Ашық сабақ: Тұрақты тіркес

Oinet.kz 01-10-2020 2088

Ибраева Гүлназ Рысқалиқызы

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы

Жетібай ауылы №3 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Еңбек өтілі - 7

Санаты - І

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7

Лексикалық тақырыбы: Ананың анасы.

Грамматикалық тақырыбы: Тұрақты тіркес.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: сөз тіркесін күрделі сөздер  мен  тұрақты тіркестердің сырттай  ұқсастықтары мен іштей өзгешеліктерін меңгерту, тілдегі өзіндік қызметін таныту;

Дамытушылық: байқау, ойлау қабілеттерін жетілдіру, өздігінен іздену дағдыларын қалыптастыру, салыстырылып отырған құбылыстардың ортақ белгілері мен өзіндік айырмашылықтары жайында ой қорытындысын жасай алу  қабілетін дамыту;

Тәрбиелілік: табиғатты сүюге, қоршаған ортаны қорғауға, ана құдіретін сезінуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту, талдау сабағы.

Әдіс – тәсілдері: СТО технологиясы, ДЖИКСО, Графикалық диктант т.б.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық, стратегияға байланысты қима қағаздар.

Сабақтың жүрісі:

1.     Үй тапсырмасын сұрау.

2.     Миға шабуыл.

3.     Ойлан, ізден, тап!

4.     Жаңа сабақ.

5.     Жаттығу жұмысы.

6.     Деңгейлік тапсырмалар.

7.     ДЖИКСО (әдебиет галлериясынан аралау)

8.     Графикалық диктант.

9.     INSERT стратегиясы

10. Қорытындылау

11. Үй тапсырмасы.

12. Бағалау.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, психологиялық ахуал орнату.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 229, 232 – жаттығу.

Миға шабуыл.

1.     Қазақ тіл білімінің қай саласын өтіп жатырмыз?

2.     Синтаксис нені зерттейді?

3.     Сөз тіркесі дегеніміз не?

4.     Сөз тіркесінің айрықша белгілерін ата.

5.     Сөз тіркесі бола алмайтындар?

6.     Олардың бір-бірінен айырмашылығы.

«Ойлан, ізден, тап!»

I  қатар

II қатар

III қатар

“Ойлан”

“Тап”

“Ізден”

1. Зат есім+зат есім

1. Есімдік+зат есім

1.Үстеу+

етістік

2. Сын есім+зат есім

2. Септеулік шылау + етістік

2. Сын есім + етістік

3. Сан есім+зат есім

3. Зат есім+етістік

3. Сан есім + етістік

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.

Кесте бойынша түсіндіріліп, сөйлем талданады.

Синтаксистік

тіркес

Лексикалық

тіркес

Сөз тіркесі

Күрделі сөз

Тұрақты тіркес

Суық жел

әдемі жазу

көпірден өту

қара торы қыз

Суық торғай

Жақсы көру

Қара көк

Оқып отыр екен

Суық сөз

Тіс жармау

Сіркесі су көтермейд

іЖұмған аузын ашпау

Сөз тіркесіндегі  күрделі сөз

Сөз тіркесіндегі тұрақты тіркес

Суық торғайдың үні

Иіліп тізе бүкті

Ұйықтағанда тісін қайрады

Суық сөз тарады

Жауы тізе бүкті

Оған тісін қайрады

Мысалы: Анадан алып та, дана да, ақын да туады.

Баласының жетістігін көрген ана бөркін аспанға атады.

Жаттығу жұмысы. 233- жаттығу.

Деңгейлік тапсырмалар.

Семантикалық карта.

Мысалдар

Сөз тіркесі

Тұрақты  тіркестер

 Күрделі  сөздер

1.

Қара торы.

2.

Кетіп қалды.

3.

Ағаштан  түйін түйген.

4.

Сары ала қой.

5

Жұмған аузын ашпау.

6.

Он сегіз.

7.

Үріп ауызға салғандай.

8.

Асығып-үсігіп келді.

9.

Сіркесі су көтермейді.

10.

Мөлдір су.

Көп нүктенің орнына қажетті тіркестерді қойып жаз.

—  ......... ........................қойып, сабағымды оқыдым.

—  Менің уақытымның көбі ................... оқуға кетеді.

—  Шоқан- қазақтың .............................................  .

—  Ол ................................................ дүниеге келген.

—  Кешкілік Асан үнсіз ғана кітап .......................   .

Сөз тіркесінің құрамындағы күрделі сөздер мен тұрақты тіркестердің бағыныңқы не басыңқы болып тұрғанын анықта.

—  Баласы зықысын шығарды.

—  Сөзіне құлақ аспады.

—  Жүз отыз оқушы.

—  Күзге қарай оралады.

—  Сәби құлап қала жаздады.

ДЖИКСО (әдебиет галлериясын аралау)

Ана тақырыбына

І қатар. Сурет салады.

ІІ қатар. Өлең шығарады.

ІІІ қатар. Ой толғау жазады. (Тақырыбын тұрақты тіркестен алады).

Графикалық диктант.

INSERT  стратегиясы.

Үй тапсырмасы: 237-жаттығу.

«Менің анам» эссе жазу.

Бағалау.

Ашық сабақ. Жылқы туралы мәліметтер, ақпарат көздері, деректер
Ашық сабақ: Тығыз тау жыныстары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу