25 маусым һәм Мағжан
«Ағылшынға Шекспир қандай болса, орысқа Пушкин қандай болса, қазаққа Мағжан да тура солай!» деген зерттеушінің сөзіне бас иемін! Бұдан жақсы айта алмаспыз!
Мен сол кездегі өмір талабы бойынша 7-сыныптан бастап, орысша үйрену үшін, өз бетімше орысша оқып кеткен едім. Алайда, құдай оңдап сексенінші жылдардың аяғында қолыма Мағжанның өлеңдер жинағы түсті! Өзіме қазақ поэзиясының жаңа қырын, белесін аштым! Бұрынғы оқыған көптеген ақындарымыздың өлеңдерінің көп жағдайда жасанды екенін түсіндім. Мағжан арман мен қиялдың шексіз түсінігінің бейнесі екенін сезіндім. Оның санқырлы ойларының ұшқырлығына таң қалдым! Міне, содан бастап, өзім де Мағжанға еліктеймін және онымды мақтан етемін. Төмендегі бірер өлеңдерім Мағжанның сезім лирикаларына еліктеп жазғандарым еді...
Кім сұлу...
Білесің бе, бұл жалғанда кім сұлу?
Кімге арналар, аңсау менен ынтығу.
Мүмкін оны өмір бойы іздерсің,
Серік болар, таусылмайтын, тұншығу.
Мәңгі қалған құлағыңда үн сұлу.
Мүмкін, мүмкін жүректегі күн сұлу.
Нәзік сезім алдамасын білемін,
Бұйырды ма, іштен тынып, күрсіну.
Жан-тәніңмен сүйген жаның шын сұлу!
Сұлу қызға жарасады қымсыну.
Күлкісімен сезімдерді тербеткен,
Әр кімнің бар, көңілінде бір сұлу!
Үндеме
Үндеме жаным үндеме
Сезімді ашқан түн деме.
Басқаның бәрін қайтесің,
Басқа ойды мүлде сыр деме.
Балқытып бойды ыстық дем
Санаңа қонып, тылсым ем.
Ұмыттық бізден басқаны,
Өзіңді сүйіп, құштым мен...
Шыдатпай есті ап гүрілдеп,
Бар дене тулап дірілдеп.
Құмарлық, түйсік таусылмас,
Сөз жетпес оған тілің кеп.
Аңсаған ләззат сезілер,
Құштарлық күткен кезігер.
Ысынып тоят алғанын,
Жан-тәнің түгел сезінер.
Жылы қан ақты жыбырлап,
Шығардай жаның тыпырлап.
Үндеме, жаным, үндеме,
Үзіліп айтшы, сыбырлап.
Қуаныш бойға жиылып
Тоқтамас сезім тиылып.
Айтпай-ақ қой, түсінем,
Қарай бер жаным, қиылып...
Кездесу
Танысқан кезден сенімен,
Ойлайтын жан ең түнімен.
Алдымда тұрсың қымсынып,
Кездестік пе шынымен...
Құштарлық түртіп оятты,
Аңсадық іздеп тоятты.
Бар әлемді ұмытып,
Лақтырдық бірге ұятты.
Аузыма тиді ерінің,
Сезімге мүлде берілдім.
Ақ төсіңді құшқанда,
Еріксіз сен де керілдің...
Ертегі дерсің қалғанын
Жүректің оттай жанғанын.
Есіме түссе сол бір сәт,
Ұмытам, өмір жалғанын.
Көңіл арманы
Сұлу қыз бұратылып, еркелесе,
Қандай жан сүйінбейді, мұны көрсе.
Қиялың арманменен табысқандай,
Жан-тәнімен ынтығып, ырқын берсе.
Жанымсың, кетпе енді, аялдашы,
Өзімді, тек өзімді аялашы.
Тезірек түні бойы есімді алып,
Құштарлық сезіміңді аямашы...
Ол сәттер көңіліңді шалқытады,
Ашылған ыстық ынтық толқытады.
Жабысқан сұлу қыздың еріндері,
Жан әлемін ерітіп, балқытады.
Аруың тәтті ләззат сыйлап жүрсе,
Қоштасқың келмейтіні қинап жүрсе.
Түнімен болған істі есіне алып,
Майысып, ақ көрпені жинап жүрсе...
Азкен Алтай, Жетысуский