Ханқорғанда Абылай ханға ескерткіш орнатылып оған жағдай жасалуда

Oinet.kz 09-09-2022 419

Screenshot_4.jpg

Жақын Ханқорған қалашығының бүгінгі жай-күйімен танысуға арнайы делегация келді. Нақтырақ айтқанда, бұл делегация «Amanat»  партиясы сайлауалды бағдарламасының Жол картасындағы «Мәдениеті мен тарихы бай аймақ» бағыты бойынша өлкетану экспедицияларын өткізу, киелі мекендерді абаттандыру жұмыстарын жүргізу жоспарын бақылау мақсатында құрылған. 

Ханқорғанда болып жатқан жұмыстарды анықтамақ болған делегация ең алдымен Сайрам ауданы, Ханқорған ауылындағы Абылай ханнның ескерткішіне соқты.

Ханқорғандағы «Қазақ ханы» деп аталатын ескерткіштің биіктігі 3.5 метр, ал салмағы 11 тонна. Ескерткішті республикаға белгілі Әлімжанов, Абылаев, Қосақов, Құралбеков, Оспанов сынды мүсіншілер дайындаған. 

Аталған ескерткішке кезінде Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, ҚР ҰҒА академигі болған марқұм Лесбек Тәшімов демеушілік көрсетіпті. Сол кезде ескерткіштің ашылу салтанатына облыстық мәслихаттың хатшысы Қайрат Балабиев, ҰҒА академигі Бауыржан Байтанаев және аудан әкімі Бақтияр Мамаев арнайы қатысып, сөз сөйлеген болатын. 

Шара барысында облыс бас имамының орынбасары Бекайдар Әміреев бабалар рухына Құран бағыштап, ауылдың зиялы қауым өкілдері жүрекжарды лебіздерін білдіріп, әжелер шашу шашқан еді. Айта кетейік, даңқты қолбасшы, кемеңгер хан Абылай ханның соңғы демі Ханқорғанда үзіліп, сүйегі Түркістанға қойылған.

Қазіргі таңда ескерткіщке Сайрам ауданы әкімдігі лайықты қолдау жұмыстарын жүргізуде. Ескерткіш маңы қоқыстардан жиі тазартылып, ескерткіш шаңы ұдайы сүртіліп тұрады. 

Абылайханға бұндай құрмет көрсету артықтық етпейді. Себебі Абылай ханның қазақ халқына сіңірген еңбегі өте зор.

Абылай хан бүкіл өмірін қазақ халқы (қазақ елінің) бостандығы, егемендігі үшін арнады. Шоқан Уәлиханов «Қазақ жерінде Абылайдың даңқы аса зор. Абылай заманы оларда қазақтың ерлік заманы болып саналады» деп жазған еді. Абылайдың шын аты - Әбілмансұр. 1711 жылы әкесі Көркем Уәли Түркістанға сұлтан болып тұрған кезде дүниеге келген. Бұл кезең қазақ халқы үшін өте қауіпті, ауыр кезең еді. Үш айдаһардың (Жоңғар, Қытай, Ресей) ортасында қазақ мемлекетінің жойылып кету қаупі төніп тұрды. Қытай мен Ресей жоңғарларды қазақ жеріне айдап салып отырды. Ауыр «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары Абылай 12 жасында жауынгерлердің қатарына қосылады да, 22–де батыр, қолбасшы ретінде танылады.

Жазушы Шойбек Орынбай қазақ ханы Абылай ханның ұстазы туралы айтты
Сайрамда тарихи мекендер назардан тыс қалмайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу