Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Менің әпкемнің ерекше құрбысы бар. Соның оқиғасын айтып берейін. Бір күні қоқыс төгуге шықса, қоқысты ақтарып бір бомж жүр екен. Қолындағы дорбасын тастап үйіне кетеді.
Бір апта бойы осы көрініс қайталанады. Қоқыс тастаған сайын сол жерде күнелтіп жүрген бомжға аяушылықпен қарап өтетін. Ал, мезгіл қыс, бомж тоңазытқыштың қорабынан лашық жасап, далада түнейді.
Сенбі күні тапсырыс берген жаңа үстелі келеді. Ескісін кіреберіске шығарып, бомжды шақырып қоқысқа шығарып беруін өтінеді. Бомж келіп ескі үстелді көтеріп алып, сыртқа апарып тастайды. Әйел өтінішін орындағаны үшін мың теңге береді. Арақ алып ішер деген ой болады. Ал бомж оған:
— Маған оданда бір тілім нан мен ыстық шай беріңізші. Қорықпаңыз, мен терезенің алдында күте тұрам, - депті. Кіреберістегі терезенің алдына барып отырыпты.
Құрбысы шай мен бутерброд жасап, тәрелкеге кеспе құйып, есіктің алдына қояды да, есікті тарс жауып алады. Өзі сығалап қарап тұрыпты. Бомж тамаққа тойып алып, есік жаққа қарап, бәсең дауыспен:
— Рахмет сізге. Алла бәріне де куә! — депті де кетіп қапты...
Сөйтіп жұмыстан келген сайын бомжға тамақ тасуды құрбысы әдетке айналдырыпты.
Бір күні келе жатып, қоқыстың жанынан өтсе, бомж жоқ дейді. Кешке таман да келмепті. Келесі күні де жоқ.
«Бәлкім басқа аулаға кетіп қалды ма екен?» деген ой келеді. Айналадағы барлық ауланы адалап шығады. Ал, жүрегі алаңдай береді... Құрбысы бомжды ауруханадан тауыпты. Таяқ жеген, аш, лас жатқан бомж құрбы келіншек келген кезде естен тана қуаныпты. Сөйтіп, екеуінің де жүрегінде өмір бүр жарыпты.
— Мен сізді мүлде күтпедім. Тек үміт еттім. Сендім. Менің атым Тілек. Кешіріңіз. Ыңғайсыз жағдайдамын. Сізге ұсынатын нан да жоқ. Ешқайда ертіп те бара алмаймын...
— Ақымақсың. Керегі не маған бір жерге барудың, нан ауыз тиюдің. Мен енді сенсіз өмір сүре алмаймын!
Ауруханадан бомжды әкемнің құрбысы алып кетті. Екеуі қатар келе жатады. Тілек құрбысының қолынан мықтап ұстап алған, бұл түс болып, оянып кетемін бе деп қорыққан шығар.
Содан бері 19 жыл өтті. Қазір екеуі де қартайды. Балалары бар. Өз кәсіптерін жүргізеді. Қос көлік. Бес бөлмелі үй. Бассейні бар саяжай. Ал, Тілек сол күйі оның қолын қысып ұстап жүреді. Әлі қорқады. Түсімнен шошып оянамын ба деп.
Palladin
Аударған Шынар Әбілда