12 туристік нысан іске қосылмақ

Oinet.kz 25-07-2025 60

image.png

Төлеби ауданы – шығыс пен батысты жалғастырған әйгілі Жібек жолының күре тамыр даңғылы өткен жер. Өлкеміздің тұмса табиғаты қаншама ақын өлеңіне, суретшілердің қылқаламына арқау болды. Таулы аймақ тамылжыған табиғатымен ғана тартымды емес, ата тарихымыздың куәсі, елдігіміздің тұмары, өркениетіміздің жәдігер мұраларына өте бай өлке. Сондай-ақ, елді мекенде табылған мәдени ошақтар ашық аспан астындағы мұражайға айналды.

Тарихы шежіреге бай аудан таулы аймақта орналасқандықтан, туризм саласын экономиканың негізгі драйверіне айналдыру бағытында бірқатар жобалар қолға алынуда. Ауданда демалушыларға қызмет көрсететін орындар саны 254  нысанға жетті.

Осы орайда ауданда жыл соңына дейін  туризм әлеуетін арттыру мақсатында тағы 12 туристік нысан іске қосылмақ. Жобаның жалпы құны - 4,2 миллиард теңгені құрайды.  Егер мақсат жүзеге асса, 151 адам жұмыспен қамтылмақ. Салаға жауапты мамандардың айтуынша алдағы уақытта «Біркөлік шатқалында» - 5 нысан, «Ақ мешіт» шатқалында  - 3, «Қасқасуда» - 2, Керегетаста – 1, «Қаратөбе» ауылдық округінде  - 1 туристік нысан бой көтермек. 

Төлеби ауданына жыл басынан бері 22 500 демалушы келген
Туризм саласындағы көрсеткіштер 3,7 есеге артпақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу