Қойдың жаралуы (аңыз-әңгіме)
21-12-2019
Осы мақалада сотта пайдаланатын құқықтық фразеологизмдердің жіктелуі және мағыналары туралы айтылған. Құқықтық фразеологизмдер шығу тегі жағынан үш топқа бөлінеді: латын тілі; ағылшын тілі; әртүрлі тілден енген фразеологизмдер. Бұл құқықтық фразеологизмдерді білімді адвокат тиімді әрі дұрыс пайлаланса, істің барысын түбегейлі өзгертуіне мүмкіндік береді. Сондықтан тәжірибелі адвокат сөз қорытындылау кезінде фразеологизмдердің мазмұнына сай ұтымды қолданатын жерлерін біліп отыруы тиіс.
Қоғамдық-саяси фразеологиялық бірліктерді бірнеше топқа бөлуге болады, бұл фразеологизмдердің жалпы жіктеліміне байланысты. Профессор В.В. Виноградовтың жіктеліміне сәйкес, фразеологиялық бірліктер фразеологиялық өсінділерге, фразеологиялық бірліктерге және фразеологиялық тіркестерге бөлінеді. Зерттеуші Н.Н. Амосованың пікірінше фразеологизмдер фраземалар мен идиомаларға бөлінеді. Ғалым Е.Ф. Арсентьеваның ұстанымына сәйкес фразеологизмдер ағылшын және орыс тіліндегі фразеологиялық баламалылыққа сәйкес жіктеледі. Оның жіктеуіне сәйкес фразеологиялық бірліктер келесі топтарға бөлінеді: ағылшын-орыс фразеологиялық баламалары, ағылшын-орыс фразеологиялық аналогтары, баламасыз фразеологиялық бірліктер [1].
Ғалым А.В. Куниннің ағылшын-орыс фразеологиялық сөздігі туралы зерттеуі бойынша қоғамдық-саяси терминдер негізінде жасалған ағылшын тілінде өте көп. [2] Бұл ең алдымен Ұлыбританиядағы қоғамдық-саяси ғылымдардың қоғамдық маңыздылығымен және өзектілігімен түсіндіріледі, осымен байланысты қоғамдық-саяси терминология ағылшын фразеологиясының сүйікті аспектісі болып табылады.
Ағылшын қоғамдық-саяси фразеологиясында көптеген римдік құқықтық фразеологизмдер кездеседі, бұлар Англия және басқа да еуропа елдеріне ежелгі дәуірден бері(Рим құқығы рецепциясы) еніп кеткен.
Рим империясы Еуропаны түгелдей дерлік жаулап алды. Римдіктермен бірге мұнда құқықта келді. Рим империясы құлағаннан кейін оның қалыптастырған құқығы Еуропада қызмет ете берді. Рим құқығы алғаш рет фразеологиялық ережелер мен құқықтық фразеологияға негіз болды. Рим құқығы жаңа халықтардың құқықтық дамуына іргетас болды, сонымен қатар Батыс Еуропаның барлық халықтарына ортақ іргетас болды, бұл сала Германияда, Францияда, Англияда және т.б. елдерде әлі де зерттеліп келеді.
Шығу тегі жағынан құқықтық фразеологизмдерді үш негізгі топқа бөлуге болады:
Латын тілінен енген құқықтық фразеологизмдер:
add insult to injury – жаңа реніш туғызу (этимологиясы жағынан латын тіліндегі Injuriae qui addideris contumeliam.)
Caesar is wife must (немесе should) be above suspicion – «Цезарьдің әйелі күмәннан тыс болуы керек» (Юлия Цезарьдің неге әйелі Помпеямен ажырасқандығы туралы түсініктемесі) фразеологизм Caesar is wife деген фразеологизмге негіз болды, яғни «күмәннан тыс адам» (тура мағынасында «Цезарьдің әйелі»).
punish – жазалау латын тілінде poena dare жаза беру.
Ағылшын тілінде бұрыннан қалыптасқан құқықтық фразеологизмдер:
Put smb. іn the cart – біреуді қиын жағдайда қалдыру (cart сөзі арқылы қылмыскерлерді жазалау орнынан апаратын немесе қала ішінде масқаралап жүруге арналған арбаны атаған).
well hanged (немесе hung ) for a sheep as a lamb – «егер қой үшін дарға асылатын болсам, неге қозыны да ұрлап алмасқа» (көне ағылшын заңының үзіндісі, бұл бойынша қой ұрлау дарға асу арқылы өлім жазасына кесілетін болған).
Fools rush in where angels fear to tread – «ақымақтар періштелер аяқ басуға қорқатын жерге қарай жүгіреді», «ақымақтарға заң жүрмейді».
Әртүрлі тілдерден енген құқықтық фразеологизмдер:
the unwritten law – жазылмаған заң афиналық заң шығарушы Солонға тән.
beg the question (кітап.) – өзің үшін тұжырымнан баста, дәлелден емес, себебі бұл Аристотельге тән.
кейбір галлицизмдер қазіргі ағылшын тілінде көнерген деп саналадыa knight of industy келімсек, ұры (фр. Cheavalier d ' in-dustrie).
forlorn hope – үмітсіз, аяқталған іс, соңғы үміт(голланд тілінен аударғандаverloren hoop – өлімге кесілген топ).
«Американизм» have an ax (e) to grind (Англияда «ax» жазуы қолданыстан шығып қалған) – өзінің бас пайдасын ойлаған, пайдасын көздеген.
Бұл жерде қандай да бір оралымның өзге тілден енуі және әртүрлі тілде қатар өмір сүруі мағыналық және образдылық жағынан кірме сөздерге ешқандай қатысы болмауы мүмкін, бұл осы тілде сөйлейтін халықтардың қоғамдық-саяси өмірінің,дәстүрінің, халық даналығыэлементтерінің біртектілігімен, ұқсастығымен түсіндіріледі.
Фразеологиялық кірме сөздер фразеологиялық форманы дамытады және коммуникация мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Әтүрлі құқықтық дереккөздерді зерттей отырып, көптеген фразеологизмдерді табуға және оларды әртүрлі жіктелім бойынша жіктеуге болады. Дегенмен фразеологизмнің түрі мен құрылымын біліп қою жеткіліксіз, сонымен қатар оның қолданылу ерекшелігін де білу керек. Ағылшын құқықтық фразеологизмдеріне тән қасиет олардың қарым-қатынастың нақты ситуацияларында қолданылуы және кәсіптік қызмет саласында қолданылуы болып табылады. Мысалы: The Home Office – Ішкі істер Министрлігі, common law damages – жалпы құқықты бұзу, to ensure the impartiality – мөлдірлікті қамтамасыз ету, statute book – заңдарды жинау, (in) due course of law – қажетті құқықтық процедура, to proride lawyers – юристерге беру.
Сот саласындағы терминология, және оның құрамына енетін фразеологизмдер сот ісінің типіне сәйкес қолданылады. Мысалы:
To try on the case – соттау, circuit judges – округтік соттар, to clear with the matter by summons – сот хабарламасының көмегімен істі бастау, to jail to appear to court – сотқа келуден бас тарту, taking of the plea in the case of the court – сотта ресми арызды қабылдау, grand of bail – қол астына алуға ұсыныс жасау, the master of the Polls – сот архивінің сақтаушысы, criminal records сотталу, forensic medicine сот медицинасы.
Қылмыстық және азаматтық істерді қарағанда қатысушылар әртүрлі терминдерді қолданады, тіпті істің жақтастары, тараптары, қылмыстың және жазаның түрлері де әртүрлі болады. Мысалы: first offender – алғаш рет сотталған, old offender – рецедивист, initial defention – алғашқы қамау.
Қорытынды сөз сөйлегенде адвокаттар айыптау тарабы ретінде және қорғау тарабы ретінде психологиялық аспектіні есепке алады. Кейде адвокаттың сөз саптауынан істің барысы түбегейлі өзгеріп кетуі мүмкін, бұл дәлелдер мен куәлардың сөзінен де басым түседі. Мысалы: give proof by –дәлелді бекіту, to meet conditions шарттарға қанағаттану, to be recommended for mercey – кешірімге лайық болу.
Сондықтан сот сөзінде тәжірибелі адвокат фразеологизмдерді де, және көркем әдебиеттен цитаталарды да, және латын тіліндегі қанатты сөздерді де қолданады. Білімді юрист қажетті терминологияны және әрқашан оны қолданатын жерін біледі.
Кейбір құқықтық фразеологимздер ағылшын мемлекетінің дамуының белгілі бір тарихи кезеңінде пайда болды:
to all intents and purposes – негізінен, барлық жағдайларға сәйкес.
Frome… to all practical intents and purposes he was not responsible for his actions.
Фроум… негізінен өз ісі үшін жауапкершілікке тартылмады.
The Inns of Court «Судебные Инны», Лондондағы барристер дайындайтын төрт құқықтық корпорациялар.
She was so affected that she wept when he told her how he would take Albert under his wing and have him educated at one of the Inns of Court.
Ол Альбертті өзінің қарамағына алып, құқықтық корпорациялардың біріне оқуға жіберетінін айтқанда, ол ренжігеннен жылап жіберді.
We strolled through the… Inns of Court, remembering Dickens, and along the Embankment to Westminster.
Диккенсті еске түсіре отырып, біз Вестминстер жағалауындағы төрт құқықтық корпорацияны артта қалдырдық.
action of the first impression – прецедент болмаған кезде істі қарау.
amicable action – екі тараптың келісімімен қозғалған сот ісі(қандай да бір құқықтық мәселе бойынша келісімге келу үшін).
Сот сөздерінің құқықтық фразеологимздер қолданылған кейбір жағдайларын қарастырамыз:
Gentlemen of the jury, before I call my evidence, I direct your attention to bandage the accused is still wearing. He gave himself this wound with his Army razor, adding, if I may say
so, insult to the injury he was inflicting on his country.
Құрметті сот мырзалар, мен төзімнің куәларымды шақырмастан бұрын, айыпкердің білегіндегі байлауышқа назар аударуды сұраймын. Ол өзін-өзі армиядағы алмаспен қолын кесіп жіберген, бұл ісі арқылы ол өзінің тәнін жаралағанымен қоймай, өз Отанына да масқаралық жасап отыр.
bring (немесе take) an action against smb. –
біреуге қарсы іс қозғау (сот ісі).
I think I should tell you that if you brought an action for divorce we should have to contest it. You would find it impossible to get the necessary evidence and you would lose your case.
Сізге айтқым келеді, егер сіздер ажырасу туралы іс қозғағыңыз келсе, біз сіздің әрбір сөзіңізге қарсы шығамыз. Сіз ешқандай із, дәлел таба алмайсыз да, ұтыласыз.
You are well in now and can afford to pay your debits. I have got some receipts that will come in handy if I am forced to take legal action.
Енді сіз бай адамсыз және өз қарыздарыңызды өтей аласыз. Менде қандай да бір қолхаттар бар, егер істі сотқа беру керек болса, мен оларды қолдана аламын.
Take the consequences of smth. – қандай да бір іс бойынша жауапкершілік алу, істің нәтижесі бойынша жауапкершілікке тартылу.
Let him take consequences of this undutifulness and folly.
Ол өзінің тыңдамағаны және жауапкершілік танытпағаны үшін жауап берсін.
Ағылшын тіліндегі құқықтық фразеологизмдерді зерттеу бірқатар мәселелерді шешуге көмектеседі, бұл тілдегі бірліктерге де қатысты, сонымен қатар сөздердің лексикалық мағынасының сипатына да қатысты, сонымен қатар ағылшын тіліндегі сөзжасамның әртүрлі мәселелеріне және құқықтық сөйлеу тілінің стилистикасына да қатысты. Фразеологиялық жүйені жан-жақты зерттеу және ағылшын тіліндегі құқықтық фразеологимздерді зерттеу олардың негізгі құрылымдық-семантикалық және стилистикалық типтері туралы, олардың шығу тегі туралы мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Құқықтық фразеологизмдердің ерекшеліктері сөз қолданысының әдеби нормаларын меңгеруге мүмкіндік береді. Фразеологизмдерді зерттеудің маңыздылығы басқа да тілдік бірліктермен қатар олардың ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндік береді.
Фразеологиялық бірліктердің әртүрлілігі ағылшын тілінің тарихының бай екендігін көрсете отырып, бай ағылшын мәдениеті, олардың басқа мәдениеттермен байланысын көрсетеді және оны жанды екендігін, дами беретінін, ақпараттық ролін байқатады.
Осыған дейін ағылшын тіліндегі фразеологиялық оралымдарды зерттеу үшін Англиядағы және Америкадағы фразеологиялық оралымды зерттеу ісі орын алған. Біз тақырыбымызға сәйкес қоғамдық-саяси фразеологияны зерттеу барысында құқықтық фразеологияға тоқталдық. Енді бұқаралық ақпарат құралдарындағы фразеологизмдерге тоқталамыз. Американың баспасөз беттеріндегі қоғамдық-саяси фразеологиялық бірліктер мен фразеологиялық оралымдар АҚШ тарихындағы және ішкі және сыртқы саясатындағы екі тарихи кезеңді қамтиды:
XVIII ғасырдың соңы – XIX ғасырдың соңы (тәуелсіздік үшін күрес, 1861-1865 жылдардағы азамат соғысы, американдық демократияның қалыптасуы);
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңнен бастап 1992 жылға дейін («суық соғыс» кезеңі). Бұл кезеңдердегі қоғамдық-саяси фразеологиялық бірліктердің белсенділігі қоғамдық-саяси лексиканы зерттеу негізінде жүзеге асты және алғашқы фразеологиялық сөздіктер мен тезаурустар пайда болғаннан бастап қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарына дейінгі кезеңді қамтиды.
Жүргізілген талдаулар негізінде тілдегі көптеген өзгерістер әлеуметтік және саяси өзгерістер барысында орын алады, сондықтан Америка тарихындағы елеулі кезеңдерді қарастыру қоғамдық-саяси фразеологизмдерді синхронды және диахронды барысында қарастыруға мүмкіндік береді.
Фразеологияның ұлттық-мәдени тілдік ұжым дәстүрлерімен тығыз байланысты екені бұрыннан дәлелденген болатын. Көптеген фразеологиялық бірліктер өз ішінде әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерді байқатады, бұл осы кезеңнің тарихи дамуының еркешеліктерімен байланысты. Көптеген алғашқы білімдер тілде сөйлеушілерге образды формада жасырынып тұрған ақпаратты немесе бағалауды дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Дегенмен басқа социумның өкілдері басқа тілде сөйлемесе де, бірақ сол этностың өкілі болса, бірақ диахронды перспективада орын алса, осы образды ассоциациялардың ерекшелігін түсінбеуі мүмкін, соның нәтижесінде фразеологизм олар үшін коммуникативтік бірлік болмай қалады.
Осымен байланысты қоғамдық-саяси фразеологизмдердің қолданыстан шығып қалу себептеріне тоқталайық:
бұл әлеуметтік факторлардың кездейсоқ құбылысы болуы мүмкін, сондай-ақ қоғамның тілге саналы әсерінен де болуы мүмкін;
шын мәнінде айқын көрініс тапқан идеологиялық сипаты фразеологизмдердің идеологиялық қажеттілік болмаған жағдайда тез көнеруіне әкеп соқтыруы мүмкін;
бұрынғы ұғымының көнеруі салдарынан пәндік қарым-қатынасты жоғалтуы мүмкін;
тілдің белгілі бір тарихи даму кезеңінде образды-экспрессивті бейнелеу құралы ретінде фразеологизм өзінің өзектілігін жоғалтуы мүмкін;
ішкі формасының тұрақсыздығы пайда болады;
образы көмескіленіп, семантикалық жоспарда сөз тіркесін қабылдау мен кодын алу күрделене түсуі мүмкін, соның нәтижесінде ол қолданыстан шығып қалады.
Сол кезеңдегі баспасөз беттерінен алынған көлемді практикалық материалды талдау және қарастыру барысында және лингвоелтанымдық және фразеологиялық сөздіктерді қарастыру барысында анықталған американизмдердің көнерген және қолданыстан шығып қалғандығына қарай фразеологизмдер мен фразеоматикалық оралымдардың бірнеше топтарын бөліп қарастыруға болады:
Жалқы есімнен жасалған, шынайы тарихи образды білдіретін, қоғамның барлық мүшелеріне жақсы таныс сөздер. Мысалы, “We must consult Brother Jonatan” оралымы өз уақытында бүкіл елдің символы болды, ал мұндағы жалқы есім американдықтардың лақап аты болды.Алғашында Вашингтон бұл сөзді Коннектикуттан шыққан губернатор, өзінің хатшысы әрі көмекшісіДжонатан Трамбергке айтты, оның пікіріне президент құлақ қоятын еді.Қиын жағдайларда ол былай дейтін: «Джонатан ағайдан сұрау керек». Дегенмен қазіргі американдық осылай дегенде кімді меңзеп тұрғанын түсіне ме екен. Бұл оралым өзінің мағынасын жоғалтты да “Uncle Sam” ұғымымен алмасты, бұл кейінірек пайда болды.
Бұрын өткен және ұмытылып кеткен жағдайлармен байланысты сөздер. Мұндай оралымдарды тек тарихи оқиғаларды жіті білетін американдық қана түсінуі мүмкін. Мысалы, “Fifty-four forty or fight”. Бұл АҚШ пен Ұлыбритания арасындағы бұрыннан бері келе жатқан территориялық қақтығысты білдіреді, бұл
оралымды алға тартқан демократиялық партияның «соғыс фракциясы» Батыс Штаттардың соғысушы «қырандарымен» таласа отырып, Орегона жерінің солтүстік белдеуден 54 градус 40 минутке дейінгі территориясын талап еткен. Осыған байланысты: “The popularity of the President depended not on his 54* 40’ but upon his moderation and wisdom”. – Punch. March 21, 1846. Көнерген ұғымдар мен реалиялар. “Liberty Tree” ұғымы Нью-Йоркте 1766 жылы герб салығы туралы Заңның жойылуына орай тұрғызылған ағаш.
4.Моральдық-этикалық сипатына қарай алынып тасталған сөздер. Мысалы, “second-class citizens” деген сөз тіркесі дауыс беру құқығынан айрылған адамдарға айтылатын болған, негізінен қара нәсілді американдықтарға арнап айтылған. 60-шы жылдары бұл ұғым дауыс беру құқығына қатысты өзінің мағынасын жоғалтып, «білім алу мен экономикалық жеңілдіктерге ие болу құқығынан айрылғандар» мәніне ие болды. Сөйтіп “second-class citi-zens” сөз тіркесі бара-бара қолданыстан шығып қалды. Мысалы, “first class” секілді қызмет көрсететін көлік компаниялары этикалық нормаға жатпайтындықтан, “secondclass” тіркесін қолданбау үшін мұның орнына “coach”, “tourist”, “business” class тіркестерін қолдана бастады.
Аталған тарихи кезеңдерде қоғамдық-саяси лексиканың екі синхронды кесіндісіне талдау жасау мақсатында алынған фразеологиялық бірліктерді және фразеоматикалық оралымдарды фразеосемантикалық өрістерге бөлу керек болды. Анықтау үшін, қазіргі лингвистикада тілдің семантикалық жүйесін зерттеу үшін дәстүрлі түрде өрістерді бөлуге көшті (Й.Трир, К.Л.Даншевская, Т.С.Шур және т.б.). Семантикалық өрістерді бөлу мүмкіндігіне орай фразеологияда жүйелілік пайда болады, бұл фразеологиялық семантиканың семантикалық өрістерін бөлуге мүмкіндік береді, бұл қоғамдықсаяси лексика саласында динамикалық аспектілерді қарастыруға мүмкіндік береді.
Фразеологиялық семантиканың тенденцияларын анықтау үшін фразеосемантикалық өрістерді салу әдісі қолданылды. Әрине өрістер толық зерттеуге ие бола алмайды, себебі зерттеу материалы шектеулі. Зерттеу міндетін біз фразеологиялық бірліктер мен фразеоматикалық оралымдардың біріккен семантикасының өзгерісінен көреміз, бұл образды құралдар арқылы дамиды. «Әлем картинасы» үзігінің динамикасын сипаттау үшін фразеологиялық қордың дамуындағы фразеологиялық бірліктер мен фразеоматикалық оралымдарды бейнелейді, бұл баспасөз бетіндегі тілдік лексиканың динамикалылығын, өзгермелілігін, кемелділігін көрсетеді.
Қоғамдық-саяси фразеологиялық қордың екі синхронды кесіндісін салыстыру барысында мынадай фразеосемантикалық өрістер анықталады: АҚШ-тағы тәуелсіздік үшін күрес кезеңі және азамат соғысы кезеңі (XVIII ғасырдың соңы – XIX ғасырдың соңы) – «Сайлау және сайлау алды науқандар», «Штаттар мен штаттар тұрғындарының атаулары», «Саяси қайраткердің және оның қызметінің мінездемесі»,«Саяси партияның мінездемесі», «Заң шығару шаралары», «Құлдық», «Жеке лақап аттар», «Әкімшілік әрекеттері мен қызметкерлердің мінездемесі», «Кластарды, мамандықтарды, саяси бағдарды, өмір сүру қалпы мен тәртібін бейнелейтін терминдер», «Жалпы есімге айналған жалқы есімдер», «Белгілі тұлғалардың қанатты сөзге айналған сөздері», «Партиялардың, бірлестіктердің, ұйымдардың атаулары, лақап аттары және сипаттамалары», «Әртүрлі партиялардың, соғыстардың, көтерілістердің атрибуттары, реалиялары және девиздері», «Сайлау алды науқанмен, әкімшіліктің кең тараған шараларымен байланысты сөйлеген сөздердің, көтерілістердің атаулары», «Заң шығару шаралары», «Коммерциялық, құқықтық, спорттық, журналистік және басқа да терминдер», «Ішкі саясат: үндістермен соғыс», «Ішкі саясат: құрғақ заң» секілді фразеосемантикалық өрістерде бейнеленген.
АҚШ пен КСРО арасындағы суық соғыс кезеңі (соғыстан кейінгі кезең 1992 жыл) «Сайлау және сайлау алды науқандар», «Саяси қайраткердің мінездемесі», «Саяси партияның сипаттамасы», «Заң шығару шаралары. Әкімшілік әрекеттерінің сипаттамасы», «Сыртқы саяси бағдар. Халықаралық келіссөздер мен келісімшарттар», «Қорғанысқа бағытталған ішкі саясат», «Ішкі саясат: соғысқа қарсы күрес», «Ішкі саясат: антикоммунистік күрес», «Әкімшіліктің сыртқы және ішкі бағдарларының сипаттамасы», «Белгілі тұлғалардың қанатты сөздерге айналған сөздері», «Үкімет органдарының жемқорлығы», «Сегрегация. Қара нәсілді тұрғындар», «Вьетнамдағы соғыс», «Суық соғыстың атрибуттары мен реалиялары», «Қоғамдық-саяси ұйымдар мен азаматтық құқық және соғысқа қарсы қозғалыс үшін қозғалыстар», «Жеке лақап аттар», «40-шы жылдардан бастап 90-шы жылдарға дейін пайда болған әлеуметтік құбылыстар мен теориялар» фразеосемантикалық өрісінде бейнеленген.
Әдебиеттер
Арсентьева Е.Ф. Сопоставительный анализ фразеологических единиц (на материале фразеологических единиц, семантически ориентированных на человека в английском и русском языках). – Казань : Изд-во Казан. ун-та, 1989. – 178 с.
Кунин А.В. Англо-русский фразеологический словарь, 4-е изд., перераб. и доп. –Москва: Русский язык, 1984. – 944 с.