Ермұхан Бекмаханов: «Балаларыңның болашағын ойла, шырағым»
Алаштың аяулы азаматы Ермұхан Бекмахановтың жары Халима анамыздың естелігін ұсынып отырмын. Естелікте жарының әлсіз, қорғансыз жағдайға түскенін байқайсыз. Солай бола тұра қиындыққа мойымаған қазақ əйелінің тектілігі де айқын көрініс тапқан:
«Ермұханның ісін Республика жоғарғы Сотының төрағасы А.Мамытов қарады. Ол Совет өкіметіне қас пиғылда болып, ұлтшылдық идеяларды насихаттағаны жəне Советке қарсы үгіт жүргізгені үшін, Е.Бекмахановқа РСФСР Қылмысты істер кодексінің 58-ші бабының, 10 бөлімінің екінші тармағына сәйкес айып тағып, 25 жылға бас бостандығынан айыруға және 5 жылға сайлау кұқынан айырып, еңбекпен түзету лагеріне жіберуге үкім шығарды.
Кеудемді өксік қысып, өзегім өртеніп, үйге әзер жеттім. Күздің аспаны да күңгірт. Мен үшін дүниеде енді қызык қалмағандай. Терезеден көңілсіз көше көріністеріне қарап тұрып, булыққан көз жасыма ерік бердім. Жанарларынан жас сорғалаған екі ұлым қос қапталымнан құшақтады. Анам байқұс жаныма жақындап, селкілдеген иығымның үстіне қолын койып, торыққан үнмен:
«Өмірім қор болды деп кімге шағынайын. Ермұханға жүрек қалауымен сүйіп қосылған «Қызым, мұндай ауыр күндердің талайын бала кезіңнен көріп өстің. Алда әлі не күтіп тұрғанын кім білген. Күйзеле берме. Өзіңді ұста. Мына балаларыңның болашағын ойла, шырағым», – деп дәтке қуат сөз айтты. өзім ғой. Ендеше Ермұханым келгенше, мына балаларымды қанаттандырамын. Оны қанша жыл болса да күтуге бармын. Кебенек киіп кеткен азаматым түбі бір келер. Мына отбасы, ыстық отанына оралар». Ішкі жан дүниемде пайда болған осындай жігермен белімді будым…
Дегенмен күн өткен сайын көшеде жүру мен үшін қиындап кетті. Біреулер «халық жауының әйелі» деп, кесірім тиіп кететіндей қашқақтаса, енді бір таныстарым көпе-көрнеу көрмей, байқамай қалғандай мені айналып өтеді».
Дайындаған Азамат Байғалиұлы