Тоқаев "ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу" туралы заңды мақұлдады

Oinet.kz 30-12-2025 48

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу” туралы заңды мақұлдап, қол қойды. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді. 

Screenshot_1.jpg

“Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды”, – делінген хабарламада. 

Жаза тек көпшілік алдында ЛГБТ-ға қосылуға шақырған жағдайда ғана қарастырылған.

"ЛГБТ-ны насихаттау" және педофилия үшін жауапкершілік көзделген: алғашқы құқықбұзушылық үшін – 20 АЕК (78 640 теңге) айыппұл, қайталап жасалған жағдайда – 40 АЕК (157 280 теңге) немесе 10 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылады.

ЛГБТ туралы заңда оның ресми түрде тек қоғамдық кеңістікке қатысты екенін және балалар мен жасөспірімдерді зиянды контенттен қорғауға бағытталғанын атап өту қажет.

Бұл адамдардың өзге болмысына өмір сүруіне тыйым салу емес екені және жеке өмірге араласу болып саналмайтыны айтылған.

Заң бұқаралық ақпарат құралдарында, интернетте және онлайн-платформаларда белгілі бір ақпараттың таралуын шектейді. Мақсат – балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіруі мүмкін контенттен, соның ішінде педофилия мен дәстүрлі емес жыныстық бағдарды насихаттаудан қорғау.

Бишімбаев алиментті аз төлеу үшін мүлкін үлкен ұлының атына жаздырған
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу