Қырық қыздың моласы (әсерлі оқиға)

Oinet.kz 30-11-2019 1101

image.png

Жоңғар-қазақ соғысы кезінде бір ауылдың еркектері түгел соғысқа аттанады. Ауылда тек қыз-келіншектер, шал-кемпір, бала-шаға қалып қойыпты. Сол бейқам жатқан ауылдың үстіне жау əскері шығып, еркегі жоқ ауылды қантөгіссіз басып алыпты. "Əй дейтін əже жоқ, қой дейтін қожа жоқ" жау əскері ойларына келгенін істейді.

Бүкіл ауылдан ең жас, ең сұлу қыздардан таңдап 40 қызды қатын қылуға айдап кетпекші болады.

Сол 40 қыздың ішінен ең батылы шығып қыздарға "біздің аға бауырларымыз, əкелеріміз жан алып жан беріп соғысып жатыр, біз болсақ жауға қатын болып барайын деп жатырмыз, бүйтіп қорлықта өмір сүргенше өлгеніміз артық" депті.

Сөйтіп 40 қыз бір ауыздан өлу туралы шешім қабылдайды. Жау əскерінің қолбасшысына барып: "туған жерімізбен қоштасайық, ауыл маңдағы көлге бір шомылып келуге рұқсат етіңіз" деп сұраныпты.

Сөйтіп 40 қыз қол ұстасып көлге кетіп, батып өледі. Қыздардың бұл қылығын көрген жоңғардың төбе шашы тік тұрады. Сонда жоңғарлардың айтқаны: "мына қазақ намысшыл халық екен.

Ар-намысын таптатпас үшін қыздары өздерін өлтірді. Егер осы ауылдың еркектері келсе бізбен не болады?" деп қорқып жоңғар əскері ауылды босатып кетіп қалыпты.

P.s. суға батқанда қыздар қол ұстасып батқан, қолдары бір-біріне сіресіп қалғандықтан бір молада жерленген. Сол мола əлі күнге дейін бар!

Үзілхан Мұқышева

Қыдырма қонақ
Б.Қаржан: Молдалар - дүниедегі ең өтірікші адамдар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу