Цензура

Oinet.kz 16-02-2025 74

Әлемде қаншама жағдаяттық катастрофалар орын алады. Кейбірі табиғи апаттардың салдарынан болса, кейбірі адамдардың өзара келіспеушілігінен туындап жатады. 

Screenshot_18.jpg

Бұл нәрсе қатты өршіп кетсе тек адамдар ғана емес, елдердің арасында алауыздық туып, соғысқа дейін алып келуі мүмкін. Алайда зияным тиюі мүмкін екен деп "Сен тимесең мен тиме" болып қол қусырып отыруға да болмайды. Яғни сіздің кез-келген жағдайға және оқиғаға деген көзқарасыңыз бен жеке пікіріңізді білдіруге және оны айтуға толықтай құқығыңыз бар.

Қазақстан Республикасысының азаматы не азаматшасы ретінде сізде заң жүзінде сөз бостандығы толықтай бар. Ал әлемдік деңгейде салыстырғанда бізде қаншалықты сөз бостандығы бар? Шалғайдағы мемлекеттерді яғни Батыс Еуропаны алар болсақ, ондағы сөз бостандығының деңгейін әлі күнге дейін актуалды тақырып ЛГБТ пропагандасын келтірсек болады. Қазақтың ұлттық құндылықтарын ескере отырып ой елегінен өткізсек, бұл нәрсе біз үшін өте жат қылық. Ерсі қылық болып көрінгенімен бұл әр адамның сөз бостандығының бар екенін айқындайды.

Кез-келген жағдайда кереғар ұғым болады. Осы сөз бостандығына қарсы термин - Цензура. Цензура - жеке тұлғаның сөз бостандығына деген шектеуі. Енді өзіміздің елді қарастырып көрейік. Байырдан қазақтар "Ұят болады" деген тиыммен өмір сүріп келді. Бұл дегеніміз сол кезден бізге сөз бостандығына деген шектеудің яғни Цензураның болғандығын айқындайды. Ал қазір осы бір тиымдардан арылып, ресми түрде болған сөз бостандығына қаншалықты қолымыз жетіп жатыр? Шындық қашан да ащы. Заң жүзінде жоғарғы билік өкілдеріне көрсету үшін ғана, яғни "жасандылық" үшін ғана сөз бостандығының толықтай бар екендігін айта аламыз. Себебі бізде Цензура болмағанымен белгілі бір деңгейде сөз бостандығына деген шектеулер қойылған. Бұл бәлки жоғарғы тап өкілдерінен бәлки өзіміздің алған тәрбиемізден яғни тыйымдардан шектелуіміз мүмкін.

Әрине, әр адам өзінің жеке пікірін білдіру арқылы кез-келген жағдайды өзгертуі мүмкін. Бірақ кейде сөз бостандығының да бір ұшы өзіңе тиіп, кері әсерін тигізіп жатады. Бұл жерде бізді осы нәрселерден тыйған, осы жағдайдың орын алатынын білген біздің ата-бабаларымыздың тыйымдарын еске алып жатамыз. Яғни ненің жақсы ненің жаман екенін, аражігін ажырата білкен халқымыздың даналығына осы жерде көзіміз жетеді.

Қорытындылай келе, сөз бостандығының бар екендігін алға тартып, шетелдің ерсі қылықтары мен жасандылықтарына еліктеу-бұл бізге тән емес. Өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды сақтап, дәріптей отыра, өзімізге берілген сөз бостандығын орынды пайдаланғанымыз жөн.

Дінмұхаммед Құдайберген,

Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ студенті

Кітап – сананың серігі: Цифрлық дәуірде қағаз кітаптың қадірі
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу