Мобильді аударымдарды 1 қаңтардан бастап тексеру: министрлік мән-жайды айтты

Oinet.kz 17-12-2025 44

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов 1 қаңтардан бастап жеке тұлғалардың мобильді аударымдары қандай жағдайда бақылауға алынуы мүмкін екенін түсіндірді.

Screenshot_2.jpg

"Егер үш ай қатарынан жеке тұлғаға 100 түрлі адамнан аударым түссе. Яғни қаңтарда – 100 адамнан, ақпанда – 100 адамнан және наурызда – 100 адамнан. Осы үш айдың ішінде 100 түрлі адамнан аударым түсіп, сонымен қатар аударылған ақшаның жалпы сомасы 1 миллион теңгеден асса, тек осы жағдайда ол салықтық бақылауға алынады", - деді Биржанов.

Оның айтуынша, бұл талаптардың ешқайсы жеке-жеке негіз болып саналмайды, барлығы бір мезгілде орындалуға тиіс.

Вице-министрдің айтуынша, екінші деңгейлі банктер мұндай ақпаратты фискалдық бақылау аясында ұсынатын болады. Бұл ретте шоттарды бұғаттау немесе жабу туралы сөз жоқ.

"Екінші деңгейлі банктер мұндай деректерді фискалдық бақылау үшін береді. Жеке тұлғалардың шоттары жабылмайды. Біз анықталған сәйкессіздіктер бойынша хабарлама жолдаймыз, содан кейін оны жеке кәсіпкер ретінде тіркеу қажеттігін анықтаймыз. Мүмкін, өзге де жағдайлар бар шығар, мысалы, қайырымдылық сияқты, мұның бәрі ескеріледі. Шоттарды автоматты түрде жабу көзделмеген", - деді ол.

400 мың теңге пара алған әкім 12 миллион теңге айыппұл төлейді
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу