Путин Кремльде Нұрсұлтан Назарбаевты қабылдады

Oinet.kz 27-12-2025 41

Screenshot_2.jpg

Ресей президенті Владимир Путин сенбі күні кешке Қазақстанның бұрынғы басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу өткізді. 

"Кремльде Владимир Путиннің Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті", – деп жазды Кремль.

Алайда екеуінің не себепті кездескені айтылмады. 

Ресей президентінің баспасөз қызметі жариялаған видеодан Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев ақ гүлдермен безендірілген дөңгелек үстел басында отырғанын көруге болады.

Саясаткерлер осымен екінші рет кездесіп отыр. Алдыңғы кездесу 2025 жылы 29 мамырда өткен. Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы ол кездесудің жеке сипатта болғанын мәлімдеді.


В Шымкенте запущена подстанция «Ақжар»
Бишімбаев алиментті аз төлеу үшін мүлкін үлкен ұлының атына жаздырған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу