Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. Абай Құнанбайұлы өмірі мен шығармашылығы
«Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты музыкалық сахналандырылған қойылым сценариі
Мақсаты: Ұлы адам дәрежесіне жеткен ойшыл, философ, ұлы ақынның шығармашылық сипатын айқындау. Абай бейнесін таныту.
Абай шығармаларын оқып, білуге деген қызығушылығын тудыру, іздене білуге дағдыларын дамыту.
1-бөлім
Аяла: Жеткіншек шақтың 15-тен басталып, жігіттік шаққа
ауысатын 30-дың арасындағы аздаған жылдарды Абай
жырлаған. Ғашықтық азабын бір кісідей көріп, сезе
білген Абай жүрек толқынысын нәзік үнмен шығара
білді.
( Үстел үстінде кітаптар, сия сауыт, қалам. Абай ойланып, ойын парақ бетіне түсіріп отыр)
Тыныштық . Абай өлең жазып отыр. Есіктен досы Ербол кіреді.
Ербол: Абай, досым, тағы да өлең жазып отырмысың? Шаршадың
ғой, бір сәт демалсаңшы.
Абай: Ербол тыңдашы (ыңылдап)
Көзімнің қарасы,
Көңлімнің санасы.
Бітпейді іштегі,
Ғашықтық жарасы.
Ербол: Абай, неткен әдемі ән. Ғажап, жаңа ән, жаңа өлең.
Тамаша! Абай, Сүйіндік аулында екі күннен кейін
алтыбақан болғалы жатыр екен. Соған барсақ қайтеді?
Осы әнді жастарға сый етіп тартайық .
Абай: (басын изеп) Жарайды... – деп екеуі бірлесіп сахнадан шығып кетеді.
2-бөлім
Жастар жиналып отыр. Олар «Айттым сәлем, Қаламқасты» айтып отыр.
Абай , Ербол келіп шетке тұрады.
Әл-Ғазиза: Қыздар, қыздар, Құнанбай қажының баласы Абай келіп тұр.
Тоғжан: Қасындағы Ербол ғой.
Мадияр: Абай, Ербол келіңдер. Төрлетіңдер. Қош келдіңдер!
Абай: Ойын-сауықтарың қызық болсын!
Ербол: Ән-күйлерің қанатты болсын!
Қыздар: Бірге болсын!
Ұлдар: Айтқаның келсін!
Сүйіндік аулының палуаны: Ортамызға Абай келіп қалған екен.
Бекежан: Неге өлеңдерін оқып, әнін салмаймыз?
Жанатбек: Ал, Сүйіндік аулының палуаны, сен сөзге де ұста едің, өзің
бастап жіберші.
Палуан: Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы.
Нұрсұлтан: Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын,
Қазақтың келістірер қай баласы?
Ербол: Сүйіндік аулының жастары тыңдаңдар. Абай сендерге
жаңа әнін сый қып тартады. Қабыл алыңдар.
Абай: Көзімнің қарасы Қазақтың данасы
Көңілімнің санасы. Жасы үлкен ағасы.
Бітпейді іштегі, Бар демес сендей бір,
Ғашықтық жарасы. Адамның баласы.
Әл-Ғазиза: Неткен тамаша ән. Терең сырлы ән. Рахмет, Абай.
Абай: Әнімді қабыл алғандарыңызға көп рақмет!
Өзгеге көңілім тоярсың
Өлеңді қайтып қоярсың?
Оны айтқанда толғанып,
Іштегі дертті жоярсың.
«Желсіз түнде жарық ай» хормен әні орындалады
Аңшы жігіт: (ентелеп келіп) Уа, Абай ақынның құрбы- құрдастары!
Армысыңдар!
Қыздар: Армысыз , бейтаныс жігіт.
Ербол: Ассаламағалейкум, жас жігіт
Абай: Жол болсын, жігітім!
Қыздар: Орта толсын!
Аңшы: Аң аулап жүріп, алыстан Абай әнінің сазды әуенін құлағым
шалып, ат басын бұрдым. Ақын абай қарсы болмас, осы ауылдың
қыздарын бір сынағалы келдім.
Әл-Ғазиза: Ия, айта бер жігітім. Хош, сөйле! Кәнеки көрейік!
Аңшы: Баяғыда мен сияқты бір жігіт аң аулап жүріп бір ауылға ат
басын бұрды. Ақ боз үйдің жанына келіп, үй иесіне сәлем берді. Үй иесі: « кел, мысығым! дейді. Аман-саулық сұрасқаннан кейін, дастархан жайылып, қымыз ішіледі. Жол соққан жігіт ұйықтап кетеді. Ұйқыдан тұрған соң, үй иесі «тұр арыстаным»,-дейді. Қоштасқанда үй иесі « Қош шешенім»,-дейді. Сонда үй иесі неге солай деген?
Әл-Ғазиза : Ия, ол не деген екен? Астары бар сөз ғой бұл.
Тоғжан: Мен жауап берейін.
Нұрсұлтан:Ия, Тоғжан айтсын.
Тоғжан: Сынамаққа келсек, бейтаныс жігіт, бірінші сұрағыңызға
жауабым: аңшы жігіт бейтаныс үй қалай қарсы алады екен деп, мысықша басып келген болар деп болжаймын.Екінші сұрағыңызға жауабым: сусыны қанып, қымызға тойған жігіт көз шырымын алған соң, арыстанша айбаттанып, ұйқыдан тұрған болар. Ал, үшінші сұрағыңызға жауабым: көрген-білгенін еліне айтып барар . Үй иесінің айтқанын солай деп жобаладым.
Аңшы жігіт: Бәрекелді, ризамын жауабыңа Тоғжан қыз.
Нұрсұлтан:Табылған сөз. Ал, аңшы жігіт бізбен бірге көңіл көтер,
алтыбақанға кел.
Бекежан: Ал, олай болса айтысты бастайық.
Нұрсұлтан:Қыздар,қыздар құртыңнан,
Қуып келдім жұртыңнан.
Сол құртыңнан бермесең,
Тесіп шықсын ұртыңнан.
Қасқыр , қасқыр қарала
Бауыр жүні сары ала.
Біздің қойды арала,
Қой болмаса далада
Қыздардың қойын жарала.
Мына қызды жарала
Ләйлә: Бала, бала қырт бала,
Аузымдағы құрт бала.
Сілекейлеп берейін,
Сусын болсын жұт бала.
Қасқыр,қасқыр қарасың
Қасқыр қайда барасың.
Маң төбетім қабады,
Қасқырларды алады.
Мынау баланы жей ғой,
Тап өзіңді қабады.
Содан кейін сен бәлем,
Қойды қайдан табасың?
Арайлым: Уа халайық, халайық
Көңілді көтерейік,
Тобымыздың аруы
Аруға сөзді берейік.
Зийнеп: Жолың беріп маған сен,
Дегенің бе жағайын.
Өлеңіммен алдаспан,
Тарттырайын сазайын.
Әл-Ғазиза: Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй.
Бәрі: «Қараңғы түнде тау қалғып» әнін орындайды.
Аяла:Абай өзінің зеректігі арқасында парсы , неміс, орыс тілдерін де жақсы меңгерген.Орыстың ұлы ақыны Пушкинді өзіне рухани ұстаз тұтты. Лермонтов,Крыловтың шығармаларымен терең танысып, қазақ тілінде сөйлетті. (Сахнада музыка ойнап тұрады)
Крылов мысалынан аударма: «Құмырсқа мен шегіртке»
Музыка сүйемелдеуімен
Нұрайлым: Шырылдауық шегіртке
Ыршып жүріп ән салған.
Көгалды қуып гөлайттап,
Қызықпен жүріп жазды алған.
Жаздыгүні жапырақтың,
Бірінде тамақ, бірінде үй.
Жапырақ кетті , жаз кетті.
Күз болған соң кетті күй.
Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ,
Өкінгеннен не пайда?
Суыққа тоңған қарны ашқа
Ойын қайда , ән қайда?
Оныменен тұрмады.
Қар көрініп қыс болды
Суықшыл сорлы бүкшиді,
Тым-ақ қиын іс болды.
Секіру қайда сүрініп,
Қабағын қайғы жабады.
Саламда жатып дән жиған,
Құмырсқаны іздеп табады.
Селкілдеп келіп жығылды, аяғына бас ұра.
Ихрам: Қарағым жылыт, тамақ бер,
Жаз шыққанша асыра.
Зийнеп: Мұның жаным, сөз емес,
Жаз өтерін білмеп пе ең?
Жаның үш ін еш шаруа,
Ала жаздай қылмап па ең?
Ихрам: Мен өзіңдей шаруашыл,
Жұмсақ илеу үйлі ме.
Көгалды қуып ән салып,
Өлеңнен қолым тиді ме?
Арайлым: Қайтсін қолы тимепті,
Өлеңші, әнші есіл ер!
Ала жаздай ән салсаң,
Селкілде де билей бер!
Әл-Ғазиза: Абай-ақын. Абай-дана, ойшыл, замана суреткері. Абай-аудармашы.
Абай- сазгер, композитор.
Аяла: Жиырмасыншы ғасырдың Гомері аталған жыр алыбы
Жамбылдан: «Абайдың ақындығы туралы не айтасыз?»-
деген сұрағына «Абай-ақын емес, ол-ғұлама»,- деп жауап беріп:
Мынау тұрған Абайдың суреті ме,
Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне.
Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған,
Өр Абайдың төтеген кім бетіне?- деген екен.
Ихрам: Абай- ұлы ақын, кемеңгер, ойшыл, дана адам.
Ол-адамгершілігі биік, әділетті жан.
Аяла: Абай артына қалдырған мол мұрасын оқып, тану, тағлым
алу , өзгеге жеткізу-біздің міндетіміз.