Қазақты жансыз ағаш қылып отқа жаққыларың келмесе...

Oinet.kz 16-08-2024 2586

Бір халықтың әні кетсе, әдебиеті жесір қалады, сәні кетеді, сәні кетсе жаны кетеді. Қазақты жансыз ағаш қылып отқа жаққыларың келмесе, әнді сақтаудың қамын қылыңдар. 

Screenshot_4.jpg

Молдалар! Жас балаларды ән үйренуге қызықтырыңдар! Жаңа шыққан елдердің жүрек жандыратындарынан үні жақсы балаларға әнге салғызып қойсаңдар-ау! Шіркін, қандай өтімді! Өлең айтушы әнпаз адамдарды жұртқа есерсоқ деп көрсетпей, есті деп қадірлі етіп көрсетуге тырысыңдар, болмаса жым-жырт... деп сөйлегеннің аузына қарап қалатынымыз хақ. Дұрыс, басқалардан шамамыз келмегеннен айрылдық дейміз, міне, бұған не деп сылтау табамыз! Масқаралық емес пе?

Сұлтанмахмұт Торайғыров

1913 жыл

Омар Хайямның 10 нақылы
Мұқағали ішіп жүрген заманда бәріміз де ішіп жүргенбіз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу