Жұмбақ. Байды үйден үнсіз қуып шыққан келін

Oinet.kz 03-01-2023 8659

Бір ауылда орта шаруалы үй бар екен. Оның бой жетіп отырған қызы өзге елге атастырып қойған, енді аз уақыттан кейін ұзатамыз деп отырған кезінде, жақын жерде тұратын бай болыс келіп қызын тоқалдыққа сұрайды. 

Screenshot_8.jpg

Қыздың әкесі не айтарын білмей болыстан қорқып отырғанда, бұны байқаған әйелі, ошақ басында жүрген келініне айтады. Келін, болыс атастырылып қойған қызымызды тоқалдыққа сұрап отыр. Ал атаң қызының өзге елге атастырылғаны жөнінде айта алмай қорқақтап.

Ал сен келін көрегенді би болыс елдің қызысың, бір амалын тап дейді. Сонда келіні;

— Ене қуырдақтың мен жасайын, тамақ желініп болғасын, арты мәлім болады, дейді.

Айтқандай шәй ішіліп қуырдақ желініп болғасын, бағанағы қызыңды тоқалдыққа бересің деп гүрілдеп отырған бай болыс, дым үндемей орнынан тұрыпты да кете беріпті.

Сонда ақылды келін қандай ет салып жасаған табақты???

Жауабы: Тіл, Сирақ, Жауырын. Келін үшеуін қосып қуырдақ жасап берген. Мағынасы: Тіліңді тарт та табаныңды жалтырат. Қызымыз Атастырылған дегенді білдіреді. Қазіргі қазақ бұл сөзді түсінбейді.

Фотода жасырылған бананды таба аласыз ба? 90 пайыз адам таба алмайды...
Төркіндеп бармаған әйелдің жаназасы шығарылмайды...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу