Күз, қыз туралы өлең. Жыр жазамын өзіңізге неше әлі
Жыр жазамын өзіңізге неше әлі,
Далада күз, жылуы жоқ, не сәні.
Терезеден ыңырсиды тентек жел,
Естілмейді жастар салған көше әні.
Күз ұнайтын. Жақұтты-тын ол күзім,
Қыз ұнайтын. Бақыт па еді сол қызым.
Енді сіз де күзге мына жауратып,
Қалдырмақсыз, түсіп алып жолға ұзын.
Əсем билей мезгілде бұл құлайтын,
Қызыл-сары жапырақтар ұнайтын.
Күзді қайта сүйер едім сізді өпсем,
Сарайыма енбейсіз ғой, бұл - айқын.
Үміт, бәлкім, бар да болар - лаулар біз,
Мүмкін, сөніп, оты ып-ыстық, жаурармыз.
Қайтсек екен, есімді кеп алған қыз?
Қара бұлттың қара көзін сауды-ау күз!