Екі әйел алып басы бәлеге қалған байғұс шал

Oinet.kz 06-10-2022 2193

Screenshot_3.jpg

Ауылда тұратын Мергенбай деген ағамыз бар-тын. Бір боранды күні үстіне тонын, басына тұмағын басып киіп есігінің алдында отыр екен. Өтіп бара жатқан ағайындас Дәурен деген інішегі: 

– Оу, аға, мұныңыз не, боранның астында отырғаныңыз, суықтап ауырып қаларсыз, үйіңізге кірмейсіз бе? – дейді. Сөйтсе қария: 

– Әй, шырағым-ай, үйдегі боран бұдан да сұмдық. Осы жерім дұрыс одан да, – дейді. 

– Е, не болды өз үйіңізден безіп? 

– Ойбай, несін сұрайсың. Бәйбіше мен тоқал қырылысып жатыр. 

– Жүріңіз, ажыратайық онда. 

– Жоқ, қажет емес. Ұрысып-жұлысып, әбден айыздары қансын. 

«Сіңлімді ал» деп тоқалды өзі ғой әперген. Бірақ, араларында анда-санда осындай дау-дамай болып қалады.Тоқал ұл туып, бәйбіше қыз туып жатыр. Ұл тапқанның желігі болады. Соған бәйбіше шыдамай, «тәрбиелеп» жатыр, – депті. 

Miнe, eкі әйел бар жерде мұндай жағ­дайлар болады. «Екі сиыр айран, екі әйел ойран» деген ғой қайран қазекем. Соған қара­мастан, қазекем ұрпақ көбейту үшін осындай азапқа барған ғой. Егер бipiн-бipi шын ұнатып, сүйетін болса, неге тоқал алмасқа деген пікірлер де бар. Баяғыда бір молда екі қатыны барларға «сендерге көп нәрсе тілемеймін, екі қатының тату болсын» дейді екен.

Күйеуін тек өзінен басқа ешкімге қаратпаған әйел...
Мұқағалидың өмірден өтер алдында Фаризаға жазған соңғы хаты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу