Ханқорған әлі талай сырды ашады

Oinet.kz 09-09-2022 462

Screenshot_2.jpg

Сайрам аудандында кезінде Қазақ хандығын басқарған ең беделді хандарының бірі – Абылай хан өмірінің бір бөлігін өткізген. Нақтырақ айтсақ, Ханқорған қалашығында өткізді. Қалашық орналасқан төбенің биiгiне шығып, төңiрекке көз салсаңыз алыстағы аттылыны анық көресiз. Жаугершiлiк заманда ұлтымыздың ұстыны болған киелi жермен бүгiнде ауыл тұрғындары орынды мақтанады. Ханқорғанда қазақ ханы Абылайдың бекiнiсi болған деген тарихи дерек бар. 

Ханқорған – Арыс өзенi бойындағы киелi орын. Аталған мекен Қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты қайта зерттелді. Сонша уақыт елеусiз жатқан киелi төбеге жан бiтiп, қазба жұмыстары жүргізілді. Көлкент ауылдық округiндегi Ханқорған төбесi аудан орталығынан 28 шақырым жерде орналасқан. Ханқорғанда қазба жұмыстарымен айналысқандар мұнда 4 метр тереңдiктен үйдiң iшкi бөлмелерi көрiнгенін айтты. Сынған құмыралар, жартылай құлаған ошақтар, диiрмен, тiптi адам сүйектерi де табылыпты. Қазба жұмыстарына жетекшiлiк еткен Медеубек Кiшiбаев төбенің тарихы тым тереңде жатқанын мәлімдеді. – Зерттеу жұмыстары барысында бiраз дүниелер табылды. Мұнда Абылай ханнан бөлек, Жәнiбек сұлтанның, хан Кенесарының, сұлтан Сыздықтың iздерi болуы мүмкiн. Кезiнде Түркiстан губерниясының құрамында болған Сайрам жерiнiң маңызы туралы Ханқорған әлi талай сырды ашады, — деген еді.

Жақында осы қалашықтың бүгінгі жай-күйімен танысуға арнайы делегация келді. Нақтырақ айтқанда, бұл делегация «Amanat»  партиясы сайлауалды бағдарламасының Жол картасындағы «Мәдениеті мен тарихы бай аймақ» бағыты бойынша өлкетану экспедицияларын өткізу, киелі мекендерді абаттандыру жұмыстарын жүргізу жоспарын бақылау мақсатында құрылған.

Делегация Абылай хан ескерткіші мен Ханқорған қалашығын аралап болған соң Сайрам ауданында Ерхали Сарманов атындағы гуманитарлық және агроэкономикалық колледж студенттерімен кездесу өткізді. Кездесуде студенттерге Абылай ханның тарихтағы орны, Ханқорған қалашығының маңызы кеңінен айтылды.

Ханқорған қалашығынан табылған монша орны өркениеттің болғанын растайды
Жазушы Шойбек Орынбай қазақ ханы Абылай ханның ұстазы туралы айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу