Филология. Реферат. Қазақ прозасындағы дәстүр мен жаңашылдық мәселесі

Oinet.kz 09-09-2020 1145

Мақалада қазақ прозасындағы дәстүр мен жаңашылдық мәселесі қарастырылады. Көркем өнердің даму үдерісінде жаңалықтар өзіне дейінгі мұраны, дәстүрді жоймайды, қайта оның кейбір элементтерін дамыта келіп, жаңаша көркемдік ізденістермен, тың дүниелермен ұштастырады. Дәстүр мен жаңашылдық әдеби процестің негізгі ерекшелігі екені тұжырымдалады. Мақалада қазақ прозасының қалыптасу тұсында көркемдік ойдың даму үдерісіне фольклор мен ауыз әдебиеті дәстүрінің үлкен ықпал еткені пайымдалады. 1970 жылдары әдебиетке келген Ә. Кекілбаев, О. Бөкеев, С. Санбаев, М. Ысқақбаев т.б. дарынды жазушылардың шығармаларындағы дәстүрлі аңыз­әңгімелерді, мифтік сюжеттер мен образдарды пайдалану тәжірибесі талданып, жаңашыл ізденістері айқындалады.


Әдебиетте дəстүрлер шебер суреткерлердің жаңашылдық ізденуі арқасында толысып, түрленіп отырады. Көркем əдебиеттегі дəстүр туралы сөз – бүкіл əдебиеттің тарихын қозғайтын күрделі мəселе. Бүгінгі қазақ прозасының көркемдік жетістіктерін аға буын қаламгерлердің қажырлы еңбегінсіз пайымдау мүмкін емес. Сондықтан дəстүр мен жаңашылдық – əдеби процестің басты қозғаушы күші.


Әдеби процесс (үдеріс) – əр ұлт əдебиетінің əр түрлі дəуірлерде түрліше қалыпта даму үрдісі, сонымен қатар əлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан əдебиеттің тарихи дамуы, жанды қозғалысы. Термин 1920 жылдардың соңында мəдени контекст аясында көркемдік тұтастық ретінде танылған əдебиеттің тарихи болмысын, эволюциясын сипаттау мақсатында пайда болды. Бұл ұғым 1960 жылдардан бастап ұдайы қолданыста жүр. Тарихи-теориялық талдау əдеби процесс эволюциясының сызық бойымен, бірқалыпты дамымай, тұрақты жəне өтпелі кезеңдердің диалектикалық тұрғыда ауысып отырғанын көрсетеді.


Әдеби процесс терминімен белгілі бір ел мен дəуірдің əдеби өмірін, сонымен қатар одан да ауқымды, бүкіл əлемдік деңгейдегі көп ғасырлық əдебиеттіңдамутарихынбелгілейді.Әдебиүдеріс əрбір тарихи кезеңде əлеуметтік, идеологиялық жəне эстетикалық тұрғыдан жазылған əр алуан сапалы кесек образдар мен қарапайым бейнелер кескінделген қарадүрсін шығармалардан көпшілікке арналған əдебиеттерге дейін өз бойына жинап, үздіксіз сіңіріп отырады. Әрбір əдеби шығарма – өзі жазылған тарихи дəуірдегі қоғамдық шындықтың айнасы. Өмірдің даму заңдылығы көркемөнерге де тəн. Әдеби процесс əр халық, ұлт əдебиетінің даму үрдісінің белгілі дəуірлердің əр кезеңінде əр түрлі жағдайда, алуан қалыпта болып отыруы.


Әдеби үдеріске тəн ерекшеліктің бірі – дəстүр жалғастығы. Дəстүр мен жаңашылдық əдебиеттанудағы ең өзекті мəселелердің қатарында саналады. Себебі ол əдебиет дамуының, өркендеуінің негізі, жалпы тіршілік дамуының тетігі. Бұл екі ұғым бір-бірімен байланысты, бірінен екіншісі туындайды. Жаңара да жалғаса дамып отыратын əдеби процесс күрделі диалектикалық даму заңдылығына бағынады.


Түрліанықтамалықбасылымдардакөркемдік дəстүрді өнерді дамытудағы, өткен дəуірлердің көркем тəжірибесін игерудегі сабақтастық деп қабылдайды. Мысалы, ХХ ғасырға дейін қазақ əдебиеті өлең сөз шеңберінде дамып келді жəне оның жаңадан қалыптасқан проза жанрына əсер етті. Әдебиетімізде қара өлеңнің десі басым болғандықтан, ХХ ғасырдың басында қара сөз шеберлерінің туындылары поэзияға жақын болды. Бұл турасында Ә. Дербісəлин: «Қай салада болмасын, жалпы дəстүр атаулыға тəн қасиет ол дайын күйінде тумайды, не өзге біреуден оңай алына салмайды, ол заманалар жемісі, тəжірибелер нəтижесі, уақыт сынынан, ұрпақтардың ақыл-ой елегінен мүдірмей өткен, халықтың тіршілік-тұрмысынажауапберуарқылыөміршең сипат алып, əрдайым өсіп, өніп, жалғасып отырған əрі тұрақты, əрі жанды, белсенді құрал» [1, 8] – деп жазады. Орыс əдебиетінде осы мəселеге ХХ ғасырдың басында назар аударған В. Маяковский: «Біздер Пушкиннің «Евгений Онегині» сияқты туындыларға жүз рет қайта айналып соғамыз. Тіпті өлімге бас тіккенде де оған қайта айналып отырамыз. Олардан ұтымды шығармашылық тəсілдерді үйренетін бола мыз. Мұның өзі санамызда туған, əмірі жеткен, сезінген ойымызды дұрыс жеткізуге септесіп, шексіз лəззат сыйлайтын болады» – дейді.


Философиядағы «жоқтан бар болмайды» деген қағидаға сүйенсек, көркем өнердің даму үдерісінде жаңалықтар өзіне дейінгі мұраны, дəстүрді жоймайды, қайта оның кейбір элементтерін дамыта келіп, жаңаша көркемдік ізденістермен, тың дүниелермен ұштастырады. Мəселен, А. Құнанбайұлы өзіне дейінгі баяғы замандардан келе жатқан шығыстың эстетикалық дəстүрі мен халқымыздың бай рухани мұрасынан сусындады, оны жоғары бағалады. М. Әуезовтің «Абай жолындағы» фольклорлық дəстүрлер, І.Есенберлиннің «Көшпенділеріндегі» аңыздық баяндаулар турасында да осыны айтуға болады. Қазақ прозасының қалыптасу тұсында көркемдік ойдың даму үдерісіне фольклор мен ауыз əдебиеті дəстүрі үлкен ықпалын тигізді. Еуропа əдебиеттерінде фольклорды пайдалану əдеби тəсіл деңгейінде ғана жүзеге асса, қазақ əдебиетінде фольклор көптеген күрделі функцияларды атқарды. ХХ ғасыр басындағы прозалық шығармаларда фольклорлық дəстүр сюжет құруда (М. Дулатовтың «Бақытсыз Жамалы»), суреткердің дүниетанымын, дүние қабылдауын бейнелеуде (Ш. Құдайбердиев «Әділ-Мария, Ж. Аймауытов «Ақбілек»,) кейіпкерлер характерін сомдауда (С.Торайғыровтың Қамары мен Ахметі, М. Дулатовтың Жамалы, т.б.), тіл өрнектерінде айқын көрініс тапты. Фольклор қазақ романтизмінің мазмұндық жəне форма құрушы факторы ретінде көрінді. М. Жұмабаев, М. Дулатов, С. Торайғыров, Ш. Құдайбердиев, Ж. Аймауытов шығармашылықтарына да фольклор дəстүрінің күшті əсері айқын аңғарылды. Жалпы, қазақ прозасында фольклор қаламгерлердің эстетикалық ізденістерінің көркемдік жəне рухани-философиялық феномені ретінде көрінді.


М. Әуезовтің көркемдік əлемі мен қазақ халқының дəстүрлі мəдениеті ғылыми тұрғыдан алғанда аса маңызды, мəнді мəселе екендігінде сөз жоқ, мұның өзі арнайы зерттеуді қажет етеді. Осыорайда М. Әуезовтіңдəстүріменқазіргіқазақ романының эстетикалық ізденістерін, жаңашылдық сипатын, оларға ортақ жəне дара белгілерді анықтау тарихи дəуір шындығын көркем бейнелеудің басты ерекшеліктерін жаңа қырынан тануға бастайды.


ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Ж. Аймауытов, М. Әуезов, М. Жұмабаев шығармаларындағы үрдіс өз жалғасын таба алмады. Аталған суреткерлер шығармаларына романтизм үлгісіне тəн сұлу өрнектер, жаңашылдыққа ұмтылыс, терең сезім күйі, нəзік сыршылдық тəн бол ды. Кейіннен қоғамдағы үлкен кері өзгерістер, тоталитарлық тəртіптің ұлғаюы, əдебиеттегі «социалистік реализм» доктринасының орнау салдарынан əдеби процесс тежеу көрді. Арада біраз уақыт өткеннен кейін 1960-жылдары əдебиетке осы олқылықтың орнын толтыруға əрекет еткен қаламгерлер, коньюктураға мойынсұна қоймайтын жаңа толқын келді.


Қаламгерлер дəстүрлі мифологиялық образдары мен сюжеттерді еркін пайдаланып, оны дербес авторлық мифология жасау үшін материал ретінде қолданды. Олардың дəстүрлі мифологиялық образдарды мен түрлі елдер мифологиясының элементтерін бір арнаға біріктіру жаңашыл көркемдік ізденістерге бастады. Миф – қазіргі əдебиеттанудағы маңызды теориялық мəселелердің бірі. Қазіргі таңда мифтік концепциясының сан алуан түрлері бар. Қазақ қаламгерлері де мифті түрлі қызметте керегінше пайдаланды: ол аллегория да, символ да, архетип те болды, күрделі əлемнің бейнесін берудің, философиялық ой айтудың жақсы құралына айналды. Мифологизм элементтері адам болмысының қарама-қайшылықты, күрделі табиғатын ашып, бүгінгі күннің рухани мəселелерін терең бейнелеу үшін қолданылады.


Қазақ қаламгерлерінің мифтік бастауға ден қоюы – өз дəуірінің көкейкесті мəселелерінен қашуы емес, керісінше, сол қоғам жүзеге асып жатқансаяси, экономикалық, руханиөзгерістерді қабылдай алмаудан, жалпы қоғамдық ахуалға наразыболудантуындапжатты. Қазаққаламгерлері адамзаттың балаң кезінен жасаған рухани дүниесі боп саналған мифтер мен мифтердегі образдылықты жаңа көркемдік мақсатқа ғана емес, дəуірінің өзекті мəселелерін шешуде, өздерінің көңілі толмаған жағдайдан шығудың жолын қарастыруда өзгеріске ұшыратып пайдаланды. Олардың өткен тарихқа мойын бұруы өздері ғұмыр кешіп отырған уақыттың маңызды, дəуірлік, мəңгілік мəселелеріне деген қызығушылықтан туып жатты. Миф арқылы тарихи дəуірдің рухани дамуындағы басты ерекшеліктерді ашып көрсетуге болады. Оларды мифтің романтикалық пафосы, эмоционалдық жəне эстетикалық қуаты, экспрессивтік тіл көркемдігі, т.б. қызықтырды. Қаламгерлер мифологиялық сарындар арқылы жинақталған символдық бейнелерді жасауға ұмтылды. Сонымен қатар олар дəуірдің рухын бейнелейтін өздерінің мифтік образдарын жасады. М. Жұмабаев шығармаларындағы Қойлыбайдың қобызы, Ә. Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романындағы мұнара, С. Санбаевтың Ақ аруанасы, Бекет бақсысы, О. Бөкеев шығармаларындағы Бура, Кербұғы бейнелеріі хақында осыны айтуға болады. Олар халықтың өткеніне, рухани мұрасына айрықша мəн беріп қана қоймай, өз мифологиясын жасай алатынын дəлелдеді. Қазақ суреткерлері мифтің шығармашылық потенциалын, оның адамзат үшін уақыттан тыс мəнін белгіледі. Осының негізінде дəстүрлі мифті жаңғырту мен оны авторлық концепцияға сай қайта жасауға ұмтылыс күшейіп, қазақ прозасында 1970-ші жылдардан бастап жаңа мифология идеясы туды.


Мифология ұзақ уақыт бойы дəстүрлі көркемдік ойлау жүйесінде дайын көркем фор ма ретінде қызмет етіп келеді. Адамзат тəжірибесінің «түйіні» болып табылатын ондағы мазмұн байлығы, мифтің универсалды қасиеті, синкреттілігі əр түрлі бағытта қалам сілтеген қаламгерлерді ғасырлар бойы қызықтырып келеді. Белгілі бір тақырыпқа жазылған көркем шығармаларда өзгеше бітімді миф-аңыздардың бой көрсетуі жазушылар шығармашылығындағы ерекше бір құбылыс болды. Көркем туындылардағы мифтік сюжеттер ежелгі мəдениеттің философиялық концепцияларын синтездеуге мүмкіндік береді. Аңыз – өмір материалы, шикізат.Сондықтаноныдажинақтаудан,сұрыптаудан өткізіп барып, айтар идеяға сай ұтымды пайдалана білу қажет. Халық қазынасында жалпы адамзаттық идеялар мен адамгершілік мəселелер бой көрсетіп, бүгінгі заманның ділгір мəселелерімен үйлескендіктен, жазушылар да осынаусарқылмасбастауларғабетқойды.Көркем əдебиеттің даму тəжірибесінде мифтік сюжеттерді, аңыз-əңгімелерді əдеби шығармада қажетіне қарай пайдалану ежелден бар үрдіс. Шығыстың, қазақтың поэтикалық ойлау жүйесінде сөз зергерлерінің мифологиялық бастаулардан тірек іздеуі жиі байқалады. Аңыздардың жалпыадамзаттық мазмұны мен терең философиялық астарын алған ашқандардың бірі – Абай. Оның «Ескендір», «Масғұт» атты романтикалық поэмаларында алғаш рет мифологеманы батыл қолданады. Әрине, мифологизмнің терең бастауы ауыз əдебиетінің, халық поэзиясының терең қойнауларында жатыр.


ХХ ғасырда қазақ əдеби процесінің дамуында діни-мифологиялық мотивтердің ықпалы зор болғанымен, оның дамуы біркелкі жүрген жоқ. Мифологиялық желі ХХ ғасыр басындағы əдебиетте жақсы көріне бастады да, 1930-60 жылдар аралығында əдебиетте үстемдік еткен идеологиялық себептердің салдарынан үзіліп қалды, кейіннен 1970 жылдардан бастап қазақ прозасындағы осы сабақтастықтың қайта жалғасты. Аңыздық желі, мифологиялық сюжеттер, мотив пен образдар ірі суреткерлер шығармаларында жиі қолданылып, көркемдік ізденістердің күрделі де белсенді процесі жүрді. Қазақ əдебиетіндегі мифопоэтикалық дəстүр мен дінимифологиялық, аңыздық сюжеттердің типологиялық, тарихилық тұрғыдағы көркемдік функциясын зерттеген еңбегінде А. Жақсылықов қазақ əдебиетінде мифопоэтикалық ойлау дəстүрінің генетикалық тұрғыдан сабақтастығы үзілмегенін, ол дəстүрдің А. Иассауи (12 ғ.), Асан қайғы (15 ғ.) шығармаларынан қоса алғанда ХХ ғасырдың басына дейін жалғасқанын дəлелдеп көрсетеді. Зерттеушінің тұжырымдауынша, бұл эстетикалық сабақтастық большевиктік идеология жəне əдебиеттегі репрессиялық тазалаудың, отызыншы жылдардың басында социалистік реализм əдісінің директивті енуінің нəтижесінде ғана үзіліп қалды да, тек жетпісінші жылдардың басында қайта жалғасын тапты [2, 31].


Аңыздар мен мифтерді көркем туындыда əдеби тəсіл ретінде қолдану 1970 жылдарынан бастап күшті қарқын алды. Осы кезеңде мифологема өз дəуірінің тақырыбын идеялық-образдық тұрғыданшешуқұралыретіндебатылқолданады. ХХ ғасырдың екінші жартысында, əсіресе 60 70 жылдардан бастап қазақ прозасында мифтік аңыз-əңгімелерге, тəмсілдерге деген ықылас, фантастикаға, философиялық пайымдауларға, қиял-ғажайыпқа деген құштарлық осы дəуір əдебиетінің өзіндік ерекшеліктерін белгіледі.


Ғылыми-техникалық даму мифтік шығармашылыққа жаңа тақырыптар берді. Осы тұстағы қазақ жазушыларының тарихи романдармен қатар, бүгінгі күн тынысын бейнелейтін символдық астарлы мəндегі əңгіме, повестерде, хикаяттарда, күй аңыздарында, т.б. прозалық туындылар түрлерінде аңыз жаңаша қолданыс тапты. Олардың қатарына қазақ əдебиетінде Ә. Әлімжанов, Ә. Кекілбаев, С. Санбаев, Д. Досжанов, О. Бөкеев, М. Ысқақбай, С. Сматаев, Д. Досжанов, т.б., шет елдер əдебиетінде – В. Быков, В. Астафьев, Р. Гамзатов, Ш. Айтматов, О. Чиладзе, Г. Мотевосян, А. Ким, В. Белов, т.б қаламгерлерді жатқызуға болады.


Мифтік, аңыздық сюжеттердің 1970-90 жылдары дамуы мен өрістеуіне жаңа серпін берген жазушылардың шығармаларында ортақ сипаттар болды. Қазақ жазушыларының туындылары халықтың өткен тарихына қатысты ауқымды философиялық пайымдауларға, толқаныстарға бейімділігімен; халық ауыз əдебиетінің поэтикасымен, эстетикасымен ішкі үндестігімен; көтеріңкі-эмоциялық, романтикалық стильге жақындығымен ерекшеленді.


1970 жылдары қазақ прозасына ерекше болмыс-бітімді шығармалар əкелген, шығармаларында аңыздық желілерді эпикалық кеңдікпен түйістіріп, сəтімен, өнімді пайдаланған, өзінің көркемдік шешімін əлемге танытқан жазушылардың көш басында Ә. Кекілбаевты атауға болады. Ә. Кекілбаев шығармаларындағы мифтік желілер,аңыз-əңгімелердіпайдаланутəжірибесін алсақ, ол өзіне дейінгі аңыз-əңгімелерді ше бер пайдалана отырып, философиялық, психологиялық мəн-мағына, өзіндік концепция жүктейді. Жазушышығармаларындааңыздықсарынды дайын күйінде алмайды. Қаламгер халық жадындағы аңыз-əңгімелерден ерекше бір күрделі мазмұн, символдық мағына көре біледі. Фольклорлық дəстүрдің көркемдік жетістіктерінен нəр алған О.Бөкеев прозасының стилистикасы поэзия тілімен табиғи жарасым табады.


С. Санбаев шығармаларына көбіне өз халқының ерте кездердегі ортағасырлық тарихы өзек болған. 1960-жылдардың аяғы мен 70-ші жылдардың басындағы шығармаларында С. Санбаевтың кейіпкерлері үшін жасаған ісі ғана маңызды емес, оларды ішкі көңіл-күйі, жан дүниесіндегі өзгерістер де алаңдатады. Олардың өмірінде болған оқиғаның ізі, нəтижесі, тағылымдық өмір сабағы да аса маңызды. Жазушы мифтік-фольклорлық сюжеттерді қазақ халқының өткені мен бүгінін сабақтастыра, тоғыстыра бейнелеуде пайдаланады. Бірақ қаламгер шығармаларындағы аңыз-əңгімелерде өз өлкесінің тарихи тұлғаларына, тарихи оқиғаларға таңданып, тамсанудан, оларға еліктеуден гөрі, ондағы оқиға желісінен тыс жатқан астарлы мəселелерді қозғау басымырақ. Сюжеттік желіде өткен дəуір оқиғасы, аңыз жайлы баяндалғанмен, ішкі мазмұны – жақсылық пен жамандық, мейірім мен қатігездік, Отанға деген махаббат, т.б. жалпыадамзаттық мəні бар мəселелерді қозғайды.


Дала адамдарының рухани өмірі – қаламгер шығармаларындағы негізгі тақырыптардың бірі. Жазушы шығармалары мифологиялық халықтық сананың ең терең қабаттарын бейнелейді. С. Санбаев туындыларындағы аңыз-əңгіме, мифтерден терең философиялық, адамгершілік бастаулар ашылып, бүгінгі күннің əлеуметтікрухани мəселелерімен үндеседі. Бабалардың рухани өмірінің тарихын баяндайтын аңыз мəңгілік ұғымымен ұштасады. Қаламгер шығармаларында адамның туған жердің тарихымен, халқының өткенімен жəне бүгінімен терең байланысы философиялық тұрғыда пайымдалады.


Қаламгерді тарихи тақырыптар қызықтырады. Бірақ рухани-эстетикалық қажеттілікке, жазушының дүниетаным ерекшелігіне орай əр тақырыптың игерілу сипаты мен сыры түрліше. Тарихи тақырыпқа қалам тартып жүрген қаламгерлерден С. Санбаевтың өзіндік ерекшелігі бар. Көшпелі елдің белгілі бір тарихи кезеңдері, өткен дəуір оқиғалары көрініс бергенімен, оның шығармалары үйреншікті мағынадағы тарихи туынды емес. Жазушы үшін поэтикалық мифтің адамгершілік-философиялық арқауы, оның қазіргі заман адамдары үшін көкейкестілігі маңызды. Өйткені жазушы үшін тарихи оқиғаларды нақты көрсету негізгі мақсат емес. Қаламгер одан гөрі өткен тарихқа, өмірге эстетикалық көзқарасын танытып, философиялық пайымдаулар жасауға ұмтылады. Халық аңызəңгімелерінің философиялық тереңдігі, ауыз əдебиеті дəстүрінің гуманистік мазмұны, қаламгер шығармаларында ерекше өрнек тауып, жаңа қырынан көрінген. Оның «Ақ аруанасы» – қазақ сөз өнеріне өзіндік қолтаңбасымен, стильдік ерекшеліктерімен жаңаша леп əкелген шығарма. Ол сол тұстағы қазақтың тарихи прозасынан өзіндік ұқсамайтын даралығымен оқшауланды. Жазушы дайын мифтік сюжетті, аңыз-əңгімелерді сол күйінде пайдаланбағанымен, қазақ үшін киелі болып есептелетін аруана туралы өзінің авторлық мифологиясын тудырған.


Техникалық ғылымдарда ашылған жаңалықтар өзіне дейінгі дəстүрді жойса, əдебиеттің даму заңдылықтары бойынша жаңалық дəстүрлі көркемдік құндылықтарды жалғастыра дамытады. ХХ ғасыр əдебиетінде қазақ қаламгерлері фольклорлық дəстүр жүйесінде ерекше эмоционалдық-мазмұндық жүк арқалаған фольклорлық образдылықты эстетикалық тұрғыда өз туындыларында ұтымды пайдалана білді. Осы ретте адам мен əлемнің, табиғаттың уақыт пен кеңістік тұрғысындағы байланысын көрсететін зооморфты символиканы, яғни, көшпенділер санасында аса маңызды орын алатын қасқыр, ат, түйе, бұғы т.б. тотемдік бейнелерді атауымызға болады (Көксерек, Кербұғы, Бура, Бəйгеторы, Аруана т.б бейнелер). Түйе – қазақ əдебиетінде концептуалдықауқымыкеңдəстүрліобраздардың бірі. Аруана, бура бейнелері ұлттық көркемдік дəстүрімізде жиі кездеседі. Түйе – шексіз ана махаббатын бейнелейтін қазақ ертегілерінің, мифтік аңыз-əңгімелердің («Бозінген», «Бота» т.б.) дəстүрлі кейіпкері, киелі болып саналатын төрт түлік малдың бірі, қазақ дүниетанымында тұтастықтың, болмыс бірлігінің, ғарыштың символы. О. Бөкеев «Бура» шығармасында мифтік аңыз-əңгімелердегі халықтың рухани тəжірибесімен суарылған дəстүрлі бейнеден авторлық мифологиялық кейіпкерді сомдайды. Образ «ғарыштық», «табиғи» деңгейге көтеріліп, экспрессиямен, лиризммен молыққан, жалпылық, жинақтық мəн алып, сонымен қатар жаңа мифтік бейнеге, бостандық сүйгіш рухтың бөкеевтік символына айналған.


Қаламгерлердің дара шығармашылық ерекшелігін əдебиеттегі дəстүр мəселесімен сабақтас қарастырудың мəні зор. Әр жаңашыл ақын өзіненбұрынғыақындарқолжеткізгенкөркемдік тəсілдерді, көркемдік даму тəжірибесін игеру арқылы дамиды да, өзі де жаңа ой қосады. Мысалы, Шəкəрім Құдайбердиев дүниетанымының қалыптасуына ұлы Абайдың, орта ғасырдағы сопылар поэзиясының, жыраулар поэзиясының, Л. Толстой шығармашылығының ықпалы зор болды. Шəкəрім ақиқатты тану, рухани тұрғыда өзін-өзі жетілдіру ұмтылыстарын, рухани ізденістерін əдеби, көркемдік ізденістерімен ұштастыра білген сирек тұлғалар қатарына жатады. Оның шығармашылығында діни, эстетикалық, философиялық жəне психологиялық бастаулардың синтезі жүзеге асты.


1960-70 жылдары қазақ поэзиясына келіп қосылған қуатты буын М. Мақатаев, Ж. Нəжімеденов, Қ. Мырзалиев, Т. Айбергенов, М. Шаханов т.б. лирик ақындарымыздың əрқайсысы өзіндік үнімен, дара таланттарымен, қайталанбас қолтаңбасымен ерекшелене отырып, барлығы да қазақтың қара өлеңіне ден қойды. Олардың көркемдік, тілдік, жанрлық ізденістері қара өлеңнен бастау алды. «Қазақтың күпі киген қара өлеңін, шекпен жауып өзіне қайтарамын» деген Мұқағали ақынның сөзі бекер емес. Осы ретте əдебиеттегі дəстүр мен жаңашылдық туралы белгілі ақын Т. Медетбек: «Баба дəстүрдің мұрагері – өз ұлтының рухани байлығы мен əлем əдебиетінің үздік үлгілерін бойына жинақтап, оларды өзінше игеріп, өзінше қорытқан, өз уақытының үні бола білген, өз заманының əлеуметтік мəнін ашып көрсете аларлық қуатқа ие немере Жаңалық» – деп қорытады.


1970 жылдары қазақ прозасында да тарихи тақырыпқа бет қойған жазушылар М. Әуезов негізін салған тарихи роман дəстүрін жалғастыра дамытып, қазақ тарихының əр қилы кезеңдерін жаңаша бажайлап, жанрлық, көркемдік, стильдік ізденістерге бой ұрып, көркем бейнелеуге бет қойды. Тарихи тақырыпқа қалам тартқан қазақ жазушыларының философиялық-эстетикалық концепциясында мифтік-фольклорлық дəстүр айрықша көркемдік қызмет атқарды. Қаламгерлер поэтикалық мифтің адамгершілікфилософиялық арқауын, оның қазіргі заман адамдарға қажетті өзекті сипатын, мəңгілік мəнін пайдаланды жəне өткен тарихқа, болмысқа өздерінің эстетикалық көзқарастарын танытып, тың философиялық пайымдаулар жасады, жаңа көркем бейнелер сомдады. Халық аңызəңгімелерінің философиялық тереңдігі, ауыз əдебиеті дəстүрінің гуманистік мазмұны, қаламгер шығармаларында ерекше өрнек тауып, жаңа қырынан көрінді.


1960-70 жылдардан бастап суреткерлердің халықтың өткен рухани тəжірибесіне, тарихи бастауларға, мифологиялық бағдарға бет қоюы ұлттық сананың оянуымен байланысты еді. Кеңес əдебиетінде дəуірлеген социалистік реализм əдісі тұйыққа тірелгенде, жазушылар мифтік шығармашылықты дүние, болмыс туралы ой толғаудың тəсіліне айналдырды. Қазақ жазушылары адам мен əлемнің сырын бейнелеуде қалыпты формалардан бас тартты да, оны философиялық пайымдаулар мен мифологиялық таным тұрғысынан игеруге күш салды. Мұның өзі жазушылардың белгілі бір мəдениеттің, белгілі бір тарихи дəуірдің құбылысы болуымен де байланысты болды.


Әдебиеттанушылар əдеби үдерісті зерттеу барысында суреткер шығармаларының көркемдік деңгейіне, сапалық дамуына жіті назар аударады. Дəуірдің əдеби процесін тұтастықта зерттеудің маңызды болатыны үлкен суреткерлер өзіне дейін танылған суреткерлермен ғана емес, «қосалқы» авторлармен де, көпшілік əдебиетпен де шығармашылық «диалогқа» түседі. Тамырсыз ештеңе өнбейді. Жеке суреткерлер, яғни тұлғалар əдеби үдерісте дəстүрге сүйене отырып, өзіне дейінгі құндылықтарды өзгерте, дамыта келіп, өздері де əдебиетке көркемдік жаңалық, ізденістерін əкеледі жəне əдеби үдеріс ағынында жалғастырушы, жаңартушы қызметін атқарады. Мысалы, ХХ ғасырдың екінші жартысында, 1970-90 жылдары қазақ прозасында Ә. Кекілбаев, Д. Исабеков, Р. Тоқтаров, О. Бөкеев, Т. Әбдіков, С. Санбаев, М. Ысқақбаев, Д. Досжанов т.б. жаңашыл жазушылар ұлттық дəстүрді сақтай отырып, əдебиеттегі социалистік реализмнің «қатқан қалыбын» бұзуға ұмтылды, дүние мен адам сырын жаңаша құрылымдық ажармен бейнелеуге тырысты. Қазақ жазушылары əдебиетке партия өктем билігін жүргізген тұста халқымыздың басынан өткен келеңсіз құбылыстарды есебін тауып, орайын келтіріп айта білді. Олар өмір шындығын сыңаржақ суреттеуден бас тартып, мүмкіндігінше қоғам дамуының қайшылықтарын көрсетуге тырысты. Әдебиетте өз ортасын олқы санап, көңілі толмаған, қоғамға сын көзімен қарай баста ған кейіпкер бой көрсетті. Көркем шығармада мұндай кейіпкер қоғам шындығына қанағаттанбай, қоршаған ортаны жатсынып, тіпті жан сілкінісін, ішкі наразылығын білдірді.

Әдеби үдеріс бір ғана ұлт əдебиетінің шеңберінде ғана емес, əлемдік əдебиет ауқымында да бір мезетте бір-біріне ұқсас жəне бірін-бірі қайталамайтын əдеби кезеңдерден, дəуірлерден тұрады. Әдеби үдеріс үздіксіз жалғасып, əрбір жаңа дəуір өзіне дейінгі көркемдік жетістіктерге сүйенеді. Мысалы: əлемдік əдебиеттің көркемдік даму тəжірибесінде символизм, экспрессионизм романтизм əдісінің аясында қанат жайды, яғни ХХ ғасыр басындағы модернистік бағыттар романтизмнің көркемдік дəстүрлерімен нығая түсті. Жаңа тарихи тұс дəстүрлі құндылықтарды игере отырып, əдеби үдерісте жаңа дүние тудырады, яғни адамзаттың сан ғасырлар бойы жинақтаған көркемдік қазынасына өз үлесін қосады.


Әдеби үдерістің маңызды құрамдас бөлігінің бірі халықаралық əдеби байланыстар болады. Әдеби үдеріс аясында əдеби бағыттар мен ағымдардың белгілі бір ұлт əдебиетінде орын тебуінің бірнеше факторлары бар екені белгілі. Соның бірі – тарихи-əлеуметтік фактор, бірі – ұлттық дəстүр аясында пісіп жетілген қажеттілік (заңдылық), енді бірі – əдеби байланыстар. ХХ ғасырдың басындағы қазақ əдебиетінің əлемдік əдеби процеспен байланысы М. Әуезов, С. Талжанов, Ш. Сəтпаева, Е. Лизунова, Р. Қайшыбаева, С. Тойшыбаева, К. Канафиева, М. Маданова, Ө. Күмісбаев, Б. Мамыраев т.б. зерттеулерінде қарастырылады. Шетел əдебиетіне ықылас қазақ əдебиетінің əлеуметтік-тарихи жəне эстетикалық мақсаттарынан туындады.


Қазақ əдебиетіне əлемдік əдеби үдерістің, Шығыспен қатар Ресейдің жəне Батыстың эстетикалық байланыстарының əсері болды деуге болады жəне қазақ əдеби үдерісін зерттеу барысында осындай əдеби байланыстарды ескеруіміз қажет. Ұлттық əдебиет жүйесінің өзінің көркемдік дəстүрлерін дамытудағы рөлі қаншалықты зор болғанымен, оны өздерінің жеке тəжірибесімен ғана шектеп қою əдебиеттің қарқынды дамуына кері əсерін тигізері хақ. Ұлттық əдебиет жүйесіне əлем əдебиетінің көркемдік тəжірибесі де табиғи түрде кіреді [3, 262].


Әрине, біз осы орайда жай «еліктеу» немесе «шеттен алу» туралы емес, мəдениеттердің өзара əрекеті мен өзара ықпалы туралы ай тып отырмыз. Сырттан орыс, еуропа əдебиеттерінен келген көркемдік тəжірибе өз бойына жаңаны құмарлана сіңіре білген қазақ топырағына механикалық түрде ауысқан жоқ, ол «өзімізге» айналып, ассимиляцияланды, ұлттық əдебиетіміздің бір бөлігіне айналды. Қазіргі қазақ əдеби процесінің ерекшелігі, əдебиеттанушылармыз атап өткендей, сан алуан эстетикалық жүйелердің: романтизмнің, реализмнің, модернистік ағымдардың өзара қатар, параллель, тіпті синхронды дамуында жатыр. Бұл жүйелердің өзара əрекетке түсуі олардың элементтерініңөзаракірігуінеалғышарттаржасады жəне соған сəйкес өз алдына жеке эстетикалық бағыттың əрқайсысын зерттеуде күрделілік туғызады.


Жаһандану дəуірінде қазіргі əдебиеттану ғылымы əдеби байланыстар мен əдеби ықпал объектісінкеңауқымдақарастырады.Олтектақырыпқа, образдарға, сарынға, сюжеттікжелігеғана қатысты емес, сонымен қатар көркемдік идеяларды, түрлік ізденістерді, жанрлар мен олардың жүйесін, шығармашылық бағдарламаларды да қамтиды. Халықаралық байланыстар əдеби процесте шартты түрде дербес болғанымен, өз кезегінде əдеби шығармашылыққа да белсенді əсер етіп отырады.


Әдеби процеске ең алдымен əлеуметтіктарихи құбылыстар əсер ете отырып, екі түрлі факторбастыбағытбереді:ұлттық-мəденидəстүр мен жалпы адамзаттық, əлемдік мəдениеттің əсері. Ұлттық топырақтан сусындап, ұлттық дəстүрден қол үзбеу жəне əлемнің көркемдік даму тəжірибесін өз мүддесі тұрғысынан игеру əрбір ұлт əдебиетінің жемісті дамуының басты шарттарының бірі болмақ.


Әдебиеттер


Дербісəлин Ә. Дəстүр мен жалғастық. – Алматы: Ғылым, 1976. – 204 б.

Жаксылыков А.Ж. Образы, мотивы и идеи с религиозной содержательностью в произведениях казахской литературы. Типология, эстетика, генезис: автореф. дисс. докт. филол. наук. – Алматы, 1999. – 52 с.

Неупокоева И.Г. История всемирной литературы. Проблема системного и сравнительного анализа. – М.: Наука, 1976. – 262 с.

Филология. Реферат. Қазақ тілтанымындағы грамматиканы зерттеудің функционалды бағыты
Филология. Реферат. Қазіргі қазақ поэзиясының көркемдік арналары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу