Ашық сабақ. Математика. 8 сынып. Квадрат теңдеулер
Мектеп: Үлкеншыған орта мектебі КММ | |||||
Сабақ тақырыбы: Квадрат теңдеулер Ұзақ мерзімді жоспардан алынған бөлім: 8.2А Квадрат теңдеулер | |||||
Күні: 29.06.2018 ж | Мұғалімнің есімі: Г.П. Алаева | ||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: 15 | Қатыспағандар саны
| |||
Сабаққа негізделген оқу мақсаты:
| 8.2.2.1 Квадрат теңдеудің анықтамасын білу; 8.2.2.2 Квадрат теңдеулердің түрлерін ажырату;
| ||||
Сабақ мақсаттары: | Барлық оқушылар: Айнымалының дәреже көрсеткіштеріне және коэффициенттерімен бос мүшенің берілу жағдайлары бойынша квадрат теңдеудің анықтамасын біледі,түрлерін ажыратады; Оқушылардың басым бөлігі: Теңдеудің оң жағындағы және сол жағындағы өрнектер әр түрлі жағдайда берілгенде оларды квадрат теңдеудің жалпы түріне келтіре отырып түрлерін ажыратуды түсінеді; Кейбір оқушылар: Толымсыз және толық квадрат теңдеуді коэффициенттерін және бос мүшелерін салыстыра отырып анықтамасын түсініп,түрлерін ажыратуды үйренеді; | ||||
Бағалау критерийлері:
| Квадрат теңдеудің анықтамасын біледі; Квадрат теңдеулердің түрлерін ажырата алады; | ||||
Тілдік мақсаттар | Квадрат теңдеудің түрлеріне анықтамасын тұжырымдай біледі; | ||||
- Терминология: -квадрат теңдеудің коэффициенті және бос мүше; - толымсыз , толық квадрат теңдеу; | |||||
Сөз тіркестері: ах2+вх+с=0 түрінде берілген теңдеу..... ах2+вх=0 түрінде берілген теңдеу..... | |||||
Құндылықтарды дарыту | - «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының 1-шы құндылығы: «Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана » - Халық жұмылып тұрғызған Астана барлық өңір үшін дамуға күшті түрткі болды; (Астанада кім болды?, Бәйтерек пен Ханшатырға кім шықты?, Ханшатырдың ұзындығы қанша? Ханшатырдың ұзындығы биіктігі 150 м, Бәйтерек антеннаның төбесі 105м, шатыры 97м, осы өлшемдер арқылы квадрат теңдеу құруға болады. ах2+вх+с=0 яғни 150х2+105х+97=0 Интернетте жауабын тауып,квадрат теңдеуге салып көрсетеді). | ||||
Пәнаралық байланыстар | Химия (химиялық есептер шығарады);
| ||||
АКТ қолдану дағдылары | Әлеуметтік желі , Bilimland.kz | ||||
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім | Көпмүше,бірмүше,дәреже, көпмүшелерді көбейткіштерге жіктей алады. | ||||
Жоспар | |||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 5 минут
| 1. Оқушылармен сәлемдесу,оқушыларды смайлик таңдау арқылы 3 топқа бөлемін. 1.«Квадрат теңдеу» тобы 2. «Толымсыз квадрат теңдеу» тобы 3. «Теңдеу» тобы. Оқушыларды топқа бөлгеннен кейін оқушылардың зейінін сабаққа аудару, ынтымақтастық атмосферасын, жақсы көңіл-күй қалыптастыру мақсатында: «Сиқырлы айна»әдісін: қолданамын. Әр бір оқушы қасында тұрған оқушыны айна ретінде алып,сол оқушыға өз тілегін айтады. Үй тапсырмасын сұрау: “Ашық сұрақтар қою” әдісі арқылы сұраймын. (Өткен сабақты пысықтау үшін) (Оқушылар бір тапсырманы барлығы орындаса да олар өздерінің күшті және әлсіз тұcтарына қарай тапсырманы орындайды) «Саралаудың» қорытынды тәсілі. Белсенді оқытудың “Нұсқау беру және айту” әдісін жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін бағыт беріледі. Бұрыннан оқыған тақырыбын айту арқылы жаңа тақырыпты ашады. 1. Қандай теңдеулерді білесіздер? (сызықтық теңдеу.) Енді вх+с=0 сызықтық теңдеу, ах2+вх+с=0. Екеуінің қандай айрмашылығын байқап тұрсындар? ах2 бар,яғни бұл ах2+вх+с=0 мынадай түрде берілсе ол квадрат теңдеу д.а . | смайликтер | |||
Сабақтың ортасы 30 минут | Топтық жұмыс: мақсатым оқушылардың жаңа тақырыпты оқып өз бетінше қаншалықты меңгеретінін байқау. Квадрат теңдеулер тақырыбын ашу үшін әр топ мүшелері “Ментльный карта” әдісі арқылы кластерге 1-топ квадрат теңдеудің анықтамасын,2-топ толық квадрат теңдеу туралы, 3-топ толымсыз квадрат теңдеу туралы ойларын , тақырыпты оқып, түсініп,топпен талқылап келесі топқа ”Ойлан-жұптас-бөліс” қалыптастырушы бағалаудың тәсілі арқылы оқушы жеке жұмыс жасап, ойларын қорытып,жұп болып пікірлерімен бөлісіп, бүкіл топ мүшелеріне түсіндіреді, постерге жазады, сұрақ ілмегі әдістерін қолдану арқылы оқушының квадар теңдеу анықтамасын меңгеріп,квадрат теңдеудің түрлерін ажырату арқылы белсенділігін, тіл байлығын,ішкі-сыртқы уәжін арттырамын. Әр топтар квадрат теңдеулер тақырыбының постерге қорғаған жұмыстарын тақтаға іледі , “Галерея” әдісін қолданып әр топ бір-бірін ауызша “Екі жұлдыз бір тілек” әдісімен әр тір топ бір-бірін бағалайды. Квадрат теңдеулер↓ ↓ Толық Толымсыз ↓ ↓ ↓ ах2+вх+с=0 в=0 с=0 ↓ ↓ ↓ а.в,с –коэффициент ах2+с=0 ах2+вх=0 ↓ х-бос мүше Анықтама: ах2+вх+с=0 ,(а≠0) түріндегі теңдеу квадрат теңдеу д.а а,в,с –берілген сандар,х-айнымалы. а-бірінші мүшесінің коэффициенті,в-екінші мүшесінің коэффициенті,с-бос мүше. (а≠0) себебі а=0 болса онда ол сызықтық теңдеу. 1. Егер квадрат теңдеу ах2+вх+с=0 с=0 болса, ах2+вх=0 х(ах+в)=0 Теңдеудің екі шешімі бар х1 =0 , х2 =- 2. Егер в=0 болса, онда ах2+с=0 - ≥0 онда оның екі шешімі бар,яғни х=- , х= формуласымен анықталады. Егер а мен с ның таңбалары бірдей болса - (с) теңдеудің шешімі болмайды. Егер квадрат теңдеудің в=0, с=0 болса, онда ах2=0 теңдеуінің өз ара тең екі шешімі бар. х1= х2=0 Саралап оқыту (қарқын әдісі) арқылы келесі тапсырманы орындатамын. Оқушылардың жас ерекшелігіне қарай, білім деңгейіне қарай тапсырмалар құрастырылды. 1-тапсырма: Жұптық жұмыс: Берілген теңдеулерден квадрат теңдеулерді анықтаңыз. Квадрат теңдеулерден a, b, c коэффициенттерін анықтап, сәйкес бағаналарға «+» таңбасын қою арқылы квадрат теңдеулердің түрін ажыратыңыз. (Бұл тапсырманы беру мақсатым оқушылардың қаншалықты жаңа тақырыпты меңгеріп,квадрат теңдеу анықтамасын біліп,квадрат теңдеулердің түрлерін ажыратып,коэффициенттерін анықтап,бір коэффициенті нөлге тең болса бос мүше болатынын және қалыптастырушы бағалау жүргізу үшін) Бағалау критерийі: Білім алушы • Квадрат теңдеулерді анықтайды • Квадрат теңдеулердің түрлерін ажыратады. “Деректердің графиктік органайзерлері” (кестені толтыру Арқылы көрсету)” ТеңдеулерКвадрат теңдеуавсТолымсыз квадрат теңдеу9х2+5х+41=0 6с2=0 4х-5=0 3а2+6а=0 5х2+11х+1=0 5х-15х2+4=0 18у+17у2=0 Дескриптор:Білім алушы -квадрат теңдеулерді анықтайды; - квадрат теңдеулердің коэффициенттерін жазады; - толық квадрат теңдеулерді көрсетеді; - толымсыз квадрат теңдеулерді көрсетеді. ФО 8-сынып Жауабын тексеру арқылы кері байланыс аламын. Белсенді оқыту әдістері 2-тапсырма: Берілген теңдеулердің түрлерін,коэффициенттерін атау. “Сәйкестендіру” әдісі арқылы оқушылар дұрыс деген жауабына стрелка қояды. (Тапсырманы беру мақсатым оқушылардың қаншалықты квадрат теңдеулер тақырыпты меңгеріп,квадрат теңдеу анықтамасын ,квадрат теңдеулердің түрлерін ажыратып,коэффициенттерін анықтау дағдыларын қалыптастыру үшін.) Бағалау критерийі: Білім алушы • толық квадрат теңдеулерді біледі. • толық квадрат теңдеулердің коэффициенттерін анықтай алады. • толымсыз квадрат теңдеуді ажыратады. 1. 3а2+6а=0 толымсыз квадрат теңдеу в=0, с=0 2. 6х2+5х+3=0 толымсыз квадрат теңдеу с=0 3. а2-16 с=0 толық квадрат теңдеу а=6, в=5, с=3 4. 6в2=0 толық квадрат теңдеу а=5, в=9, с=-4 5. 5х2+9х-4=0 толымсыз квадрат теңдеу в=0, с=0 Дескриптор:Білім алушы - квадрат теңдеулердің анықтамасын біліп, коэффициенттерін жазады; - толымсыз квадрат теңдеулерді көрсетеді. -толық квадрат теңдеуді анықтайды және коэффициенттерін айта алады. Дұрыс жауабын тақтаға көрсету арқылы кері байланыс аламын. 3-тапсырма. Жекелей жұмыс (тапсырмалар сараланып алынған) Берілген коэффициенттер арқылы квадрат теңдеулер құрыңыз: Бағалау критерийі: Білім алушы - коэффициенттерді пайдалану арқылы квадрат теңдеудің анықтамасын еске түсіру арқылы квадрат теңдеулерді құрастыра алады. a) 3;5 және 4 b) -3; −2 және -12 с) -10;5 және 7 Дескриптор:Білім алушы - коэффициенттер арқылы квадрат теңдеуді құрады. (Бір-бірін бағалайды дұрыс жауаптар тақтада көрсетіледі) | Оқулық Маркер А4 Интерактивті тақта үлестірмелер | |||
Сабақтың соңы 5 минут | Сабақты қорыту,яғни оқушылар оқу мақсаттарына жеткенін бағалау мақсатында Белсенді оқытудың “Сұрақ қою және талқылау” әдісін пайдаланып келесі сұрақтарды қоямын. 1. Сіздер қалай ойлайсыздар квадрат теңдеу болу үшін а,в сандары болуы жеткілікті ме? 2. Қалай ойлайсыздар квадрат теңдеу болу үшін қандай қағида жеткілікті болады? 3. Толымсыз квадрат теңдеу болу үшін қандай шарт орындалу керек? Оқушылардың жауаптарына сәйкес кері байланыс ұсынылады. Кері байланыс «Пирамида»
|
Пирамида смайлик ма | |||
Қосымша ақпарат Үй тапсырмасы: Деңгейлі тапсырмалар беру.
| |||||
Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? | Саралап оқыту (қарқын әдісі) «Саралаудың» қорытынды тәсілі.
| ||||
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз? | Критериалды бағалау Қалыптастырушы бағалау ( мадақтау, өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау, ) ”Ойлан-жұптас-бөліс” қалыптастырушы бағалаудың тәсілі
| ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? | |||||
Қорытынды бағамдау | |||||
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. 2. Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек? 1. 2. | |||||