Кенесары қырғыздарға неге барды?
06-11-2023
Басты мақсат – Фарабилер биігіне талпыну
«Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие беру керек.Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы,ол келешекте оның өміріне зиян әкеледі» - деп сөзімді түркі ойшылдарының ең атақтысы,әлемнің екінші ұстазының сөзімен бастағым келіп отыр.
Әбу Насыр Әл Фараби - әлемге әйгілі ойшыл,философ,социолог,математик,физик,астроном,ботаник,лингвист,логика,музыка зерттеушісі 870 жылы өркениеттің ордасы, ғылым мен білімнің бел ортасы, мәдениет пен өнердің сарайы, сауда мен кәсіпкерліктің өзегі болған Отырар қаласында,көрнекті әскербасының отбасында дүниеге келген. Әйгілі Отырар,ертеректе Фараб аталған бұл аймақтан күллі дүние жүзіне мәшһүр, әлемдік ғылымға сүбелі үлес қосқан оқымыстылар мен жаһандық өркениетке ықпалды болған дарынды,талапты Фарабилердің отаны болған.Солардың арасынан туған қаласының атын жер-көкке шығарып, Отанының абыройын асқақтатқан, Аристотельдің шәкірті, Авиценаның ұстазы, элиндік ғалымдардың еңбектерін қыпшақ тіліне тәржімалаған аудармашы Әбу- Насыр Мұхаммед ибн Узлағ Әл-Фараби Отырар кітапханасында білім нәрінен сусындап өскен.Ол білімін нығайту үшін Ұлы Жібек жолымен Орта Азия,Таяу Шығыс қалалары арқылы Иракқа барған.Ол кезде Бағдат Араб халифатының саяси және мәдени орталығы болған еді.Ғұлама ғылымға түбегейлі бет бұрып, ұстазы Аристотельдің қағидаларынан өз дүниетанымына жақындарын қабылдап,оның жасампаз ақыл жөніндегі пікірін әрі қарай өрбітіп,дәл осы қалада оған «Муаллим ассана» - «Әлемнің екінші ұстазы» деген құрметті атақ берілген.Содан кейін Шам аймағына қоныс аударып,950жылы өмірден өткенше сол өлкеде қалады.
Философтың өз Отанындағы атқарған өзекті ісі - Ежелгі Египеттегі Александрия кітапханасынан кейінгі екінші орынды иеленген кешенді білім ордасы «Отырар кітапханасының» негізін салуы.
Бұл жайлы қытай саяхатшысы Лу-Цзин:«Отырардың даңқы шарапханасымен емес,мейманханасымен емес,әйгілі кітапханасымен шықты» деген екен. Онда Әбу Насыр Әл-Фарабидiн шығармалары мен кiтаптары, қол жазбалары және Шығыс ғалымдарының хаттары өте коп болған.Шынғысхан да сол себепті жаулап алғысы келді.
Мұхтар Шаханов «Отырыр дастанынан» үзінді
Алты ай бойы ерлiк салтқа төрiн берген Отырар,
Алты ай бойғы алапатта жeңiлмeгeн Отырар
Алты-ақ күнде жермен-жексен қирады.
Ақыл-ойын жалындатқан,
Өнер, ғылым шамын жаққан
Ұлы қала Азияның маңдайына сыймады.
Безбүйрек жау сәбилердi, шал-шауқанды, кемпiрдi,
Tiптi жүктi әйелдiң де iшiн жарып өлтiрдi.
Құзғын, қарға ғана тынбай шарлап мұңлы аспанды,
Отырардың аянышты, зарлы өмiрi басталды.
Айдай әлем мойындаған даңқы бар,
Жүз елу мың халқы бар,
Нән қаланың асқақ әнi осыменен шектелдi.
Iшiмiзден Карашаш атты сатқын қақпаны ашып бермегенде, Отырар даңқы асқақтап,ғаламда жоқ жазба кітаптар әлемді таңқалдырып,ғылым саласы одан әрі дамып,жас Фарабилер көбейер еді.
Отырар жеріндегі басты құндылық ол - Отырар кітапханасы еді.Александрия кітапханасы 391 жылы өртелінгеннен кейін, Отырар кітапханасы сол жылдан бастап, яғни 830 жылдай әлемдегі ең үлкен кітапхана болып тұрған.
Кейбір деректерде: «Кітапхана ауқымы жағынан тек Александрия кітапханасынан ғана кіші болған», - делінеді.Бірақ нақты дәлел жоқ.
Жер астында шамамен 500мыңдай кітап жатуы мүмкін деген профессор,ғалым Еренғайып Омаров.Иә,бәрі мүмкін.Меніңде киелі Отырардың қасиеті,қара жерде жатқандығына сенімім мол.Осы қасиетті жерде дүниеге келген,туған өлкенің тарихы,оның бүгіні мен болашағы туралы тебірене жырлайтын,ақын,жазушы – Мұхтар Шаханов.Оның Отырар жайлы дастаны,кітапхана жайлы өлеңдері - Фарабилер біліміне талпынған әр қазақ баласын ойландырмай қоймасы анық.Біздегі басты мақсат Фарабилер биігіне жету,елімізді білімнің биік шыңынан көрсету,әлем таныған рухты білімділер ордасы болу.Бұл сөздерімді Мұхтар ағамыздың кітапханаға арнаған туындысының бөлшегі ретінде қабылдаңыздар.
Отырар кітапханасы
Тек қарынның байлығына сенген елдің соры бар,
Көне тарих сабақтары бізге мойын бұрғандай.
Отырарда әлемде жоқ жазба кітап қоры бар,
Өткен заман елестері әлі қоршап тұрғандай.
Көзсіз зорлық ғасырынан,
Надандықтың тасырынан,
Жер астына жасырылған
Дара тұлға бабалардың ұшқыр ойы,санасы.
Ұяттыны толғандырған,
Қанаттыны заңғар қылған,
Күллі әлемді таңқалдырған,
Рухыңмен қолда бізді,
Отырардың ұлы кітапханасы!
Өміріміз күнде күрес,қайшылығы тіптен көп,
Неге төмен қиратқыштан мейірбанның атағы?
Шыңғысханның ізгілікке шабуылы біткен жоқ,
Зұлымдықты мадақтау да зұлымдыққа жатады.
Қайда барсаң жеке мүдде жеңісі үщін алқыну,
Таптыра ма құмға сіңген зор парасат дастаны?
Басты мақсат – Фарабилер биігіне талпыну,
Рухы жоқ білімдіден қоғам шаршай бастады.
Ақниет Оразалиева
Туркістан облысы
Төлеби ауданы
М.Х.Дулати мектебі
11"А"-сынып оқушысы