400 мың теңге пара алған әкім 12 миллион теңге айыппұл төлейді

Oinet.kz 17-12-2025 47

Хромтаудың бұрынғы әкімі Сағындық Шабықбаев пара алғанын мойындады. Алайда шенеунік тек айыппұлмен шектелді. Бұл туралы Oinet.kz ақпарат агенттігі Оrda.kz порталына cілтеме жасап хабарлайды.

Screenshot_1.jpg

Іс қысқартылған тәртіпте қаралды. Айыптауда көрсетілгендей, әкім болып тұрған кезде Сағындық Шабықбаев мердігерден тұрғын-үй және абаттандыру жұмыстарының орындалмаған актісін бекітпеуі үшін пара алған.

Сотта ол кінәсін мойындады.

"Мен өкінемін. Кінәмді толық мойындаймын. Айып ретінде айыппұл салуды сұраймын", – деді соттағы соңғы сөзінде.

Айыпталушы айыппұлды төлеуге қажет қаражаты бар екенін де жеткізді.

Сот оған 12 миллион теңге айыппұл салды. Бұл пара сомасынан 30 есе көп. Мүліктерін тәркілеу туралы шешім қабылданбады. Бірақ мемлекеттік қызметте өмір бойына жұмыс істеу құқығынан айырылды.

"Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылсын. Тергеу кезінде қамалған уақыт есепке алынған соң айыппұл – 11,3 миллион теңге", – деді судья.

Сағындық Шабықбаев 40 жаста. Ол төрт баланың әкесі. Хромтау әкімі қызметіне 2023 жылғы қыркүйекте тағайындалған. Бұған дейін әртүрлі мемлекеттік қызметтерде жұмыс істеген.

Прокурор Олимпиаданың қола жүлдегерін 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
Мобильді аударымдарды 1 қаңтардан бастап тексеру: министрлік мән-жайды айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу