Ашық сабақ. Қазақ тілі. Зат есімнің септелуі

Oinet.kz 06-10-2019 1321

Зат есімнің септелуі

  oquzaman  0 Comments

                                                                 Солтүстік Қазақстан облысы.

                                                                 Ғабит Мүсірепов ауданы.

                                                                 15 жылдық Қазақстан ауылы.

                                                                 Жетписова Гүлнұр Қаратайқызы.

                                                 Жаманшұбар негізгі мектебінің

                                           бастауыш сынып мұғалімі


Сабақтың мақсаты: а) Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру.Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгеру.

ә)Сөйлемді жүйелі құруға, өздігінен қорытынды шығара білуге дағдыландыру, белсенділігін арттыру, ойлау жүйесін дамыту.

б)Сауаттылыққа, дұрыс, мәдениетті сөйлей білуге, жылдамдыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Әдіс- тәсілдері:Сұрақ- жауап, ізденушілік, топпен жұмыс, түсіндіру,   жазбаша жазу жұмысы,   ойын, ой толғау.

Көрнекілігі: «Алтын қақпа» ойынындағы тас қақпа, күміс қақпа, алтын қақпа, алтын сандық, сегіз киіз үй, карточкалар, жеті септіктің сұрақтары мен жалғаулары жазылған плакат, кубик.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Қазақ   тілім- өз тілім- ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл- қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім!

-Міне , балалар, кемеңгер, ғұлама, ақындарымыздың тілі- туған тіліміз қазақ тілі   сабағы.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

  • Үйге қандай тапсырма беріліп еді?

  • 279-280- жаттығу   жазуға берілді.

Қазір мен сендерге сұрақтар қоямын, сендер жауап беріп отырсаңдар.Үй тапсырмасын тексеру арқылы жаңа тақырыптың аты шығады.

1.279- жаттығу.Бірінші жолдағы сөздер қай сөз табына жатады? (Негізгі етістік)

2.Екінші жолдағы сөздер ше? (Сын есім)

3.Осы сөздерден қандай зат есім жасап жаздыңдар? (Туынды зат есім)

4.280 жаттығу.Қандай зат есімдерді таптыңдар? (Достық – туынды зат есім).

5.Заттың атын білдіретін сөз табы. (Зат есім)

6.Заттың қимылын білдіретін сөз табы. (Етістік)

7.Заттың санын білдіретін сөз табы. (Сан есім)

Сонымен үй тапсырмасын тексеру арқылы жаңа тақырыптың аты шықты.Бүгінгі өтетін жаңа тақырыптың аты «Зат есімнің септелуі» деген тақырып.

Тақтада:  Оқушылар орманға саяхатқа шықты.

Сөйлемдегі сөздерді бір- бірімен байланыстыру үшін жалғанатын жалғауларды септік жалғаулары   дейміз.

Қазақ тілінде жеті септік бар:атау, ілік , барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес.

Зат есімнің септік жалғаулары арқылы өзгеруін зат есімнің септелуі дейміз.

Зат есімнің септік жалғауларын айтып   өтемін.

Атау септік Кім? Не?

Атау септігінің өзіне тән арнайы қосымшасы болмайды.Ол заттарды түбір   күйінде атап көрсетеді.Бастауыш мүшесінің қызметін атқарады.

Сонымен сөйлемдегі жалағуларды алып тастағанда сөйлем байланыспайды.Бұл жалғаулар зат есім сөздерін бір- бірімен байланыстыру үшін жалғанады.Бұл сабақта барлығымыз «Білім еліне» саяхатқа шығамыз.Мына өлең жолдарын айтып өтемін

Шіркін- ай ғалым болсам,

Тілдескен даналықпен.

Әлемге мәлім болсам,

Ашқан көп жаңалықпен.

Шіркін- ай әнші болсам,

Кәдімгі күміс таңдай.

Шіркін- ай батыр болсам,

Айбатты арыстандай.

Әншінің, ақынның да,

Жанына білім қорек

Бүгінде батырдың   да

Өзіне білім   керек.

Көзіңнен күлімдеген,

Бір ұщқын сезіп пе ең сен.

Алдымен   білім деген,

Бәйгеден озып кел сен.

Оқудың озатына,

Арман да таяу болар.

Білімнің боз атына,

Мінбеген жаяу қалар.

«Білім» деген ғажайып елге жету үшін көп еңбек етіп, білімімізді ортаға салайық.Оған жету жолында ертегілерде айтылатындай көптеген кедергілерден өтуіміз қажет.Бұл кедергілер біздің «Алтын қақпа» ойынында кездеседі.Бұл ойынды теледидардан көріп жүрсіңдер.Қайсы топ осы ойындағы әр қақпаның сұрағына жауап берсе, «Білім елінің» білімді азаматы болмақ.Осы қақпалардан өту үшін топ болып жұмыс істейміз.

(Сынып оқушылар екі топқа бөлемін.Әр топтан жетекші белгіленеді.Берілген тапсырмалар бойынша жауаптары дайын топ жетекшісі белгі береді).

Ал, балар , «Іске сәт!»

Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді, жаңа тақырыпты жазыңдар.

І.Біздің алдымыздағы   қақпа.

«Тас қақпа»

Тапсырмасы:Оқулықтағы 281-282- жаттығулар

Кубикті лақтыру арқылы қай топ 1-ші жаттығуды орындайтындары көрсетіледі.

І топ.

281- жаттығу тақтада орындалады.

ІІ топ.

282 жаттығуды орындарында орындайды.

Жақсы, балалар, «Тас қақпаның» есігі ашылды.

ІІ Ендігі кедергіміз «Күміс қақпа».

Оқулықтағы 283- жаттығуға қарайық.Суретші, қайың сөздерін септеп жазайық.

Осы кезде тағы да кубикті лақтырып, қай топтың номері түссе сол топ бірінші сөзді септеп жазады.

А.с. суретші , қайың.

І.С. суретшінің, қайыңның.

Б.С. суретшіге, қайыңға.

Т.с. суретшіні, қайыңды.

Ж.с. суретшіде, қайыңда.

Ш.с. суретшіден, қайыңнан.

К.с   суретшімен, қайыңмен.

Жақсы, балалар, енді алдымыздығы күміс қақпа да ашылды.

ІV.Сергіту сәті.

І топ.Атау септік.                 ІІ топ .Ілік септік.

Атау септігі нұсқауларындағы оқушылар атау септігіндегі сөздерге мысал келтіруі керек.Ал екінші   нұсқадағыны оқушылар ілік септігіне айналдырып айтуы керек.

Мысалы:Сынып- сыныптың,   Гүл- гүлдің

ІІІ.Ендігі кедергіміз «Алтын қақпа»

Тапсырмасы: «Орнымды тап» деген ойын ойнаймыз.Ертеде Септік деген қарттың жеті ұлы бар екен.Жеті ұлын жеті отау етіп бөлек шығарған екен.

Ел, табиғат, ақынның, көлдің, малға, өріске, кітапты, қоянды, мектепте, далада , аспаннан, жаңбырдан, біліммен, еңбекпен.

Шығармашылық   диктант. (Уақыт беріледі)

ІV.Ал, енді, балалар, «Білім елінің» кілті жасырынған «Алтын сандықты» ашайық.Алтын сандықтың тапсырмалары:

285 – жаттығуды 2 жолдан 2 топқа жазғызып, қай септікте тұрғанын айтқызу.

Алтын сандығымыз да ашылды.Оның ішінде тапсырма бар екен.

V.Қорытынды:

1.Септік жалғаулары не үшін қажет?

2.Зат есімнің септелуі дегенді қалай түсінесіңдер?

  1. топта «Венн диограммасы» арқылы көрсетіп , түсіндіреді.

VІ.Үйге тапсырма беру.

284 – жаттығу.Ереже жаттау.

VІІ.Білімдерін бағалау.

2 топтың топ басшылары өздерінің топтарына қандай   баға қойғанын айтады.


Ашық сабақ. Қазақ тілі. Дара және күрделі етістіктер
Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. Жүсіп Баласағұн өмірі мен шығармашылығы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу