Түзету мекемелерінен 11 миллион теңге, 10 мың ұялы телефон, 11 тонна ішімдік «табылды»

Oinet.kz 22-03-2019 918

Screenshot_13.jpg

Үкіметтің кезекті отырысында қаралған қос мәселе де өзекті. Алдымен «бірінші байлыққа» қатысты талқыланған бағдарламаға тоқталып өтелік. Елімізде онкологиялық ауру бойынша ахуал әлі де күрделі күйде. Жыл сайын 30 мыңнан астам онкологиялық ауруға шалдығудың жаңа оқиғалары анықталады. Оның ішінде 47,2 пайызы қатерлі ісіктің бастапқы кезеңінде айқындалады екен. Бүгінде 140 мыңнан астам ауру онкологиялық тіркеуде тұр. Ал, әлемде қатерлі ісік аурулары орташа есеппен жыл сайын 5 пайызға артып отырады. Яғни, адамзатты алаңдатып отырған бұл аурудың алдын алу, науқастарға көмек қызметін жетілдіру біздің ел үшін де аса маңызды мәселе. 

Елбасы Н.Назарбаев биылғы Жолдауында Үкіметке екі ай мерзім ішінде онкологиялық жәрдемді дамыту бағдарламасын әзірлеуді тапсырып, Ұлттық медициналық холдинг ар¬қа¬уында Астанада қуатты Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық құру мәселесін қарастыру қажеттігін айтқан болатын. Бағдарлама әзірленді, онкологиялық орталық бойынша да нақты жобалар талқылануда. Үкіметтің кезекті селекторлық режімдегі отырысында Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасы қаралды. Бағдарлама бойынша баяндама жасаған Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова қазіргі таңда елімізде 19 мамандандырылған диспансер және Алматыдағы ҚазОРҒЗИ мекемесі халыққа онкологиялық қызмет көрсететінін атап өтті. Бағдарламаны талқылаудан соң Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов ми-нистрлікке балаларға онколо¬гия¬лық жәрдем көрсетудің үздік әлем¬дік тәжірибесін зерттеп, олар¬ды Қазақстанда енгізу туралы тапсырма берді. 

Үкімет, сондай-ақ, 2012-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару жүйесін дамыту бағдарламасының жобасын талқылап, мақұлдады. Аталмыш құжатты таныстырған Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов бағдарламада бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп шыққан адамдарды қайта әлеуметтендірудің тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар қаралғанын атап өтті. Заңнамаға сәйкес, сотталғандарды ұстаудың жеңілдетілген түріне ауыстыруды кеңінен қолдану қарастырылады. Осы мақсатта түзету мекемелері жанында арнайы жатақханалар салу көзделуде. Жалпы 3 жылдық бағдарламаны жүзеге асыруға 21,9 милиард теңге қажет. Сондай-ақ, министр еліміздегі 76 түзеу мекемесінің 50-і апаттық жағдайда екенін мәлімдеді. «Мәселен, Семей, Өскемен және Орал қалаларындағы түзеу мекемелері 18-19 ғасырларда салынған. 29 мекемеде күзет, инженерлік-техникалық құрал-жабдықтары толықтай немесе жартылай ауыстыруды қажет етеді»,-деді министр. Қазіргі уақытта сотталғандардың әрбір бесіншісі диспансерлік есепте тұр. Мекемелердің басым бөлігі тіпті қарапайым диагностикалық аппаратуралармен де қамтамасыз етілмеген. Қ.Қасымов келтірген мәліметтерге қарағанда, түзеу мекемелерінде шамамен 2000-ға жуық туберкулезге шалдыққандар және 1,6 мыңнан астам ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар ұсталуда. Тек өткен жылдың өзінде ғана 730-дан астам сотталушы туберкулезге шалдыққан. Сондай-ақ, түрмедегі криминогенді ахуал алаңдаушылық туындатып отыр. Бұл орайда министр, ондай мекемелерде жасалатын қылмыстар саны азаймай отырғанын айтып өтті және ондағы шиеленістердің артуының басты себептерінің бірі ретінде криминалитеттердің діни экстремистермен қосылуы екенін атады. Министрдің мәлімдеуінше, қылмыстық-атқару жүйесі Әділет министрлігінің қарауында болған кезеңде қамалғандарды ұстау режімі әлсіреген, ішкі тәртіп ережелері бұзуға, мекеме әкімшілігіне бағынбауға, шектеу қойылған заттарды колонияға еркін алып кіруге жол берілген. «Біз қылмыстық-атқару жүйесін қарамағымызға алғаннан кейін жаңа бақылау қызметін құрдық. Бақылаудың күшеюі нәтижесінде өткен жылы 11 милион теңге, 10 мың ұялы телефон, 11 тонна ішімдік, шамамен 130 келі есірткі заттары және 12 мыңнан астам шанышқылы-кескіш зат алынды», - деді Қ.Қасымов. Сондай-ақ, министр бағдарламаны іске асыру түр¬мелердегі қылмыстардың, құ¬қық бұзушылықтар мен кісі өлімінің деңгейін едәуір азайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Үкімет отырысын қоры¬тын¬дылаған К.Мәсімов бағдарлама алға қойылған міндеттерді шешудің алғашқы қа¬дамы болатынына сенім білдіре келе, оны тиімді жүзеге асыруды тапсырды.

Мұрағаттан, 31.05.2012 ж

Момбек Әбдәкімұлы: «нәубет жылдары Оңтүстікте жарты миллиондай адам аштан қырылған»
Төлебиде әке аманатымен мешіт салынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу