Ашық сабақ. Қазақ тілі. Дара және күрделі етістіктер
Дара және күрделі етістіктер
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов ауданы
Жаманшұбар негізгі мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі.
Биғалиева Арша Есілбайқызы
Мақсаттары: Сөз таптарының ішінде етістікті тиянақтай отыра, етістіктердің дара және күрделі болатынымен таныстыру.
Білімділік: Сөйлеу тілін, ой-өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, білімін кеңейту.
Дамытушылық: Ақыл-ойын, логикалық ойлау жүйесін дамыту, сөйлемді жүйелі құруға өздігінен қорытынды шығара білуге үйрету.
Тәрбиелік: Кішіпейілдікке, ұстамдылыққа, әдемі, сауатты жазуға және де мәнерлі сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дамытушылық, қайталау сабағы.
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, әңгімелеу, түсіндіру, жазбаша жазу, ауызша жұмыс.
Көрнекілігі: Ребустар, қима қағаздар, геометриялық фигуралар, суреттер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа қажетті оқу құралдарын қадағалау.
Оқушылардың назарын сабаққа аударту.
Үй тапсырмасын тексеріп, алған білімдерін тиянақтау.
Сурет бойынша құрған әңгімелерін оқытып, етістіктерді тапқызу, сұрақтарын сұрап, ережесін айтқызу.
3.Ендеше, балалар дара және күрделі етістіктер туралы алған білімімізді әрі қарай кеңейту мақсатында ойынмен жалғастырамыз. Ойын: «Орнын тап».
Мына сандықшаларға етістіктерді бөлек-бөлек салу керек.
-Енді балалар дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді әдемілеп жазып қойыңдар.
4. Оқулықпен жұмыс: 438-жаттығу. Жұмбақты көшіріп жазып, етістіктерді табу.
Ауызша жұмыс: 439-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқып, етістіктерді табу.
Мәтінде тағы қандай сөз таптары бар? Енді балалар, тақтадағы суретке қараймыз. Не көріп тұрсыңдар?
Бұл қандай сөз табы? Ендеше суреттегі зат атауларының алғашқы әріптерінен сөз құрап оқуымыз керек.
5.Терме диктант.
Парта, келді, отырады, аю, көктем, жазады, ұшып жүр, қыбырлай бастайды, сабақ, жүреді.
441-жаттығудан дара және күрделі етістіктерді салыстыру.
Күшіктерді таратып артындағы өлеңді оқыту.
6. Сергіту сәті. Ортаға шығып, геометриялық фигураларды атау.
Ребус шешу.
Ой қозғау. Мына мақалдың сөздерін тап:
Ананың сүті … өсіреді,
Ананың тілі … өсіреді.
9. Шығармашылық тапсырма.
Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін тексеру негізінде жаңылтпашты жатқа жаздыру
Қазанда шұжық жүр,
Үш шұжық жүзіп жүр.
Шұжықшыл Жүсіп жүр,
Шұжықты сүзіп жүр.
Етістіктерді табу.
Оқулықпен жұмыс. Сөйлем құру:
Күркіреді, сіркіреді, жарқырады.
Өлең құрастыру.
Қорытындылау:
-Сонымен етістіктің құрамына қарай қандай түрлері болады екен?
– Дара етістік неше сөзден тұрады?
-Күрделі етстік ше?
Үйге тапсырма: 147 бет, 451-жаттығу
Бағалау.