Адам туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 22-12-2019 1375

1. Адам – тастай берік, гүлдей – нәзік.

2. Адамның зоры – тоғын,

        Жылқының зоры –соғым.


3. Адамның жүзіне бақпа, сөзіне бақ. 


4. Адам құлақтан азады, көңілден семіреді.


5. Ең ақылды адам – ел билеуден аулақ болған адам. 

image.png

6. Айыр құйрық шаяннан,

        Айыр тілді адам жаман.


7. Қарау адам күншіл,

        Мекер адам міншіл.


8. Темір сырын отта танытады,

         Адам сырын жоқта танытады.


9. Бәйтерек бұтағымен, 

         Адам ұрпағымен жасайды.


10. Адам қатесіз болмайды,

        От түтінсіз болмайды.


11. Адамзат бірде теңіз, бірде самал.

Дін туралы мақал-мәтелдер
Халық туралы мақал-мәтелдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу