Ауылым – алтын бесігім. Шығарма
Ауыл – тыныштық. Қаланың күнделікті күйбен тірлігінен, у-шуынан шаршаған сәтте ауылға барып көк шалғында аунап жатып демалғын келеді. Таза ауасын жұтып, көкейінді ашып, табиғи айран-қымызың ішіп тәнінді демалыдырасын. Біз қысқы, көктемгі, жазғы демалыстарда ауылдағы ата-әжеміздің үйіне барамыз. Сонда уақытты өткізіп, бойымызды жазып,сергіп қалаға қайтамыз.
Ауыл әрқашанда ыстық қой. Ауыл тынысы қаладан өзгеше. Таңғы уақытта барша халық қимылдап еңбектене бастайды. Әр үйдің мұржасынан бұрқырап түтін шығып жатса, көше бойында жас балалар өріске сиырларын айдап бара жатады. Аналарымыз жаңа сауылған табиғи сүтті дала ошағына пісіріп, таңғы астын қамын жасайды. Көршілер бір-бірін көрген бойда амандасып, жағдай сұрасып, түннен түгел шыққандарына қуанып мәз болады. Кейде үйде нан не басқа зат болмай қалса көрші кісілерден сұрап әкеле салады. Бұл ауыл адамдарының мейірімділігінің көрінісі. Біз көктемгі демалыста бардық. Барша халық жанаямай жұмыс жасауда. Үлкен кісілер кетпендерін көтеріп егістікке жол тартып, жерге дән тастап егін егіп жатса, жас балалар ата-аналарының жанында оларға көмектесіп жұмыс істеуде. Көше бойындағы су жүретін арықтар мен тоғайларды тазалап, әрқилы жеміс-жидектердің ағашын қондырып, әдемі шоқ гүлдерді егіп, арам шөптерді тазалап қоршаған ортаны тазаладық. Сосын барлық балалар көшеде асыр сала асық, ортаға түсіс сынды ойындарды кеш батқанға дейін ойнадық. Көктемде үй жануарлары төлдеп, көбейіп екен. Мен алғаш жаңа туылған бұзау мен қозы-лақты көрдім. Олар сондай сүйкімді болатынын өз көзіммен көре алдым. Ауылда аунап-қунап демалып болғасын қаланың күйбең тіршілігіне қайта оралдық. Ауылда өткен әр сәтім әркез есімде қалып қойды.