Менің туған жерім. Шығарма

Oinet.kz 21-12-2019 36070

Менің туған жерім – Қазақстан. Осы елде туып-өсіп, оқып, білім алып, болашағымның іргетасын қалап жатырмын. Бейбіт заманда өмір сүріп жатқан біздер, өскелең ұрпақ бақыттымыз. Әр күніміз қуанышты әрі көңілді болып өтіп жатыр.

resize.jpg

Менің туған жерім әлемдегі ең әсем орын. Бұл жердің табиғаты мен ауа-райы, халқы бәрі де жайдарлы. Халқымыз қонақжай әрі өте мейірімді. Елдің тарихы сонау көне заманнан бері келе жатыр. Қаншама қиыншылықтар мен зардаптарды көрседе ертеңгі күнге деген сенімі мен үмітін жойған емес.

Туып-өскен ортамның табиғатының сұлулығын сөзбен жеткізу әсте мүмкін емес. Айнала әсем түске боялғандай нұрланып, құстардың санқилы дауыстары мен түр-түсі өзгеше. Жәнеде еліміз жер асты байлығына өте бай. Мұнда мұңай, газ, алтын сынды т.б. пайдалы қазбалар қоры көп.

Туған жер әрқашанда ыстық. Байлыққа толы туған жерімізді әрқайсысымыз аялап, құрметтеуіміз қажет. Туған жерге деген құрмет әрбір адамның жүрегінде дүниеге келген сәттінен бастап билейді. Туған жеріміздің көркеюіне баршамыз атсалысып, көмектесуіміз қажет. Мен туып-өскен жерімді шексіз жақсы көремін.

Конституция күні. Шығарма
Менің Отаным. Шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу