Тесік құмыра туралы аңыз
28-06-2022
Қазір жүгіріп-ойнап жүрген мектеп оқушысымын. Сабақ үлгерімім жақсы, барлық сабақтан "5" деген баға аламын. Кеше маған әкем: "Болашақта кім болғың келеді?" деп сұрақ қойды. Мен көп ойландым. Расыменде, мен болашақта кім боламын? Осы күнге дейін тек сабақ оқып, балалармен ойнағаныма, тамақты уақтылы жеп жүргеніме қуанып жүре беріппін. Бірақ өмірде ойландыратын сұрақтар да бар екен ғой.
Маған қосу мен алуды, зат есім мен сын есімді ерінбей үйреткен ұстаздарым секілді мен де жас балаларға білім беріп, оларды дұрыс жолда тәрбиелейтін ұлағатты ұстаз болуды армандаймын. Кейде аспанда қалықтап ұшып жүрген ұшақтарды көріп ұшқыш болғым келеді. Бірде анам ауырғанда ауруханаға апарғанымызда дәрігер ағай анамды емдеп, бізге шексіз қуаныш сыйлады. Өзге отбасыға осынау бақытты сыйлайтын дәрігер болуды ойлаймын. Қаламызда салынып жатқан зәулім ғимараттар көздің жауын алады. Демек әдемі ғимараттарды салу үшін оны әуелі қағаз бетіне өлшеп, сызып суретін салады. Сосын құрылыс басталады. Әдемілікті көрген кезімде сәулетші болуды да ойлаймын. Жақында әкем екеуміз шеберханаға бардық. Шебердің ағаштан ойып жасаған қаншама ғажап дүниелерін көрсетті маған. Сандық, домбыра, шаңырақ сияқты көптеген ұлттық бұйымдарды ағашпен жасайды екен. Маған қатты ұнады. Алтын қолды шебер де болғым келді. Бірақ мықты шебер болу үшін адам бойында сондай қасиет болуы керек екен. Және бірде әкем мені 7-мамыр күні үлкен алаңда болатын әскери парадқа алып барды. Әскери адамдарды көрдім. Түп-түзу сап түзеген, қолдарында қаруы бар командирдің бұйрығымен алға қарай бірдей адымдап келе жатқан әскери жігіттерді көріп мен де әскери адам боламын деп шештім. Расымен, мен әскери адам боламын. Отанымызды қорғайтын, ішкі тәртіпті реттейтін, мықты әрі жаужүрек әскери азамат боламын. Отаныма, Елбасыма, ата-анама, халқыма қалтқысыз қызмет жасайтын әскери АЗАМАТ боламын!