Ашық сабақ. Геометрия. 7 сынып. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы

Oinet.kz 05-10-2017 1875

Бекітемін: ..................          11.02.2020жылы.                    7 «Ә» сыныбы                                    Геометрия

Пән мұғалімі: Утегенова Ж. М.    

Сабақ   тақырыбы:         Үшбұрыштың   ішкі бұрыштарының қосындысы

Оқу  мақсаттары

7.1.1.16   үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теорема мен оның салдарларын   дәлелдеу

7.1.1.17 үшбұрыштың ішкі   бұрыштарының қосындысы туралы теорема мен оның салдарларын есептер шығаруда   қолдану

Сабақтың мақсаты

Үшбұрыштың ішкі   бұрыштарының қосындысының ережесін меңгере    отырып, есептер шығартып үйрету.

Бағалау       критер/і

Үшбұрыштың ішкі   бұрыштарының қосындысы туралы теореманы және оның салдарын дәлелдейді

 Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы   теоремасын пайдаланып, белгісіз бұрыштарды табады

Тілдік мақсат

1.Пәнге қатысты сөздікқор мен   терминдер.

Ішкі бұрыш, үшбұрыштың ішкі   бұрыштарырның қосындысы

2.Диалогтер мен жазу үшін   қолданылатын тіркестер:

Үшбұрыштың ішкі   бұрыштарының қосындысы неге тең?

Пәнар/қ байланыс

Технология, геометрия

АКТ қолдану  дағдылары

Интерактивті тақта, (сайттар, видеолар, есептер), таратпа материалдар,   көрнекі-демонстрациялық құралдар

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

 ресурс

БІЛУ» КЕЗЕҢІ

І. Ұйымдастыру кезеңдері:

1. Психологиялық ахуал   орнату.(Оқушыларды түгендеп, сабақты жақсы өткізуге тілек білдіру)

2. Өткенді қайталау

· Сыбайлас бұрыштардың қосындысы неге тең?

Сыбайлас бұрыштардың қосындысы 180 градусқа тең.

· Вертикаль бұрыштар шамасы қандай ?

· Вертикаль бұрыштар тең болады.

· Екі параллель түзуді қиюшымен қиып өткенде пайда болған   :

1)ішкі айқыш бұрыштар ....

Ішкі айқыш бұрыштар тең болады.

2)сәйкес бұрыштар....

Сәйкес  бұрыштар тең болады.

3)ішкі тұстас бұрыштар....

    Ішкі тұстас бұрыштар180   градусқа тең болады.

ІІ.  Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.Топтық   жұмыс.                                                                                  

 

Оқушыларға үшбұрыштың ішкі   бұрыштарының қосындысы туралы

теореманы көрсету үшін   үшбұрыштардың жасалған моделдерін таратылады. Үшбұрыштың бұрыштарын қиып   алып, кесілген төбелері бір нүктенің бойында жататындай, ал бұрыштың   қабырғалары басқа бұрыштың қабырғаларымен беттесетіндей орналастырады.

Сұрақ : Сіз қандай қорытынды жасай аласыз?

Мына бұрыштардың барлығы жазыңқы бұрыш 180градустық өлшемінен аспай   қалды. Олай болса, үшбұрыштың бұрыштық шамасы 180 градустан аспайтын болып   тұр. Ендеше, бұгінгі өтетін тақырыбымыз ..

Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы тақырыбы екен.


«ТҮСІНУ»

КЕЗЕҢІ

ІІІ. Жаңа сабақты электронды оқулық арқылы    түсіндіріледі.

1.Теорема:

 Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 180 градусқа тең.

Дәлелдеуі. АВС үшбұрышы берілсін. В төбесі арқылы Ас табанына   параллель ДЕ түзулерін жүргіземіз. Онда ДЕ мен АС параллель болғандықтан   ВАС бұрышы мен АВЕ бұрыштары тең. Бұрыш А, бұрыш В және бұрыш С қосындысы тең   болады.

2. Топтық   жұмыс.  «Мүмкін, мүмкін емес» әдісі

1.         Тең қабырғалы үшбұрыштың бұрыштық шамасы неше градустан   болуы мүмкін?(60 градустант)

2.        Теңбүйірлі   үшбұрыштың бұрыштық шамасы неше градустан болуы мүмкін? (Екі бұрышы)

3.        Әртүрлі қабырғалы   үшбұрыштық шамасы неше градустан болуы мүмкін? (Үш бұрышы үш түрлі )

4.        Үшбұрыштың екі   доғал бұрышы болуы мүмкін бе? (Мүмкін емес)

5.        Үшбұрыштың екі тік   бұрышы болуы мүмкін ба ? (Мүмкін емес)

6.         Үшбұрыштың үш   бұрышыда сүйір болуы мүмкін бе? (Мүмкін)


«ҚОЛДАНУ» КЕЗЕҢІ

ІҮ. Жұптық   жұмыс.

1.        Белгісіз   бұрыштарды табыңыз:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2- тапсырма

 

 

 

 

2- тапсырма

3-тапсырма :

 


«ТАЛДАУ» КЕЗЕҢІ

ІІІ.Жаңа сабақты   жинақтау  үшін оқушыларды сыни   ойландыра отырып,  сәйкестендіру   кестесі


«ЖИНАҚТАУ» КЕЗЕҢІ

ІҮ Оқушылар өз қолымен   жасап, шығармашылық әрекеттерін көрсетеді.

 

 

 

 

 

Практикалық жұмыс

 

 Оқушы 1 2  1++1     

«БАҒАЛАУ» КЕЗЕҢІ

Оқушылардан   алған білімдері туралы өз пікірлерінмен кері байланыс жасайды. Рефлексия.«Стикерлер» әдісі .Үйге   тапсырма: №9


Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға   қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай   тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
 
 
 

Саралау іріктелген   тапсырмалар, бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету   жұмыстары.

Сабақ бойынша рефлекция

Оқушылардың басым бөлігі сабақ мақсатына қол жеткізді. Кейбір үлгерімі   төмен оқушылар ОМ қол жеткізе алмады.сабақ уақытын тиімді   қолдандым.Оқушыларға ең қызықты болған сабақ кезеңі ол «практикалық жұмыс»   өте қызықты болды, ұнады.

Тапсырманы толық   дұрыс орындаған оқушыны (жарайсың)деген смайлікпен деп, орташа деңгейде   орындаған оқушыны (жақсы)смайлікпен деп, сондай-ақ қәтеліктер көбірек   жіберген оқушыны (талпын)смайлікпен деп бағаладым.

Нұсқаулықпен   жүргізіледі.

 

 

 

 

 


Ашық сабақ: Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары
Ашық сабақ. Математика. 2 сынып. Тест сұрақтары мен жауаптары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу