Жан-Жак Руссо нақыл сөздері

Oinet.kz 28-04-2020 1469

image.png

Батырлықты ұятсыздықпен және алаңғасарлықпен шатастырмау қажет.

***

Қолыма қалам алған күнімді қарғыс атсын! Оған дейін менде тек достар бар еді, ал қазір тек дұшпандар.

***

Адам білмегендіктен адаспайды, білгішсінем деп адасады

***

Бiр күн түсiндiргенге қарағанда, бiр сағат жұмыс көп үйретедi.

***

Адасуға мыңдаған, ақиқатқа — бiр ғана жол апарар.

***

Бала туылғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де солай сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді.

***

Бізде физиктер, геометрлер, химиктер, астрономдар, ақындар, музыканттар, суретшілер бар, алайда бізде азаматтар жоқ.

***

Баланы өмір сүруге үйрету керек.

***

Екіжүзді адамның жау болағанынан, дос болғаны қауіпті.

***

Жүрек арқылы өткен ақыл тілі көпке жетеді.

***

Балаң ақылды әрі есті болсын десең, дені сау, мықты етіп өсір. Ол жұмыс істесін, әрекеттенсін, жүгірсін, айқайласын, тынымсыз қимыл үстінде болсын.

***

Баланың балалығын тыйдым дегенше ер жеткендегі даналығын тыйдым деңіз.

***

Ең зор ізгі ерліктерді Отанға деген сүйіспешілік туғызған.

***

Шынайы сыпайыгершілік адамдарға тілектестікпен қараудан тұрады.

***

Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.

Ги де Мопассан нақыл сөздері
Ашық сабақ: Даниэль Дефо «Робинзон Крузо»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу