Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. Жылқы – қазақтың рухы

Oinet.kz 05-10-2019 908

Жылқы – қазақтың рухы

Жылқы – ұлы даланың кербезі,сайын даланың сәні,ердің қанаты.Атам қазақ бұл қасиетті жануарды серігіне балап,ерекше қастер тұтқан және төрт түліктің ішінен тек жылқыны ғана жеті қазынаға жатқызған.Бұл – Қамбар ата төліне деген ерекше құрметтің белгісі.Жылқы – өз бойын таза ұстайтын,өз жерін алыстан танитын сезімтал жануар.

Жылқы малын алғаш рет Қазақстан аумағында көшпенділер қолға үйреткен.Ат үстінде жүрген көшпенділер,тақымына басқан сәйгүлігіне еркін мініп тұру үшін биік ер-тұрман мен үзеңгіні ойлап тапты.Бұл жаңалық салт атты адамның тұлпар үстінде қаққан қазықтай мығым отыруына,сондай-ақ қолындағы қаруын еркін пайдалануына мүмкіндік берді.Бұл текті жануардың қасиеті мен пайдасы ұшан теңіз.Еті де,сүті де қазақ халқы үшін аса қадірлі тағам.

Жылқы – қазақ халқының шаруашылығында ғана емес,әлеуметтік өмірінде де үлкен мәнге ие болған.Сонымен қатар бұл жануар қазақтардың түрлі спорттық ойындарының,салт-дәстүрлерінің,жырларының пайда болуына арқау болған әрі дүниетанымының кеңеюіне әсер еткен.

Қазақ халқы жылқыны спорттық ойын-сауықтарда азаматтың мерейін асыратын,салт-серілік пен сәнділіктің шырайын келтіретін текті жануар деп есептеген.Сондай-ақ жас баланың алғаш атқа отырғанын атап өту рәсімі-тоқым қағар тойынан бастап,адамның бұл өмірден өткенінің белгісі ат тұлдауға дейінгі бүкіл тіршілікті жылқымен байланыстырған екен.

 

Қазақ халқының белгілі көптеген ақын,жыршылары өз жырларында жылқыны ерекше сипаттаған.Адам мен тұлпардың арасындағы бұзылмас сенім,мызғымас беріктік,жақын достық,иесіне деген адалдық жайлы жыр еткен.Тұлпарлардың айрықша есімдерімен атап,жырға қосқан.

Жылқы сол заманда қазақтың рухы саналған және қазірде қазақ халқынының рухын асқақтатып тұрған,ұлы даланың өшпес,асыл жануары.

Ежелгі тарихымызда ата-бабамыз ат үстінде кең байтақ жер үшін қан төгіп,қорғап,бізге аманат қылды.Міне енді сол аманат жаңа тарихымызда Тәуелсіз Қазақстан атты кең байтақ жеріміздің көгінде асқақтап тұрған туымыз бен елтаңбамыздың нышаны ретінде ұлықтап тұр.Тұңғыш елбасымыз «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында түп тамырымызды терең білуге шақырды.Қазақстан тарихын жеке жұрнақтарымен емес,тұтас қалпында түсінікті болуы керек екенін айтты.Өйткені тарихты білмей,болашақты болжау қиын.Тарих бастауы мен болашағы - ұлы даланың кербезі мәңгілік көз қарашығымыз болсын!


Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. Басты мақсат – Фарабилер биігіне талпыну
Оқушының бос уақытын ұйымдастыру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу