Үкіні не үшін өлтіруге болмайды? (аңыз)

Oinet.kz 14-01-2020 865

үкі.jpg

Мәлике: Үкіні не үшін өлтіруге болмайды?

Әбілда: Топан су біткен соң Нұх пайғамбар кемені шалдыратын жер іздеді. Сол кезде аспанмен тірескен асқар таулар:

– Нұхтың кемесі маған тоқтайды, – деп бір-бірімен таласыпты. Қазығұрт тауы ғана басын иіп:

– Заңғар таулар тұрғанда бізге не жорық?.. Кеме бізге тоқтамайтын шығар, – деп кішірейіпті. Қазығұрт тауының мінезі Жаббар Хаққа ұнап, пайғамбарына:

– Кеме Қазығұрт тауына шөксін, – деп әмір етті. Нұх:

– Қазығұрт тауын қалай табамын? – деді. Тәңір тағала сол сәтте үкі деген құсты жаратып жәрдемге жіберді. Үкі күндіз де, түнде де жол бастап кемені аман-есен Қазығұртқа шалдырды. Нұх риза болып, үкіге батасын берді. Содан бастап үкіні өлтіруге болмайды деген тыйым қалды.

«Отбасы хрестоматиясы«

Жылан ризығынан айырылған мақұлық (аңыз)
Балаға теріс көйлек кигізу (аңыз)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу