Меншікке қарсы қылмыстарды тергеу әдістемесі (реферат)
Кіріспе
1. Меншікке қарсы қылмыстардың криминалистік сипаттамасы
1.1 Меншікке қарсы қылмыстар түсінігі және түрлері
1.2 Меншікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
2. Меншікке қарсы қылмыстардың жеке түрлері бойынша тергеу әдістемесі
2.1 Ұрлықты тергеу әдістемесі
2.2 Тонау мен қарақшылықты тергеу әдістемесі
2.3 Алаяқтықты тергеу әдістемесі
2.4 Қорқытып алуды тергеу әдістемесі
2.5 Сеніп тапсырылған мүлікті иемденуді және ысырап етді тергеу әдістемесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе.
Қазақстан Республикасының конституциясы бойынша Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікпен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады.
Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Меншік субьектілері мен объектілері меншік иелерінің өз құқықтарын түзеге отыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.
Кез-келген заң бұзушылық мінез-құлық қоршаған ортаға, қоғамға, белгілі бір мөлшерде қауіп әкеледі. Ал, қылмыс дегеніміз - қоғам үшін ерекше қауіпті құбылыс. Жасалған қылмыс үшін ең алдымен қылмыскердің құрбаны зардап шегеді.
Қылмыс - қоғам үшін қауіпті заң бұзылушылықтың өрескел көрінісі, ол заң тиым салған, заңмен жазаланатын әрекет немесе әрекетсіз өрескел қылықтар. Қылмыс алуан түрлі болып келеді.
Сондықтан саналы азаматтар құқық қорғау органдарына көмек көрсетіп отыруы тиіс. Егер ойлап қарасақ, мұның өзі - адал ниетті, заңды мүлтіксіз орындап жүрген адамдардың өздерін қорғауға қажетті іс.
Меншік иелерінің заңды құқықтары азаматтық құқықтық нормамен, сондай-ақ меншік құқығына қоғамға қауіпті іс-әрекет арқылы қиянат жасалғанда қылмыстық құқық нормасы арқылы да қорғалады.
Меншікке қарсы қылмыстың аса қауіпті өсу тенденциясы құқық қорғау органдарының олармен терең және нақты күресуін қажет етеді. Қылмысты болдырмау, ашу және тергеу құқық қорғау органдарының маңызды мақсаттарының бірі болып табылады.
Қылмыстық заңда бөтенің меншігіне қылмысты түрде қол сұғу үшін жауаптылық меншік қатынастарын қол сұғу тәсілдеріне байланысты дараланып, жікке- нысанға бөлінеді. Бөтен мүлікті алу ашық немесе жасырын күш қолданып немесе күш қолданбай, алдау немесе сенімге қиянат жасау тәсілдарі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Сондықтан заң шығарушы қазіргі қолданып жүрген қылмыстық заңдақылмыстардың мынадай нысандарын атап көрсеткен: ұрлық (175 бап); тонау (178 бап); қарақшылық (179 бап); алаяқтық (177 бап); сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету (176 бап);
Қылмыстардың осы көрсетілген нысандарының әрқайсысы өзінің ерекшеліктерімен оқшаулану арқылы өзіне ұқсас құрамдардан ажыратылады. Сондықтан да қылмыстардың әрбір нысанына жататын қылмыс құрамының заңдылық белгілерін дұрыс анықтау осы тұрғыдағы қылмыстарды дұрыс саралаудың негізгі кепілі болып табылады.
Біз осы диплом жұмысын орындаудан бұрын алдымызға мынандай мақсат қойдық:
1. меншікке қарсы қылмыстарды тергеу әдістемесін саралау зерттеу, сонымен қатар методикалық ңұсқалар келтіру.
Бұл мақсатқа жету үшін мынандай міндеттер анықталды:
1. меншікке қарсы қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасына талдау жасау;
2. меншікке қарсы қылмыстың кейбір жекелеген түрлері бойынша тергеу әдістемесін зерттеу, талдау жасау, сонымен қатар теория тұрғысынан методикалық ңұсқау беру.
Осы жұмысты орындау барысында мынандай зерттеу әдістемесі қолданды:
1. Диалектикалық әдіс
2. Салыстырмалық әдіс
3. Талдау және саралау әдістері
4. Теория мен тәжірбені ұштастыру әдістемесі
Сонымен бұл дипломдық жұмыстың зерттеу пәні болып меншікке қарсы қылмыстарды тергеу әдістемесінің құрылымы табылады.
Дипломдық жұмысты орындау барысында Қазақстандық және шет елдік ғалым мамандарының еңбектері оқылды, яғни Р.С. Белкин, Е.Р. Российская, В.А. Образцова, Н.А. Селеванов, А.Ю. Аубакиров, Е.О Алауов, және тағы басқалары.
Бұл жұмыс кіріспе бөлімінен, 2 тараудан, 7 параграфтан және қорытынды бөлімдерден тұрады. Жалпы көлемі бет.
1. Меншікке қарсы қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікпен жеке меншік табылады және бірдей қорғалады. Меншік субьектілері мен обьектілері, меншік (6 баптың I-тарауы) иелерініңөз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді (6 бап II-тарау).
Адамның құқықтары мен бостандық жүйесінде меншікке құқықтың алатын орны ерекше, себебі ол адамның жеке бастық сәттілігін сипаттайтын көрсеткіш. Бұл құқықтар экономикалық қатынастарды реттейді, сондықтан да олардың атқаратын міндеті көп.
Әлеуметтік құндылықтар жүйесінде меншікке құқық адамның әлеуметтік игіліктерінің ішіндегі ең маңыздысы ретінде саналады. Сондықтан да, бұл игілікке қол сұғушылық адамның өз басына қол бұзушылықпен пара-пар. Меншікті қылмыстық қол сұғушылық қорғау Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Меншікке қарсы қылмыс-мүліктің меншік немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып немесе залал келтіру қауіпін тудырумен байланысты қылмыстық кодексте көзделген нысандар арқылы жасалатын қасақаналық немесе абайсыздық іс-әрекеттерді айтамыз.
Меншікке қарсы қылмыстың болып азаматтық құқық бойынша меншік обьектілері деп танылған кез-келген бұйымдар мен мүліктер танылады.
Меншікке керек қылмыстық затына адам еңбегі арқылы жасалған кез келген материалдық дүниелер заттар жатады. Сондай-ақ ақша, бағалы қағаздар, айналымнан алынбаған басқс да қозғалатын немесе қозғалмайтын мүліктер жатады. Меншікке қарсы қылмыстардың тектік объектісі меншіктер қатынасы, яғни жеке немесе ұжымдық тұтынуға, не өндірістік қызметті жүзеге асыруға арналған материалдық игіліктер бөлу саласындағы қоғамдық қатынастар болып табыламы.
Меншікке қарсы қылмыстардың тектік объектісін меншік деп қарастыруға болады. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінде сәйкес меншік құқығы дегеніміз – субъектінің өзіне тиесілі мүлікті иемденуге, пайдалануға, оған билік жасауға құқығын заң актілерінің мойындауы және қорғауы. Меншік иесінде өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік жасау құқығы болады. Меншікке қарсы қылмыстар туралы тараудағы заң нормалары мен қорғалатын тікелей объект ретінде меншіктер қатанасының мәнін осы құқықтар құрайды.
Иелену құқығы дегеніміз – мүлікті іс жүзінде иелену мүмкіндігінің заң мен қамтамасыз етілуі. Бұл құқық адамның мүлікке өз қалауынша ықпал ету мүмкіндігін құрайтын мүлікке нақтылы ие болуды білдіреді. Мысалы, мемлекет жерге, оның қойнауына, су ресурстарына, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне жәнә т.б ие болды, азамат жеке автомобильге, жиһазға және т.б ие бола алады.
Иелену құқығы заңмен қорғалады. Мүлікті иелену құқығыбасқа адамға берілуі мүлкін. Мысалы, коммисия, сақтау және т.б шарттар бойынша коммиссионер берілген мүліктің сақтаушысы, заң нгізінде иелену құқығын және т.б құқықтарды жүзеге асырады.
Пайдалану құқығы дегеніміз- мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайдалану кезінде меншік иесінің өзіне тиесілі мүлікті кәдеге жаратуы өзінің тұтынушылық сезімін қанағаттандыру үшін одан пайда табуы қажет. Мысалы, адам кіржуғыш мақсатына өзінің шаруашылық мақсаттарына пайдаланса, ал азық түлік өнімдерін қоректену үшін пайдаланады және т.б
Мүлікті, техниканы шаруашылық мқсатта пайдалануды, сондай-ақ ұйымдар да жүзеге асырады.
Олар мүлікті алдарындағы мақсатты орындау үшін пайдаланады пайдалану құқығы да заңмен қорғалады.
Билік ету құқығы дегеніміз- мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеу мүмкіндігінің заңмен қамтамасыз етілуі. Билік ету құқығы меншік иесінің мүліктің заңдық жағдайын анықтап өзгерте отырып, мүлікке байланысты құқықтық қатынастарды белгілеу немесе тоқтату құқығы (мысалы, сату, айырбастау, сыйлау,жойып жіберу, жедел басқаруға беру және т.б). Билік ету құқығы тек меншік иесіне тиесілі.
Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттілігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы.
(Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің -188 бабының 3 тармағы). Меншікке қарсы жасалған әрбір ұрлық және басқа да қылмыс қоғамға қауіпті, себебі ол көрсетілген қатынастарды бұзады. Қылмыстық кодекстың ерекше бөлімінің «меншікке қарсы қылмыстар» тарауында бекітілген баптардың диспозицияларының мазмұны бұл қарастырылып отырған қылмыстардың тікелей объектісі бөтенінің меншігі екендігін көрсетеді. Кейбір қылмыстарда (ұрлық, тонау, алааяқтық, т.б). Тікелей объектілер тектік объектілерге сәйкес келеді. Заң әдебиеттерінде тікелей объектілер ретінде меншіктің нақты нысанын, оның мемлекеттік, кооперативтік, жеке мншік,муниципалдық не жекенген ұйымдардың меншігі болып табылуына байланысты қарастыру керек деген пікір айтылған,мұндай ұсыныспен келісуге болмайды, себебі Қазақстан Республикасының конститутциясы мнешіктің кез келген нысанын бірдей қорғауды жарйялап отыр. Сондықтан да ұрлықты бөтен мүлікті иеленуді, тағы басқандай әрекетерді саралау үшін ұрлаған мүліктің қандай нысандағы меншік екендігінін маңызы жоқ.
Объктивтік жағынан алғанда меншікке қарсы қылмысты заң шығарушы қылмыстың материалдық құрамы бойынша қарастырған.
Сондықтан да, олардың, объективті жағы үш міндетті белігіден тұрады іс- әрекет, зардап және іс-әрекет пен зардап арасындағы себептің- зардаптық байланысы. Тек қарақшылық пен қорқытып алушылық қана формальды қылмыс болып табылады, себебі бұлардың міндетті белгісі- тек қылмыстық іс-әрекет. Яғни, бұл қылмыстардай зардап қылмыс құрамын ың тегінен жатыр. Қылмыстық зардапты әрқашанда материалдық сиппат болады, мүліктік залал туындайды.
Меншікке қарсы жасалған кейбір қылмыстарда құрамының объективтік жағының міндетті түрдегі элементті қылмыс жасаудың тәсілі (күш қолданып немесе қолданбай, жасырын немесе ашық) болып табылады.
Меншікке қарсы қылмыстың субъектісі заңда белгіленген жасқа жеткен, есі дұрыс адам бола алады, яғни қылмыс субъектісі жалпы бір қылмыста- мүікті иеленіп алу немесе ысырап етеге –қылмыс құрамының міндетті элементі арнаулы субъект болуға тиіс. Кейбір қылмыстарда арнаулы субъект сараланған құрамының нышаны ретінде алынады,мысалы, қызмет бабын пайдаланып жасалған алаяқтық (Қылмыстық кодекстің 177 бабы 2 бөлімінің «в» тармағы), алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру (Қылмыстық кодекстің 182 бабының 1 бөлігі), жерге заттай құқық бұзу (Қылмыстық кодекстің 3 бөлігі). Қылмыскердің жасына қарай жауаптылық жүктеуге байланысты мүлікке қарсы жасалған барлық қылмыстарды екі топқа бөлуге болады. 16 жастан бастап жауаптылық көзделген қылмыстарға сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету (Қылмыстық кодекстің 176 бабы ) алаяқтың (Қылмыстық кодекстің 177 бабы), алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру (Қылмыстық кодекстің 182 бабы),көрнеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату (Қылмыстық кодекстің 183 бабы), интелектуалдық меншік құқығын бұзу (Қылмыстық кодекстің 184 бабы ), жерге заттай құқықтарды бұзу (Қылмыстық кодекстің 186 бабы), бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру (Қылмыстық кодекстің 188 бабы), автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену және ауырлататын мән-жайлардың болмауы (Қылмыстық кодекстің 185 бабтың 1 бөлімі).
Аурылытатын мән-жайларсыз бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру (Қылмыстық кодекстің 187 бабынын 1 бөлігі) жатады. 14 жастан бастап жауаптылық көзделген қылмыстарға ұрлық (Қылмыстық кодекстің 175 бабы), тонау (Қылмыстық кодекстің тің 178 бабы), қарақшылық (Қылмыстық кодекстің 174 бабы), қорқытып алушылық (Қылмыстық кодекстің 181 бабы), ауырлататын мән-жайлардың автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (Қылмыстық кодекстің 185 бабының 2-4 бөліктері),
Аурылытатын мән-жайларсыз бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру (Қылмыстық кодекстің 187 бабының 2,3 бөліктері).
Субъективтік меншіке қарсы қылмыстар тікелей ниетпен жасалынады, меншікке қарсы тек бір қылмыс қана- бөтен мүлік абайсызда жою немесе бүлдіру (Қылмыстық кодекстің 88 бабы) кінәнің абайсыз нысанында жасалуы мүмкін.
Меншікке қарсы қылмыстар пайда табу мақсатында және пайда табу мақсатынсыз болып бөлінеді.
Пайда табу мақсатындағы қылмыстардың субъективтік жағының міндетті белгісі- пайда табуды көздеу немесе сондай себептер.
Сонымен қатар, пайда табу мақсатындағы қылмыстарды, олардың объективтік жақтарына қарай, мүлікті алу мін байланасты ұрлау деп аталатын қылмыстрға және ұрлау мен байланысты емес қылмыстарға бөлуге болады. Ұрлауға мына қылмыстар жатады ұрлық, иемденіп алу немесе ысырап ету, алаяқтық, тонау, қарақшылық ерекше құнды заттарды ұрлау. Пайда табу мақсатындағы, бірақ ұрлаумен байланысты емес қылмыстарға мыналар жатады алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру, көрнеу, қымыстық жолымен табылған мүлікті сатып алу немесе сату, интелекттуалдық меншік құқықтарын бұзу, автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз аңсыз иемдену, жерге заттай құқықтарды бұзу. Ал бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру, бөтен мүлікті абайсызда жою немесе бүлдіру пайда табу мақсатынсыз жасалған қылмыстарға жатады.
Меншікке қарсы қылмыстардың ішіндегі ең көп тарағаны және қоғамға едәуір қауіптігі-ұрлау.
Қылмыстың заң, ұрлағандық үшін, оның жасалу тәсілдеріне қарай нақты жауаптылық қарастырған. Қылмыстық Кодекстің тиісті бабтарына бөліп, нормативтік тұрғыдан бекіткен. Оларға ұрлаудың мына нысандары жатады Ұрлауға мына қылмыстар жатады ұрлық, иемденіп алу немесе ысырап ету, алаяқтық, тонау, қарақшылық.
Бөтен мүлікті ұрлау дегеніміз-меншік иесінің мүлкін пайда күнемдік маұсатта заңсыз, қайтарымсыз алу және оны өз пайдасына немесе басқа адамның пайдасына айналдыру.
Заңмен берілген анықтамадан ұрлықтың объективтік жағын сипаттайтын мына белгілерімен бөліп алуға болады
1. мүлікті алу;
2. алудың заңға қайшылығы;
3. алудың қайтарымсыз болуы;
4. пайда күнемдік мақсат.
Ұрлау арқылы мүлікті алғанда айыпты оны өз пайдасына немесе басқа адамдардың пайдасына айналдырады. Ұрлаған адам мүлікке өз меншігіндей билік жасайды, бірақ заң жүзінде ол меншік иесі бола алмайды, себебі меншік құқығын қымыстық жолмен алу мүмкін емес. Сондықтан да жәбірлеушінің ұрланған затқа меншіктік құқығын ұрлық жоғалта алмайды. Ұрлауға заң тұрғысынан анықтама бергенде бөтен мүлікті айыптының меншігіне емес ,оның пайдасына немесе басқа адамдардың пайдасына айналдыру дегенді бәкім осы тұрғыдан түсіндірну қажет. Айып қою нәтижесінде меншік иесіне не басқа иемденушіге материалдық залал келеді. Ұрлағандағы материалдық залал тікелей нақты залал түрінде көрініс табуға тиіс. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының 1996 жылғы 25 шілдедегі қаулысында былай делінген «Қылмыс объектісі болған мүліктің құнын анықтағанда, оны меншік иесінің қалай иемденгеніне байланысты, қылмыс жасалған кездегі жеке сауда нарықтық немесе коммисиандық бағаларға сүйену қажет.
Бағасы болмаған жағдайда муліктін құнын сараптаманың қортындысы негізінде анықталады».
Ұрлаудын салдарынан келген зауалдың орның толтырғанда оның мөлшері сот шешім қабылдаған негізгі бағалврға сүиеніп анықталады. Меншік иесіне немесе заңды иеленушіге материалдық залал келтірмейтін мүлікті алу, ұрлау ретінде саралануға тиіс емес.
Ұрлауды сипаттайтың келесі белігі- оның заңға қайшылығы. Заңға қайшы белгі дегеніміз шындығында да, болжам мен де оған өзінің құқығы жоқ бөтен мүлікті айыптының алуы.
Шындығындағы құқық дегеніміз – ол мүлікті алуға мүмкіндік беретін, заңға негізделген құқықтың болуы. Оңың заңда белгіленген тәртіпте реттелделген реттделмегенің манызы жоқ. Бұл жерде назар ол құқықтың нысанына емес, түп мәніне аударылыды.
Бұдан жасалынатың тұжырым - егер адам мүлікті алуға заңды негіздемелері бола тұрып, оны алу үшін белгіленген тәртіптерді ғана бұзса онда бұл жағдайда ұрлау болмайды.
Қылмысы аяқталғаннан кейін мүліктік залалдардың орның толтыру немесе ұрланған мүлікті қайтару айыптыны жауаптылықтан босатпайды, бәрақ ол жазаны женілдетүге негіздеме бола алады.
Айыпты мүлікті алып, оған өз қалау бойынша билік жасай алатын кезден батап ұрлау аяқталған болып салалады.
Әнгіме нақты билік жасағандықты емес, сол билікті жасау мүмкіндігін алғандықта.
Сондықтан ұрлауды аяқталған деп танушын айыптының затты іс жүзінде пайдалаланғаны, одан пайда көргені қажет емес. Оның сондай мүмкіндікті алғаны жеткілікті. Егер айыпты бөтен мүлікті алуға бағыттылған белгелі бір әрекеттер жасаса, бәрақ ол мүлікке билік жасау мүмкіндігіне қолын жеткізе алмаса, онда ол әрекет ұрлық жасауға оқталу ретінде сараланады. Қарақшылық бұлардын қатарыда кірмейді, оның аяқталу кезені жайынлағы мәселе қылмыстың осы құрамына қатысты қаралған.
Күзеттегі аймақта, жасалған ұрлықтын аяқталу кезеңін анықтауда қиындық туындыйды. Тергеу - сот практикасының соңғы кездерендегі позициясы дұрыс, себебі ол күзеттегі аймақта жасалған ұрлықты сол аймақтан мүлікті алып шыққан кезден бастап аяқталған деп санау қажет, себебі ұрланған мүлікке билік жасау мүмкіндігі ол кезде бастап туады деп санайды. Мүлікті күзеттегі аймақтан қанша қашықтыққа алып барғандықтың маңызы жоқ, дегенмен, ұрланған затты аймақтың қоршауынан асыра лақтыруды және қылмысқа қатысуы басқа адамның сол мезетте ұрлауың қылмыстың аяқталмағандығы деп санаған жағдайлар болған.
Күзеттегі аймақта жасалған ұрлаудың аяқталу кезеңі мүліктің аумағына және оның не мақсатқа арналғанына байланысты. Мысылы, егер ұрланатын мүлік тұтынылмайтын болса және оны күзеттегі аймақта пайдалануға мүмкіндік болмаса,оны сол аймақтан сыртқа алып шықпайынша Ал, тұтынылатын мүлікті (мысалы, спирттік ішімдікті) ұрлағанда қылмыстың аяқталу кезеңі айыптының ұрлаған мүлікке деген пиғылына бойланысты болады. Егер ол ұрланған мүлікке күзеттегі аймақтан шыққан соң билік жасауды ойластырса, онда мүлікті сол аймақтан тауып алу- ұрлық жасауға оқталу ретінде сараланады. Егер ол ұрланған мүлікке сол аймақтан шықпай-ақ билік жасайтын болса – қылмыс аяқталған деп саналады .
Егер айыпты мүлікті алып, кейін оңтайлы кезде шығаруды ойластырып оны сол күзеттегі аймаққа жасырып қойса, сонан соң оны өз еркімен қайтарса, онда ол қылмысты жасаудан бас тарту негізінде (ҚК-тің 26 бабы) қылмыстық жауаптылықан босайды.
1 Қарағанды қаласы Совет аудандық соттың архиві 1994ж.
Ұрлау тек тікелеи ниетпен тжасалады. Айыпты мүлікті заңсыз алғандығын ұғады, өз әрекетімен меншік иесіне залал келтіргендігін алдын ала біледі, соны тілеиді.
Ұрлаудың міндетті нышаны – пайдакүнемдік мақсат. Ұрлауға заң тұрғысынан анықтама берілгенде пайдакүнемдік мақсат ұрлаудың нышаны деп тіке көрсетілген. Ол мақсат айыптының өз пайдасына, сондай-ақ материалдық жағдайына айыпты мүдделі басқа адамның пайдасына материалдық, мүліктік табыс келтіруді көздейді.
Алудың тәсілдеріне байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде ұрлаудың алғы нысаны бекітілген ұрлық, сеніп тапсырылған мүлікті иеленіп алу, сеніп тапсырылған мүлікті ысырат ету, алаяқтық, тонау, қарақшылық. Қызмет бабын пайдалану жолымен мүлікті алуды ұрлаудың жеке нысаны ретінде танудан заң шығарушы бой тартты, оны ұрлаудың үш нысанының иеленіп алудың, ысырап етудің және аляқтықтың саралаушы нышаны ретінде қарстырады.
Қастандық жасаудың осы түрінің заты ұрлау құрамының сындарлы белгілерінің бірі болып табылады. Қылмыстық заң теориясында қылмыс затанаң шын мәнінде мазмұны бірдей екі анықтамасы кең тараған. Бірінші анықтама бойынша «Қылмыс затына өзінің қылмыстық әрекетін жүзеге асыра отырып қылмыскер тікелей жасайдын сыртқы әлемнің материалдық заттары жатады». Екінші анықтама бойынша қылмыс затына сол қылмыстың жасалуына себеп болатын материалдық әлемдегі заттар жатады.
Заң әдебиетінде ұрлау заты түсінігі онша да мағыналы баяндалмаған. Ұрлау заттары ақша және бағалы қағаздар болуы мүмкін екендігі туралы пікірге ешкімнің қарсылығы жоқ. Сонымен қатар, әдебиеттерге де, сот практикасында да осы уақытқа дейін дау туғызып келген бір мәселе мүмкіндікті алуға құқық беретін құжаттар, сондай-ақ көлік кәсіпорындары, ойын-сауық орындары, спорттық және басқа ұйымдар көрсеткен қызмет үшін есеп айыруға қажетті билеттер, талондар, абонементтер жеке басқа белгілер ұрлау заты бола ала ма, жоқ па?
Г.А.Кригердің пікірінше ақшалай, заттай және басқадай лоторея билеттері. Почта төлемдерінің белгілері,көлікте жүру билеттері, бензинге талондар немесе сол сияқты ұрлау заты бола алады. Ленинградтық «Курс советского уголовного правоның» авторлары онымен толықтай келіспейді, олар көлікте жүру билеті мүлікті алуға емес, тек көлікте жүруге ғана құқық беретіндіктен ұрлау заты бола алмайды деп санайды.
Л.А.Андреева мен Б.В.Волжински ұрлау заты ретінде қарастырылуы мүмкін басқа да бағалы қағаздарға жанар-жағар май талондарын жатқызды. Лоторея билеттерін, почта маркаларын өзге бағалы қағаздар қатарына жатқызбаса да, бұл авторлар оның ұрлау заты бола алатындығымен келіседі.
Сонымен қатар, сот практикасы көлікте жүру билеттерін, почта маркаларын көлік қызметін төлегендігін растайтын, өзін ұсынған адамға тиесілі қағаздар екенін ескеріп ұрлау затына жатқызады, сондықтан оларды алуды ұрлау деп қарастырылады. Мәтінін толтырып, мөрмен бекіткеннен кейін, оларды компостирленгеннен кейін ғана, пайдалануға болатын билеттерді немесе басқа белгілерді ұрлау сол әрекетке дайындық болып саналады, егер бұл жерде ұрланған заттарды кейін сатып ақша табу мақсаты болса.
Сонымен, «өздерінде көрсетілген құнын немесе қызметтің төлегендігін растайтын, ұйымның, оның қызметкерлерінің, азаматтардың қолында болғанда сол тауарлармен қызметтерді олардың пайдалануына мүмкіндік беретін талондар, көлікте жүру билеттері немесе өзге белгілер ғана ұрлау заты бола алады» деген пікірмен келісу қажет.
Сондықтан легитимациялық құжаттар мен белгілер (аккредитивтер, чектер, жинақ кітапшалары, жетондар, сенім қағаздары, квитанциялар және сол сияқтылар) өздерін иеленушілердің белгілі-бір мүліктерге ғана құқұғын растайтын болғандықтан ұрлау заты табылмайды. Бұл құжаттарды немесе белгілерді иелену меншік кейпің материалдық залал шеккендігінің айғағы емес. Бұл ретте ұрлықтың алдағы уақытта жасалуына мүмкіндік туады, сондықтан да, мысалы: жинақ кітапшасын иеленіп ол бойынша ақша алуды ниет қылған айыпкердің әрекетін алаяқтыққа дайындық деп саралау қажет.
Мүліктік емес сипаттағы фактілерді растайтын құжаттар мен өзге заттар ұрлау заты бола алмайды. Оларды ұрлаушы заң шығарушы басқарутәртібіне қарсы жасалған қылмыс ретінде қарастырады, себебі бұл жағдайда құжат айналымның заңда белгіленген тәртібі бұзылады.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумы өзінің 1996 жылғы 25 шілдедегі «Бөтен мүлікті ұрлауды саралаудың кейбір мәселелері туралы» қаулысында ұрлау заты дегеніміз – бөтен, яғни айыптының меншігіне жатпайтын мүлік деп анықтама берді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 115 бабына сәйкес мүліктік игіліктер мен құқұқтарға: заттар, ақша, соның ішінде шет ел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық интеллектулдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымды даряландырудың өзге де құралдары, мүліктікқұқықтар мен басқа да мүлік жағады. Ұрлаудың мәніне жүгінсек, оның заты деп ақшаларда, құнды қағаздарды, заттарды, мүліктік құқықтарды тану қажет.
Зат дегеніміз – кез келген түйгінетін нәрсе, ол газ күйінде, сұйық, қатты жағдайда, жанды және жансыз бүтіннің бөлігі болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 127 бабына сәйкес ақша дегеніміз - Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өз құнын бойынша қабылдауғаміндетті заңды төлем құралы болып табылады.
Егер өсімдік немесе жануарлар әлеміндегі объектілерді өсіруге адам еңбегі жұмсалған болса, онда оларды заңсыз иелену ұрлық құрамын береді, мысалы, қандай да бір шаруашылықтың меншігі болып табылатын волердегі түлікті, жасанды су қоймасындағы балықты ұрлау, паркке отырылғызылған шыршаны, сәнді бұталарды иелену. Ұрлау затының енді бір сипаты олардың заңдық қасиеті. Ол дегеніміз – ұрланған зат айыпты үшін әрқашан да бөтен болуға тиіс. Айыптың ол алынған затқа тікелей де, жанама да құқығы болуға тиіс емес. Адамның өз мүлкі ұрлау заты бола алмайды, сондықтан өз мүлкін заңсыз алу ұрлауға жатпайды. Қазақстан Республикасының күшіндегі қылмыстық заңына сәйкес ұрлық дегеніміз – бөтен мүлікті жасырын ұрлау болып табылады.
Ұрлық объектісі - меншік. Бұл қылмыстың заты - материалдық әлемнің заты түріндегі, нақты құндылығы бар (заттар, тауарлар, бұйымдар, ақша, т.б) өндіру үшін адам еңбегі жұмсалған, сондықтан да ақшамен бағалана алатын бөтен мүлік.
Материалдық құндылығы жоқ зат немесе бұйым ұрлық заты бола алмайды, себебі оны алу меншік иесіне материалдық залал келтірмейді. Сондықтан да, жасау үшін қоғамға пайдалы еңбек жұмсалмаған табиғи байлықтарды (орманды, балықты, тағы жануарларды, т.б) заңсыз иелену меншікке қарсы қылмыстар қатарына жатпайды, олар экологиялық қылмысқа жатады.
Ұрлыққа тән белгі – оның жасырын тәсілімен жасалуы. Ұрлықтың жасырындық сипатын анықтағанда айыптың ниетіне, яғни оның ұрлықты субъективтік қабылдауына баса назар аудару қажет. Ұрлық болады деп санау үшін айыпты жасырын ұрлық жасауға ұмтылуы, бөтен мүлікті жасырын түрде иеленуге оның ниеті болуы тиіс. Егер айыпты, өзінің мүлікті заңсыз иеленуін ұғынған бөгде адамның араласуына мүмкіндік бермей, қалыптасқан жағдайға байланысты әрекет жасаса да ұрлауда жасырындық сипат болады.
Жасырын ұрлауды саралау үшін мүліктің алынуы тек меншік иесіне ғана емес, оны күзетушіге де, үшінші адамға да білінбеуі тиіс. Олар ұрлық жасалған кезде, не сол жерда болмайды, не болған кезде де ұрлықтын жасалғандығын сезбейді.
Егер айыпты өз, әрекетінің қылмыстық сипатының белгілі болғандығын ұғынбай, қылмысының құпиялығына өзі күмән келтірмей әрекетін әрі қарай жалғастырса, ол ұрлық болып саналады. Егер айыпты, әрекетінің белгілі болғандығын ұғынып ұрлығын доғарса, егер ол еш нәрсе алып үлгермесе, онда оның әрекеті не ұрлыққа оқталғандық саналады, егер ол қандай да бір құндылықты алып үлгерсе аяқталған ұрлық болып саналады.
Бөгде адамның көзінше жасалған ұрлықты жасырып жасалған деп тану үшін, сол адамның айыптың әрекетінде қылмыстық сипат бар екендігін ұғынбағандығы анықталуға тиіс.
Мысалы, айыпты өзін мүлік иесі атынан билік жасай алатын адаммын деп өтірік айтады; иесіз тұрған автомашинаға жайбарақат отырып жүріп кеткен адамның әрекетіне қарап онда тұрғандар ұрлық жасалды деп ойламайды.
Ұрлықтың объективті жағын талдағанда әрекет пен қылмыстың нәтиженің арасындағы себептік байланысты анықтау қажет.
Теориялық және практикалық тұрғыдан едәуір маңызды болып саналатын мәселелердің бірі – ұрлық аяқталу кезеңін айқындау. Затты айыптының иеленген кезеңінен бастап ұрлықтың аяқталған болып саналатын салалмайтындығы бірнеше маңызды мәселерді шешумен байланысты, олар: қылмысты саралау, қылмысты жасаудан еркімен бас тарту, қылмысқа қатысушылар шеңбері, ұрлықты тонаудан жеке қарақты шектеу, жазалау шарасын белгілеу мәселелері.
Ұрлықты аяқталған деп айыптының затты іс жүзінде иеленген кезінен емес, ол затқа оның өз қалауыен билік ете алатын мүмкіндігі туған кезден бастап санау керек.
Егер ұрлық күзеттегі аймаққа жасалса, онда қылмыстың аяқталғандығы туралы мәселе ұрланған мүліктің сипатына және айыптының пиғылына байланысты. Мысалы, егер айыпты күзеттегі аумақтан шығармай –ақ пайдаланылуға болатын мүлікті ұрлауды ойластырса, онда мүлікті оқшаулап, оған заңсыз иелік орнатқан кезден бастап ұрлық аяқталған болып саналады.
Ұрлаған мүлкін сол тұрған жерінде өз пайдасына жарату мүмкін болмағандықтан, оны күзеттегі аймақтан алып шығу кезінде айыпты ұсталса, оның әрекеті ұрлыққа оқталғандық ретінде сараланады.
Кінә, қылмыстың себебі мен мақсаты ұрлықтың субъективтік жағын сипаттайтын нышандарға жатады. Бұл нышандар ұрлық жасаушы адамның психикасындағы ішкі процесстердің көрінісі, ол ұраушының санасы мен еркінің жасалған қоғамға қауіпті әрекетпен байланысын сипаттайды.
Субъективтік жағынан ұрлық – тікелей ниетпен жасалатын әрекет. Ол дегеніміз – айыпты өз әрекетінің қоғамға қауіпті екендігін ұғынады, қоғамға қауіпті зардаптың болатынын алдын ала біледі және соны тілейді; ешқандай құқығы болмаса да бөтен мүлікті жасырып алады, өзіне заңсыз пайда түсіру үшін мүлікиесіне материалдық залал келтіретіндігін түсінеді.
Ұрлық жасағанда айыпты өз әрекетін заңға қайыпты екендігін де, мүлікті жасырып иелетіндігін де ұғынады. Ұрлық жасаудың себебі – пайда табу. Пайда табу болмаса ұрлық та болмайды. Ол ұрлықтың субъективтік себебі. Бірақ бұл себебтің мазмұны оның тереңдігі, оны ұғыну дәрежесі және тұрақтылығы әр түрлі болуы мүмкін.
Мақсат – ұры ұмтылған нысан, оған заңға қайшгы әрекеттер арқылы қол жеткезеді. Себебке қарағанда қылмыс жасаудағы мақсат айыптының қоғамға қауіпті әрекет жасай отырып қол жеткізген тікелей нәтижесімен сипатталады. Мақсат пен себеп арасындағы айырмашылық еріктік проценті әр түрлі сипаттауға негізделген.
Ұрлықтың себебі ұрық асаған адам нені байлыққа алды деген сұраққа жауап берсе, қылмыстың мақсаты әрекетіне бағытталған адам ұмтылған жақын арадағы нәтижені анықтайды.
Қылмыстық нәтиже - бөтен мүлікті заңға қайшы жолмен алу – ұрлық жасаудағы айыпты алға қойған тікелей мақсат, ол ұрлық құрамының элементіне жатады. Онда бөтен мүлікті жасырын алуға, одан пайда көруге ұмтылу сипаты бар. Ұрланған мүліктен пайда көру, іс жүзінде, ұрлық құрамынан тысқары жатыр. Ол қылмыстан туындайтын қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған.
Қылмыстық кодекстің 175 бабының 2-ші бөлігіенде мынандай саралаушы нысандар көзделген:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байлануы бойынша;
б) бірнеше рет;
в) тұрғын, қызметтік немесе өндірістік ірі жайға, қоймаға заңсыз кірумен жасалған ұрлық.
Адамдар тобының алдын ала сөз байлануы бойынша түсінігі Қылмыстық кодекстің 31 бабының 2-ші бөлігінде берілген. Бірлесіп қылмыс жасау жөнінде алдын ала келіскен адамдар тобы сондайға жатады. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының 1996 жылғы 25 шілдедегі «Бөтен мүлікті ұрлауды саралаудың кейбір мәселелері туралы» қаулысының 7 тармағынды ұрлық жасау жөнінде алдын ала келісіп, оған екі немесе одан көп адамдар қаттысса ондай ұрлық адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған ұрлыққа жатады делінген. Ұрлыққа қатысқа адамдар санын анықтағанда қасақана қылмыс жасауға қатысушылар туралы жалпы білімге сүйену қажет. Атап айтқанда, мұндай адамда қоғамға қауіпті осы әрекет субъектісінің нысаны болуға, сондай-ақ олар бірлесіп, қасақана және келісіп әрекет жасауға тиіс. Топқа қатысушы кемінде екі адам ұрлықтың объективтік жағын орындаса, онда ол нысаны жағынан тек бірге атқарушылық қана болуға тиіс. Бұл жағдайда олардың барлығын бірдей әрекет орындауы міндетті емес. Біреуге ұрлататын мүлікке жол ашуы басқалары мүлікті алу немесе басқа да әрекеттер жасауы мүмкін.
Сондықтан да бір атқарушы және бір немесе бірнеше қатысушылар (көмекшілер, айдап салушылар, ұйымдастырушылар) болса осы нышандар бойынша ұрлықты саралауға болмайды. Қылмыс басталғанға дейін, оған дайындық кезінде немесе тікелей оқталар алдында келісімге қол жеткен болса алдын ала сөз байланысқандық орын алады. Сөз байласқан кезден ұрлық басталғанға дейінгі аралықтағы уақыт маңызы жоқ. Нысаны жағынан сөз байласу ауызша, жазбаша, тікелей конклюденттік әрекеттер арқылы (тіл көрсетіп), үнсіз болуы мүмкін.
Бөтен мүлікті алуға тікелей бағытталған әрекетті атқарушы бастап қойған болса, онда басқа қатысушының кейін келіп қосылғандығы бұл саралаушы нысанды құрамайды, себебі бұл адамды ұрлықты бірге жасау үшін алдын ала сөз байласқан деп санауға болмайды. әрқайсысы өзінше бастап, кейін кездейсоқ бірігіп, қылмысты ары қарай бірлесіп жалғастырған адамдардың қылмыстық әрекеттерін де осы нышан бойынша саралауға болмайды.
Қылмыстық кодекстің 175 бабына бер3лген ескертудің 3 тармағына сәйкес 175-181 баптарда көзделген қылмыстар бірнеше рет жасалған саналады, егер осы баптарда, сондай-ақ 248, 255, 260 баптарда көзделген қылмыстар оған дейін бір немесе бірнеше рет жасалған болса.
Тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға не қоймаға заңсыз енумен жасалған ұрлықтың қоғамға қауіптілігі сонда, ұры кедергілерді өтіп мүлікке жету үшін белгілі бір қиындықтырды жеңеді, төбені, қабырғаны немесе есікті бұзады,жәбірленің өз мүлкін сақтау үшін алдын ала қарастырған шараларын жоққа шығырады,өз мақсатына жету үшін табандылық көрсетеді.
Ұйымдасқан топ жасаған қылмыс түсінігіне Қылмыстық кодекстің 31 бабының 3 бөлігінде бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні бұрын біріккен адамның тұрақты тобы жасаған қылмыс деп анықтама берілген.
«Қылмыстық топтық және сыбайластарының ұйымдасқандығын және тұрақтылығын,атап айтқанда,олардың құрамының, ұйымдық құрылымдарынң тұрақтылығы,мүшелерінің ынтымақтастығы,топтағы тәртіпке және ұйымдастырушының не жетекшінің нұсқауларына бағынуы,қылмыстық қызметтің нысандары мен әдістерінің тұрақтылығы,қылмысты жоспарлау және мұқият дайындау,қатысушылар араласында рө бөлу,қылмысты жасыру шараларын және қылмыстық жолмен тапқан мүлікті сатуды алдын ала орналастыру сияқты нышандардан көруге болады»-делінген ҚР Жоғарғы Соты Пленумының қаулысында.
Ұрлықты ұйымдасқан қылмыстық топ жасаса, онда ұрлауға қатысқан топ ұйымдастырушының,жетекшісінің және мүшелерінің әрекетін ұйымдасқан топ жасаған ұрлық үшін жауаптылық көзделген бап пен ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны және жетекшілік еткені қарастырған Қылмыстық кодекстің 235 баптың тиісті бөлігінің жиынтығы бойынша саралау қажет.
Ірі мөлшер түсінігі заң шығарушы Қылмыстық кодекстің 175 бабына беріген ескертуін 2 тармағында қарастырған.
Осы тараудың баптарындағы ірі мөлшер немесеірі залал деп қылмыс жасалу ісінде ҰР-ң заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асып түсетін мүліктең құны мен залалдың мөлшері танылады.
«Ұрлық не қорқытып алушылық үшін бұрын сотталған адам жасаған ұрлық» - Қылмыстық кодекстің 175 бабына берілген ескертуде оған да ресми түсініктеме берілген. Ұрлық не қорқытып алушылық үшін бұрын сотталған адам деп осы Кодекстін 175-181, 248, 255, 260 баптарында көзделген бір не бірнешіне қылмыстар үшін соттылығы бар адам танылады.
Ұрлық зорлықсыз қылмыстар қатарына жатады,сондықтан күш көрсетіп қылмыскер әрекетін бақылау мүмкіндігінен айырылған адамның (бір жерге жауып қойған)мүлкін жасырып алу,көрсетілген зорлықтың сипатына қарай тонау немесе қарақшылық ретінде Қылмыстық кодекстің 178, 179 баптары бойынша саралануға тиіс.
Жәбірленуші дәрменсіз жағдайға келтіру үшін оның ағзасына күшті әрекет етіп,денсаулығы мен өміріне қауіпті заттарды енгізу және бөтен мүлікті иелену қарақшылық ретінде (Қылмыстық кодекстің 179 бабы) сараланады.
Әшкерелеген ұры,бастаған жасырын ұрлақтың беті ашылғанын ұғынып,ұрлағанын тастай салып ұсталып қалмау үшін жасырынуға ұмтылса,мұндай әрекеттер бәрі бір ұрлыққа (немесе оған оқталғандыққа) жатады. Егер ұсталып қалмау үшін ұры өзін ұстаушы адамға қарсы күш қолданса, оның әрекеті өзінше жеке адамға қарсы қылмысты құрайды.
Егер айыпты ұрлықты жасырып бастап,бірақ өзінің әшкереленгендігін біліп мүлік алуды,ашық жалғастырса,оның әрекеті тонау болып табылады (Қылмыстық кодекстің 178бабы).
Ұрлықтың бөтен мүлікті иеленіп алудан және ысырап етуден айырмашылығы сол ұрлық кезінде айыпты бөтен мүлікті алуы,не оған баруға мүмкіндік алуы,не оны күзетуі мүмкін,бірақ онда ол мүлікке билік етуге,оны басқаруға,сақтауға ешқандай өкілеттік болмайды.
Ұрлықты алаяқтықтан ажырату қажет.1) ұрлық жасағанда қылмыс заты тек мүлік қана болады, ал алаяқтықта қылмыс заты мүліктен қатар мүлікке құқық та болады. 2) ұрлық жасалғанда жәбірленушінің мүлкі онын еріксіз, жасырып алынады. Ал алаяқтық кезінде меншік иесі немесе заңды иегері алғандықтан немесе сенімге қиянат жасағандықтан мүлікті қылмыскерге өзі береді. 3) алаяқтық кезінде мүлікті қылмыскерге әрекет жасауға қабілеті бар, мүлікке билігін заң танитын адам беруге тиіс. Егер алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы жасына немесе психикасының бұзылуына баиланысты әрекет жасау қабілеті жоқ немесе қабілеті шектелген адамның мүлкін иеленсе,онда қылмыстың әрекеті алаяқтық емес, ұрлық болып саналады, себебі ондай адамның еркі заң жүзінде ескерілмейді.
4) алдаушылық тек алаяқтықта ғана емес, ұрлық кезінде де болады. Алаяқтық жасалғанда алдау арқылы мүлік иеленеді, ал ұрлық кезінде сол жасырып ұрланатын мүлікке беру үшін алдау тәсілі қолданылады.
Ұрлықты тонаудан ажырату керек, оның басты айырмашылығы-мүлікті алу тәсілінде. Ұрлық кезінде мүлік жасырын алынса, тонауда ашықтан-ашық алынады.
Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету (Қылмыстық кодекстің 176 бабы).
Иеленіп алу немесе ысырап ету,пайдасына заңсыз яғни кінәлі адамға сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ұрлау.
Бұл қылмыстың объектісі-меншік, басқаша айтқанда,мүлікті иелену,пайдалану, оған билік ету жөніндегі қоғамдық қатынастаржиынтығы. Мүлік, бұл жерде ұрлау заты болып табылады. Жалпы ұрлау затына тән белгілері бар мүліктер ғана иеленіп алудың немесе ысырап етудің заты бола алады. Және де, ол мүліктің айыпты адамға сеніп тапсырылуы міндетті шарт.
Иеленіп алудың немесе ысырап етудің затына мына нышандар тән
-заттың;
- экономикалық;
-заңдық;
-айыпты адамға мүліктің сеніп тапсырылуы.
Заттық нышан дегеніміз-иеленіп алудың немесе ысырап етудің заты әрқашан да материалдық нәрсе.
Экономикалық нышан иеленіп алудың немесе ысырап етудің затында,қандай да бір экономикалық құндылық бар екендігін көтсетеді. Ол құндыық өзінің құнынан ақшалай бағасынан көрініс табады.
Заңдық нышан иеленіп алудың немесе ысырап етудің заты бөтен, еркін азаматтық айналымда жүрген мүлік қана болатындығын көрсетеді. Өз мүлкін ұрлау меншіктік қатынасты бұзбайды. Сондықтан ол меншікке қастандық жасау деп қарастырылмайды. Бұл қылмыстың объективтік жағын,бөтен мүлікті ұрлаудың нысаны ретінде,иеленіп алу және ысырап ету құрайды.
Иеленіп алу дегеніміз-белсенді қызмет жасай отырып субъектінің өзіне сеніп тапсырылған тауарлық материалдық құндылықты алуы,оған заңсыз иелік орнатуы. Иеленіп алғанда айыптыға сеніп тапсырылған мүлік оқшауанып,оған заңсыз өтеді,оны өз меншігіне айналдыру немесе үшінші адамның меншігіне беру мақсаты болады. Меншік иесіндегі мүлік алынып оқшауланған және ол оның өз мүлкіне қосылған кезден бастап иеленіп алу аяқталған қылмыс болып саналады.
Ысырап ету-сеніп тапсырылған мүлікті тұтынушыдан айыру арқылы айыптының өз пайдасына немесе басқа адамның пайдасына заңсыз және қайтарымсыз айналдыруы.
Бұл жағдайда, қандай да бір өкілеттік жасауы үшін өзіне сеніп тапсырылған мүлікті айыпкер заңсыз жұмсайды, сатады, үшінші адамға береді не өзі пайданылады.
Иеленіп алу және ысырап ету аяқталған қылмыс деп саналады, егер субъект мүлікті тек алып қана қоймай, оны еркін айналымғажіберуге нақты мүмкіндік алған болса.
Бұл қылмыстың субъективтік жағы тікелей ниетпен және пайда табу мақсатымен сипатталады: адам өзіне сеніп тапсырған мүлікті заңсыз ұстап не неліктен шығарып отырғанын ұғынады, өзінің заңға қайшы әрекетімен меншік иесіне материалдық залал келтіретінін алдын ала біледі, және бас пайдасын ойлап сондай болғандықты тілейді.
Қылмыс субъектісі арнаулы – жасы он алтыға толған, есі дұрыс, заңды түрде мүлік сеніп тапсырылған адам.
Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алудың немесе ысырап етудің құрамы үшін заң шығарушы мынандай саралаушы нысандарды қарастырған:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байлануы бойынша жасалған;
2) бірнеші рет жасалған;
3) қызмет бабын пайдаланып жасалған;
4) ұйымдасқан топ жасаған;
5) ірі мөлшерде жасалған;
6) ұрлық немесе қорқытып алушылық үшін бұрын екі немесе одан көп рет сотталған адам жасаған.
Алаяқтық
Бұл іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігі сонда, оның жасаудың нәтижесінде меншік құқығы бұзылады.
Алаяқтық объектісі меншік болып табылады. Алаяқтың заты ретінде тек мүлік қана емес, сонымен қатар оған құқық, сондай-ақ мүлікке кейбір өклеттіктер де табылады.
Алаяқтың ерекшелігі осы қылмыстың жасалу тәсілінде – мұнда алдау және сенімге қиянат келтіру орын алады.
Алдау болған адам бір нәрсені жалған ұғынады, адасады. Алдау белсенді нысанда не пәс мінез – құлықта көрініс табады. Белсенді нысандағы алдауда адамға қандай да бір фактілер, оқиғаларжайында жалған деректер беріледі. Пәс алдауда шындық айтылмай қалады, егер фактілер мен мән-жайлар жайында дұрыс ақпарат алса, жәбірленуші өз мүлкіне билік етуден тартынған болар еді. Мүліктік құқық қатынасының шарты мен мазмұнын елеулі өзгертіп мән-жайларды айтпау да пәс алдауға жатады.
Алаяқтық жасаудың тәсілі ретінде алдау өткен немесе қазіргі кездегі фактілерді бұрмалап көрсетуде ғана емес, алаяқтың келешекте болатын мән-жайларды да бұрмалауында.
Алаяқтың көп тараған түрлерінің бірі келешекте болатын оқиғалар жайында алдау. Мысалы: қымбат автомобиль сатып аламын деп немесе жай «қарызға» жәбірленген ақша алу сондайғ ажатады. Алдау сөз нысанында да немесе жәбірленушіні қатерілестіретін басқа әрекеттер арқылы да көрініс табады.
Мүлікті немесе мүлікке құқықты алаяқтық жолмен алудың басқа бір тәсіліне заң сенімде қианат жасауды жатқызады, бұл жағдайда айыпты өзінің меншік иесімен немесе мүліктің заңды иегерімен арадағы сенімдік қатынасты пайдаланады. Алаяқ пен жәбірленуші арасындағы сенімді қатынасты пайдаланады. Алаяқ пен жәбірленуші арасындағы сенімдік қатынастың негізінде тек құқықтық негіздеме ғана емес, сонымен қатар сенімдік қатынасты тудырған өзге де мән-жайлар, мысалы: жеке таныстық, туысының ұсынысы, қалыптасқан нақты жағдай, т.б болады.
Алаяқтың объективтік жағының өзіне тән ерекшелігі сонда, жәбірленуші қатерлескендіктен алаяққа мүлікті немесе мүлікке құқықты өз еркімен береді.
Мүліктің өтуі сырттай қарағанда, тараптардың келісімі, мәміле сияқты болып көрінеді. Бірақ мұндай мәміле заң талабын қанағаттандырмайды, себебі ол жәбірленушінің еркіне қарсы жасалған, объективтік жағынан алаяқтық аяқталған деп саналады, егер мүлікке өзінікіндей билік етуге немесе сол мүлікке құқықты іске асыруға айыпты мүмкіндік алған болса.
Субъективтік жағынан алғанда алаяқтықта тікелей ниет болады: алдау немесе сенімге қианат ету жолымен бөтен мүлікті заңсыз иемдениетін немесе сол мүлікке құқықты алатынын субъект ұғынады, нақты зиян келтіруі мүмкін екенін немесе оның қалай да болатынын алдын ала біледі, соны тілейді. Бұл қылмыстың субъективтік жағының міндетті нышаны – пайда көру мақсаты, яғни айыптының бөтен мүлікті өз пайдасына немесе үшінші адамның пайдасына айналдыруы. Алаяқтықты ұрлықтан ажыратқан жөн. Ұрлық кезінде алдау кейін бөтен мүлікті жасырып алғанда соны жеңілдететін шарт қана (мысалы: үй-жайға, қызметтік немесе өндірістік жағдайға кіру үшін алдау). Алаяқтық жасалғанда алдау мүлікті субъектіге берудің негізгі себебіне айналады. Және де, ұрлық жасағанда мүлік жәберленуден жасырын, оның еркінсіз ұрланады. Ал, алаяқтықта мүлік қылмыскерге «еркімен» беріледі.
Тонау мен қарақшылық
Тонау дегеніміз - бөтен мүлікті ашық ұрлау. Бұл қылмыстық іс-әрекеттің қоғамға қауіптігі, ол меншікке құқықты бұзады.
Осы қарастырылып отырған қылмыстың объектісі меншік.
Қосымша тікелей объект ретінде адамның денсаулығы алынады (күш қолданып тонағанда).
Тонаудың құрамы конструкциясы жағынан материалды, сондықтан да бұл іс-әрекеттің объективтік жағын:
а) қоғамға қауіпті әрекеттер;
б) қоғамға қауіпті салалдар;
в) солардың арасындағы себептік байланыс құрайды.
Тонау кезіндегі қоғамға қауіпті әрекет бөтен мүлікті ашық ұрлауға бағытталған. Күш қолданып тонау – осы іс-әрекеттің сараланған құрамы болып табылады. Бірақ алудың ашық тәсілі, сонда да мүлікті иелену үшін айыпты тарапынан қандай да бір күш жұмсалуын қарастырады.
Жәбірленуге залал келтіру фактісі мен мүлкті ашық түрде иеленуге бағытталған айыпты адам әрекетінің арасында қажетті тікелей себептік байланыс болуға тиіс.
Тонаудың субъективтік жағы тікелей ниет түріндегі кінә мен және пайдакүнемдік мақсатпен сипатталады.
Қылмыстық Кодекстің 14 және 15 баптарына сәйкес тонаудың субъектісі жасы 14 толған, есі дұрыс адам бола алады.
Ұрлаудың тек тонау сияқтынысанына ғана тән саралаушы нышанға жәбірленушінің өмірі немесе денсаулығы үшін қауіпті емес күш қолдану не сондай күш қолданамын деп қорқыту жатады.
Жәбірленушінің денсаулығы немесе өмірі үшін қауіпті емес күш қолдану деп кішігірім жарақат, қанталау, дене тырналуы түрінде денсаулыққа келтірген жеңіл зиянды түсіну керек.
Адамның жанына бататын, бірақ жарақат қалдырмайтын ұрып-соғу немесе өзгедей күш қолдануәрекеттері де сондай, зорлыққа жатады.
Бөтен мүлікті иелену үшін жәбірленуші бостандықтан айыру немесе бостандығын шекте, байлап тонау, ұстап тұружәне басқандай да айыпты қолданған әрекеттер де денсаулыққа немесе өмірге қауіпті емес зорлықтар қатарына жатады.
Тонауды күш қолданған деп тану үшін жәбірленушінің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті зорлық әрекеттерінің қолданылуы міндетті емес, оны қолданудың, нақты қауіпінің төнуіжеткілікті, бірақ күш қолдану да, психикасына қысым жасау да мүлікті иеленуге немесе оны ұстап қалуға бағытталуы тиіс.
Қарақшылық
Қарақшылық объектісі күрделі қылмыстар қатарына жатады. Онда бөтен мүлікке ғана емес, жәбірленушінің өз басына қастандық жасалады. Шабуылға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті күш қолданылады. Қарақшылық шабуыл жасаушының заты мүлік деп танылады, яғни ол өз иесінің мұқтаждығы не тікелей (тағам, жиһаз, автомашина, киім) не жанама (ақша, құнды қағаздар, және басқа) қанағаттандыра алатын материалдық әлемдегі заттар.
Объективтік жағынан алғанда қарақшылық жәбірленушінің денсаулығы немесе өмірі үшін қауіпті зорлықпен немесе, ондай зорлықта тікелей қолдану қаупімен ұштасқан шабуыл арқылы сипатталады.
«Шабуыл» термині жәбірленушіге кенеттен, ойламаған жерден психикалық қысым жасаумен байланысты.
Шабуыл кенеттен болғандықтан жәбірленуші өз мүмкіндігінше тойтарыс беру қабілетін жоғалтады немесе үшінші адамның көмегіне жүгіне алмайды, себебі күш көрсету әрекеті табан асты туындайды. Қарақшылықта зорлық пен мүлікті иемдену бір уақытта жүзеге асырылады. Күш қолданусыз шабуыл жасау мүмкін емес.
Адамның дене құрылысына және физиологиялық жағдайына тіптен әсер етпейтін немесе шамалы ғана әсер ететін қалыпты қызметін бұзбайтын әсері күшті және есеңгірететін заттарды ағзаға еңгізу, ол заттардың денсаулыққа және өмірге қаншалықта қауіпті екендігіне байланысты, тонау немесе қарақшылық ретінде сараланады.
Қарақшылық кезіндегі шабуылды кең мағынада түсіну керек. Ол жәбірленушінің жеке басына кез келгеннысанда күш көрсетіп ықпал жасаумен сипатталады, нәтижесінде оның өміріне немесе денсаулығына қауіп туады.
Жәбірленушінің ағзасына әсері күшті уды, есеңгірететін заттарды оның еріксіз және егі жоқта күштеп еңгізу заң нормасында көрсетілген мақсатта болса, онда оның қарақшылықпен шабуыл жасау деп саналатын арттан келіп ұруды, тасада тұрып атудан айырмашылығы жоқ.
Зорлықтың жалпы мазмұны қайсыбір адамға заңға қарсы қандай да бір күш қодануда жатыр. Жалпы қабалданған пікір бойынша күш қолдану адамның дене бітіміне және психикасына жасалған зорлық деп бөлінеді.
Дене бітіміне зорлық дегеніміз – жәбірленушінің ағзасына, сыртқы және ішкі органдарына, оның еркімен санаспай, механикалық құралдармен, сондай-ақ химиялық және электр құралдарымен де жасалған әртүрлі қоғамға қауіпті заңсыз әсер.
Зорлық өмірге қаіпті ме, жоқ па анықтау үшін сот істің барлық мән-жайын ескеруге тиіс: қылмыс жасау құралын, көрсетілген зорлықтың сипатын, жәбірленушінің жанды жерінің жарақаттыған, алған жарақатына жәбіленушінің психикалық көзқарасын, сот-медициналық сарапаттаудың қорытындысын және тағы басқаларды.
Бұл аталған мән-жайларды сот зорлықшының өмірге қауіптігін анықтау кезінде де ескеруге тиіс.
1988 жылғы 1 шілдедегі Денсаулыққа зиянның ауырлығын сот-медициналық тұрғыдан бағалаудың Ережесіне сәйкес салған кезде тікелей өмірге қауіп төндіретін дене жарақаты да, патологиялық жағдай да өмір үшін қауіпті деп танылады. Оған мидың, жүректің жарақат алуы, ірі қантамырларының көп қан кетуі, тағы басқа жатады. өмір үшін қауіпті деп, сонымен қатар, өмір және денсаулық үшін маңызды болып табылатын органдар мен орталықтардың бүлінуі де саналады, атап айтқанда, бас сүйекке, төске және қарынға, жұлынға өткен жарақаттар, жеңіл болса да ішкі органдардың бүлінуі, өмірге қауіп төнетін жағдайға әкеп соғатын жарақаттар (клиникаық естен тану, коллаж, қан жоғалту,май эмболиясы). Жарақаттын қауіптілігін бағалағанда адамның емделгеннен кейінгі жағдайы емес, жарақат алған кездегі жағдайы ескеріледі.
Қарақшылық кезінде, көп жағдайда, денсаулыққа нақты қауіптілік төнеді. Бұл мән-жай едәуір мөлшерде зорлықтың жасалуы тәсілімен анықталады.
Мүлікті қылмыскердің иеленген-иеленбегендігіне қарамастан, жәбірленушінің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті зорлыққа ұласқан шабуыл жасаған кезеңнен бастап қылмыс аяқталған болып саналады.
Қарақшылықтың субъективтік жағы тікелей ниетпен және пайдакүнемдік мақсатпен сипатталады.
Қарақшылықты саралаушы ныандары ретінде заң мыналарды таниды:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байланысуы бойынша;
б) бірнеше рет;
в) тұрғын, қызметтік, өндірістік үй-жайға не қоймаға заңсыз кірумен;
г) қару немесе қару ретінде пайданылатын заттарды қолданумен жасалған.
Ерекше саралаушы нысандарға мыналар жатады:
а) ұйымдастырушылардың толық қараушылық жасауы;
б) денсаулыққа зауыр зиян келтіріп қарақшылық жасау;
в) мүлікті ірі мөлшерде ұрлау мақсатында қарақшылық жасау;
г) ұрлық немесе қорқытып алушылығы үшін бұрын екі немесе одан да көп рет соталған адамдардың қараушылық жасауы.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 27 қазандағы «Қарудың кейбір түрлерінің айналымын мемлекеттік бақылау туралы» заңынды тірі және өзге де нысаналарды құлатуға конструкциясы әдейі арналған құрылғылар мен заттар, сондай-ақ қарудың функционалдық міндетін анықтайтын оның негізгі бөліктері қару деп танылады делінген. Заң қаруға оның мына түрлерін жатқызады: атылатын, суық, газды, электр, пневматикалық қарулар.
Қарақшылық жасағанда қарудың болуы жеткіліксіз: ол қолданылуы тиіс. Қаруды қолдану дегеніміз – қылмыскердің оны нақты пайдаланылуы, яғни ол жәбіренушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті жарақат салады, сондықтан да мұндай заттар тек сырттай көрініс қана бермей, нағыз қарулар қатарына жатуға тиіс.
Қаруды немесе өзге заттарды қолдану дегеніміз – қарудың атылуы, көрсетілген заттарды ұрып-соғуға, тұншықтыруға, жаншуға пайдалану, және тағы басқа.
Қараушылық шабуылының зардабы ретінде саналатын денсаулыққа ауыр зиян келтіруді заң шығарушы жаңа Қылмыстық Кодексте осы іс-әрекеттің саралаушы нышаны деп қарастырған. Бұл саралаушы нышан сондай зардап орын алған жағдайда ғана адамға кінә болып тағылады.
Мынандай жарақаттар салынғанда денсаулыққа ауыр зиян келген деп есептейміз:
а) салған кезде өмірге қауіпті;
б) көру, сөйлеу, есту қабілетін немесе қандай да бір органды жоғалтуға не органның өз функциаларын жоғалтуғаәкеп соғатын;
в) бет әлпеттің сиқын бұзатын;
г) денсаулықтың бұзылуына, сонымен қатар жалпы еңбек қабілетінің келгінде үштен бір тұрақты жоғалтуға әкеп соғатын;
д) кәсіби еңбек қабілетін толық жоғалтуға әкеп соғатын;
з) нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауруға әкеп соғатын жарақаттар.
Сонымен жәбірленуші қарақшылық шабуы кезінде ұрып-соғу, оның денсаулығына жеңіл, орта ауырлықты зиян келтіру Қылмыстық Кодекстің 179 бабының 1 бөлігі бойынша сараланады, қарақшылық кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру 179 баптың 3 бөлігі бойынша сараланады, егер де қарақшылық шабуылдың нәтижесінде жәбірленуші өлсе, онда әрекет Қылмыстық Кодекстің 96 бабы 2 бөлігінің «з» тармағы мен 179 бабының 1 бөлігінің жиынтығы бойынша сараланады.
Қорқытып алу
Қорқытып алушылықтың қоғамға қауіптілігі сонда, ол меншік құқығын бұзады.
Бұл қылмыстың объектісі деп тек меншікті ғана емес, жәбірленушінің өз басын да санау керек ( оның бостандығы, ар-ожданы, қадір-қасиеті, жеке дербестігі).
Объект құрылымына және де меншік құқығымен ғана емес, кейбір жағдайларда міндетті құқықпен: меншікке өз үлесінен бас тарту, қорқытып алудың пайдасына қандай да бір мүліктік сипаттағы әрекеттерді қайтарымсыз орындаумен қамтамассыз етілген мүліктік мүдделер де кіреді.
Қорқытып алушылық – мүліктік қылмыс, меншіктің қоғамдық қатнастарына қол сұға отырып өз затына тек мүлікті немесе оған құқықты ғана емес, сонымен қатар мүліктік сипаттағы әрекеттерді жатқызады. Бұл жерде мүлікке құқық қатаң заңдық нысанның сақталуын талап ететін тиісті құжаттармен бекітіледі.
Күн көрсетіп қорқытушылықтың ерекшелігі – оның келешекте жүзеге асатындығында, яғни айыпты өзінің мүлікті беру туралы талабы орындалса бірнеше уақыттан кейін күш қолданылатындығын айтады.
Сонымен қатар бұл қылмыста табандылық сипат та болады, яғни өз талабы орындалмаса айыпты сол жерде күш қолданылатынын білдіреді.
Қорқытып алудың қарақшылықтан айырмашылығы сол, қорқытып алу кезінде айыпты келешекте күш қолданамын деп қорқытады, яғни қорқыту мен оны іске асыру арасында қандй да бір уақыт болады. Қорқытып алушылық кезінде айыпты иелігінде немесе күзетінде мүлік бар адамға ғана қатысты емес, оның жақындарына да қатысты күш қолданамын деп қорқытады, мұндай қараушылық кезінде болмайды.
Қорқытып алушылық кезінде мүліктің келешекте брілуі, ал қарақшылықта оның табан-асты берілуі талап етіледі.
Мүлікті жоямын немесе бүлдіремін деп қорқыту дегеніміз – ол жүзеге асса, мүлік не мүлік болудан қалады, не келген зақымнан кейін оны қайта қалпына келтіру қажет болады.
Бөтен мүлікті иеленуші немесе сол мүлік күзетіндегі адамды масқаралайтын мәліметтерді таратамын деп қорқыту дегеніміз – сол мәліметтерді оларды білмейтін адамдарға хабарлаймын деп қорқыту.
Жәбірленуші қорқытып, оған мүліктік талап қойылған кезден бастап тіптеп айыпты өзі қалаған нәтижеге қолын жеткізе алмаса да, мүлікті немесе оған құқықты иеленбесе де, қылмыс аяқталған болып табылады.
Қорқытып алушылық заты – мүлік, мүлікке құқық, мүліктік сипаттағы әрекеттер, ал қараушылық пен тонаудың заты тек – мүлік.
Қорқытып алушылық кезіндегі зорлық күш көрсетілген деп қорқыту мен мүлікті жоямын немесе бүлдіремін деп қорқытумен, масқаралайтын мәлеметтерді таратамын деп қорқытумен, сондай-ақ күш қолданумен сипатталады.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей ниетпен және пайдакүнемдік мақсатпен сипатталады. Мүлікке ешқандай құқ болмаса да, жәбірленушінің мүддесіне залал келтіруі мүмкін әрекеттер жасаймын деп қорқытып сол мүлікті талап етіп, отырғанын айыпты ұғынады.
Мақсат - мүлікті немесе сол мүлікке құқықты алу.
Қорқытып алудың субъектісі – жасы он төртке толмаған, есі дұрыс адам.
Қылмыстың жеке түрлерін тергеу әдестемесі – бұл тергеуді ұйымдастыру мен жүзеге асыру және қылмыстың жеке түрлерін болдырмау бойынша кеңес беу негізінде қарастырылатын ғылыми жағдай жүйесін құратын криминалистиканың бөлімі.
Криминалистиканың әдістемесінің көздері мыналар болып табылады:
а) қылмыстың құрамының белгілерін, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша дәлелдеу пәні мен шегін айқындайтын қылмыс және қылмыстық іс жүргізуші заң шығарушы нормалар;
б) криминалистикалық техника, криминалистикалық тактика, криминалистикалық ұйымдастыру жағдайының жалпы теориялық ережелері;
в) қылмысты ашу, тергеу және болдырмаудың алдыңғы қатарлы тәжірибесі;
г) қылмысты тергеуде қолданылатын басқа ғылымдардың жеке ережелері (сот медицинасы, психология, криминология)
Криминалистикалық әдістеменің жалпы мәселесі болып Республикалы қылмыспен белсенді айбынды түрде күреске қатысу болып табылады.
Өзекті мәселе қатарына жататындар:
- криминалистикалық тұрғыдан қылмыс пен қылмыстылық жағдайларды зерттеу;
- әр қилы қылмыстың түрлерін ашу, тергеу және болғызбаудың алдыңғы қатарлы тәжірибесін зерттеу және талдап қорыту;
- қылмыстың жеке түрлерін ашу, тергеу және қылмысты болғызбауды жүзеге асыру мен ғылыми негізделген бағдарламаларды жаңарту.
Қылмыстың жке түрлерін тергеу әдісі екі бөлімнен тұрады:
а) криминалистикалық методологияның жалпы ережелері;
б) қылмыстың нақтылы айқын түрлері мен топтарын тергеу әдістемесі (жеке әдіс);
Жалпы жағдайы – бұл криминалистикалық әдістің теориялық негіздері (жүйесі, мақсаты, қағидасы)
Жеке әдістер – қылмыстың нақты түрлерін тергеу кеңестері мен бағдарламалары жеке әдіс екі топқа бөлінеді: жай және ерекше.
Жай әдістер – қылмыстық заңмен бекітілген қылмыстың түрлері бойынша, ал ерекше әдістер мынандай белгілер бойынша құралады:
- қылмыстың болған орны;
- қылмыскер тұлғасының мінездемесі;
- қылмыстың болуы мерзімінен бергі уақыт саны;
- тергеуге қатысқан тергеушілер саны.
Қылмыстың жеке түрлерін тергеу әдістемесінің жеке типтік құрлымы келесі бөлімдерден тұрады:
а) көрсетілген қылмыс түрінің криминалистикалық сипаттамасы;
б) көрсетілген қылмыс түрін тергеудегі анықтауға жататын жағдай;
в) көрсетілген категория ісі бойынша қылмыстық істі қозғау және тергеудің бастапқы этабын жоспарлау негіздері;
г) типтік тергеу жағдайы пайда болу барысында, тергеуші тергеудің әр этаптағы әрекет тәртібі; тергеу іс-шарасындағы тактика әрекетінің және басқа да ұйымдасқан әрекеттің ерекшеліктері;
д) көрсетілген дәреже істері бойынша арнаулы білімді қолдану ерекшеліктері;
е) тұрғындардың көмегін пайдалану ерекшелігі;
з) көрсетілген қылмыс түрін тергеудегі тергеушінің, анықтаушы бөлім қызметкерлерінің және олардың басшыларының ара қатынасты жан-жақты жандандыру;
и) сәкес келетін іс катергориясы бойынша тергеушінің тергеу материалдары бойынша профилактикалық жұмыс, яғни алдын алу әрекетін ұйымдастыру.
2.1. Ұрлықты тергеу әдістемесі
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі – 175 бабына сай, ұрлық бөтен мүлікті жасырып ұрлау болып ұғындырылады.
Бұл жеке меншікке қарсы кең тараған қылмыс.
Объект – меншік.
Объективтік жағы – бөтен мүлікті жасырын ұрлау.
Субъект – 14 жасқа толған тұлға.
Субъективтік жағы – тікелей қасақаналық.
Ұрлық заты – ақша, бағалы бұйымдар, тауарлар және тағы басқа болып табылады.
Бұл қылмыс әр түрлі жерлерде жасалады. Ұрлық күндізгі уақытында, түнгі уақытта да жасалады. Жиі кездесетіні дүкен, қойма, пәтер, үйдегі заттар және де жеке заттарды вокзалдарда, поезда, базарларда, сондай-ақ адамдар көп жүретін жерлерде қалтадан ұрлау.
Тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға ұрылар төбені, қабырғаны, еденді, есікті, терезелерді бұзып кіреді немесе жерді қазып кіреді. Құлыпты бұзып немесе арнайы дайындалған кілтпен ашып кіреді. Сындыру, бұзу үшін белгілі бір құралдарды қолданады.
Қалтадан ұрлағанда бір заттың көмегімен немесе заттың көмегінсіз қыстырылысқан уақытты пайдаланып ұрлайды. Ұрылар өз қылмысын сездірмеу үшін үй жас балаларды, орамадағы гүлдерді пайдаланады.
Ұрлықты тергеудегі анықтауға жататын мән-жайға мыналар жатады:
- ұрлықтың орны бар ма;
- оны жүзеге асырудағы уақыты, орны және шарты;
- ұрлық заты (қылмыскермен ұрланған зат), оның құны, белгісі;
- ұрланған зат кімге тиесілі;
- ұрлықты істеу тәсілі;
- ұрлық субъектісі (оның кіммен істелгені);
- ұрлық қылмыстық топпен жасалды ма, жасалынса топтың әрбір қатысушысының кінәларының дәрежесі;
- ұрланған затты сату орны, уақыты және тәсілі;
- кінәлілердің жауаптылығын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар;
- ұрлыққа ықпал еткен себептер мен шарттар.
Ұрлықты істеу тәсілдерін келесі көрініспен топтауға болады:
а) мемлекеттік немесе қоғамдық, не азаматтардың жеке мүлкін тұрғын алаңнан ұрлау; олар бұзу және бұзбау жолдарымен жүзеге асырылады;
б) тұрғын үй алаңға енусіз азаматтардың жеке мүлкін ұрлау (сумкадан, қалтадан ұрлау, маскүнемдікті пайдалану);
в) сенімділікті пайдалану арқылы істелетін ұрлық (тұрғын үйге немесе алаңға ену және енбеу арқылы);
г) автоматтандырылған сақтау камераларынан ұрлау;
д) автокөліктерден және тағы басқалардан ұрлау.
Қылмыстық іс келіп түскен арыздар, хабарлар және жедел іздеу кезінде алынған мәліметтер бойынша қозғалады.
Ұрлықты тергеу кезінде бастапқы үш түрлі тергеу әрекеттері айқындалады.
А) Ұсталынған, қылмыс жасаған сезікті тұлға.
Бұл тергеу жағдайында болған қылмысқа тұлғаның қатыстығын көрсететін дәлелдемелерді жинаумен қорытындыланады. Тергеушінің келесі әрекет бағдарламасы ерекше: сезіктікті ұстау, жеке тінту, қажет болғанда куәгерлендіру; оқиға болған жерді қарау; жәбірленушілерді немесе материалды жауапты тұлғаларды және куәгерлерді жауаптау; сезіктікті жауаптау; сезіктінің тұрғын орнын тінту.
Б) қылмыс жасалды деп сезіктелген тұлға ұсталмаған, бірақ оның тұлғасы жайында анықталған дәлел бар.
Тергеудің негізгі бағыты болған қылмыс болған материалдық жағдайды зерттеу, сезіктелген тұлғалар, ұрланған мүлікпен немесе құнды заттар туралы дәлелдемелерді жинау мен бекіту және басқа қылмыс мән-жағдайларын анықтау болып табылады. Берілген жағдайда мынандай бастапқы тергеу әрекеттері негізгі мәселе бола алады: жәбірленушілерді немесе материалды жауапты тұлғаларды жауаптау; оқиға болған жерді қарау; куәгерлерді жауаптау; сот сараптамаларын тағайындау, жедел іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру.
В) қылмыс істеген тұлға жөнінде мәліметтердің құқық қорғау органдарында болмауы және жоқтығы.
Тергеуші әрекеттеріне жататындар: зерттеп, іздеуші бағыттамалар қасиетері сәйкес бұл жағдайлар үшін жоғарыда айтылған тергеу әрекеттерінен басқа қылмыс істеген тұлғаны анықтауға; ұрланғанды іздестіру; қылмыстың болу тәсілі, оқиға болған жердегі табылған іздер, ұрланған заттардың белгілері туралы криминалистикалық тіркеуді және басқа іс-шараларды пайдалану арқылы тергеуді жүзеге асыруға арналған жедел-іздестіруші іс-шаралар сипаты.
2.2. Тонау мен қарақшылықты тергеу әдістемесі
Тонау - бұл бөтен мүлікті ашық ұрлау.
Қарақшылық, яғни бөтен мүлікті ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған дамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсету мен немесе тікелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау.
Тонау
Объект – меншік, адамның жеке басы.
Объективтік жағы – бөтен мүлікті ашық ұрлау.
Субъект – 14 жасқа толған тұлға.
Субъективтік жағы – тікелей қанаушылық.
Қарақшылық
Объект – меншік, адамның өмірі мен денсаулығы.
Объективтік жағы – адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсету, күш көрсетемін деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау.
Субъект – 14 жасқа толған тұлға.
Субъективтік жағы – тікелей қастандық, пайдакүнемдік.
Аса қауіпті қарақшылық шабуылдар банктерге (ақша айырбастау бөлімдеріне, банк филиалдарына, бөлімшелеріне) кассирлерге, инкасатрларға қарулы шабуыл жасаумен жасалады.
Мұндай қылмысты жасау үшін қылмыскер жан-жақты дайындалады. Бөлек мекеменің және қызметкердің жұмыс уақытын біліп алады. Қызметкерлердің жүретін жолдарын анықтап алады. Өздерін көлік құралдарын қамтамассыз етеді, қаруландырады.
Ұшу, теміржол билеттерін алдын ала дайындап сатып алып қояды, істерін бітіргеннен кейін қаладан қашып кету үшін және де түр түстерін, киген киімдерін өзгертіп алады.
Қылмыскерлер тобы нақты және тез қимылдайды, көздейді. Қылмыс кезінде қауіпті жағдайларды сезгенде қару қолданады.
Пәтерлерге қарақшылық шабуыл жасау кезінде қылмыскер жалған құжаттарды қолданады. Өздерін құқық органдарының қызметкеріміз деп, почта, коммуналдық бөлім қызметкерлеріміз деп пәтерлерге алдап кіреді. Одан кейін қатаң қимылдайды; жәбірленушілерді байлап тастайды немесе бәрін бір бөлмеге қамап бекітіп тастайды (ваннаға, бөлмеге) және қорқытады полицияға хабарласа өлтірітіндерін айтады. Егер жәбірленуші қарсылық көрсетсе, көмек сұрап айқайласа ұрып соғады, денсаулығына қауіпті зиян келтіреді.
Қарақшылық пен тонау болғанда қылмыстық іс жәбірленушінің немесе олардың туыстарының, куәгерлердің хабарлауы бойынша немесе жеке арыз бойынша қозғалады.
Қарақшылық шабуыл жасау және тонау туралы істер бойынша анықталуға мыналар жатады:
- қарақшылықтың немесе тонаудың болған орны, уақыты, мән-жайы;
- қылмыстың жасалу тәсілі, оның нақты көрініс алған физиологиялық немесе психикалық зорлықтың қолданылуы; қару қолданды ма, қалай; қылмыскер көлік құралын қолданды ма және оның белгілері қандай?
- қылмысқа дайындық болды ма, қандай, қатаң және кіммен жүргізілді?
- қылмысты жасыруға қылмыскер қандай тәсілдерді қолданды?
- түрін өзгертті ме, киімін ауыстырды ма, қылмыстың іздерін жойды ма, басқа қылмыстың көрінісін жасауға тырысты ма?
- қарақшылық шабуыл жасауға, тонауға кімдер қатысты, жәбірленушілерде қандай дене жарақаты қалды, еңбек ету қабілетінен айырылды ма?
- не тоналды және оның құны, тоналған заттар мен ақшалар кімге тиесілі;
- қарақшылық немесе тонауды кім істеді, тығылған қылмыскердің белгілері, сырт бейнесін өзгертутәсілдері, жабылғандардың саны, олардың әртүрлі қылмыскерлердің тұлғасы туралы көрсетпелерді жинау;
- қарақшылыққа немесе тонауға неше адам қатысты, олардың арасындағы келісімнің болуы, топ құрамы, олардың қалыптасу шарты, әрқайсысының қылмыс істеудегі ролі, осы тұлғалармен басқа да қылмыстар жасалды ма?
- қандай, қашан, қайда және осы қарақшылықпен олардың байланысы бар ма?
- тоналғанды тығушы, алушы, шағыстырушылардың, табушылардың берген тұлғаны сипаттайтын көрсетпелері;
- қарақшылық немесе тонауға ықпал етуші мән-жайлар.
Тонау мен қарақшылық шабуылды жасау тәсілдері:
а) зорлықсыз күтпеген жерден болған жағдайды қолданып; тұрғын үйлерде, алаңдарда немесе ашық жерлерде шабуыл жасау;
б) зорлық пен қорқытуды қолдану арқылы ашық жерлерде, сондай-ақ есік алдында және подъездерде шабуыл жасау;
в) белгілі бір сылтаумен немесе зорлықты қолдану арқылы тұрғын алаңдарға кіріп, азаматтарға шабуыл жасау;
г) мемлекеттік немесе коммерциялық банк кассирлеріне, сатушыларға, сату мекемелерінде, қаржылық ұйымдарда, байланыс бөлімшелерінде және басқа мемлекеттік немесе жеке ұйымдар мен мекемелерде болатын шабуыл;
д) теміржол, су және басқа көліктердің қозғалмалы құрамындағы азаматтарға шабуыл жасау;
е) такси жүргізушілеріне, олардың ақшасына немесе автокөліктеріне иелену мақсатында шабуыл жасау.
Тонау мен қарақшылықты тергеудің бастапқы кезеңінде көбінесе мынандай тергеу түрлі жағдайларды қалыптасады.
А) тонаған немесе қарақшылықпен шабуыл жасаған сезікті тұлға қылмыс болған жерде немесе оның болуынан кейін ұсталуы.
Осы жағдайда тергеудің әрекет жоспары мынандай: сезіктіні ұстау, оны жеке тінту, қажет болған жағдайда куәгерлендіру, жәбірлеушілерді жауаптау, қажет болғанда оның киімін қарау және куәгерлендіру; оқиға болған жерді қарау; сезіктіні жауаптау; сезіктінің тұрақты мекен жайын тінту; көрген куәгерлерді жауаптау; сот - медициналық, криминалистикалық және басқаа сараптаманы тағайындау;
Б) қылмысты жасаған сезікті тұлға ұсталған жоқ, бірақ тергеушіде іздестіру мен ұстауды шешетін дәлел бар.
Бұл жағдайда бастапқы тергеу әрекетінің реті сынандай: сезіктіні жауаптау, куәгерлендіру және киімін қарау; оқиға болған жерді қарау, куәгерлерді жауаптау, сот сараптамаларын тағайындау; жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу.
В) қылмыс істеген тұлға туралы мәлімет құқық қорғау органдарында жоқ.
Бұл жағдайда бастапқы тергеу әрекетінің басқа жоғарыда аталған, сезікті тұлғаларды анықтаумен ұрланған затты іздестіруге бағытталған жедел іздестіру іс-шаралары қолданылады.
Тонаумен және қараушылықпен шабуыл жасау туралы істер бойынша сот – медициналық сараптаманың шешетін мәселері:
- жәбірленушінің, сезіктінің денесінде қандай жарақаттар бар;
- бар залалдың сипаты қандай;
- қарудың қандай түрлерімен залал келтірген;
- нақта заттарға залал тиген бе;
- зақым беру кезінде қылмыскер мен жәбірленушінің орналасу аралығы қандай;
- зақымның түсу ескілігі мен ауырлығы қандай;
- зерттелуші зата қан бар ма;
- ол адамға тиісті ме;
- қан тобы қандай;
- қан нақты бір тұлғаға тиісілі болуы мүмкін бе.
2.3. Алаяқты тергеу әдісі
Алаяқтық – бұл бөтен мүлікті ұрлау немесе бөтен мүлікке құықты алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы алу.
Алаяқтық әрекеттерді істегенде, қылмыстық қол сұғудың пәні болып ақша, өндірістік тауарлар, бағалы қағаздар, зергерлік бұйымдар және т.б табылады.
Объект - мнешік.
Объективтік жағы – бөтен мүлікті ұрлау, бөтен мүлікке құқықты алу, сенімге қиянат жасау арқылы алу.
Субъект – 16 жасқа толған тұлға.
Субъективтік жағы – тікеле қасақаналық, падакүнемдік мақсатта.
Қылмыстық іс жәбірленушінің арызымен қозғалады. Егер де алаяқтылық қылмыскердің құрбаны өнеркәсіп немесе мекемелер болса, қылмыс іс меншік иелерінің, лауазымды тұлғалардың хабарлауы мен және де тергеу органдарының бастамасымен де іс қозғалады.
Қылмыстық істерді берілген дәрежесі бойынша дәлелдеуге жататын жағдайлар қатарына мыналар жатады:
- алаяқтық орынға иеленді ме;
- алаяқтың орны, уақыты, шарты, тәсілі, қылмысты білген, көрген кім,
- қылмыстық ойдың болуы;
- алаяқтың пәні алаяқпен қанша мөлшердегі ақша заңсыз түрде алынған;
- алаяқтық кімге қатысты істелінген (мемлекеттік немесе қоғамдық ұйым, коммерциялық құрылым, жеке тұлға);
- қылмыскердің тұлғасы туралы деректер (жұмыс орны, еңбек мінездемесі, сотталғандығы);
- алаяқтық қылмыстық топ және әр жердегі қатысқан басқа тұлғалар туралы деректер;
- жәбірленушінің тұлғасы (алаяқтықпен қатынасқа түсуі туралы деректер);
- алаяқты істеуге ықпал ететін мән-жайлар.
Алаяқты істеудің негізгі тәсілдері дәстүрлі және қазіргі заманға лайықты болып бөлінеді.
Дәстүрлі тәсілдерге мыналар жатады:
а) карта және де басқа да құрамалы ойындарда алдау;
б) жасанды асыл бұйымдарды сату;
в) ақшалық және заттық «қуыршақты» пайдалану;
г) ақша купюраларын эквивалентсіз аудару;
д) бақылау және құқық қорғау органдары өкілдері түріндегі тонау;
Қазіргі заман тәсілдеріне мыналар жтады:
а) жасанды құжаттармен банктік кредиттерді алу;
б) тұрғын құжаттарын өз иелігіне өткізу салдарымен өтірік фирмаларды құру;
в) тұрғын үймен заңсыз мақсаттағы мәселе;
г) банкоматтардан ақша алу немесе сауда мекемелерінен тауар алу үшін бөтен немесе жасанды пластикалық карточкаларды пайдалану;
д) ақша аударуда шетел төлқұжаттарын, визаларды, акцияларды сатуда және бағалы қағаз туындыларын жасауда алдау.
Алаяқты тергеу, бастапқы кезіндегі мазмұны қалыптасқан тергеу жағдайына байланысты. Ондай жағдайларды берілген іс дәрежесіне байланысты қылмыскердің тұлғасы туралы деректемелердің болуы негізін жатқазап төрт түрін бөлуге болады:
А) алаяқ белгілі, оның алаяқтық әрекеттерінде немесе одан кейін ұсталынуы.
Бұл жағдайда тергеудің мынандай реті тән: сезіктіні жеке тінту мен оны жауаптау; тінтудегі алынған заттық дәлелдерді қарау; оқиға болған жерді қарау; жәбірленуші мен куәгерді жауаптандыру;
Б) алаяқ белгілі, бірақ ол тығылып жүр.
Келесі тергеу әрекеті жүргізіледі: жәбірленуші мен куәгерді жауаптандыру; заттық дәлелдерді қарау; сезіктіні іздестіруге ішкі істер органдарының бөлінуі; жедел іздестіру іс-шараларды ұйымдастырады; сезіктінің тұлғасын білу, оның болатын орны бойынша шаралар қолдану;
В) алаяқ белгілі, бірақ оның әрекеттері заңды мәліметтер негізінде көрсетіліп тұр.
Мұндай жағдайда сезіктімен жүргізілген операциялар қатарына қосатын сипаты мен құқық негізін зерттейді; алаяқтық мәліметтерді жүргізетін құжаттарын алу; оған қатысты лауазымды тұлғаларды анықтау және жауаптау; ұқсас операцияларды регламентін заңдарды оқу; мүлікті, ақшаны және фирма құндылықтарын іздестіру; оның банктік шарттарын қамауға алу;
Г) алаяқ белгісіз
Бұл жағдайда тергеуші мынаны ұйымдастырады: субъективтті портретті құру; криминалистикалық тергеу бойынша тексеру; жедел іздестіруші іс-шараларды жүргізу;
Алаяқтық туралы істерді тергеуде жүргізетін сот сараптаманың кешені, ааяқтық тәсілі мен оны анықтауға жататын көлемді мән-жағдайларға байланысты. Қылмыскерді әшкерелеу үшін: сот физикалық сараптамасы (материалды тану); сот-бухгалтерлік сараптамасы, сот-химиялық сараптамасы, сот-тауартанымдық сараптамасы, сот материалдық сараптамасы, криминалистикалық сараптамасы (фактилоскопия, трисология, қолжазбатанушы) жүргізіледі.
2.4. Қорқытып алушылықты тергеу әдісі.
Қорқытып алушылық, яғни бөтен мүлікті немесе мүлікке құқықты беруді немесе бүлдірумен қорқытуң арқылы мүліктік сипаттағы басқа да іс-әрекеттер жасауды талап ету, сол сияқты жәбірленушіні немесе оның жақындарын масқаралайтын мәліметтерді таратумен, не жәбірленушінің немесе оның жақындарының мүдделеріне елеулі зиян келтіруі мүмкін, өзге де мәліметтерді жариялау.
Қорқытып алушылықты көбінесе ұйымдасқан қылмыстық топ жасайды, адамдарды кепілге де алуы мүмкін. Қылмыскерлер жан-жақты дайындалады, жәбірленушінің материалдық жағдайын, байланысын, өмір сүру жағдайын анықтап алады.
Қорқытып алушыларды 2 топқа бөлуге болады:
1) ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері;
2) коммерциялық және құқық қорғау органдарының қызметкерлері.
Қорқытып алушылардың жәбірленушілерін де 2 топқа бөлуге болады:
1) заң бұзушы азаматтар, коммерциялық іспен айналысатындар, мемлекеттік қызметкерлер
2) параалушылар, заңсыз мәмле жасаушылар, заңсыз ақша жуу, жасау кезіндегі делдарлар, финанстық пирамидалардың ұйымдастырушылары.
Қылмыскерлер бір адамды кепілге алып сол арқылы ақшы, мүлікті, акцияларды беруді, мүлікке құқықты сенімхат беруді талап етеді. Жәбірленуші келіспесе оған тиесілі сауда үйін, машинасын жаруды, кепілге алған туыс адамдарына күш көрсетуі, ол адамды өлтіруі мүмкін екендігін ескертеді.
Қылмыстық іс жәбірленушінің арызы немесе туысының, танысттарының хабарлауы бойынша және тергеу органдарының бастамасынан қозғалады.
Объект –меншік, адамның басындағы ар-ожданы, қадір-қасиеті, жеке дербестігі.
Объективтік жағы – бөтен мүлікті немесе мүлікке құқықты беруді талап ету.
Субъект – 14 жасқа толған тұлға.
Субъективтік жағы – тікелей қасақаналық, пайдакүнемдік мақсат.
Қорқытып алушылық бойынша келесі мән-жайлар анықталуға жатады:
- қорқытып алушылықтың дерегі орын алды ма;
- мемлекеттік, қоғамдық, коммерциялық немесе азаматтардың жеке мүліктік қатынасында қорқытып алушылық болады ма; бұл мүліктер қандай мекемеге, ұйымға, кәсіпкерлікке немесе жеке тұлғаға тиесілі;
- қорқытып алушылық істелінген уақыты, орны және тәсілі;
- қорқытып алушылықтың мәні болып не табылады, егер баспалаушы белгілі бір орынға иеленген жағдайдағы материалды залал құны қандай;
- қорқытып алушылықты істеген кім, егер ол бір топ адаммен істелсе, топ құрамы мен әрбір қатысушының ролі қандай?
- қорқытып алушының эпизоттарының қаншасы орын алды;
- қорқытып алушылық басқа қылмыстармен бірге жүргізілді ме, жүргізілсе, қандай қылмыстармен;
- жәбірленуші кім;
- қорқытып алушылықты жүргізуге ықпал етуші себептер мен шарттар қандай.
Қоқытып алушылықты тергеудің бастапқы кезінде көбінесе мынандай тергеу жағдайы қалыптасады:
А) сезікті тұлға қылыс болған жерде немесе оның болунан кейін ұсталуы.
Бұл жағдайда тергеудің мынандай реті тән: сезіктіні ұстау, оны жеке тінту қажет болған жағдайда куәгерлендіру, жәбірленушіні жауаптау.
Оқиға болған жерді қарау; сезіктіні жауаптау; сезіктіні тұрақты мекен жайын тінту; көрген куәгерлерді жауаптау, сараптама, сот-медициналық, криминалистикалық: трансологиялық, қолжазбатанушылық, құжаттарды техника – криминалдық зерттеу, сот болмысының, суық қару, сараптамалар тағайындау.
Б) қылмысты жасаған сезікті тұлға ұсталған жоқ, бірақ тергеушіде оны іздестіру мен ұстауды шешетін дәлел бар.
Бұл жағдайда бастапқы тергеу әрекетінің реті мынандай: сезіктіні жауаптау, оқиға болған жерді қарау, куәгерлерді жауаптау, сот сараптауын тағайындау; жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу.
В) қылмыс істеген тұлға туралы мәлімет құқық қорғау органдарында жоқ.
Бұл жағдайда тергеу әрекетінен басқа жоғарыда аталған, сезікті тұлғаны анықтау мен қорқытып алынған затты іздестіруге бағытталған жідел іздестіру іс-шаралары қолданады.
2.5. Бөтен мүлікті өз иелігіне өткізудегі немесе жұмсап жіберу барысындағы тергеу әдістемесі
Иеленіп алу немесе ысырап ету, яғни кінәлі адамға сеніп тапсырылған бөтен мілкті ұрлау. Берілген қылмыс құралы кінәлінің атқарған қызметіне сеніммен қалдырылған мүлікті жауаптылықпен қарастырылған.
Көбінесе қылмыстық жолмен иеленудің құралына ақша қаражаттары, сондай-ақ шет ел валютасы, чек кітапшалары немесе карточкалары, облигациялар, акциялар, сертификаттар жатады.
Бөтен мүлікті иелену немесе жұмсау туралы істер бойынша келесі мән-жайлар анықталады:
- бөтен мүлікті иелену дерегінің орынының болуы;
- иелену тәсілі;
- әр эпизодттың уақыты, орны және басқа жағдайлары;
- айыпкердің кінәлілігі;
- иеленген материалдың залал сипаты мен мөлшері;
- иеленуге қатысушылардың әрқайсысының тұлғалары;
- жауаптылықты жеңілдететін, ауырлататын мән-жайлар;
- бөтен мүлікті иеленуге себепші мән-жайлар.
Бөтен мүлікті иелену немесе жұмсау тәсілдері:
А) Банк саласында:
- ұрлау мақсатында алынған жасанды құрылтайшылар және бухгалтерлік құжаттарды, кепіл хаттарды, кепілдік және сақтау құжаттарын қолдану арқылы кредитке иелену;
- жасанды және бағалы қағаздар арқылы алынған ақша қаражаттарын иелену: кредиттік авизо, есептелуші чектер, мемориалды ордерлер, векселдер, депозитті сертификаттар;
- бөтен немесе жасанды пластикті кредит карточкаларын пайдалану арқылы ақшаны жымқыру;
- банкті компьютерлік торларды қолдану және ақша қаражаттарын аудару және иелену;
Б) Жекешелендіру ісінде:
- жекешелендіретін мекемелердің болашақта жеке меншікке немесе акционерлікке аударудағы баланстың құнын түсіру;
- бекітілген тәртіпті бұзу арқылы жекешелендіруді жүргізу;
- жасанды немесе заңсыз жазылған жекешелендіру шектерін, оларды айналымға қайта еңгізуді пайдалану;
- халық қорына жекешелендіретін мекеменің интеллектуалдық меншігін немесе басқа материалды емес активтерді көтерілген баға бойынша қосу;
- акционерлер құрамына «өлі жандарды» немесе жекешелендіруге қатысуға құқық қабілеттігі жоқ тұлғаларды қосу есебімен акцианың бақылаушы пакетіне иелену;
В) Көтерме және бөлшекті саудада:
- шыққан шығын немесе бүлінген тауар деп қосып жазып заңсыз жолмен есептеп шығару;
- тауарды кассасыз пайда табуды иеленумен тасымалдау;
- тасымалданған тауар құжатын жою;
- тонауға алдын ала дайындалып тауарды жарамсыз деп сорттау арқылы жымқыру;
- сатып алып, сату келісім шарты бойынша қосымша төлем ретінде алынатын аванс қаражаттарын жұмсау;
- өндірілмеген жарнамалардың, маркетингтен, көліктік жөндеу және басқа жұмыстарына бөлінген ақша қаражаттарын өз иелігіне есептеп шығару.
Иеленіп алу немесе ысырып ету туралы қылмыстық істер тексеру актісі бойынша ведомствалық материалдар ..........., сезіктіні үстінен түсіп ұстау және жедел іздестіру іс-шаралары кезіндегі алынған мәліметтер бойынша қозғалады.
Бөтен мүлікті иелену немесе жұмсау туралы істер бойынша тергеудің бастапқы этабында пайда болған екі жағдайды бөлуге болады:
1. Іс жедел іздестіру іс-шараларының саладарынан пайда болады, тергеудің жүргізілуіне қызығушы тұлғалар істің қозғалғандығын білмейді.
Бұл жағдайда мынандай бастапқы тергеу әрекеті сипатталады: орнында ұстау, ұсталғандардың өзіндік тінтулері, олардың жұмыс орындары мен тұрғын жерлерін тінту, мүлікті қамауға алу, сезіктілерді жауаптау, құжаттарды, заттарды алу мен қарау, алаң мен құралдарды қарау, куәгерлерді жауаптау, инвентаризация мен ревизияны ұйымдастыру, тану органдарына жедел іздестіру іс- шараларын өткізуді тапсыру.
2. Қызығушы тұлға белгілі тергеуге дейінгі тексеруді өткізгеннен соң істің қозғалуы.
Бұл жағдайда келесі әрекеттер сипаты: қуықпен пайда табуға жауапты тұлғаларды жауаптау, құжатарды, заттарды алу және қарау, алаң мен құралдарды қарау, куәгерлерді жауаптау, қажетті жағдайларда сезіктіні ұстау, мүлікті іздестіру және тіркеу, беттестіру жүргізу, тану органдарына жедел іздестіру іс- шараларын өткізуді тапсыру.
Тергеуге сот сараптамалары көп көмегін тигізеді.
Иеленіп алу немесе ысырап ету туралы істер бойынша мынандай сараптамалар жүргізіледі: бухгалтарлік сараптама, сот тауартану сараптамасы, сот-техникалық сараптамасы, финанстық-экономикалыұ сараптама, құжаттарды техника криминалдық сараптамасы.
Объект – меншік, мүлікті иелену, пайдалану, оған билік ету жөніндегі қоғамдық қатынастар.
Объективтік жағы – иеленіп алу немесе ысырап ету, яғни кінәлі адамға сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ұрлау.
Субъект – 16 жасқа толған, заңды түрде мүлік сеніп тапсырылған тұлға.
Субъективтік жағы - тікелей қасақаналық.
Орыс тіліндегі әдебиеттер
1. Аверьянова Т.В., Белкин Р.С., Корухов Ю.Г., Россинская Е.Р. Криминалистика. М, 2002
2. Аубакирова А.Ю., Алесковский С.Ю. Криминалистика. Алматы,2002
3. Алауов Е.О. Проблемы уголовно-правовой борьбы с вымогательством. Алматы, 1997
4. Белкин Р.С Криминалистическая энциклопедия. М, 1997
5. Белкин Р.С Курс криминалистики М, 1997
6. Белкин Р.С Криминалистика: учебный словарь-справочник. М, 1999
7. Борзенков Г.Н. Уголовно-правовые проблемы охраны имущества граждан от корыстных посягательств. М,1991
8. Возгрин И.А. Криминалистика М, 1996
9. Владимирова В.А., Ляпуков Ю.И. Ответственность за корыстыне посягательства на соцалистическую собственность. М,1986
10. Владимирова В.А., Квалификация похищений личного имущества граждан. М, 1974
11. Гражданское законодательство РК; Статьи, комментарий, практика. Алматы, 1999
12. Горбачев А.В. , Тениев Э.С. Размер хищения и его доказывание. Горький, 1986
13. Джекебаев У.С. Основные принципы уголовного права РК. Алматы, 2001
14. Кригер Г.А. Квалификация хищения социмущества. М,1974
15. Курс советского уголовного права. Л, 1981
16. Крылов И.Ф. Криминалистическая характеристика преступления. Алматы, 2001
17. Колесниченко А.Н. Общие положения методики расследования отдельных видов преступлений. Харьков, 1976
18. Литовченко В.К. Уголовная ответственность за постягательство на соц собственность. М,1983
19. Мозговых Г.А. Криминалистическая характеристика преступления. Алматы, 2001
20. Наумов А.В. Уголовное право. Общая часть. М,1997
21. Образцова В.А. Криминалистика. М, 1996
22. Образцова В.А. Криминалистика. М, 1997
23. Порубов К.И. Курс криминалистики. Минск, 2002
24. Пинаев А.А. Уголовно-правовая борьба с хищениями. М, 1975
25. Россинская Е.Р. Криминалистика. М, 2003
26. Россинская Е.Р., Аверьяковой Т.В. Энциклопедия судебной экспертизы. М,1999
27. Россинская Е.Р. Судебная экспертиза в уголовном, гражданском, арбитражном процессе. М, 1996
28. Рогова И.И. , Рахметова С.М. Уголовное право РК. Алматы, 2003
29. Сахакова Т.В. Судебная экспертиза. М,2002
30. Селиваков Н.А. Справочная книга. М, 2002
31. Тенчов Э.С. Уголовная ответственность за хищения государственного или общественного имущества путем мошеничества. СЮ, 1982
32. Уголовное право Казахской ССР. Алматы, 1998
33. Филиппова А.Г., Вольнского А.Ф. Криминалистика. М, 1998