлы көсемше түрлерін ажыратуда да олардың мағыналық қырын негіз етіп алған. Ғалым көсемшені былайша анықтайды:
«Көсемше дейміз – екі етіс қосарынан сөйлегенде, алдында айтылатын етістіктің қысқа түрін» [3, 245]. Бұл анықтамада көсемшенің жеке қолданылмайтындығы (қосарлы етістіктің алдында келуі), тиянақсыздығы (алдында айтылған етістіктің қысқа түрі) сияқты басты ерекшеліктері қамтылған. Ғалым көрсеткен көсемшенің түрлері: 1) үнемді көсемше; 2) үнемсіз көсемше; 3) ниетті көсемше.
«Үнемді көсемше – созымды істі көрсету үшін айтылады. Мəселен, айта берді. Үнемсіз көсемше – созымсыз бірден бітетін істі көрсету үшін айтылады. Мəселен, айтып берді. ниетті көсемше – істеуге ниеттеніп тұрғанды білдіретін сөз түрі. Мəселен, барғалы тұрмын » [3, 245].
Осы кезеңде ерекше орын алатын тағы бір еңбек Қ. Жұбановтың «Заметки о вспомогательных и сложных глаголах» атты мақаласы. Бұл еңбек алғаш 1936 жылы жарияланған. Академика І. Кеңесбаев былай деп жазады: «Қазақ лингвистикасы топырағында бірінші болып отыр, тұр, жатыр, жүр көмекші етістіктеріне ғылыми талдау жасаған адам – осы Қ. Жұбанов. Нақтылы да айқын деректерге сүйене отырып, аталған көмекші етістіктердің грамматикалық қызметін, олардың негізгі етістіктерге жапсарлас тəуелділігін ашып берген осы кісінің зерттеуі болатын. Жіктік жалғауы жалғанатын грамматикалық тұлға осы көмекші етістіктер болғандықтан, лексикалық мағынаға ие негізгі етістіктердің өзі де бір жағынан оларға тəуелді сияқты болып көрінетіні бекер емес. Оның үстіне бұл көмекші етістіктердің сөйлемде дербес тұрып та предикаттық қызметте жұмсалатын кезі бар.Мысалы: отыр+мын, түр+мін, тұр+мын, жатыр+сың т.б.» [4, 24].
Қ.Жұбанов отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктерінің бірнеше мағыналық реңктерінің бар екендігін жəне бұл олардың көмекшілік қызметіне де əсер ететіндігін айта келе, нақты мына мəселелерді қарастырады:
қандай көмекші етістік тұлғасының қандай жетекші етістікпен тіркесетіндігі;
осы тіркесімдіктен туындайтын мағына. Ол үшін аталған етістіткерге қатысты тілдік талдауды екі деңгейде жүргізеді:
бірінші кезекте, төрт етістіктің басын қосатын ортақ морфологиялық белгілерді көрсетеді;
екінші кезекте төрт етістіктің жетекші етістікке тіркесіп, көмекшілік қызмет атқарғандағы шақ мағыналарын беру ерекшеліктеріне тоқталады. Төрт етістіктің көмекшілік қызметте келу арқылы күрделі осы шақ түрін жасау ерекшеліктерін төртке бөліп қарайды:
əмбебап осы шақ (форматив – жатыр);
үздіксіз емес созылыңқы осы шақ (форматив – жүр);
нақ осы сəттегі үздіксіз созылыңқы қимыл (форматив – тұр);
нақ осы сəттегі белсенді қимыл (форматив – отыр) [5, 80-81].
Ғалым төрт етістіктің жетекші етістіктерге үстейтін грамматикалық мағынасын шақ ұғымы, нақтырақ айтқанда, осы шақ арқылы түсіндіруге тырысады. Бірақ мұнда Қ. Жұбановтың қимылдың уақытқа қатысын шақ ұғымы арқылы сипаттауда оның (қимылдың) ішкі созылыңқылығын көрсетеді. Бұл туралы ғалымның өзі көмекші етістіктер күрделі етістік құрамында осы шақ мағынасын ғана емес, негізгі етістік мағынасына қимылдың созылыңқылығын, дүркіндік мағынасын үстейтін сыпат (вид) формативтерінің де қызметін атқаратындығын айтады.
Төрт қалып етістігін біріктіретін ортақ семантика шаққа қатысты болса, ал айырмашылығы қимылдың өту ағымын сипаттауында. Сондай-ақ, ғалым жетекші етістік пен төрт көмекші етістік тіркесімділігі алдыңғысының лексика-семантикалық ерекшелігіне де байланысты болып келетіндігін дұрыс байқаған. Зерттеушінің мына пікірі осыны көрсетсе керек: «... тұр формативі дəл сол минутта өтіп жатқан қимылды хабарлау үшін: жаңбыр жауып тұр (дождь идет в данную минуту) жəне созылыңқы қимылды беру үшін қолданылады: көптен бері жаңбыр жауып тұр (дождь идет давно).
Отыр етістігі мен тұр етістігінің қолданысындағы айырмашылық мынада: соңғысы сол сəттегі жасалып жатқан қимылды білдіреді. Алдыңғысы тек адам жүзеге асыратын əрекеттерді, өте сирек соған (адамға) тең келетін абстрактылы субъект іске асыратын қимылдарды білдіруде ғана қолданылса, екінші етістік əрекеттің іске асырушысына қатысты бейтараптылығымен, бəріне бірдей қолданыла беретіндігімен ерекшеленеді» [5, 83].
Қ. Жұбанов осы еңбегінде жатыр етістігінің -ып/-іп, -п жəне -а/-е, -й тұлғасындағы бар, кел етістіктерімен тіркесіп, өзінің сөздік мағынасынан мүлде қол үзетіндігін жəне қимылдың үдемелік сипатын, сондай-ақ, жасалу мен жалғасу үстіндегі процесті білдіретіндігін көрсетеді [5, 88-89]. Қ. Жұбановтың бұл еңбегінде айтылған осы жайттардың барлығы да қимылдың өту сипаты категориясының аясында қарастырылатын мəселелер. Қ. Жұбановтың етістіктер туралы ғылыми тұжырымдары, қимылдың өту сипаты категориясына қатысты пікірлері А. Омарованың кандидаттық диссертациясында талданады [6].
Ал С. Аманжоловтың «Септік жалғауларының қызметі» [7] атты мақаласы арқылы функционалды морфологияның қазақ ғалымдарының еңбектеріндегі көрінісін немесе нышандарын белгілеуге болады. Сонда қазақ тіл білімі үшін функционалды морфология мəселелері мен оның принциптері мүлде жаңа нəрсе емес екендігін аңғару қиын емес. Сөзіміз дəлелді болу үшін ғалымның осы мақаласына талдау жасайық. Мақалада автор септік жалғаулары беретін мағыналарға тоқталып, сөйлем ішінде олардың түрлі мағыналық қатынастар жасауы тілдік деректермен дəйектеледі. Мəселен, ғалым септік жалғауларының қолданыстағы мағыналарын екіге бөледі жəне тік мағына мен көлденең мағына деген терминдерді енгізеді. С. Аманжолов тік мағына ретінде септік жалғауының негіз гі мағынасын алған, мəселен жатыс септігінің мекендік мағынасы тік мағына, ал қолданыстан туындаған шарттық, себептік, мезгілдік мағыналары көлденең мағына деп көрсетілген. Сондай-ақ, барыс септігінің объектілік қатынаста жұмсалуын атаса, көлденең мағынасына барыс септікті сөздердің түрлі тұлғалардан кейін жалғанып келуін атайды. Соның ішінде Мен онымен бірге жүрмеймін деген сөйлемдегі бірге сөзіндегі барыс септігін кімге? неге? деген сұраққа жауап бермейді, кіммен бірге? деген қосалқы сұраққа жауап береді деп көрсетеді. Бұл тұста автор, барыс жалғаулы сөздің қызметінің ауысып тұрғанын меңзеген сияқты. Жатыс жалғауының негізгі -да/де, -та/-те. Бұлар заттың мекенін жалпы түрде көрсетеді, дей келе, автор тік мағына мен көлденең мағынасын ажырата көрсетеді. Әдетте, кез келген тұлғаның негізгі мағынасымен қоса, сөйлеуде сөйлеу ортасынан, мəнмəтіннен көрінетін, сол ортада негізгі мағына саналатын қолданыстағы мағынасы болады. Басқаша айтқанда, негізгі мағынаның орнын сөйлеуде сол сөздің бойында бар кез келген потенциалды мағына алмастыра алады жəне ол сол сөйлеу жағдаятында негізгі мағына қызметін атқарады.
Жалпы бұл тілдік бірліктердің функционалды–коммуникативтік аспектісімен байланысты. Бұл əсіресе, синтаксистік деңгейде анық көрінеді. Жоғарыда С. Аманжолов көрсеткен септік жалғауларының тік жəне көлденең мағыналары да осымен байланысты.
Жалпы алғанда, А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов еңбектері жай ғана тілдік зерттеулер емес, ол зерттеулердің ғылыми бағыттары айқындалған еңбектер деп айтуға толық негіз бар.
Әдебиеттер
Байтұрсынов А. Шығармалары. Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. – Алматы: Жазушы, 1989. – 320 б.
Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. –784 б.
4 Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы, 1992. – 448 б.
Кеңесбаев І. Профессор Құдайберген Қуанұлы Жұбанов // Қ. Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Үшінші басылымы. – Алматы, Мемлекеттік тілді дамыту институты, 2010. – 9-33 бб.
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1966. – 362 б.
Омарова А. Профессор Қ.Қ.Жұбановтың етістіктер туралы ғылыми еңбегі, оның ғылымның кейінгі дамуына ықпалы: филолог. ғылым. канд. ... автореф. – Алматы, 1999. – 24 б.
Аманжолов С. А. Септік жалғаудың қызметі // Тіл мəселелері: жинақ. – Алматы: Ұлт мəдениеті институты баспасы, 1936. – 64 б.