Филология. Реферат. «Жүсіп − Зылиха» дастанының идеялық-тақырыптық сипаты

Oinet.kz 08-09-2020 1349

Мақалада Әлидің «Жүсіп-Зылиха» дастанындағы махаббат тақырыбының игерілу жайы мен адамзат баласын толғандыратын күрделі мәселелердің көркемдік шешіміне қатысты проблемалар қарастырылады. Ав тор Зылиханың арнау сөзі арқылы жасалатын Жүсіп портреті мен Жүсіпке құлай ғашық болатын мысырлық әйелдер әрекеті арқылы сұлулық эстетикасының табиғатына тоқталып өтеді.

Алтын Орда дәуірінен жеткен жазба ескерткіштің фольклорлық мұраға қатысы да зерттеу жұмысының ауқымынан сырт қалмайды. Ізденуші бас кейіпкердің батырлық күш-қайратын діни аңыздар мен дастан жанрындағы типтік мотивтермен салыстыра отырып, Дүрбек нұсқасының түркілік қаһармандық эпос пен батырлық ертегілердегі дәстүрлі сарындарға жақын екендігін анықтайды.

Таурат, Інжіл сияқты ескілікті кітаптардан бастау алатын көне сюжетті түркі әлеміне таныстырған Әли ақын туындысын толық танып, білу үшін осы тақырыптың шығыс әдебиетіндегі игерілу жолымен таныс болған жөн. Мақала авторы Жүсіп бойындағы дәріптелетін он қасиеттің түрлі нұсқаларда қандай өзгерістерге ұшырағанын атап өтеді. Содан соң Фирдоуси версиясындағы психологизм элементтеріне назар аударады. Тіпті, Низамидің «Хұсырау-Шырын» поэмасы мен «Жүсіп-Зылиха» дастанының Жәми нұсқасынан да ұқсастықтар табады.

Шығыстың романтикалық әдебиетінде махаббат тақырыбының қатары екі түрлі сарын басымдық танытады. Бірі махаббатты рахат пен ләззат көзі десе, енді бірі махаббатты қайғықасіреттің бастауы деп біледі. Ж.Шайхысламов версиясында осы екі мотив те кездеседі. Жүсіптің сұлулығы Зылихаға рахат, қуаныш сыйлайтыны мына жолдардан мәлім болады:

Өзіңдей ешбір адам болмас сірә, Жан-тәнім сенсіз қарар қылмас сірә. Фырақыңда өртенді, күйіп тілім,

Мен өзім секілдімін бір мас сірә[1, 408].

Жүсіп сұлулығы Зылиханың сөзі арқылы беріледі.(бұл үрдіс «Махаббат намада» қыз сұлулығын жігіт аузымен сипаттау арқылы беріледі.осындай ұқсастық «Махаббат нама» мен «Қисса Жүсіптің»суреттеу тәсілдері мен тілінде бар.):

Айдыр айа Иүсүф сенің сөзің датлу, Усанымдан дыңламаға не рахатлу. Иузүң ләтаиф құлажын хұб марұтлу, Ешітсем рахатым артар емді.

Уалың діләрім жан рахаты, Жамалық күйаш кебі ғишық Суретиң ғажаб тарафа лұғазың йетті, Ханжар кебі жанымдын кечар емді.

Аудармасы: Айтшы,ай,Жүсіп,сенің сөзің тәтті,

Шаршамай тыңдай берсем,қандай рахат! Жүзің жұмсақ,лебізің сүйкімді,

Естіген сайын рахаттана беремін.

Кездесуді куткен кезім жан рахаты, Жамалық күн сияқты,ғашықтық қатты. Суретің ғажаб шарттарапқа тілің жетті, Қанжар сынды жанымды алар енді.

Xii ғасырда жазылған осы суреттеуді өз нұсқасынан оқығанда шығыстың поэтикалық жүйесі аңғарылып тұрса да,әуезділігіне құлағымыз үйренген қазақ өлеңіне ұқсастығын есіткендейболамыз.ӘлидегіЗылиханыңЖүсіпке айтқан бұл сөздерін Ж.Шайхулисламұлы айнақатесіз қайталайды:

Ай, Жүсіп, жүзің нұрлы,сөзің шырын, Бұл күнде ішкен асым – у мен ірің.

Сен сөйлесең көнілімнен сабырым кетер. Сөзімнің тыңдамайсыз бір дебірін.

Менің сізден тілегімжан нәубеті, Нұр жүзіңнін ыстығы ішіме өтті.

Қанжардай тәлдә бауырымнұрлы жүзің, Суретің,ғажап түрің,лебізің тәтті.

Пиала сипатындай қастарыңызың,

Тісмеруерт,қызыққандай достарыңыз. Өз қолыммен өруге лайық дүр,

Жұпар сүмбіл секілді шаштарыңыз. [1, 412]

Енді Зылиханың үйінде қонақта болған Мысырлық әйелдердің әрекетіне назар аударалық. Зылиха есігінде жүрген құлға құлай ғашық болыпты деген әңгіме қала халқына тез тарап кетеді. Әрине, патша әйелінің мұндай өсекаяңға ілігуі ол кезде адам баласы естімеген ауыр күнә саналады. Зылиха өсек таратушы әйелдерге Жүсіптің ай жүзін көрген болса, олардың да ессіз ғашық боларын дәлелдеумен болады. Сөйтіп ол үлкен той жасайды. Қонаққа төрт жүз әйел шақырып, әрқайсысына бір-бір сәбізден, бір-бір өткір пышақтан ұстатады. Әйелдер сәбіздерін тазалай бастайды. Осы кезде Зылиханың айтуымен сәнденіп шыққан Жүсіп қонақ үйдегілерді таң қалдырады. Оның сұлулығына тамсанып тұрған әйелдер сәбіздің орнына саусақтарын турап тұрғанын сезбейді, қан саулап ағып жатады.

Қатындар пышақ, сәбіз қолына алды, Жүсіпті көріп бәрі қайран қалды.

Жүсіпке қараймын деп есі кетіп, Саусақтарын сәбізбен турап алды. Қолдарын қызыл қан қып турап отыр, Ғашық дертке қатындар улап отыр.

Ісі жоқ қолыменен қатындардың, Қолдарынан қандары зулап отыр Жүсіпті көрген қатын таң боп кетті, Адасып ақылынан қаңғып кетті.

Тамақ ішіпішпегені есінде жоқ,

Бұл эпизодта Жүсіптің сұлулығы оқырманға ерекше деңгейде көрінеді. Алдымен оның ажаркөркі көз қуантады, содан соң эстетикалық ләззат сыйлайды. Тіпті оның сұлулығының адамды ақыл-естен айырар күші де бар. Бірақ авторлар басты кейіпкердің батырлық күш-қайратына да назар аударады. Мысалы, Табари версиясында Жүсіптің осы қасиеті ерекше аталады. Сөз жоқ, басқа авторлар Жүсіптің батырлық болмысына тән детальдарды Табари нұсқасынан алған. Шым-шытырық тартысқа құрылған сюжеттің өзегі кейіпкерлердің батырға тән жаратылысын ашуға итермелейді. Өйткені кейіпкердің ағалары шығармада күшті, ержүрек, қатігез адамдар болып суреттеледі. Інжілден бастау алатын бұл дәстүр сюжеттің мұсылмандық версияларына да ауысқан. Аңыздың ескі дәуірдегі нұсқалары Жүсіптің батырлық болмысын ағаларының алып күшіне қарсы қойып суреттейді. Мысалы, Табаридің «Ұлы тәпсірінде» Жүсіптің ИбнЯминді алып қалатын мезеті сөз болатын эпизод бар. Сонда басты кейіпкердің ағаларымен алысатын кезі суреттеледі. Оның туған інісін күшпен алып қалмақ әрекеті Мысырлықтардың зәре-құтын алады. Тіпті Мысыр патшасы қорыққаннан жасырынып қалады. Жүсіп осы жерде жаратқанның жәрдемімен айбат шегіп ұмтылған батырларды бірінен соң бірін қағып алып елде жоқ қайрат көрсетеді. Олар бол са, «Бұған дейін бізді ешкім жеңе алмап еді, бұл бізге Алланың жіберген жазасы» деп мойындауға мәжбүр болады.

Фирдауси өзінің теңеулерімен аталмыш эпизодқа парсылық сарын үстейді. Онда Жүсіптің ағалары ештеңе істеп үлгермейді, басты кейіпкер олардың алдын орап кетеді. «Жүсіп:

«Ау, еврей тілінде сөйлейтін жігіт! Мен сенің не туралы айтып тұрғаныңды білмедім. Бірақ саған қазір өзбектің күштілігін көрсетемін», – деп, масайған піл сияқты орнынан тұрып айғайға басады. Сол айғайдың күшімен жанында тұрған сөрені алпыс қадам жерге ұшырып жібереді. Айналадағы адамдар қалтырап қоя береді» [2,189]. Өзіне дейінгі түркі ақындарына ұқсамайтын сюжет құрған Дүрбек бұл эпизодқа түркі эпосына тән белгілерді көптеп кіріктіреді. Онда: бірінші ағаларымен Жүсіптің баласы Мишам алысады. Алдымен Яхуданы, сосын Шамғұнды жеңіп, оларды: «Әкем менен де күшті», – деп қорқытады.

Жүсіп ағаларына алаңда жатқан тасты бәрің бірігіп орнынан қозғалтыңдар дейді. Бірақ олар оны мүлде қимылдата алмайды. Жүсіп оны аяғымен қағып жібергенде, әлгі тас көкке бірақ ұшады. Ағалары жан-жаққа қашып кетеді [3, 157].

Бертельс бұл эпизодтың Дүрбек нұсқасын түркілік қаһармандық эпос пен батырлық ертегілердегі дәстүрлі сарындармен салыстыра қарастырады.

Әли де өз кейіпкерінің бойындағы осы қасиетке тоқталады, бірақ оны әрі қарай дамытып жатпайды, оған себеп те жоқ емес. Ақын пайдаланған әдебиеттер мен дерек көздерінде Жүсіптің батырлық қыры суреттелетін мағыналық бөліктер жиі ұшырасады. Алайда, оның кейіпкеріне күш қолданудың керегі жоқ еді. Өйткені Жүсіптің күші мен артықшылығы оның ақыл-айласында болатын.

Жүсіптің Мысыр базарында сатылатынын баяндайтын көріністе сатушылар кейіпкердің он қасиетіне тоқталып, солардың ішінде мыналарды атап өтеді:

Төртіншіден, кең пейілді, мейірімді. Бесіншіден, қаһарлы һәм алып жүректі. Алтыншыдан, басқалардан бек күшті, Қырық ерден күші артық. [1, 413]

Әли мұнда кейіпкердің білек күшіне емес, алып жүрегіне назар аударады. Қорқуды білмейтін, кейде өктем көрінетін қасиеті басқа сапалық белгілерімен қатар, сюжеттің соңғы шешімінің алдындағы ағаларымен болатын қақтығыс бейнеленетін көріністе ашылады.

Мен сіздердің аталарыңызды аядым, Әйтпесе, мен сіздерді бұлай қоймас ем.

Бәріңді қинап өлтірер едім,

Бұның қаһарлы түрін көріп олар қорқып кетті. [1, 413]

Кейіпкердің алтыншы артықшылығы Ансари версиясында көрініс табады. Жүсіптің басқа жерде, басқа жағдайда бейнеленетін ерекше қырын ақын кейіпкер сатылатын көрініспен біріктіріп жібереді. Ол Ансарида Мәлік Дұғар құлдарымен бірге Жүсіпті құдықтан алып шығатын эпизодта байқалады. Башир құдықтағы шелекті өзі тарта алмаған соң, көмекке Бушруды шақырады. Алайда, олардың шелекті екеулеп тартуға шамалары келмейді. Содан соң көмекке саудагердің өзін шақырады. Сөйтіп үшеуі шелекті алып шығады. Осы жерде автор:

« Әрбір пайғамбарда қырық жігіттің күші бар»деп түсінік береді. Бірақ шығармада оның күші емес, салмағы турасында айтылады.

Жүсіпбекидеал патша бейнесін Жүсіпті Мысырға сатуға әкелген Мәлік Дұғарға айтқызады:

Әуелі,орта бойлы гауһар көзді, Екінші,өзі сұлу,көркем жүзді. Үшінші,жетпіс екі тілді білер, Сөйлесе,балдай тәтті,жұмсақ жүзді. Төртінші,шапағатты,инабатты, Бесінші,адал жүрек,бек айбатты.

Алтыншы қырық кісінің жігері бар, Бір өзі қырық кісіден һәм қайратты. Жетінші,діні таза,диянатты, Сегізінші,залым емес ,ойлар хақты. Тоғызыншы,пайғамбардың нәсілінен,

Оныншы,мінезі артық шапағатты.[1, 414]

Бұл жерде Ж.Шайхулисламұлының Жүсіпке он қасиет дарытуы: 10 мифтік санына сүйенуден дейміз

Жүсіптің дастанда дәріптелетін айрықша қасиеттерінің ішіне оның шешендігі мен көп тілді меңгерген білімпаздығы да енеді. Базаршылардың сөзіне иек артар болсақ, ол кейіпкердің үшінші қыры саналады.

Үшіншіден, тілі бал, әділ сөзі, Жетпіс екі тіл тамам білер өзі. [1, 414]

Саудаласу барысында аталған артықшыларға қарағанда Жүсіптің бұл қыры көп жария бола бермейді. Жүсіп зынданнан босап шыққаннан кейін Мысыр патшасы Мәлік Раянмен жетпіс екі тілде сөйлесіп пікірлеседі.

Сосын сәлем берді ол Раянға, Жетпіс екі тілде сөйлесті.

Түрлітүрлі Раянға мадақ қылды,

Сөзін естігендер таңданып, қайран қалды. Жүзін көргендер жанына рахат алады.

Аштар тояр, сусағандар қанар.[1, 414]

Ал енді « Жетпіс екі» санының төркіні Шығыс халықтарының ертегілік дәстүрінен бастау алады. Бұл сан қазақ фольклорына да жат емес. «Жігітке жетпіс өнер де көп емес» деген қанатты сөзде де сол мотивтің ізі бар. Кейбір зерттеушілер бұл санның шығу тарихын «қайырымды балық» атты йудейлік сюжеттен іздейді. Ол аңызда қайырымды балық жас баланы Левиафонға (крокадилге ұқсас, оған қарағанда ірілеу құбыжық болса керек) алып барады. Құбыжық балаға жетпіс тіл үйретеді, соның ішінде жанжануарлардың тілі де бар [4, 14].

Табари: «Сұлтан жетпіс тілде сөйледі. Жүсіппен қай тілде әңгіме қозғамасын, Жүсіп сол тілде жауап қатып отырды. Мұның кереметі сондай сұлтан көп тіл білген Жүсіптің талабына таң қалды. Нәтижесінде сұлтан: « Бұдан былай бүтін қаржым мен қазынамды бақылауда ұстауды өзіңе сеніп тапсырам», [5, 5]– дейді.

Мысыр билеушісі мен Жүсіп арасындағы әңгімені өзек еткен эпизодты Әли Ансари вариантына сүйеніп жазады. Ансари былай деп жазады: « Мәлік ( Мысыр патшасы) жетпіс тілді меңгеріпті. Жүсіпке салмақ салмайын деп оған өзінің ана тілінде сөйлейді. Жүсіп оған еврей тілінде дұға оқиды. Мәлік оған: « Бұл қандай тіл?» – дейді. Жүсіп: « Бұл менің ата-бабамның тілі, еврей тілі», – деп жауап береді. Жиылған жұрт оның сұлу көркі мен жанға жайлы сөзіне тәнті болады. Әсіресе « Қисса Жүсіптегі» тыңдаушылардың бұл диалогқа қатысы суреттелетін тұс Ансари шығармасына жақын келеді. Ақын оны сәл әсірелей түседі. Жүсіптің жетпіс тіл білгендігі туралы мәліметтер Талмұдтық әдебиеттерде де кездеседі. Олар да Мысырдың билеушісі меңгеруге тиіс білім болғандықтан Жебрейіл періште зынданда жатқан Жүсіпке жетпіс тіл үйреткені айтылады. Жүсіп пен Мәлік Андалып версиясысында да жетпіс тілде сөйлейді. Ал базар жаршысы туралы детальді автор өзінше жырлайды. Рас, ол терең драматизммен ерекшеленетін Фирдауси нұсқасына қарағанда қарабайырлау. Бірақ Әлидегі детальдің көркемдік идеялық жүгі басқа, сондықтан ХІІІ ғасырда ғұмыр кешкен түркі ақынының мүлт кеткен жері жайында сөз айтудың өзі артық. « Анис-әл-муридте » бұл көрініс былай сипатталады:

«Мәлік Жүсіптің екі жағына жаршыларды тұрғызып қояды. Солардың бірі былай хабарлайды:

  • Бізде Жүсіп атты бір құл бар! Жүсіп сонда:

  • Сен олай айтпа, – дейді.

  • Сонда қалай айтамын, – дейді жаршы.

Жүсіп: «Елінен көз жазып қалған қайғылы мүсәпір құлды кім сатып алады? – деп айт», – дейді.

  • Олай айта алмаймын, өйткені сенің бойыңнан ондай белгі көріп тұрғаным жоқ, – дейді жаршы.

Жүсіп:

  • Байқаймын, сен менің жағдайымды мүлде сезінбей тұрсың, – деп күйінеді.

Енді екінші жаршының кезегі келеді. Ол:

  • Жарқын жүзді, сұлу, тілі балдай Жүсіпті кім сатып алады? – деп жар салады.

Жүсіп оған:

  • Сен олай айтпа, «жалғыздықтан жапа шеккен құлды кім алады деп айт», – дейді.

Жаршы:

  • Сенде оның нышаны жоқ.

Фирдоусиде жаршы Жүсіпті былай саудалайды: « Гуриге ұқсас гулямді кім сатып алады, жұпар иісі Кипаристі еске түсіреді. Оның дұғасын Жаратқанның өзі қабылдайды. Ол құдды күн сияқты, жақынға да, алысқа да сәулесін шашады. Оның ажары екі апталық айды еске салады.

– Кім сатып алады, кім?.. Оның шашы жұпар иісті мускус дерсің. Гүлямды кім сатып алады, кім? Мұндай шебер жеті елде жоқ...Оның еріндері анардың екі жемісі сияқты...

Мәлік Дұғар бұған қатты қуанады... Жүсіптің екі көзінен сорғалап жас ағып тұрады. Ол сағат сайын Жаратқаннан өлім тілейді. Бір кезде тілге келіп жаршыға:

  • Сен бүгін ақылға келіп, бұдан да дұрысырақ нәрсе айт. Былай де: Тірі жан қолын созбайтын тұзақтағы Гүлямды кім сатып алады? Туған

жерден қол үзіп, кемдік көрген, қайғысына ешкім араша бола алмайтын Гүлямды кім сатып алады? Ауыр қасіреттен ақылы адасқан, ойы сан саққа жүгірген қашқынды кім сатып алады? Шыңырау құдыққа тасталған, басы на пәле жабысқан Гүлямды кім сатып алады? Бұғау, кісенге телінген, бетінен жасы жүгірген Гүлямды кім сатып алады?» Сен мені осылай саудала! [10, 95]

Фирдоуси версиясындағы көріністе, байқап отырғанымыздай, психологизм басым. Ақын базар жарнамасы мен құлдың нақты көңіл-күйі арасындағы қарама-қайшылықты шеберлікпен суреттейді. Ол саудагерлер мен гумманист автордың кейіпкер тағдырына қатынасының қаншалықты алшақ жатқанын көрсетеді. Алдынғылар саудаға түскен құлының қайғысына терең бойламайды, немқұрайлық танытады. Ал соңғысы өз Жүсібінің тағдырына алаңдап аяушылық білдіреді. Әрине, Әли мен Жүсіпбекте бұл жоқ. Олардың мақсаты басты кейіпкердің көзге шалынар барлық артықшылықтарын көрсету. Сондықтан базардағы жаршы жарнамасында автордың осы бағыттағы ұстанымы айқын байқалады. Басты кейіпкердің нағыз сапалық белгілері ғана жіпке тізіледі, жарнамада Фирдоуси мен Ансари жаршыларының жарнамасына тән бояуы қанық суреттер мен айқын әсіреулер жоқ. Дегенмен, Әли мен Жүсіпбектің кейбір детальдарды Ансари шығармасынан алғаны жасырын емес. «Анис әл-муридте» Жүсіптің бойындағы жақсы қасиеттер өлеңмен өріліп болғаннан кейін автор сол бойда саудагер Мәліктің қойған шартымен келіскен ӘзизМысырға ауысады. Оқиғаның осындай орналасу реті Әли версиясында ұшырасады:

Әзиз оны естіп қайран қалды, Жүсіптің жамалына назар салды.

Әзиз айтты: «Бұл ұғыланды маған сатқын, Неше теңге керек саған баян қылғын»

Міне, ақын басқа кейіпкерлерді көзімен Жүсіпке берілген мінездеме мен ақиқат шындықтың ара-салмағына барлау жасайды. Жоғарыдағы екі нұсқаның өзара байланысы бары анық. Ә.Р.Рүстемов Фирдоуси дастаны мен Ансари шығармасының арасында ешқандай байланыс жоқ деп біледі. Зерттеушілердің сөзіне қарағанда, Ансари үлкен ғалым, жазушы әрі ақын адам болған. Оның терең білімі, дүниетанымы ғалымның бізге жеткен туындысынан да байқалады. Е.Э.Бертельс Фирдоуси шығармасы шығыс халықтарына кеңінен таралмады десе де, оны Ансаридың білмеуі мүмкін емес еді. Егер Хv ғасырда өмір сүрген Жәми ол туындымен таныс болған болса, ұлы ақыннан бар болғаны жүз жыл кейін өмір сүрген Герат ғалымы, оның ең болмаса бір нұсқасын білмейді. Фирдоуси дастаны Жүсіп туралы сюжеттің туып, қалыптасу тарихындағы маңызды кезең, сондықтан Фирдоусиден кейінгі ақындар атақты шығарманы айналып өтпеген. Тіпті парсылық «Қиссас әләнбияда» да Фирдоусидағы жаршы мен Жүсіп диалогы қайталанады. Парсылық ақында кездесетін жекелеген детальдарда Рабғузидің «Қиссас әл-әнбисынан» да кезіктіруге болады екен.

Детальдардағы сандық сәйкестіктер де версиялардың өзара байланыстарын анықтауға мүмкіндік береді. Фирдоусидегі құл сататын көріністе Жүсіпті көруге жүз мыңнан аса адам келеді. Ансариде кең алаңға жүз мың адам сыйып кетеді.

Зылиха бейнесін құрайтын детальдарда да ұқсастықтар көп. Нақтырақ айтсақ, оның бетіндегі мең, әдемі әшейкейлер мен жалпы неке қию көрінісінің көркем суреттері бұрынғы болжамды растай түседі. Фирдоусиде мең көздің жиегінде болса, Ансариде екі көздің ортасында. Фирдоуси Зылиханың бұрымы жүздеген жұлдызшамен көмкерілген десе, парсы ақыны қолданған метафора Ансариде «гауһармен әрленген бұрымға» айналады. Жүсіпті екінші рет оятқандағы көрініс түркілік версияда құрылымы жағынан нақтылығымен ұтып тұр. Ол кейіпкердің әлі толық ашыла қоймаған қырларынан алдын-ала хабардар етеді. Ақын кейіпкер жағдайындағы драматизмді басқа детальда ашады.

Егер кейіпкердің сұлулығы мен адамдық қадір-қасиеті Зылиха сөзінде толық көрініс табатын болса, оның ақылға сыймайтын құлдық бітімі оған ессіз ғашық болған Тазга бинте табиун қыздың лебізі арқылы ашылады. Бұл кейіпкердің арқалап тұрған көркемдік-идеялық жүгі ауыр. Оның Жүсіпке бағытталған сезімге, таңданысқа толы арнау сөзінен Жүсіптің құлдық кейпіне үйлеспейтін артықша жаратылысы мен бақытсыздыққа ұшыраған қыздың қайғылы халі көрініс табады. Ақсүйек құл ол үшін қол жет-

пес арманға айналады. Сондықтан ол адам баласына жуыспай диуаналық ғұмыр кешеді. Бұл кейіпкердің шығарма құрылымында атқаратын міндеті Зылиха бақытын алыстата түсу. Осы пікірді басқа зерттеушілер де мақұлдайды. Нақтырақ айтсақ, грузин ғалымы А.Гавахария Низамидің «Хұсрау-Шырындағы» Фархад пен Тазги арасынан жақындық табады. Базиға қыздың бейнесі грузин әдебиетінде патшай ым Тамара образымен ұштасады. «Бір қызығы, – дейді ғалым, – Фирдоусидің дастанында не

«Жүсіп-Зылиханың» басқа версияларында ол бейне кездеспейді. Есесіне Жәми дастанында Базиға туралы эпизод негізгі орындардың біріне ие болады» [7, 99]. Мұнда бұл бейненің Зылиха образымен байланысы анықталады. Ал оның Жәми дастанында маңызды орын иемденуі ақын шығармашылығының басты тақырыбы ғашықтардың махаббатына арналғандықтан .

Бұл кейіпкердің барлық эпизодтарға ортақ дерек көзі болғанын дәлелдей түседі. Грузиялық версияның мәліметтерді поэзиялық өңдеуден өткен сюжеттен емес, жалпыға ортақ прозалық үлгіден алғаны байқалады. Ақындар ішінде Базиға бейнесін шығарма желісіне алғаш енгізген Әли болатын. Оның Әли версиясындағы атқаратын қызметі Зылиха бейнесін жан-жақты жетілдірумен шектелмейді, қыз туралы көрініс ақынға сюжетті дамытып, оқырманды Жүсіпті сату процесіне иландыру үшін керек болды. Ол қыздың Жүсіп бейнесін түсіндіруге қосқан үлесі де ерекше. Бұл жағынан ол Жүсіпті көру үшін шыңырау құдықта мың екі жүз жыл күткен Абида бейнесіне жақындайды. «Алис әл-Муридтен» алынған абыз жайындағы көрініс кейіпкер жағдайының қайшылығын ашуға септеседі. Ол бір баланың түрін көру үшін мың жылдан аса уақыт күтсе, ағалары Жүсіптен құтылу үшін оны құдыққа тастайды. Екі образ да ақынның негізгі мақсатына бағынып, кейіпкердің қайталанбайтын болмысын ашуға қызмет етеді. Сонымен Жәми мен грузин версиясындағы Базиға «Қисса Жүсіптегі» Тазга Бинте Табиунның өзі. Әріптегі айырмалар автордың қатесі емес, қолжазбаны көшірушілердің қатесі.

«Анис әл-Муридтің Лондондық нұсқасында Тазби (Базиға) туралы эпизод кездеспейді. Ал

«Қиссас-әл-әнбияның» парсылық нұсқасында ол көрініс бар. Ибн-Ат тайпасының қызы бар қаржысын салып Жүсіпті сатып алмақ болады. Ол Жүсіптің салмағына тең келетін қымбат дүниелер ұсынады. Шағын сандықтағы маржандар Мысырдың жылдық салығын құрайды дейді. Бұл образдың парсылық әдебиеттерден келгені анық. Ақын қызға өзі шығарған арнауды айтқызады. Әлидің парсылық «Қиссас-әләнбиядағы» тақ-тұқ жолдарды өлең өріміне көшіргені байқалады. Түркілік версиядағы әңгіме сатушы мен сатып алушының арасынан өрбімейді. Сатылатын құл мен қыздың арасында өтеді. Қыз өзінің мақсатын қалай да іске асыру үшін келеді.

Мың түйе, қазына-мал жүк көтерді, Бір-бірден күтушіге атын міндірді. Әрқайсысына әдемі тоң кидірді Бастарына гауһардан тәж кидірді.

Дастанда кейіпкердің жағдайы алғаш рет жүрек сөзімен сипатталады.

Жүсіптен сұрады: кімнің ұлысын. Біліп едім, сен құл емессің.

Айт маған, кімсің, кімнің тұқымынансың, Сен сұлтанның ұлымысың.

Үшбу халқын саған лайық емес Саған құл деп айту жөн емес.

Әркім сені алуға лайық емес. Бағаңды сенің кім білер?

Не үшін қайғың үлкен, Қабағың тар.

Көмек қылайын уа, жар,

Айт маған, бұл арада не хикмет бар. Ахуалыңды білуге көмек қылғын.

Сендей адам болған жоқ күллі әлемде.

 

Әдебиеттер

  1. Шайхулисламұлы Ж. Жүсіп−Зылиха ∕∕ Ғашықнаме Алматы: Жазушы, 1976.

  2. Бертельс Е.Э. Суфизм и суфийская литература. − Москва, 1965.

  3. Дүрбек. Юсуф и Зулиха. – Москва, 1987. 4 Әли. Қисса Юсуф. Қазан. − 1922.

  4. Табари. Кабир Торжиман. − Алматы, 2012.

  5. Тагирджанов А.Г. Влияние поэмы Фирдауси «Йусуф и Зуляйха» на «Кисса и Йусуф» Али и «Йусуф и Зуляйха» Шояз Хамзы. − Палистинский Сборник, 1970, вып. 21.

  6. Гавахария А.А. Персидские источники грузинских версий «Юсуф и Зэлиха». − Тбилиси, 1958.

Филология. Реферат. М. Жұмабаевтың аңыз сюжеттеріне негізделген поэмалары
Реферат. Оқыту үдерісінде интерактивті әдістерді тиімді пайдалану
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу