Сыздықбеков өзгерісті тамызда жасайды

Oinet.kz 24-12-2025 56

Жылан жылы үшінші мегаполисте де кадрлық ауыс-түйістер аз болған жоқ. Тамызда Сыздықбеков бірнеше орынбасарын жаңартты.   Алдымен Әйтеновтің кезінен қалған жалғыз орынбасар (дәлірегі бірінші орынбасар)  Қуаныш Асылов қызметінен кетіп, оның орнын Айдын Кәрімов басты.   

1733444478.jpg

Қала әкімінің коммуналдық, көлік салалары бойынша орынбасары лауазымына Берік Беркімбаев тағайындалды. Ол ұзақ жылдар прокуратура, сот, әділет органдарында қызмет еткен. Шымкентке келгенге дейін Президент Әкімшілігінде жұмыс істеген.  Сол тамызда Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов Сыздықбековтің орынбасары болып ауысып келді. Артынша Шымкент қаласының әкімі орынбасарларының штаты бесеуге көбейіп, бесінші орынбасардың креслосын Ержан Сейтенов иеленді. Ол бұған дейін Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы болған. Аппарат басшысының орны Тұран ауданының әкімі Берік Әшірбековке бұйырды. 

Жылан жылында басынан дау-дамай кетпеген білім мен денсаулық басқармаларының басшылары да жаңарды. Қыркүйекте қалалық білім басқармасының басшысы Гүлназ Сүлейменова күтпеген жерден қызметінен кетті. Оның орнын аз уақыт осы басқармада басшының орынбасары болған Қуаныш Ысқақов басты. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков «СК Фармация» ЖШС-ының басқарма төрағасы лауазымына ауысып кетті. Оның орнына Қайрат Қалыбеков тағайындалды.   

Биыл Шымкентте екі бірдей басқарма басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды. Тамызда қаланың бас сәулетшісі, қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Әбдешев ұсталды. Қалалық әкімдік бас сәулетшінің ісі оның қазіргі жұмысымен байланысты емес деген ақпарат таратты. Әбдешев бұған дейін Тараз қаласы мен Жамбыл облысының бас сәулетшісі қызметтерін атқарған. Артынша Тұрғын үй басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбековтің қызмет бабын асыра пайдаланды деген айыппен Астана қаласында ұсталғаны әлеуметтік желіде жазылды. Жуырда Жамбыл облысы прокурорының орынбасары Ғалымжан Дәненов: «2025 жылғы 5 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша Н.Жүнісбековке және басқа да тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», – деген ақпарат таратты.  Жүнісбековтің Жамбыл облысымен не байланысының бары әлі белгісіз болып отыр.    

Қызметтен кімдер кетіп, кімдер келіп жатыр?
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу