Ханқорған қалашығынан табылған монша орны өркениеттің болғанын растайды

Oinet.kz 09-09-2022 412

Screenshot_1.jpg

Жақында тарихи мекен - Ханқорған қалашықтың бүгінгі жай-күйімен танысуға арнайы делегация келді. Қазақстан Журналистер Одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Ғалымжан Елшібай, Қазақстан Жазушылар Одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Айдар Сейдазым, белгілі ғалым, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Гаухарбек Тілеуқұлов, белгілі жазушы, журналист, тарихи тақырыптарға қалам тербеп жүрген Шойбек Орынбай, сазгер, Мәдениет қайраткері Сейдулла Темірбаев, жазушы, журналист Жәмила Мамырәлі, ақын Дәурен Айманбет, Сүндет Сейітовтертен құрылған экспедиция тарихи мекен туралы ақпарат жинады.

Айта кету керек, осыдан бірнеше жыл бұрын Ә. Марғұлан атындағы Археологиялық институтының экспедициясы Ханқорған қалашығында «Халық тарих толқынында» және «Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихы археологиялық зерттеулер тұрғысынан» тақырыбы аясында зерттеу жұмыстарын жүргізіп, таңғаларлық жаңалық ашты. Ханқорған қалашығы ХІ–ХІІІ ғасырларда пайда болған деп болжам бар. Ол негізгі үш бөліктен: ішкі қамал, Шахиристан және Рабаттан тұрады.

- Оңтүстік Қазақстан обылысындағы көне қалалар ортағасырларда Ұлы Жібек жолының бағытындағы сауда мекендері ретінде пайда болғаны мәлім. Сол кездегі барлық қалалардың орталығында міндетті түрде мешіт бой көтергенін байқадық. Бұл моншалар шамамен Х-ХІІ ғасырларда бой көтерген. Үлкен қалаларда ондаған моншаларға дейін салынған. Өйткені, қоғамдық құрылыстар қатарында моншалар маңызды орынды иеленген. Мысалға, Отырардың рабадында ХІ-ХІІ ғасырлар аралығында салынған 2 монша табылды. Осыған ұқсас моншалар Ханқорғанда да бар,- деген еді Ханқорған қалашығында Оңтүстіктегі археологиялық тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру бойынша өткен алқалы жиында Ә. Марғұлан атындағы археология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, академик Бауыржан Байтанаев. 

Ғалымның айтуынша, қалашықтағы моншалар шаршы кірпіштерден тұрғызылған. Олардың қалыңдығы – 90 сантиметрді құрайды. 

Ханқорған құпиясы әлі ашылмаған, ғажайып нысан
Ханқорған әлі талай сырды ашады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу