Қожакеев - қайталанбас нар тұлға
Мектепті алтын медаль алып үздік бітірдім. Қолымда 200-ге тарта газет-журналда жарияанған материалдарымнын тігінді-паикасы бар. Арманым -журналист болу. Ал ол кезде журналист мамандарды Қазақстанда екі-ақ жерде даярлайды. Бірі-Қарағанды мемлекеттік университетінде, екіншісі – «ҚазГУ»-де. Екеуінің де мекен-жайын газет хабарламасынан киып алғанмын. Қарағанды қаласы, Мир бульвары деген мекен-жай бізд ауылға біршама жақын. Алматы қаласы, Киров көшесі 136 үй деген адрес мен үшін қол жетпестей алыстан қол бұлғайды. Қайсысына барамын? Ақыры нар-тәуекел, құласаң нардан құла деп қазақ атам айтқандай, Алматыға тартатын боддым. ҚазГУ-дің журфагын аты алты алашқа танымал профессор Темірбек Қожакеев басқарады. Мен ауылдан шығарда әкем марқұм Абай аудандык газетінің редакторы Манар Құрманбековтен, аудандық радиоторабының басшысы Сансызбай Тұрдыновтан ұсыныс мінездеме мөрлетіп алды. Семейде аталас туыс, байырғы журналист Боранбай Мауқаев деген ағамыз бар еді. Сол кісімен ақылдасқан екен, «Семей таңы» газетінің сол кездегі редакторы Рысхан Мусин - журфактың деканы Темірбек Қожакеевті жақсы біледі екен. Артық болмас, сол кісіден де бір ұсыныс хат алып беретін болды. Ақыры жазған-сызғанымды, ұсыныс, хаттарымды алып әкеме ілесіп 1418 рейсімен Семей-Аягөз-Алматы маршруты бойынша ұшаққа отырдым. ЯК-40 ұшағы әп-сәтте көкке шаншылып, арман арқалаған мені түнгі кезде ұшып, таң ата Алматы әуежайына бір-ақ жеткізді. Сондағы алғаш рет жаз күнінде тау басында қар жатқанын көріп, таң-тамаша қалдым. Алатау деген - арман тау екен. Менің арманым да осы таудай еңселі ме екен деп бойымды тіктеп қоямын.
Ең алдымен құжаттарымды өткіздім. Дәмегүл деген қызыл шырайлы әдемі апай жөн-жосығын көрсетіп, кұжаттарымды қабылдап алды. Енді шығармашылық емтихан басталмай тұрып деканның алдына кіріп шықпақшымын. «Деканат» деген жазу жазылған жерге келіп, деканның қабылдауына жазылдым. «Келсін» - деді ар жақтан жіңішке саңқылдаган бір дауыс. Кіріп келсем, шағын гана бөлмеде сарғыш қоңырқай жаздық желең костюм-шалбар киген, ақ көйлекті, төртбақ келген қасқабас адам отыр. Көздерін бағжаң еткізіп маған бастан-аяқ шола, тінте бір қарап шықты. «Ассалаумагалейкум!»-деп сәлем бердім. Бұл маған әжемнің үйреткені. Жасы үлкен адам көргенде, солай сәлем берсең, қапы қалмайсың, дұрыс болады дейтін. «Уағалейкумассалам! Иә? батыр! Кім боласың, қайдан келдің, неге келдің, не шаруамен жүрсің?»-деп сұракты төпеп жатыр.
Мен Семей облысының Абай ауданынан келгенімді, тасқа басылған мақалаларым көп екенін, 3-кластан бастап жазып жүргенімді, журналист болғым келетінін айтып, сосын «Семей таңының» редакторы Рысхан Мусин өзіңізді аса қадірлейді екен, сол кісінің бір жапырак сәлем хатын әкелдім, сізге, - деп ұсындым.
Оқып шықты. - Дүр-р-ес, батыр. Үздік бітіріпсің. Жазады екенсің. Консультациялардан қалма. Шығармашылык емтихандардан кешікпе, қалғанын көрерміз! -деп салды.
Рахмет айтып, қоштасып шықтым. Түс көргендей болып, басымнан өткен жайтты түгел тәптіштеп әкеме айтып бердім. «Иә, сәт!»-деп қояды ақжүрек әкем, балаша қуанып.
Бүл менің адуынды, азуын айға білеген арыстандай Темірбек Қожакеевті тұңғыш көруім болатын. Маған жылы сынай танытқандай көрінді.
Кеңес сабақтардан қалмаймын. Шьіғармашылық емтихан екі турдан тұрады. Алғашқысында еркін тақырыпка шығарма жаздық. Сол жылы Қазақстанның 60 жылдығы болатын.
«Қазақстан пай-пай-пай, ардағым-ай.
Сен менің Шолпанымсың жанған ұдай.
Өзіңде өмір сүру қандай бақыт,
Өлмейтін махаббатым, арманым-аи!- деген Мұқағали өлеңінен басталған шығармамды сәтті жазып шыктым. Жазбаша шығармам 5-ке бағаланыпты. Екінші тур - ауызша. Төрде — декан Қожакеев, профессорлар Амандосов, Барманқұлов,Тұрарбеков, Әбибулла Ахметов тағы басқалар отыр. Сүрақтарға жауап бердім. Ұмытпасам, Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романынан сауалдар келді. Материалдар тігілген папканы екі адам оқып, танысып, оң пікір беріпті. Бірі - сол кездегі «Ара» журналының Бас редакторы Сақтапберген Әлжіков, екіншісі журфактың аға оқытушысы Қабижан Пангерейүлы Құсайынов.
Шығармашылық емтихандардан кейін шығарма жазу керек. Егер сол шығармада «5» алсам, онда алтын медаль иегері ретінде басқа үш емтиханды тапсырмай оқуға түскенім. Солай болды да. Ол кезде аты шыққан Нарынқолдың суьірыпсалма айтыскер акыны Райхан Нәкеева, шымкенттік Гүлшаһар Шериева, жамбылдық Жанат Сейітжанова, және менің фамилиям, мерзімінен бұрын оқуға түскендер қатарында жарнама қағазға ілінді. Ал қуан! Таяқ тастам жердегі Бас пошта ғимаратына алып-үшып барып, ауылға жеделхат жібердім. Қазір ойлап қарасам, менің сол алғашқы жолымның ашылуына сол кездегі журналистика факультетінің деканы Темірбек Қожакеевтің жасаған әкелік, үстаздық камқорлығы мол болған екен. Оны дер кезде түсінбейді екенсің. Уақыт өте келе өзі-ақ саған түсіндіреді екен. Рахмет, Сізге, үстаз деймін бүгін де басымды иіп.
Сабақ басталып кетті. Аңыз адам Қожакеев туралы небір күлдіргі, ғажап әңгімелерді жоғары курс студенттерінен естіп ішек-сілеміз қата күлеміз, әрі деканның темірдей тәртіптің иесі екенін естіп зәре-құтымыз қалмай қорқып, үркіп те қаламыз.
Екінші курстан бастап деканның өзі баскаратын «Кеңес журналистикасынын теориясы мен тәжірибесі» атты кафедраға бөліндім. Бірінші курста «Сатира және очерк» атты жалпы пәннен пофессорлар Темірбек Қожакеев пен Әбілфайыз Ыдырысов лекция окып, емтихан қабылдады. Ал екінші курста «Фельетон» арнаулы курсынан Кожакеевтің өзі дәріс оқыды. Ол кісінің лекция оку мәнері де өзгеше. Кағазға көп карамайды. Белгілі бір тақырыпты алады да, соны бүге-шегесіне дейін түсіндіріп, нақты сатиралық шығармалардан мысал ала отырып, ішек-сілемізді катырады. Өзі де кеңкілдеп күледі. Еркін, шешен, синоним сөздерді бірінен кейін бірін төкпелеп шебер сөйлейді. Әсіресе, 30-жылдардағы Ілияс Жансүгіровтің, Бейімбет Майлиннің, Асқар Тоқмағамбетовтің сатираларынан үзінді келтіргенде жанып түседі. Кейінгілерден Сейділдә Төлешев, Жүсіп Алтайбай, Мыңбай Рәшев, Оспанхан Әубәкіров, Үмбетбай Уайдин сықақтарын көп мысалға келтіреді.
Жалпы біз қазақ сатирасын, қазақ фельетонын Қожакеев кітаптары мен дәрістері арқылы жан-жақты біліп шықтық. Ал сатиралық басылымдардың тарихы туралы да мол мағлұматты ұсгаз лекцияларынан танып-білдік. Сабақтары өте көңілді өтетін. Бәріміз бір серпіліп қалатынбыз. Күлкі деген құдіреттің не екенін сол кезде түсінген шығармыз. Сол Темағаң күлдіргендей кезіміз әлі күнге қайталанбапты. Бұл енді кайталанбас біртуар, дарынды ұстаздың шеберлігін айгактайтын дәлел.
Темірбек Қожакеев - журфак тарихындағы ең мықты, ең беделді, ең білікті, ең танымал декан болғандығы айтылып та жазылып та жүр. Замандасы академик Зейнолла Қабдоллов «Мыкшеге» деп ғажап мақала жазды. Сонда Темекеңнің бүкіл характерін ашып берді. Ол кісі декан болған жылдары журналистика факультеті оқу үлгерімі жағынан да, қоғамдық жүмысқа қатысуы жағынан да, көркемөнерпаздар үйірмесінің жұмысы түрғысынан да университетте алдыңғы қатарда көрінді. Қоғамдық жүмыс демекші, біз оқып жүргенде белсенді болып көзге түскендердің бәрі кейін де үлкен азамат болды. Мысалы қазіргі «Қазақ газеттері» ЖШС президенті Жұмабек Кенжалин кәсіподақты басқарды, Лениндік степендиат болды. Комсомол комитетін басқарған Нұржан Мүхаметжанова казір «Қазақстан» РКТРК төрайымы. Темекең декан болған кездегі бес шәкірті-- Қуаныш Сұлтанов, Алтынбек Сәрсенбаев, Мүхтар Құл-Мүхаммед, Сауытбек Абдрахманов, Дархан Мыңбай-тәуелсіз елдің министрлері болды. Ербол Шаймерденов-Президентінің алғашқы баспасөз хатшысы болды. Одан кейін де Сейітқазы Матаев, Бағлан Майлыбаев, Ерлан Бекхожин, Бауыржан Омарұлы, Бейбіт Исабаев сияқты шәкірттері де лауазымды қызметтер аткарып жүр. Жалпы Қожакеев Бауыржан Момышұлының «Тәртіпке бағынған ел құл болмайды»- деген қағидасын жастардың санасына өз ісімен сіңірген декан. Өзі декан кезіндегі атқарған үлкен бір игілікті ісі - мемлекеттік тапсырыс бойынша қазақ бөліміне -50, орыс бөліміне -75 студент оқуға түсетін. Сонда орыс бөліміне түсетін 75 студенттің көпшілік орнына орыс тілді казақ балаларды кабылдайтын. Ұстаздың бұл көрегендігі —тәуелсіздік жылдарында өз жемісін берді. Қазақстандағы орыс тілді БАҚ-та тәуелсіздікті нығайтуға қызмет етті.
Екінші бір айта кететін мәселе - Темекең 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің кұрбаны болды. Оған жазыксыз жала жабылды, айып тағылды. Қызметтен жосықсыз шеттетілді. Сол кезде ұстаз уақытын босқа өткізген жоқ. Ол архивте, Ұлттық кітапхананың сирек қолжазбалар қорында жылдап отырып асқан ұқыптылықпен, кажырлылықпен ақтаңдақтар ақиқатын апггы. Қазақтың қалам қайраткерлерінің жабулы қазан күйінде келген еңбектерін, алаш арыстарының мұрасын жарыкка шығарды. Зерттеуге тиым салынған газет-журналдарды алғаш рет ғылыми айналымға алып шықты. Оның «Сатира негіздері», «Сатира жанрлары», «Фельеотон» еңбектерін, басқа жанрлар туралы айтсақ «Жас тілшілер серігі», актаңдақтар ақиқатын ашқан «Көксеңгірлер», «Жыл құстары» кітаптарының маңызы еш уақытта жойылмақ емес. Бұл оның сатиратану, журналистикатану, көсемсөзтану салаларында із тастаған өшпейтін құнды да бағалы еңбектері.
1986 жылдан бастап ҚазГУ-ге оқытушы болып келгенде Темірбек ағамен әріптес ретінде қызметтес болдым. Өзінің бір кітабына: «Кешегі шәкірт, бүгінгі әріптес Баукеңе!»-деп жазып бергені бар.
1994 жылы кандидаттық диссертациямдьі корғадым. Кеңестің төрағасы - академик Зейнолла Қабдолов, мүшелері Зәки Ахметов, Мүсілім Базарбаев, Ханғали Сүйіншәлиев, Марат Барманқұлов, т.б. көбі дүниеден озып кетті. Сонда Темкең маған бастырмалатып 7 сұрақ қойды. Ең көп сүрақ қойған да сол кісі. Барлық сауалдарға жауап бердім. Кеңес мүшелері бірауыздан дауыс беріп, сәтті қорғадым. Соңынан біздін үйдегі дастарханға барғанда, Темағаң өзі асаба болып, ерекше жайдары, қуанып отырды. Сондағы айтқан сөзі менің қүлағымнан әлі кетпейді. «Мен бағана Бауыржанға сұрақ қойып, әбден терлеттім. Ол жаман болсын дегеннен емес. Шын қырандар балапанын ұшуға баулығанда, қанатына салып алып зау биікке көтеріліп, төменге тастап жібереді. Балапан құлдилап енді өлдім-ау дегенде, қанатымен қағып алып, қайта биікке алып шығады да, тағы да кұзға қарай,төменге тастап жібереді. Құлап төменге жетіп қалғанда, тағы кағып алып, қайта биікке шығып, қайта тастап жібереді,қайта қағып алады. Сөйтіп қыран балапанын ұшуға үйретеді. Менің де тәсілім сол. Бұларды ширату, шынықтыру үшін солай қиын сұрақ қойып шыңдаймын»,-деген еді жарықтық.
1996 жылы Темкең 70-ке толып, туған жері Меркіде үлкен той жасады. Соған өзі жақсы көретін замандастарын, інілерін, шәкірттерін шақырды. Мен де шақырту алып, Меркіге тарттық. Ортамызда Мыңбай Рәшев, Ғаббас Қабышев, Үмбетбай Уайдин, Кәдірбек Сегізбаев, т.б. қаламгерлер бар. Бізді «Мерке» санаториі ғимаратына орналастырды. Түн ортасында тысқа шықсам, басында қалпағы, Темірбек аға санаторидің алдында отыр. «Ой, ағай, жеті түнде, неғып жүрсіз?»- деппін. Сонда: «Келген қонақтар дүрыс орналасты ма, бәрі жақсы ма, соны өз көзіммен көріп кетейін деп келдім». -дейді. Ертесіне Меркінің жайлауында 30-40 үй тігіліп, ат шаптыртып, бәйге беріп үлкен той өтті. Астанадан министр, Темекеннің шәкірті Алтынбек Сәрсенбаев келіп арнайы кұттыктады. Академик Рахманқүл Бердібаев баяндама жасады. Сөз реті келгенде мен де арнау жыр жолдарын окыдым. Той иесіне ақ шағала «Волга» автокөлігі мінгізілді. «Ауданның Құрметті Азаматы» атағы берілді. Ән айтылды, күй шертілді. Бір кызығы сол 70-ке толғанда өзінің шығармашылығының қысқаша очеркін жазуды маған сеніп тапсырды. Бұл да мен үшін ұмытылмайтын бір кұрмет.
Бір сөзбен айтқанда, Темірбек Кожакеев - 400-ден астам ғылыми еңбектердің авторы, Қазақстан Жоғары мектебі ҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазакстанның еңбек сіңірген қызметкері, «Қүрмет белгісі» орденінің иегері, Казахстан Жазушылар одағы қазақ сықақшылары қауымдастығының президенті, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының бірнеше мәрте лауреаты болды. 2013 жылдан бастап, журналистика факультетінде «Жас тілшілер» атгы дэстүрлі Қожакеев оқулары өткізіліп жүр. Оның атында арнаулы акті залы бар. Міне, осы аптаның басында туған жері Мерке ауданы орталығында жалпы білім беретін үлкен бір мектепке Т.Қожакеев аты беріліп жатыр. Ескерткіші, тамаша мұражайы ашылды. Келер жылы туғанына 90 жыл толатын мерейтойына Тараз, Алматы, тіпті Астана қалаларында көше атаулары беріліп жатса, 10000-нан астам журналистерді тәрбиелеген ұлағатты үстаз, ғибратты ғалымның рухы шат болар еді!
Бауыржан Жақып,
Казақстан Республикасы Үлттық Ғылыми Академиясының корреспондент- мүшесі,
филология ғылымдарының докторы, профессор
Мұрағаттан, 2015 ж