Ақылды аңшының айласы
Бір өлкеде тауешкілердің өсімі күрт төмендеп кетіпті дейді. Неше жерден қызыл кітапқа енгізіп, аулауға заңмен тиым салып, қорыса да азая беріпті. Осы сәтте ауылдың бір аңшысы әй-шәйға қарамай бірнеше таутекені жайратып салыпты.
Табиғат қорғаушылар әлгі брокеннерді ұстайды, құқық қорғаушылар соттайды. Алайда, содан кейін-ақ тауешкілердің төлдеуі жиілеп, саны қаулап өсе бастапты. Сөйтсе, әлгілердің арасындағы санаулы ғана кәрі таутекелер табындағы күллі кәрі-жас ешкі, шыбыштарды қызғыштай қорып, жас текелерді мүйіздеп маңына жолатпайды екен. Не өздері тұқым бере алмайды, ал, іштендіруге қабілетті жас текелерге жол бермейді. Осылайша, аңның өсімін тежеп отырған. Мұның сырын жақсы білетін аңшы әлгі кәрі текелердің көзін құртқан соң жас текелер олардың орнын басып, өсім көбейген.
P.s. саяси өмірге де бір сұр мерген керек-ау!
Қуандық Шамахайұлы